Материалдар / «Бала жанының сұлулығын түсін, ата – ана!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Бала жанының сұлулығын түсін, ата – ана!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың жан дүниесін түсіне отырып, қоғамда өз орнын таба білетін тәрбиелі, жаны сұлу, мейірімді ұрпақ тәрбиелеу.Ата – аналар ынтымақтастық қатынаста болады, бір – бірін түсінеді, ойланады, баламен үнемі ашық сөйлесіп отыру қажеттігін ұғады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
927
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы:

«Бала жанының сұлулығын түсін, ата – ана!»


Жалпы мақсаты:

Баланың жан дүниесін түсіне отырып, қоғамда өз орнын таба білетін тәрбиелі, жаны сұлу, мейірімді ұрпақ тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер:

Ата – аналар ынтымақтастық қатынаста болады, бір – бірін түсінеді, ойланады, баламен үнемі ашық сөйлесіп отыру қажеттігін ұғады.


Сабақтың түрі :


Тренинг сабақ

Әдіс - тәсілдері :

Пікір алмасу, сұхбаттасу , сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс , тренинг


Көрнекіліктер :

интербелсенді тақта , слайд , үнтаспа , плакаттар, қиынды суреттер, ақ бет, сүт, ас содасы, уксус, тілек шамы


Сабақ барысы :


Тыныштық сәті:

(баяу музыка)


Ұйымдастыру кезеңі : Ата - аналармен сәлемдесіп , тыныштандырып , орналастыру орындықтарға.

- Тренинг сабағымызды бастамас бұрын мен сіздермен және отырған қонақтармен тыныштық тыныштық сәтін ұйымдастырсам ба деп тұрмын. Өйткені адам қандай да бір ортаға тап болғанда немесе бейтаныс бейтаныс адамдарды көргенде ыңғайсыздану, айтайын деген ойын жеткізе алмау, яғни қобалжу сезімдері пайда болады. Осы аудиторияда отырған ұстаздар қауымы мен ата-аналар арасындажағымды қарым-қатынас орнату мақсатында мына бір баяу әуенді тыңдап бір-біріміздің көзімізге қарап, ішкі жан дүниемізді түсінуге тырысайық.

Жалпы ата – ананың тілегі – баласының жақсы азамат болуы, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы бастан бақпасаң, Жамандықтан қақпасаң, Қадірден жұрдай ада боп Кешкенің өмір босқа тек – дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол анасына қарап бой түзейді. Балаға білім мен тәрбие беруде басты тұлға ұстазы болса,оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана сіздерсіздер.

І. Шаттық шеңбері:

  • Бүгінгі сабағымыз көтеріңкі көңіл күйде өтсін деген ниетпен, жақсы лебізімізді білдіру үшін барлықтарыңызды ортаға «Шаттық шеңберін» құруға шақырамын.

Дөңгеленіп тұрайық Керегені құрайық. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп Киіз үйді құрайық.

Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрадық. Осы киіз үй сияқты біздің сыныбымыздың қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

-Сіздерге рахмет, қабыл болсын!

ІІ. Топқа бөлу:










  • Ата-аналар, міне, алдарыңызда себет толы гүлдер тұр. Өздеріңізге ұнаған гүлден таңдап алсаңыздар. Сол таңдаған гүлдің түстері бойынша топ құрып, үстелге жайғасып отырсаңыздар. Сіздерге түсінікті болу үшін таңдаған гүлдеріңіздің түсіне қарай мағынасын ашып берейін. Мысалы үшін қазақта ақ түсті – сүттей аппақ, көңілі таза адамды айтады. Көк түс – көкті жұлма, көк дегеніміз бұл жасыл шөп, яғни ол тіршіліктің, өмірдің нәрі. Бұл түстерді таңдату арқылы әр топтағы ата-аналардың көзқарастарын өзімше топшылағым келеді.

Сары: өзін де, басқаны да қуантып жүретін, жан жылуын аямайтын адамдар.

Қызыл: алдына мақсат қойса жетпей тынбайтын жігерлі адамдар.

Көк: өз ортасында белсенді, қонақжай адамдар.

Ата-аналар тренинг тақырыбы бойынша топтың атын, ұранын шығарып жазсаңыздар.

ІІІ. «Балаңызға деген сүйіспеншілік...» шығармашылықпен жұмыс

ІІІ. Шығармашылықпен жұмыс:

Үш топқа сурет және тақырып беріледі.

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

  • Баланың жан дүниесі – толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыздар. Олардың қандай қабілеттері болғанын және өзіңіздің бойыңыздан қандай қасиеттер дарығанын қалайсыздар. Енді, сіздердің көзқарастарыңызды білу үшін «Балаңызға деген сүйіспеншілігіңізді» шығармашылық жұмыстар арқылы білдірсеңіздер.

І-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

III-топ. Ата-ана өздеріңіздің бойларыңыздағы қандай ізгі қасиеттерді балаңыздың бойынан көргіңіз келеді немесе дарытқыңыз келеді.

(Ұсынылған проблемма бойынша топтар әртүрлі түс маркерімен постерге дәлелдемелер арқылы білдіреді.).

IV. Ситуациялық сұрақтар:

IV. Ситуациялық сұрақтар:

Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

  • Біз ата-аналар қандай ересек адамдар болсақ та кейде баламыздың қойған сұрақтарына жауап бере алмай тығырыққа тірелетін кездеріміз де болады. Балаңыз бен сіздің араңызда мынындай жағдайлар туындады, «Сіз не істейсіз?»

1. Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз, не істейсіз?

2. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз  тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

3. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: « Сен сала алмайсын , сен істей алмайсың» -деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

4. Балаңыз мектептен шағым айтып келеді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қалай әрекет етесіз?

5. Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «басым ауырып тұр, сабаққа бармай-ақ қояйыншы» - деді. Сіздің әректіңіз?

6. Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды байқамай сындырып алды. Сіздің әрекетіңіз?

- бірақ шешілмейтін, жауабы табылмайтын мәселе болмайды.


V. Оқушы хаттарынан...

- Бала жанын түсінудің әр түрлі жолдары бар. Мысалы үшін біздер ұстаздар сауалнамалар, зерттеулер, анкеталарды алып, баланың ішкі жан дүниесіне үңіліп қорытынды жасаймыз. Сол арқылы баламен жұмыс істеудің жолдарын іздейміз. Қазақта мақал бар ғой «Әркімнің әр ойы, әкемнің мың қойы бар» дегендей әр бала әр түрлі ой білдіреді. Енді сондай зерттеулердің бірі «Оқушы хаттарынан бір үзік сыр»

V. Сергіту сәті

V. Сергіту сәті : «Ақбұлақ»


VІ. «Бала бақшадағы гүлің...» тәжірибе

VІ. «Бала бақшадағы гүлің...» тәжірибе

--Бойымызды сергітіп алдық. Енді «Бала бақшаңдағы гүлің» атты тәжірибеге үңілсек .

Мен сідерге қарапайым ғана бір тәжірибе көрсетейін. Мысалы: мына ыдыстағы сүт , бұл аппақ, таза. Бала да туғанда осы сүттей ақ, кіршіксіз, таза болып дүниеге келеді. Бала біртіндеп өсіп балабақшаға барады, мектепке барады. Мектепке барған кезде балаға олай жасағаның дұрыс емес, былай жасағаның дұрыс емес деп көптеген тыйымдар жасаймыз. Осы сөздерді мыны ас содасы ретінде алайын. Сүтке ептеп себейін, ешқандай өзгеріс байқалмайды. Бірақ біз оларды көп нәрселерден шеттете бастаймыз. «Сабағыңды неге қарамайсың?», «Жалқаусың», «Ауызыңды жап», «Оңбағансың» - деген сөздермен баланың мазасын алып жалықтырамыз. Өзімізге қарсы қоямыз. Сөйтіп, бала жанағыдай сөздерден жалығып, шаршайды. Ал, біз бұл сөздерді «уксус» ретінде алайық. Енді оны сүтке тамызып көрейік. Сүт көпіріп, ыдыстан асып төгіледі. Бала осы сүттің реакциясы сияқты әрекетке баруы мүмкін.


-Сіздер не көріп тұрсыздар?

Неге ақ бетті айтпасқа. Сіздер ойланбастан қара дақты айтыңыздар. Неге баланың таза, кіршіксіз жан дүние көрмеске

VІІ. Қорытынды

«Тілек шамы».
Тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастардың түрлі жақтарын жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы жылулықтың мекені, сондықтан ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамын» жағайын. Барлығымыз бір-бірімізге жылы лебізімізді, ұсынысымызды, тілегімізді айта отырып жүргізейік.

Ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және сіздер оларға үлгі болар бейне екендеріңізді ұмытпаңыздар.

Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді.






1. Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз, не істейсіз?

..........................................................................................

2. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз  тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

.............................................................................................

3. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: « Сен сала алмайсын , сен істей алмайсың» -деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

.............................................................................................

4. Балаңыз мектептен шағым айтып келеді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қалай әрекет етесіз?

...........................................................................................

5. Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «басым ауырып тұр, сабаққа бармай-ақ қояйыншы» - деді. Сіздің әректіңіз?

.............................................................................................

6. Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды байқамай сындырып алды. Сіздің әрекетіңіз?




Бекітемін:

Мектеп директоры: Е.С.Базаров.


«Көгедай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Аймақтық семинардың тақырыбы:


Shape1



Ата-аналарға арналған тренинг сабақ

5-сынып.

Табысбаева Гаухар Ермеккызы









2017 – 2018 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!