Бала-жазғы демалысты ата-әжемен бірге өткізуі қажет!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бала-жазғы демалысты ата-әжемен бірге өткізуі қажет!

Материал туралы қысқаша түсінік
бала міндетті т.рде жазда ата-әжесіне демалу керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала-жазғы демалысты ата-әжемен бірге өткізуі қажет!


 Халқымыз өскелең ұрпақ тәрбиесінде ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани мұралар сабақтастығын сақтауды мақсат тұтқан. Ұлттық тәрбиенің көздері халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Сонымен бірге, отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады. Жоғарыда айтылғанның бәрі де, бала тәрбиесіне негізделген.

Менің айтайын дегенім, қазақ отбасындағы ерекше ғұрып, тұңғыш немесе кенже немересін ата-әжесіне беруі және немерелерінің тәрбиесін ата-әжеге сеніп тапсыруы жайында. Ата мен әже қолында тәрбиеленген бала ерекше болатыны белгілі. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, әрқашан ілтипатты боп жүреді. Бала - ата-әжеге бауыр басып, есейгенде ата-анасына қарсы шығуға дейін әкелмеу қажет, десекте баланың бос уақыттарын ата-әжесімен өткізгені дұрыс деп ойлаймын. «Атың барда жер таны желіп жүріп, атаң барда ел таны еріп жүріп», «Әжем-кәрі, кәрінің сөзі-дәрі», «Әжемді тыңдағаным, өзімді танығаным» деген нақыл сөздер ата мен әженің ерекше орынын көрсетеді. Себебі, ата-әулеттің тереңге жайылған тамыры, әже-отбасының ұйытқысы, сыйлы анасы. Жас буын өкілдерінің ішінде бала тәрбиесі тек әке мен анаға жүктелген міндет деп ойлайтындар мен ата-әжесінің қолында болған немесе олардың тәрбиесін алған бала тұйық, момын болып қалады деп айтатындар бар. Әрине, бұл кереғар пікір. «Немере-баладан тәтті» деп тебіренген талай әже мен атаны көргенде, бұл пікірдің бұрыстығын біліп тұрасың. Менің ойымша, үнемі болмасада, жазғы демалыс уақыттарында баланы ауылға жіберіп, ата мен әжеге тапсырып, сүт пен айранға тойдыртып, 1 қыркүйекте сабаққа алып келсе, сол баладан асқан бақытты бала болмас ау деп ойлаймын.

Қазіргі кезде әр қазақ ұлт мүддесін ең бірінші орынға қойып, әрбір ісін, сөзін ұлт болмысының тіл, діл, дін тіректерін нығая түсуіне атсалысып  үлес қосуға  тиіс. Ал үлес қосу, ұлттық тәрбие дегенің, сол ұлы адамдардың тәрбиесінен бастау алады, біз соны ұмытпауымыз қажет!









Назгүл ЕШНИЯЗОВА

Зеленов ауданы, Железнов ауылы

Ульянов жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып пәнінің мұғалімі







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2018
513
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі