Бала Мұхтар мен Абай 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бала Мұхтар мен Абай 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана тілі

2 сынып


Сабақтың тақырыбы: Бала Мұхтар мен Абай

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Абай мен Мұхтар жайлы мәлімет беру. Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру. Түсінгендерін қысқа, әрі нақты әңгімелей білуге үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Абайдың нақыл сөздері мен азаматтық бейнелері арқылы үлгі - өнеге алуға баулу. Өз ойын анық айтуға, достарының пікірлерін тыңдауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ой қозғау, түсіндіру, хабарлау, көрнекілік, интервью, ізденушілік.

Сабақтың көрнекілігі: М.Әуезов, А.Құнанбаев портреті, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, әуез.


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар бір – бірінің қолынан ұстап,

«5- болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз» деп хормен айтады.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

а) Үйге қандай тапсырма бергенін сұрау

Үйге берілген тапсырма Тұрсын Жұртбайдың «Қоңыр қозы» әңгімесін түсініп оқу, мазмұнын айту.

Мәтіндегі өздеріне ұнаған көріністердің біріне сурет салып келу.

ә) Мәтін бойынша сұрақтар қою.

1. Табиғатты суреттеп берші.

2. Әуез қарт қайда бармақ болды?

3. Бала Мұхтар неге «Қоңыр қозы» атанған?

4. Абай ауылында Мұхтар не нәрсеге қатты қызықты?

б) Оқушылардың шығармашылығын дамыту.

Суреттерді бағалап, үздігін тақтаға іліп қою.


ІІІ. Интервью.

  1. Мұхтар неге ойнамады? (балалар өз пікірлерін білдіреді)

  2. Өзің қандай ойын ойнайсың?

  3. Ұлттық ойындарды ата?

ІҮ. Оқулықпен жұмыс

Сөзжұмбақ шешу.

  1. Көктемде ненің шуағы молаяды?

  2. Төлдер қайда асыр салып жүр?

  3. Жер бетін қандай кілем жапқан?

  4. Қаңқылдаған қаздар қалай ұшып барады?

  5. Қаздар қайда қонады?

  6. Аспан қандай?

Сөзжұмбақтан шығатын сөз «Көктем». Көктем сөзіне байланысты 3 топқа тапсырма беру.

І топ ІІ топ . Көктем мезгіліндегі Көктемде атқарылатын

табиғат құбылыстары. жұмыстар


ІІІ топ

Көктем туралы өлең


Ү. Жаңа сабақ.

- Балалар, біз бүгін белгілі жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Бала Мұхтар мен Абай» атты мәтінін оқып танысамыз.

1. Мәтінді мәнерлеп оқу. Оқушыларға тізбектеп оқыту.

2. Мағынасын тану.


Суретпен жұмыс.

Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

Абай Мұхтарға неге көңіл аударды?

Ол жайлы қандай көзқараста болды?

Абай қандай бата берді?

Атасы не деп сыбырлады.

Абай неге риза болды?


Дәптермен жұмыс.

  1. Сөздік жұмысы

Маңғаз – сабырлы, салмақты.

  1. Мақалды тауып жаз.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Сергіту сәті.

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындау.

Шығармашылық жұмыс.

Поэзия минуты.

Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты жазылған өлеңдерінен бір –бір шумақ өлең оқу.(Қыс,Жазғытұры, Жаз,Күз,)

Пікірлер ағашы

Мен таныған Мұхтар


DrawObject5 DrawObject6 DrawObject1 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2


ҮІ.Сабақты қорыту.

  • Біз не білеміз?

  • Мұхтар мен Абайдың дос, ұстаз екенін білеміз.


Сонымен, балалар, Абай да, Мұхтар да ұлы тұлға. Осы ұлы адамдардың өзіндік қасиетін анықтайық.

Абай Бала Мұхтар

DrawObject7 DrawObject8 DrawObject9








ҮІІІ. Үйге тапсырма.

Мәтінді оқып, түсінік айту. Мәтін бойынша сурет салу


ҮІІ.Бағалау.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.10.2018
804
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі