Жас негізгі жалпы білім
беретін мектебі
«Бала
махаббаты»
Мұғалімдерге арналған
пікірталас
Өткізген:
Педагог-психолог:Мұфтахиева
Ж.Ғ
2016-2017 оқу
жылы
Тақырыбы: «Бала махаббаты»
пікірталас
Мақсаты: Бала құқықтарын қорғау, балаға
деген сүйіспеншілікті дамыту
Әдісі: пікірталас
Керекті құрал –
жабдықтар: плакат А3 формат,пламастер, нақыл сөздер, қалам,
қағаз
Психологиялық
бағыты: психоконсультация
Психолог сөзі:
Сіздерді
бүгінгі «Бала махаббаты!» атты психологиялық бағыттағы пікірталасқа
қатысып отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Яғни біздер
баламыздың нәресте кезеңінде өзіне көңіл аудартып, өмірге «МЕН» деп
айқайлап келетіні,жарық дүниеге бір пенде келгенін өзінің
бақырып-шақыруы арқылы сезіндіреді. Бірақ «Менді» біліп туған
сәби,өзгенің көмегінсіз,тәрбиесінсіз,үлкеннің ақылынсыз,екінші
қасиетті бойына дарыта алмайды.Туа біткен қасиет пен жүре түзелер
қасиеттердің екеуі екі бөлек.Бірі өзімшілдігі оңай дамыса,өзін
еркін таныта алса,ал екіншісі адамды сүю оңай шаруа емес. Сондықтан
отбасында ата-ананың балаға деген сүйіспеншілік сезімі қаншалықты
жоғары деңгейде болса, баланың психологиялық-физиологиялық дамуы
қалыпты жағдайда қалыптасады.
Бала – әке-шешесінің перзенті,
ұрпағы. Бала – ата-ананың көз нұры, көңіл қуанышы. Баланың ата-ана
алдындағы ұлы парызы – мейіріммен, жақсылықпен қартайған кезенде
бағу, еңбектерін қайтару. Дүниедегі мақсатының да, міндетінің де ең
үлкені – ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру. Қазіргі
заманда ата-әжелер немерелеріне ертегі, жыр айтып бермейді, ал
әке-аналар бірыңғай тұрмыс жағдайға, ақша табуға көп назар
аударады. Бала тәрбиесін балабақша, мектепке жүктеген. Мектепке
дейін тәрбиесін міндеті баланы жан-жақты тәрбиелеу, дамыту болса да
«Алты аға бірігіп – әке болмас, Жеті жеңге бірігіп – ана болмас» —
дегендей ата-ананың орыны бөлек. Ол орынды ешкім баса алмайды.
Балабақша баланың отбасында алған тәрбиесін толықтырады, бағыт
беріп тұрады. Балабақша отбасымен бірлесіп болашақ ұрпақ
тәрбиелейді.
- Олай
болса, түйіні терең ойларыңызды ортаға
салсаңыздар.
- Қазір
мен сіздерді екі топқа бөліп, топтық жұмыс жасауда 2 сұрақ
ұсынамын.Сол сұрақ төңірегінде сіздер пікірлеріңізді плакатпен
жұмыс жасау арқылы қорғап
шығасыздар?
1
сұрақ: Баланы жақсы көру деген нені
білдіреді?
2
сұрақ: Неліктен кейбір ата-аналар өз балаларын жақсы көрмейді?
Себебі не?
-
мұғалімдер пікірлері тыңдалады.
Психолог сөзі: Жарайсыздар! Рақмет
сіздерге! Ал енді «Әке мен
бала» арасындағы шағын диалогке назар
аударсаңыздар.
* Әкесі
науқастанып,ауруханада жатыр.Қызы әкесінің халін білуге алыстан
келіп тұр еді.
- Ләззат келіпті гой ,қызым
менің! Қане саған
жақсылап қарап алайыншы! Қасыма
отыршы.
- Қалайсың әке? Халің
қалай?-деп сұрады Ләззат
- Нашар,қызым,
нашар.Аз ғана өмірім қалды-ау
деймін....
- Әке қойшы,олай
демеші!
- Тоқтай тұр,Ләззат менің
саған айтарым бар.Мен осында жатып көп ойландым.Сен туралы, анаң
туралы,өмір жайлы.....Сонда түсінгенім: сен мен үшін өте қымбатсың, сен –менің қуанышымсың, қанымсың.Бірақ мен өмірімде саған ең басты маңызды
сөздерді, сені қалай жақсы көретінімді айтпаппын. Мен сені әрқашан
жақсы көрдім, Ләззат,
бірақ соны саған ешқашан айтпадым.
Жақсы көретінімді неге
әрдайым айта бермедім деп өкініп жатырмын..... деген
екен.
Психолог
сөзі:
Біздің балаларымыз да
әрқашан бізден осы сөздерді күтеді. Ендеше балаларыңызға жақсы , жылы
сөздерді жиірек айтып отырсаңыздар
деймін.
Психолог сөзі: Баланың роліне ата-аналардың бірін
шақырамын. Қатысушыларға әр т
Мұғалімдердің ой пікірлерін
тыңдау
-
Сіздердің осы оқиғадан
түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер?
-
Ата –ана бала көзімен
болғанда қандай әсер алдыңыз?
-
Кішкене болсада бала
тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды
деп ойлайсыздар ма?
1.
Сұрақ-жауап. Мына сұрақтарға қалай
жауап бересіздер?
«Отбасы – алтын бесік» деген
сөзді қалай түсінесіз?
ХХІ ғасырдың ұстаздары қандай
болу керек?
Баланыздың тәрбиесіне
ата-ененіз араласқанын қалайсыз ба?
«Тәрбие» деген, сіздің ойыңызша
не?
2.
Ассоциация. Бала (балабақша, әке, ана) дегенде сіздерге
қандай ой, елес бірден келеді? (бос орынды толтырыңыз, ойыңызды
жазыңыз)
3. Венн
диаграммасы. Отбасы мен
мектеп
тақырыбында жалпы ұқсастығын айту.
4.
Жағдаят. Пікірлерін айту.
— Мектепте сіздің екі балаңыз ұрсып қалды. Сіздің шешуіңіз
қандай?
— Баланыз үйге мысық алып келді. Сіз мысықты жақсы
көрмейсіз. Сіз не дейсіз?
— Сабақ үстінде оқушы сіздің
айтқандарынызды тыңдамады. Сіз не істейсіз?
— Балаңыз мектептен
келді. Баланың қолында бөтен біреудің затын көрдіңіз. Не
істейсіз?
— Жұмыстан келіп үйдің тіршілігіне кірістіңіз.
Жолдасыңыз теледидар көріп жатыр. Балаңыз қайта-қайта келіп сіздің
мазаңызды алды. Шешуіңіз қандай?
Қорытынды:
Психолог
сөзі: Жақсы! Керемет ой
білдірдіңіздер!
Бүгінгі пікірталастан алған
әсерлеріңізбен бөліссендер?
1
сұрақ: Баланы жақсы көру деген нені
білдіреді?
2
сұрақ: Неліктен кейбір ата-аналар өз балаларын жақсы көрмейді?
Себебі не?
-
Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен
бөліссеңіздер?
-
-
Ата –ана бала көзімен болғанда қандай әсер
алдыңыз?
-
-
Кішкене болсада бала тәрбиесінде кетіп жатқан
қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар
ма?
-
ХХІ ғасырдың ұстаздары қандай
болу керек?
-
Баланыздың тәрбиесіне
ата-ененіз араласқанын қалайсыз ба?
-
-
«Тәрбие» деген, сіздің ойыңызша
не?
— Мектепте сіздің екі балаңыз ұрсып қалды. Сіздің шешуіңіз
қандай?
— Баланыз үйге мысық алып келді. Сіз мысықты жақсы
көрмейсіз. Сіз не дейсіз?
— Сабақ үстінде оқушы сіздің
айтқандарынызды тыңдамады. Сіз не істейсіз?
— Балаңыз мектептен
келді. Баланың қолында бөтен біреудің затын көрдіңіз. Не
істейсіз?
— Жұмыстан келіп үйдің тіршілігіне кірістіңіз.
Жолдасыңыз теледидар көріп жатыр. Балаңыз қайта-қайта келіп сіздің
мазаңызды алды. Шешуіңіз қандай?