Баланың өмірінде ойынның
маңызы
Солтүстік Қазақстан
Облысы
Шал ақын
ауданы
М.Ахметбеков атындағы орта
мектебі
Т.М.Абуова
Тәрбиеші
Бүгінгі таңда қоғамымыздың
даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты,саналы азамат тәрбиелеу
мәселесі жүктеліп отыр.Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу ағарту
жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек,білім негізі бастауыштан
болғандықтан,жас жеткіншектердің білімді,білікті болуында ойынның
алатын орны ерекше.Ойын арқылы оқушыны білім алуға,оқуға қызықтыра
отырып,тұлғалы дамуын қалыптастыруғаболады.Мазмұны бойынша барлық
дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін
қалыптасырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама
материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете
түсуді,әрі пысықтауды көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ
үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі,олардың пәнге қызығушылығын
оятып,ынта-ықылас қоюына баулыйды және оқушылардың
зейінін,ойлау,зерде үлгілерін дамытады.Міне,сондықтан да ойын
оқу-әрекетінде жетекші рөл атқарады.Ойын ұғымына түсініктеме
берсек-бұл адамның мінез құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық
тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі
іс-әрекеттің бір түрі.
Ойын өмірде өте ерте жастан
өзінен өзі бастала отырып,адамның кәсіпті толық меңгергенінше
жалғасады және ойын оқытуда алдыңғы технологиялардың маңызды бөлігі
болып табылады.Адамзат ойынының санжылғы тәжірибесі ойынның
білімдік құндылығын дәлелдеді.Оған балалық кездегі ақыл-ойды дамыту
ойындарынан бастап,мәдениетке,бизнеске және басқарудың барлық
салаларына мамандар даярлауға байланысты бағдарламаларды игеру
барысындағы ойындар жатады.
Орыс педагогы В.А.
Сухомлинский: “Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның
шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы
мүмкін де емес”-деп айтады. Ойын – балалар үшін айналадағыны танып
білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұны, әлеуметтік сипаты
жағынан баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Ойын
процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе
жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен
мазмұнын анықтайды.
Адам ойынын оқу-үрдісіне қалай
ендіруге болады?Адамның ойын- әрекеті негізгі үш түрлі даму
деңгейлерінен тұрады:кәсіптік ойындар,әуестену ойындары,оқу жаттығу
ойындары.
Ойын оқыту үрдісінде оқытудың
әрі формасы,әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола
алады.Сонымен бірге ойын оқытушылар мен студенттердің,мұғалімдер
мен оқушылардың,мектеп жасына дейінгі балалар мен тәрбиешілердің
бірлескен оқу-әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де
қолдануға болады.
Ойын түрлері өте көп.Соның
ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын:ойын-сабақ,ойын-
жаттығу,сергіту ойындары,дидактикалық мақсаттағы ойындар,сөздік
ойындар.логикалық ойын есептер,ұлттық ойындар,т.б.Бұндай ойындар
оқушыны жан-жақты дамытып,білімді толық меңгеруіне
көмектеседі.
Ойын - балалардың оқуға,
еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал.
Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылық қабілеттері
дамиды.
Ойын технологиялары әлі де
білім беру саласында жаңа инновация болып
табылады.
Оқу үрдісінде-кеңінен
қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол-дамытушы ойындар.Дамытушы
ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта –ықыласын есепке ала
отырып,оқуды қызықты етіп,білім білік,дағдыны
қалыптастыру.
Дамытушы ойындардың ішінде
оқушылардың өздері қолдан жасап,құрастырып ойнайтынойыншықтардың
орны ерекше.Өйткені ойын барысында жаң білім алып,олардың
елестету,есте сақтау,ойлау,сөйлеу тілімен олардың түрлі
қабілеттері:конструкциялық,музыкалық,ұйымдастырушылық т.б.
қасиеттері дамиды.
Сабақты біріңғай әдістермен
жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз.Егер арасында ойын
араласып келіп отырса,оқушылар сабақ мазмұнына аса назар
аударып,тез қабылдап,ұғып алады.
Педагогтің балалар
ойындарындағы рөлі өте маңызды және өзінше ерекше.Ол көбінесе
ойынды ұйымдастырушы,ойынның мазмұны жөніндегі
ақыл-кеңесші,балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ
төрешісі,сонымен бірге ойын барысында олардың жолдасы да бола
алады.
Оның міндеті-ойын барысында
балалар арасында адамгершілік қарым-қатынастарды талдап,зерттеу,оны
тиімді әдістермен басқару,балалардың достығын
қолдау.
Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән
салмай,өсер бала бола ма?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның
маңыздылығын көруге болады.
Қорыта айтқанда ойын
дегеніміз-баланың қоршаған ортамен тіл табысын, ойлау, таңдау,
талдау қабілетін арттыратын ғажайып нәрсе. Жалпы бала тәрбиесі қиын
да жауапты нәрсе. Сондықтан да отбасы мен мектеп тығыз байланыста
баланы тәрбиелеп, үлгі өнеге көрсете білу керек. Бала тәрбиелеуде
қолданылатын ойындар балаға жағымды әсер береді. Ол тек қана ойнап
қоймай, танымдық қабілеті мен жан-жақты дамуы, байланыстырып сөйлеу
тілі дамиды. Көрнекті педагог А.С. Макаренко айтқандай: «Тәрбиенің
негізі бес жасқа жейін қаланады, бес жасқа дейін жүргізген барлық
тәрбие ісіңіз бүкіл тәрбие процесінің 90 проценті» - деп атап
өткен.