2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / БАЛА ӨКІЛДІГІ ТӘЛІМГЕР

БАЛА ӨКІЛДІГІ ТӘЛІМГЕР

Материал туралы қысқаша түсінік
БАЛА ӨКІЛДІГІ ТӘЛІМГЕР
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімінің

Науырзым жалпы білім беретін мектебі» КММ

Picture 3

«Бала құқығын қорғау»

(кездесудің өткізілу барысы)

Аға тәлімгер: Едикова Л.Т

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімінің

Науырзым жалпы білім беретін мектебі» КММ

Picture 3

«Құқығым бар»

(Тренингтің жүргілу барысы)

Аға тәлімгер: Едикова Л.Т

«Құқығым бар»

Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір  адамның  өз құқықтарын  жете  біліп, жалпы  заң білімі саласынан мағлұмат  алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура  жолмен  жүріп, еліне  адал қызмет еткен  азамат қана мұратына жетеді. Сондықтанда заңды білу - заман талабы.

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің қатысуымен жас жеткіншектердің өз құқықтары мен міндеттерін жете біліп, заң саласында сауатты болып өсуін қамтамасыз ету,«Құқығым бар» тренинг мақсатында «Құқығым бар» тақырыбында ұйымдастырылып отырған тренингтің жүргізілу барысы:

Қатысушылар: «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері

Қажетті құралдар: А3 қағаз , дәптер, қалам

  1. Кіріспе

Қатысушылар «Жасырын сан» жаттығуын орындайды.

«Құқығым бар» түсінігін анықтау мақсатында, қатысушыларға «Менің ... құқығым бар» сөйлемін аяқтау ұсынылады. Жаттығу аяқталған соң сұрақтар талқыланады:

- Барлық адамдарда құқығы бар ма?

- Міндет деген не?

- Біздің құқығымыз бен міндетіміздің байланысы неде?

- Өмірде тек ғана құқығы немесе міндеті ғана бар адамдар бар ма?

Сұрақ-жауапты талқылай келе барлық адамдарда құқықтары мен міндеттері бар. Оқушыларға сұрақ қойылады. «Кімнің құқығы көп – үлкендердің бе, балалардың ба? Осы сұрақты оқушыларға талқылау ұсынылады. Адамдардың неғұрлым құқығы көп болса, сол сияқты міндетіде арта түсетініне оқушылардың назарын аударады.

ІІ Негізгі бөлім.

Қатысушыларғы келесі жағдаяттар арқылы адамдардың қандай құқығы бұзылатының анықтау ұсынылады:

  • Адамға тиісті затын тартып алса;

  • Демалудың орнына жұмыс жасатып қойса;

  • Күшпен бір жерде ұстап отырса.

Құқығын қорлаған адамның сезімін сипаттап беру. (реніш, қарсыласу т.б.) біз барлығымыз байқамай басқа адамдардың құқығын бұзамыз. Осы қатысты қандай мысалдар келтіруге болады. Оқушылар қиналған жағдайда төмендегі жағдаяттарды ұсыну:

  • Рұқсатсыз затты алу;

  • Алған нәрсені уақытында қайтармау;

  • ата-анаға сөз қайтару;

  • кішілерді ренжіту.

Сонымен қатар біздің де құқығымыз кейде бұзылады. Өзіміздің де басқанын да құқығын бұзбау үшін не істеуге болады? Оқушылар өз пікірлерімен бөліседі. Оқушыларға қысқаша ережелер ұсынылады:

  • Егер де сенің құқығың бұзылмасын десен, басқа адамдардың құқығын шектеме!;

  • Өз құқығың жөнінде айтпас бұрын, басқалардың да құқығы бар екенін ұмытпа!;

  • Сенің құқығына сыйластықпен қарасың десен, өзін де басқалардың құқығын құрметтей біл!;

Ұсынылған ережені қатысушылар талқылай келе, оны қағаз бетіне түсіреді. (мұнда адамның тұрмыстағы, өмірдегі құқығы жөнінде айту, адамның заңды құқығын заң органдары қорғайтының айтып кету қажет).

Өз құқығынды қалай қорғауға болады? Оқушылардың пікірлері талқыланады. Оқушыларды талқылаған сон келесі қорытынды ұсынылады:

  • Егерде баланың құқығы бұзылса, ең тиімдісі үлкендердің көмегіне жүгіну (ата-ана, мұғалім);

  • Егер де адам өз құқығын қорғап жатса, оны сыйлап, қолдау көрсеткен дұрыс. Бұл өзін-өзі сыйлау деп есептеледі.

  • Өз құқығынды қорғағын келсе алдымен басқалардың құқығын сыйла.

Қорытынды:

Қатысушыларға өз құқықтарының тізімін жазу ұсынылады.

Үй тапсырмасы: отбасымен бірге өз құқығың туралы пікір алмасу.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімінің

Науырзым жалпы білім беретін мектебі» КММ

Picture 3

«Бала құқығы-адам құқығы»

(Дөңгелек үстелдің жүргізілу барысы)

Аға тәлімгер: Едикова Л.Т.

«Бала құқығы-адам құқығы»

Дөңгелек үстел

 Мақсаты:

Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алтын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемер ойлы, елжанды азамат ретінде тәрбиелеу. Конституцияның мәні, сипаты, маңызы туралы білім беру. Құқығымыздың қалыптасу тарихының кезеңдері, әр кезеңдегі ерекшеліктері туралы оқушылардың білімін жетілдіру. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік заңдық ережелерді бойына сіңіру. Ата Заңымыз халқымызға адал қызмет ететіндігін оқушыларға ұғындыру. Ата Заңға сый- құрметпен қарауға тәрбиелеу. Тарихи танымын кеңейту.

«Ой қозғау»

Көзімізді жұмған сәтте алыстан бір қараңғы үңгір көрінгендей болады. Осылайша жүріп барам, жүріп барам. Кенет сүрініп кетіп, сол үңгірге қалай түсіп кеткенімді байқамай қалыппын. Іші тас қараңғы. Аяғымның астынан сыз өтіп барады. Жан- жағыма қарайлаймын, үңгірден шыға алтындай жағдайларды қарастырып көргім келеді. Бірақ еш нәтиже жоқ. Анда-санда естілетін сылдыраған судың дыбысы құлағыма келеді. Қай жақтан шығатыны белгісіз. Тас қараңғыда жер сипалауға кірістім. Тынысым тарылып, қорқыныш сезімі билеп алғандай. Үңгірден шыққым келеді, шыққым келеді, айқайлайын десем дауысым да шықпай қалыпты. Қылмыс жасаған адам да осындай күй кешетінін сонда түсіндім. Бірақ мен ешкімге жамандық жасамаған сияқты едім. Неге тағдыр мені осыншалық сынап, мына үңгірге қамады екен. Осылайша енді маған жарық көрер күн жоқ шығар деп ойлап өмірден үмітімді үзіп келе жатқанымда кенет қолым бір домалақ тасқа тигендей болды. Итеріп қалып едім үңгірдің ішінен тағы бір бөлме ашылды. Мен қуана жер сипалап жүріп сонда кірдім. Алыстан жарық көрінді. Алақай, жарық! Кіп-кішкентай жарық болса да, мен жер сипалап сол жарыққа қарай жанталаса жүгірдім. О, жарық дүние, неткен қымбат едің, ешкімге соқтықпай, ешкімге ұрынбай, ешкімге жамандық жасамай еркіндікте жүргенге не жетсін, шіркін!

Құқық – мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық. Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат. Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым. Туу туралы куәлік – баланың қашан туғанын анықтайтын негізгі құжат. Мұнда баланың туған күні, айы, жылы жазылады, сондай-ақ ата-анасының аты-жөні, ұлты, туған жері жазылады. Бұл баланың ең бірінші құжаты. Азамат – жеке тұлға, ол мемлекеттің тұрақты тұрғыны және оның құқығы мен міндетінің иесі.
 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңы 10 тарау, 53 баптан тұрады 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 2-тарау. БАЛАЛАР МҮДДЕСIН КӨЗДЕЙТIН МЕМЛЕКЕТТIК САЯСАТ 3-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI 4-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ 5-тарау. АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ 6-тарау. МҮГЕДЕК БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ 7-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ 8-тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАТЫН МYДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ 9-тарау. БАЛА ЖАУАПКЕРШIЛIГIНIҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ МIНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ӘСЕР ЕТУДЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі. Бұл Конвенцияда Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысатын бірнеше елдің өкілдері бірлесе отырып, осындай халықаралық шарт 1989 жылы 20-қарашада қабылданды. Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады. Ол Конвенция 54-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау. Бұл БҰҰ дүниежүзілік балаларына арналған Конвенцияны басшылыққа ала отырып, біздің елімізде де «Бала құқықтары туралы» Заң бар. Ол 2002 жылы 8 тамыздаТұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы» заңына қол қойды. Ең бастысы әр азаматтың негізгі құқығы – ол өмір сүру құқығы.

Бала Құқықтары туралы Конвенцияда Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан–жақты дамуын қамтамасыз етеді; Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы; Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы; Отбасында әкесі мен анасы өз атына дербес өмір сүрумен, баланы ата–анасымен ажыратуға ешкімнің құқығы жоқ; Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы; Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар; Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы; Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы; Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

 Оқушының міндеттері:

Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға; Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті; Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге; Тарихи мәдени мұраларды сақтауға; Тарихи ескерткіштерді қорғауға; Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға; Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға; Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға; Ата-анаға қамқорлық көрсетуге міндетті.

Біліп жүрейік: 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні, 20-қараша – Дүниежүзілік балалар күні, 10-желтоқсан – Адам құқығы күні – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады, 1959 ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу декларациясы жарияланды, 1979 ж – Халықаралық балалар жылы өтті.

 Сиқырлы жіп:

Жіпті барлық оқушылар үзбей ұстап тұруы керек. «Бұл – сиқырлы жіпше», Ол шұбатылып, бізді байланыстырады. Осы жіп өмір. Жіп қолыңызға түскен кезде, сіз өмірді қандай болып көретініңізді бір–екі сөзбен айту керексіз. Мысалы: «Мен өмір сүруден ешқашан қорықпаймын, қиыншылыққа төземін т.б» бүкіл сыныптың қолдарынан өтеді. Балалар, өмір жібі үзілмеу керек кеніне көңіл аударыңдар! -Сендер бұл кезде қандай күйде болдыңдар? Заң сендердің жан–жақты қамқорлықта болуларыңды қорғауды мақсат тұтады.

«Өссін ұрпақ, өссін жаңа адамдар».

Тұра берші, мәңгі жасыл өмір бағым жайқалып,

Бөбектердің күлкісінен тәттілігің байқалып.

Түлеп күнде өссін ұрпақ, өссін жаңа адамдар,

Кетпесін тек тыныштығы шайқалып!

Күлән Абзолда.

Ж. Аймауытов:

«Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата - ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдасты азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,- деген. Сол сияқты балаңыздың қылмыс жолына түспеуіне бірден-бір жауапты ата-ана. Дөңгелек үстел бала тәрбиесінде басты ролді ата-ана атқаратындығын, сондықтан олар әр уақытта мектеппен, ұстаздармен байланыс жасауы және достарының кім кенін біліп отыру керектігі айтылып, қорытындыланады.

Тақырыбы:

«Менің құқығым!»

Мақсаты:

Оқушылар бала құқықтары мен міндеттері жайлы біледі,

Оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігі артады

Көрнекілігі, ресурстар:

АКТ, тапсырмалар, слайдтар, бейнеүзінділер

Сайыс шарты:

Сайысқа төрт топ қатысады. Әр топтың аты, ұраны болу керек. Сайыс ІV кезеңнен тұрады.

1. Ақпарат

2. Тренинг «Біздің құқықтарымыз» коллективтік ойыны

3. «Бәйге»

4. «Мұны әрбір оқушы білуі тиіс»

Сайыс барысы:

Кіріспе

Әуен тыңдау. «Бал балалық» әні.

Қандай әуен? Не туралы?

Бақытты балалық шақты сіздер қалай түсінесіздер?

Балалық шақ –әр адамның ең тәтті, ең адал, алаңсыз кездерінің куәсі. Балалық шақта әр бала бақытты болуы керек. Сондықтан балалық шақты қызықты, бақытты, лайықты өткізу керек. Әрбір бала өздерінің құқығы мен міндеттерін білуі тиіс.

Сонымен құқық дегеніміз не?

Ересек адамдардың әр түрлі құқықтары бар екенін білеміз?

-Ал сіздердің қандай құқықтарыңыз бар? Оқушылардың ойын тыңдау.

Демек, адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сіздер бүгін мектепте отырсыздар, барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқықтарыңыз бар. Сонымен қатар, сіздердің міндеттеріңіз де бар. Ол – сіздер орта білім алуға міндеттісіздер. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өз Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.

- Адамға не қымбат? – Өмір

15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

29 бап. 1.ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

1. Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы.

- Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы».Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыныз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».

1 - оқушы: 10 бап

Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір - қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы.

2 - оқушы

Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.

3 - оқушы: 9 – бап

Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы бала туған сәтінен бастап аты - жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР - ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән - жайларға қарамастан бала тең құқылы.

4 - оқушы: 11 - бап

Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар - ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР - ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

5 - оқушы: 12бап

Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ

6 – оқушы: 19 бап

Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

7 – оқушы: 30 бап

Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

8 – оқушы: 19 бап

Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.

Балаларды қорғауға арналған халықаралық күндер

1-маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні

20-қараша Балалардың дүниежүзілік күні

10-желтоқсан Адам құқығы күні.1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады.

1959 жылы Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды.

20-қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды

28-қазан 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды

8-маусым 1995 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті.

Тренинг «Біздің құқықтарымыз» коллективтік ойыны

Ең маңызды деген құқықтарыңды және өзіңді бейнелей отырып, бірлесіп сурет салу.

Талдау:

Бірлесіп жұмыс жасау жеңіл болды ма?

Өзіңді қандай күйде бейнеледің?

Қандай құқықтарыңды сен ең маңызды деп есептейсің?

Құқықтары қаралады:

Өмір сүруге құқығы.

Зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғануға құқығы.

Оқуға құқығы.

Баланың өзі сенім артатын ересек адамнан, дәрігерден, ұстаздан көмек сұрауына құқығы бар.

Төңірегіндердің сый-құрметіне бөленуге құқықты.

«Жоқ» деген сөзді айтуға құқықты.

«Бәйге»

1. Конституция сөзінің аудармасы қалай?(латынша, «құрылым» «өкілім»)

2. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша бөлімнен тұрады? (5 бөлім)

3. ҚР «Бала құқықтары туралы» заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж 8 тамыз)

4. ҚР «Баланың құқығы туралы » заң қанша баптан , қанша тараудан тұрады? (10 тарау 53 бап)

5. «Жеті жарғы» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке жан)

6. Балалар құқықтарының конвекциясы қашан қабылданды? (1998 жыл)

7. Баланың азаматтық құқығы қай кезден кезден басталады? (бала туған кезінен басталады)

8. Қай жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «Балар құқығы туралы» конвенция қабылданды?(1989 жыл 20 қараша)

9. Неше жасқа толмаған адам бала болып есептелінеді? (18)

10. Әр адамның жеке басының куәләндыратын құжат қандай (төлқұжат)

11. Адамның дүниеге келуі негізінде жатқан негізгі ажырамас табиғи құқығы қандай? (өмірсүру құқығы)

12. «Бала құқытары туралы» конвекцияға қосылуға ниет білдірмей отырған елдер? (АҚШ, Сомали)

Мұны әрбір оқушы білуі тиіс!

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері
Заңдарға бағыну
Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.
Мемлекет рәміздерін құрметтеу
Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау
Табиғатты және табиғат байлықтарын сақтау
Ата-аналардың балаларына қамқорлық ету міндеттерін орындауы
Орта мектеп білімін алу
Қазақстан Республикасын қорғау
Ал азаматтар өз міндеттерін дұрыс орындамаса, ол құқық бұзушылық болып табылады.
Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.
Үндеу
Жас жеткіншек!

Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің.

Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл.

Зиянды әдеттерден аулақ бол.

Ар-намысыңды биік ұста.

Өз тағдырың-өз қолыңда.

Өзіңе сен!

Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан.

Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.

Рефлексия

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №57 жалпы орта білім беретін мектебі

«Бала құқығын қорғау»

(кездесудің өткізілу барысы)

Орындаған: Н.М.Өтепбек

«Бала құқығын қорғау»

Мақсаты:

Оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету,құқықтық тәрбие беру, балаларды белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу, өз қала, ауылының тыныс - тіршілігіне қатысу құқықтары мен дағдыларын қалыптастыру, балалардың бастамаларын іске асыру үшін алаңдар құру болып табылады.

Қатысатын сыныптар:8-11сынып оқушылары

Өтетін орны: Мәжіліс залы зал

Көрнекіліктері:

Слайдтар, презентациялар, бейнероликтер.

Жүргізуші:

Қымбатты ұстаздар, оқушылар, кешіміздің қонақтары «Бала құқығын қорғау»

іс-шарасына қош келіпcіздер!

1-жүргізуші:

Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне сонымен қатар әр түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады,не істей алады? деген сұрақтар туындай бастады.Міне осы кезде әр елдің заңы,ережелері шыға бастады.

Б.з.д Рим құқығы ІХ-VII ғасырда,Б.з.д  V ғасырда «12 кесте заңы» Ежелгі Қытай елінде, Шыңғыс ханның «Ұлы жасасы»,Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы»,Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сынды Заңдар пайда болды.

1885 жылы билер жиналысында ұлы Абайдың «Шар ережесі» қабылданды. Абай бұл заңның мазмұны елін әділдікке жеткізуі, бейбітшілік,тыныштықты сақтайтын нормалар жиынтығы деген. Сонымен қатар қазақ елінің Заңын жасауға,әдет-ғұрпының сақталуына,қалыптасуына зор үлесін қосқан үш кемеңгер билеріміз.

Міне балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап,оның өмірін, денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы»,міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы» Конвенция қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген Конвенция деген-арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 9-тарау, 53-баптан тұрады.Осы ережелерді бұлжытпай орындау-біздің Отанымыз,еліміз,халқымыздың алдындағы  парызымыз.Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтіндігімізден туындап жататын секілді.

2-жүргізуші:

  Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер.Назарбаев «Конституция-бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан, негізгі заңды елдің Туы, Әнұраны, Елтанбасы секілді қадірлеу,құрметтеу-біздің парызымыз»-деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып,жат қылықтар,өрескел тәртіп бұзушылыққа бармау,өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заның, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да, біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.Әрбір адам өзінің де,өзге елдің де заңына бағынуға міндетті.Әр мемлекеттің өзіне тән Заңы бар.

1жүргізуші:

ХХІ ғасыр адам құқықтары мен бостандығын бірінші орынға қойды.Әрбір еркін мемлекет адам құқығын құрметтеуге,оларды қамтамасыз етуге және бұзбауға міндетті.Адам құқықтары халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру арқылы іске асырылады.

Слайд. Бала есімі мен азаматтағы

1 жүргізуші:

Бала құқығы туралы Конвенцияда «Барлық бала есімі мен азаматтық алуға құқықты» деп жазылған.

Бала дүниеге келгенде оның ата-анасы арнайы мекемеде оған есім беріп, тіркеп  отырады.Сендердің барлықтарында туу туралы куәлік бар.

2 жүргізуші:

Ол куәлікті сендердің ата-аналарың арнайы мемлекеттік мекеме-азаматтық хал актілерін жазатын білімнен алған. Куәлікте сенің есімің, фамилияң, әкеңнің аты, туылған ай,жыл, күнің, ұлтың жазылған.

Бұл сенің даралығыңның белгісі.

2 слайд.Бала әрқашан бала

Конвенция-Бала құқығының әлемдік Конституциясы. Халықаралық шарт бойынша бала деп кімді санайды?

Балалар-бұл бесік арбадағы нәресте, бала-бақшаға асыққан сәбилер, бастауыш, 5-7 сынып оқушылары сонда да болса, 8 сынып оқушылары кейде өздерін бала деп атағаны үшін ренжиді. Олар- жеткіншектер, яғни өздерін ересек сезінеді.

16-17 жастағы жоғары сынып оқушыларын жасөспірім деп атаймыз.

1-жүргізуші:

Конвенцияның бірінші бабын оқып көрейік: 18 жасқа толмаған әрбір адамзат иесін бала деп санау шартты мақсат. Яғни, 18 жасқа толмаған жасөспірім, жеткіншек те Конвенцияда атап көрсетілген бала құқығын пайдалана алады.

2 жүргізуші:

Конвенцияда балалардың қандай құқықтары анықталған?

Слайд «Балалар өз азаматтығы жайында не біледі?»

2жүргізуші:

Сұрақ.Сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс?

3-сынып оқушыларын әңгімеге тарту.

-Мен мектепке баруға, оқуға, хайуанаттар бағына баруға еркіндігім бар.

-Мен қыста сырғанауға, ойнауға, сурет салуға, бестік баға алуға құқықтымын.

-Мен демалуға құқықтымын.

-Мен ауырып қалсам, дәрігер шақыруға, емханада жатып емделуге құқығым бар.

-Мен өз елімнің еркін азаматы болуға, мектепке баруға, өз ойымды ашық өз тілімде айтуға құқығым бар.

-Өзіме ұнайтын спорт түрімен шұғылдануға, серуендеуге құқығым бар.

-Мен дүкенге баруға, ұнайтын киімдер сатып алуға құқықтымын.

-Ойнауға, туыстарыма қыдыруға құқығым бар.

1-жүргізуші:

Көріп отырсыздар, 3 сынып оқушылары өз азаматтығы жайында көп біледі екен. Олар мұны кітаптан емес, өмір тіршілігіне нені істеуге болатынына, неге рұқсат етілгеніне қарап біледі.

Балалар күнделікті өздері қолданып жүрген құқықтары жайында айтып отыр.

2 жүргізуші:

Балалар мына құқықтарды атағанын ескертеміз:

-мектепте тегін оқуға

-ойнауға

-демалуға

-театрға баруға

1 жүргізуші:

Конвенция бала азаматтығы жайында олардың өмірі мен

денсаулығын қорғап,балалардың отбасында өмір сүруін қамтамасыз ету құқығын сақтауды мемлекеттік міндет деп қарастырған.

2 жүргізуші:

«Менің құқығым бар» деген сөзден не ұғасыңдар?

5 сынып оқушыларын әңгімеге тартайық.

-Менің өз кітабымды алып,оны оқуға құқығым бар.Маған ешкім тыйым сала алмайды. Мен басқаларды ренжітпей.тек жақсылық істеуге құқықтымын.

-Ең бірінші мен өмір сүруге, оқуға, дем алуға, қыдыруға құқықтымын.

-«Менің құқығым бар» сөзінен міндетті түрде емес, бірақ өз қалауым бойынша не істесем де еркім өзімде дегенді түсінемін.

-Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын,жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін.

1 жүргізуші:

. «Құқықты болу»-бұл қайсыбір әрекетті атқаруға мүмкіндіктің болуы. Құқық-бұл қоғам мен мемлекетіміз адамға рұқсат еткеннің бәрі, яғни қоғам мен мемлекет бекіткен, жалпыға бірдей тәртіп ережелерін орындау.

Слайд

2-Жүргізуші:

Құқық оқу мәселесінде қалай болмақ?

8 сынып оқушыларын әңгімеге тартайық.

-Бастауыш мектеп оқушысы мектепке барудан бас тарта ала ма?

Қаламасам оқымаймын! Бұл менің құқығым. Жоқ бұлай болуы мүмкін емес. Өйткені мемлекеттің Заңында адамның құқығымен қатар міндеті де айқын көрсетілген.

-Декларацияның 26-бабында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабында көрсетілгендей:

1.Бастауыш білім баршаға міндетті ал техникалық және кәсіптік білім- көпшіліктің қолы жетерліктей болуы керек.

2.Білім беру адамның жеке басының кемелденуіне,сондай-ақ халықтар арасындағы өзара түсіністікке достыққа ықпал етуі тиіс.

3.Ата-аналар балалары үшін білім беру түрін тандауға құқықты.

4.Қазақстан Республикасының азаматтары тегін орта білім алуға міндетті.

-Әрбір баланың жақсы оқып,сабақта өмірге өажетті жаңа және пайдалы білімдерді беріп отыруға құқығы бар.Құқық-адамның міндеті де болып табылады.

-Құқық адамға тек жақсы,игі істерді жасау үшін берілген.Адамға зиян келтіретін істердің барлығына тыйым салынған.

1-Жүргізуші.

Слайд.Тіршілік.

-Тіршілік ету,өмір сүру туралы не білесіңдер?

-Тіршілік- бұл жүректің соғуы, қозғалысымыз.тыныс алып, ойнауымыз.

-Тіршілік-бұл үлкен ғимараттар салу,бос уақытты тиімді пайдалану.

-Өмір-бұл қуаныш,шаттық,денсаулық.

-Тіршілік бұл жүгіру,секіру,жүру,сабақ оқу.

Өмір- өзің өзі қоршаған табиғатты аялай білу,үлкендерге көмек беру.

Қорытынды сонымен біз өз құқығымыз жөнінде бүгінгі кездесуде бірақ нәрсе ойымызға түйдік. Б.Момышұлы «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өз құқығымызды да,өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қыз болып өсейік.

Шараның мақсаты - балаларды белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу, өз қала, ауылының тыныс - тіршілігіне қатысу құқықтары мен дағдыларын қалыптастыру, балалардың бастамаларын іске асыру үшін алаңдар құру болып табылады.

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №57 жалпы орта білім беретін мектебінің балалар өкілдігі бойынша жиналыс

Хаттамасы

Мерзімі : 01.10.2021 ж Өтілетін орны: Мәжіліс залы

Қатысқандар:

  1. ДТЖО: Х.Т.Темиршикова, З.Ж.Әбутәліпова

  2. Педагог ұйымдастырушы: Ж.А.Кенжесариева

  3. Аға тәлімгер: Н.М.Өтепбек

  4. 8-10 сынып оқушылары

Күн тәртібінде:

  1. Балаларөкілдігін сайлау.

  2. Жылдық жоспармен таныстыру.

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Х.Т.Темиршикова Қазақстанның әр мектебінде Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі балалар өкілі сайланады. Енді олар ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен барлық өзекті мәселелер бойынша тікелей өзара іс-қимыл жасайтын болады. Балалардың мүдделерін қорғау, кемсітушілікті болдырмау, ой-пікірін еркін білдіру, қатыгездік пен немқұрайлықтан қорғау мақсатында 8-10 сынып оқушылары арасында Балалар өкілдігінің Ұланбасшысын сайлаймыз. Сайлауға оқу үлгерімі жақсы, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын, 8-10 сынып оқушылары қатыса алады. Ұланбасшы сайлауына төрт оқушы өтініш берді. Балалар өкілі болып 10 «А»­­­­­­­­­ сынып оқушысы Сабден Зарима Мұсабекқызыдауыс жинап сайланды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары балалар өкілдігінің жылдық жоспарымен таныстырды.

Қабылданған шешім:

1.Балалар өкілдігінің Ұланбасшысын сайлау бойынша жүргізілген жұмыстар «қанағаттанарлық» деп табылсын.

2. Балалар өкілдігінің жылдық жоспары бойынша жүйелі жұмыс жүргізілсін.

Хатшы: Н.М.Өтепбек

Анықтама

2021жылғы 24 қараша күні Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №57 жалпы орта білім беретін мектебінде «Құқығым бар» тақырыбымен тренинг өткізілді.

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ жас жеткіншектердің өз құқықтары мен міндеттерін жете біліп, заң саласында сауатты болып өсуін қамтамасыз ету мақсатында өткізілген «Құқығым бар» тренингке 8-10 сынып оқушылары қатысты. Балалардың мүдделерін қорғау, кемсітушілікті болдырмау, ой-пікірін еркін білдіру, қатыгездік пен немқұрайлықтан қорғау мақсатында Ұланбасшы Сабден Зарима баяндама оқыды.

Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемер ойлы, елжанды азамат ретінде тәрбиелеу, Конституцияның мәні сипаты, маңызы туралы білім беру, құқығымыздың қалыптасу тарихының кезеңдері, әр кезеңдегі ерекшеліктері туралы оқушылардың білімін жетілдіру, ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік заңдық ережелерді бойына сіңіру, Ата Заңымыз халқымызға адал қызмет ететіндігін оқушыларға ұғындыру, Ата Заңға сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу, тарихи танымын кеңейту мақсатында әр бала өз құқығын білуі керек. Өз елінің Ата Заңына бағынуы керек.

 Бала Құқықтары туралы Конвенцияда Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан -жақты дамуын қамтамасиз етеді; Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы; Әрбір бала өз отбасында, ата – анусымен бірге өмір сүруге құқылы; Отбасында әкесі мен анасы өз атына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес; Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы; Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар; Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы; Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы; Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

  Әркім Қазақстан Республикасының Ата Заңын сақтауға; Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті; Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге; Тарихи мәдени мұраларды сақтауға; Тарихи ескерткіштерді қорғауға; Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға; Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға; Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға; Ата-анаға қамқорлық көрсетуге міндетті.

Хатшы: Н.М.Өтепбек

Анықтама

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №57 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылғы 05 қараша күні «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді.

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің қатысуымен жас жеткіншектердің өз құқықтары мен міндеттерін жете біліп, заң саласында сауатты болып өсуін қамтамасыз ету мақсатында қарашаның05 күні өткізілген іс-шараға 9-10 сыныптардың белсенді оқушылары қатысты.

Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алтын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемер ойлы, елжанды азамат ретінде тәрбиелеу, Конституцияның мәні мен сипаты, маңызы туралы білім беру, құқығымыздың қалыптасу тарихының кезеңдері, әр кезеңдегі ерекшеліктері туралы оқушылардың білімін жетілдіру, ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік заңдық ережелерді бойына сіңіру, Ата Заңымыз халқымызға падал қызмет ететіндігін оқушыларға ұғындыру, Ата Заңға сый- құрметпен қарауға тәрбиелеу, тарихи танымын кеңейту мақсатында өткізілген іс-шараның жас жеткіншектердің ғұмырына азық болғандығы сөзсіз.

Хатшы: Н.М.Өтепбек

Анықтама

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №57 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылғы 2 желтоқсан күні «Менің құқығым» тақырыбымен сайыс сабақ өткізілді.

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің қатысуымен өткізілген ісшараға жас жеткіншектеріміз белсене қатысты.

Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол Заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы».Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған Балалар Конвенциясының 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыныз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».

Тағылымы мол іc-шара алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Хатшы: Н.М.Өтепбек

«№55 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Балалар өкілдігіне дауыс беру нәтижелері туралы

Мектептің сайлау комиссиясының

ХАТТАМАСЫ

Дауыстарды санау нәтижесінде Мектептің сайлау комиссиясы

АНЫҚТАДЫ:

1.Учаскедегі сайлаушылардың жалпы саны: 3365

2.Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы саны:1765

Олардың ішінде дауыс беруге арналған үй – жайдан тыс дауыс берген сайлаушылар саны: 0

3.Жойылған бюллетендер саны: 12

4.Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетендерінің саны:35

5.Балалар өкілдігінекандидаттар үшін берілген дауыстар:

Сыныбы

Балалар өкілдігіне үміткерлердің тегі, аты

Балалар өкілдігіне үміткерлер үшін берілген дауыстар

саны / %

1.

8 «г»

Әлжан Арай

125

2.

8 «е»

Битемір Нұрсая

101

3.

8 «ғ»

Нұрмахан Толғанай

72

4.

8«е»

Оспан Айгерім

67

Жалпы қатысушылар саны: 9-11 сыныптар,1765 оқушы

Мектептегі сайлау

комиссиясының төрағасы:Палмахан Мерей

Комиссия хатшысы:Жұматай Дильназ

Сайлау комиссиясының мүшелері:

1.Дайырбек Ерасыл

2. Жұмабек Ерасыл

3. Әбдіразаққызы Жанерке

«№55 жалпы орта білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп сайлау комиссиясының2021 жылғы

ШЕШІМІ

Балалар өкілдігіне сайлауының қорытындылары туралы

2021 жылғы қыркүйектегіБалалар өкілдігіне сайлаудағы дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманың негізінде Мектептің сайлау комиссиясы

ШЕШТІ:

1/ 2021 жылғы қыркүйектегі өткен Балалар өкілдігінесайлауы өтті және жарамды деп табылсын.

2/№55ЖОББ мектеп КММ-нің 8 «г»­­­­­­­­­- сынып оқушысы мектеп Әлжан Арайлым Балалар өкілдігі болып сайланған деп есептелсін.

Мектептегі сайлау комиссиясының төрағасы:

Палмахан Мерей

Комиссия хатшысы:

Жұматай Дильназ

Бекітемін

Мектеп директоры

_____Г.О.Оралбекова

2021-2022 оқу жылында «№55 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ «Балалар өкілдігі» мектепшілік оқушылар арасындағы үміткерлерді 28 қыркүйек күні ұйымдастырып, өткізетін сайлау комиссиясының мүшелерінің тізімі.

Оқушылардың аты-жөні

Сыныбы

Лауазымы

1

Палмахан Мерей

10 «Ғ»

Төраға

2

Жұматай Дильназ

10 «Ә»

Орынбасары

3

Әбдіразаққызы Жанерке

10 «В»

Мүшесі

4

Дайырбек Ерасыл

10 «Д»

Мүшесі

5

Жұмабек Даниал

10 «Д»

Мүшесі

Келісемін: Палмахан Мерей

Жұматай Дильназ

Орындаған: Касымбаева А.С

Тел: 87752121948

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №57 жалпы орта білім беретін мектебінің балалар өкілдігі бойынша жиналыс

Хаттамасы

Мерзімі : 01.10.2021 ж Өтілетін орны: Мәжіліс залы

Қатысқандар:

  1. ДТЖО: Х.Т.Темиршикова, З.Ж.Әбутәліпова

  2. Педагог ұйымдастырушы: Ж.А.Кенжесариева

  3. Аға тәлімгер: Н.М.Өтепбек

  4. 8-10 сынып оқушылары

Күн тәртібінде:

  1. Балаларөкілдігін сайлау.

  2. Жылдық жоспармен таныстыру.

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Х.Т.Темиршикова Қазақстанның әр мектебінде Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі балалар өкілі сайланады. Енді олар ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен барлық өзекті мәселелер бойынша тікелей өзара іс-қимыл жасайтын болады. Балалардың мүдделерін қорғау, кемсітушілікті болдырмау, ой-пікірін еркін білдіру, қатыгездік пен немқұрайлықтан қорғау мақсатында 8-10 сынып оқушылары арасында Балалар өкілдігінің Ұланбасшысын сайлаймыз. Сайлауға оқу үлгерімі жақсы, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын, 8-10 сынып оқушылары қатыса алады. Ұланбасшы сайлауына төрт оқушы өтініш берді. Балалар өкілі болып 10 «А»­­­­­­­­­ сынып оқушысы Сабден Зарима Мұсабекқызыдауыс жинап сайланды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары балалар өкілдігінің жылдық жоспарымен таныстырды.

Қабылданған шешім:

1.Балалар өкілдігінің Ұланбасшысын сайлау бойынша жүргізілген жұмыстар «қанағаттанарлық» деп табылсын.

2. Балалар өкілдігінің жылдық жоспары бойынша жүйелі жұмыс жүргізілсін.

Хатшы: Н.М.Өтепбек

Анықтама

2021жылғы 24 қараша күні Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №57 жалпы орта білім беретін мектебінде «Құқығым бар» тақырыбымен тренинг өткізілді.

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ жас жеткіншектердің өз құқықтары мен міндеттерін жете біліп, заң саласында сауатты болып өсуін қамтамасыз ету мақсатында өткізілген «Құқығым бар» тренингке 8-10 сынып оқушылары қатысты. Балалардың мүдделерін қорғау, кемсітушілікті болдырмау, ой-пікірін еркін білдіру, қатыгездік пен немқұрайлықтан қорғау мақсатында Ұланбасшы Сабден Зарима баяндама оқыды.

Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемер ойлы, елжанды азамат ретінде тәрбиелеу, Конституцияның мәні сипаты, маңызы туралы білім беру, құқығымыздың қалыптасу тарихының кезеңдері, әр кезеңдегі ерекшеліктері туралы оқушылардың білімін жетілдіру, ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік заңдық ережелерді бойына сіңіру, Ата Заңымыз халқымызға адал қызмет ететіндігін оқушыларға ұғындыру, Ата Заңға сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу, тарихи танымын кеңейту мақсатында әр бала өз құқығын білуі керек. Өз елінің Ата Заңына бағынуы керек.

 Бала Құқықтары туралы Конвенцияда Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан -жақты дамуын қамтамасиз етеді; Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы; Әрбір бала өз отбасында, ата – анусымен бірге өмір сүруге құқылы; Отбасында әкесі мен анасы өз атына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес; Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы; Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар; Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы; Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы; Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

  Әркім Қазақстан Республикасының Ата Заңын сақтауға; Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті; Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге; Тарихи мәдени мұраларды сақтауға; Тарихи ескерткіштерді қорғауға; Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға; Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға; Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға; Ата-анаға қамқорлық көрсетуге міндетті.

Хатшы: Н.М.Өтепбек

Анықтама

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №57 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылғы 05 қараша күні «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді.

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің қатысуымен жас жеткіншектердің өз құқықтары мен міндеттерін жете біліп, заң саласында сауатты болып өсуін қамтамасыз ету мақсатында қарашаның05 күні өткізілген іс-шараға 9-10 сыныптардың белсенді оқушылары қатысты.

Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алтын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемер ойлы, елжанды азамат ретінде тәрбиелеу, Конституцияның мәні мен сипаты, маңызы туралы білім беру, құқығымыздың қалыптасу тарихының кезеңдері, әр кезеңдегі ерекшеліктері туралы оқушылардың білімін жетілдіру, ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік заңдық ережелерді бойына сіңіру, Ата Заңымыз халқымызға падал қызмет ететіндігін оқушыларға ұғындыру, Ата Заңға сый- құрметпен қарауға тәрбиелеу, тарихи танымын кеңейту мақсатында өткізілген іс-шараның жас жеткіншектердің ғұмырына азық болғандығы сөзсіз.

Хатшы: Н.М.Өтепбек

Анықтама

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №57 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылғы 2 желтоқсан күні «Менің құқығым» тақырыбымен сайыс сабақ өткізілді.

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің қатысуымен өткізілген ісшараға жас жеткіншектеріміз белсене қатысты.

Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол Заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы».Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған Балалар Конвенциясының 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыныз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».

Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.
Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемер ойлы, елжанды азамат ретінде тәрбиелеу, Конституцияның мәні сипаты, маңызы туралы білім беру, құқығымыздың қалыптасу тарихының кезеңдері, әр кезеңдегі ерекшеліктері туралы оқушылардың білімін жетілдіру, ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік заңдық ережелерді бойына сіңіру, Ата Заңымыз халқымызға адал қызмет ететіндігін оқушыларға ұғындыру, Ата Заңға сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу, тарихи танымын кеңейту мақсатында әр бала өз құқығын білуі керек. Өз елінің Ата Заңына бағынуы керек.

  Бала Құқықтары туралы Конвенцияда Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан -жақты дамуын қамтамасиз етеді; Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы; Әрбір бала өз отбасында, ата – анусымен бірге өмір сүруге құқылы; Отбасында әкесі мен анасы өз атына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес; Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы; Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар; Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы; Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы; Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

  Әркім Қазақстан Республикасының Ата Заңын сақтауға; Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті; Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге; Тарихи мәдени мұраларды сақтауға; Тарихи ескерткіштерді қорғауға; Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға; Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға; Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға; Ата-анаға қамқорлық көрсетуге міндетті.

Тағылымы мол іc-шара алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Хатшы: Н.М.Өтепбек

24 Ақпан 2025
100
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі