Б
атыс Қазақстан облысы,Теректі
ауданы,
Подстепный ауылы, МКҚК
«Бәйтерек» бөбекжайы әдіскері Куспанова Ризвангуль
Хасангалиевна
«Бала жанының нәзік
пернелерін табушы»
Менің өмірдегі бақытым,
қуанышым- балалармен жұмыс істеу, солардың әдемі күлкісін,
былдырлаған тәтті үнін есту. Тәрбиеші болу кездейсоқтықты
кешірмейді. Ұлы тәрбиеші шабыттандырады дегендей, тәрбиеші болу
үшін күш- жігер, парасат пен қуат керек. Мен педагогикалық еңбек
жолымды 1989 жылы бастадым. Сол уақыттан бастап балалармен
жұмыстану үлкен бақыт екенін сезіндім. Мен қазір «Бәйтерек»
бөбекжайында әдіскермін. Әдіскер болу-жай мамандық емес, ол
баланың, баламен жұмыстанып отырған тәрбиешілердің жанын түсініп,
бағыт- бағдар беруші. Өсіп келе жатқан ұрпақтың келешегінің шебер
мүсіншісі. Бұл жолдардың астары әдіскердің мойнында ауыр,
жауапкершіліктің иесі екендігін көрсетіп тұр. Алаш арысы Мағжан
Жұмабаев: «Тәрбие-адам баласын кемел жасқа толып, өзіне-өзі қожа
болғанша азық беріп өсіру» деп көрегенділікпен айтып кеткен. Сол
себепті біз бала болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Мектепке
дейінгі ұйымдардың басты бағдары кешенді оқу процесін жүйелі
жоспарлау, инновациялық технологияларды қолдана отырып, балаларды
дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс түрлері
менің бөбекжайымда жүйелі қалыптасып жүргізіліп жатыр деп айта
аламын. Бөбекжай педагогтары әр түрлі деңгейдегі жаңа
технологияларды меңгерту курстарына қатысып, білімдерін жетілдіре
отырып, бөбекжайдың оқу-тәрбие процесіне ендіріп, оны облыс, аудан
көлемінде көрсетіп үлгерді. 2015-2017 оқу жылдарында біздің
бөбекжай республикалық, 2017 жылдан бастап облыс көлемінде 6
ортаңғы топ «Білгенге-маржан» интеллектуалдық зертхана ретінде
сынақ алаңында жұмыстануда. Бұл әдіскер ретінде маған және
тәрбиешілерге артылған үлкен жауапкершілік деп ойлаймын. Мен өз
басым осы жұмысты атқарғаннан кейін, өз ісімді шеберлікпен атқарып,
бөбекжайдағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін
жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына қолымнан келгенше бағыт
беріп, көмектесуге тырысамын. Ата-аналарда өз баласының өздерінен
кейінгі тәрбиесімен білікті, білімді мамандардың айналысқанын
қалайтынын естен шығармауымыз керек.Тұңғыш ағартушы педагог Ыбырай
Алтынсарин «Күнәнің ең үлкені-бала жанының нәзік пернелерін дұрыс
сезіне алмайтындарда» деп бала тәрбиесіндегі басты тұлға ата-анадан
кейінгі ұстаздар екенін еске сала отырып,олардың ісіне үлкен
жауапкершілікпен қарауға шақырған. Әдіскер ретінде бөбекжайда
мамандардың шеберлігін арттыру мақсатында төмендегідей жұмыстар
жүргізіледі.
-
Тәрбиешілер міндетті
біліктілік арттыру курстарына жіберіледі.
-
Түрлі байқаулар, тәрбиелік
іс-шараларды балалармен ата-аналардың қатысуымен
ұйымдастырылады.
-
Интернет желісін үнемі
пайдалана отырып, онлайн тәжірибе алмасу бағытында түрлі
тақырыптарда семинар, кеңестерге қатысып
отырады.
-
Шығармашылық топ құрып, жас
мамандарға әдістемелік көмек дағдылы түрде көрсетіліп
отырады.
Осындай мақсаттағы жұмыстарды
жүргізе отырып, әріптестеріме жаңашыл технологиялар негізінде
әдістемелік көмек бере отырып, алдымен оларға рухани қуат,
мейірімділік, шыдамдылық, кешірімділік, қызметтестермен тең
жағдайда сырласа отырып, әр маманның мүмкіндіктеріне сену арқылы өз
бөбекжайымның жұмысын жетілдіріп, мәртебемді көтере алатыныма
сенемін. Сонымен бірге осы тұрғыда нәтижесін көріп отырмын.
Қорытындылай келе «жаңашыл әдіскер қандай болу керек?»деген сұраққа
төмендегідей жауап беремін. Жаңашыл әдіскер - өз жанын аямайтын,
өзгенің жанын аялайтын тұлға.Әдіскер атана білу, оны қадір тұту,
арындай таза ұстау- әр әдіскердің борышы. Ол-өз ісімізді, өз
пәнімізді,барлық шәкіртімізді, бөбекжайымызды шексіз сүюге
міндеттейді. Әр бүлдіршін өмірде өз орнын тапса, төккен тер мен
адал еңбектің ақталғаны деп білемін.