Хаттамасы
Өткізілген уақыты:
2023ж
Қатысқандар:
1.Мектеп директоры
2.Мектеп әкімшілігі
3. «Қамқоршылық кеңес» мүшелері
3.ДТІЖО:
4.Мектеп психологы
5. Қаратау полиция бөлімінің капитаны
6. Мектеп мұғалімдері, ата-аналар
Күн тәртібінде:
-
Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет іске асырып жатқан іс-шаралар туралы. Баяндамашы: мектеп директоры ----------
-
Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу туралы. «Құқықтық сауаттылық» айлығы аясында жүргізілген жұмыстар барысы». Баяндамашы: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары --------
-
Шымкент қаласы прокуратурасының кәмелеттік жасқа толмағандардың жыныстық қылмыстары туралы жасаған бейнеролигін талқылау.
Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын-алу. Балаларды бірігіп қорғайық!». Баяндамашы: учаскелік инспектор
-----------
-
«Кибербуллинг және оның зардаптары», «Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?»,
Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың, құқықбұзушылықтың, және ерте жүктіліктің алдын алу туралы. Баяндамашы: педагог-психолог ----------
Тыңдалды:
Жиналысты мектеп директоры ------- ашып берді. «Бала құқығы-адам құқығы» Республикалық айлығын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың балалардың мүддесінде мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аударуда күш жігерін біріктіру мақсатындда өткізілетін айлық жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс жүйелі жүргізіліп жатқандығын айтып өтті. Республикалық айлық өткізу барысында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның сындарлы диалогы құрылғандығын, балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекетік іс-шаралар туралы жұртшылық хабардар етілгендігін, қайырымдылық қозғалысы жандандырылғандығын, барлық санаттағы балаларды мерекелік іс-шаралармен, оның ішінде қашықтықтан өткізілетін іс-шаралармен жаппай қамту қамтамасыз етілгендігін атап көрсетті.
Мектеп директоры биылғы оқу жылында еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты санитарлық талаптардың толық сақталуы керектігін, оқушылар түгелдей маскада болуы керектігін ата-аналарға егжей-тегжейлі түсіндірді. Мектепте кітап қоры, компьютерлер, кабинеттер жеткілікті екендігін, оқушылардың оқуына жағдай жасалғандығын ата-аналардың назарына ұсынды.
10.09.2021-10.10.2021ж аралығында мектепте кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтың, оның ішінде зорлау сипатындағы қылмыстардың, ерте жүктіліктің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық сауаттылық» айлығы өткендігін айтып өтті, айлық аясында жүргізілген жұмыстарға кең көлемде тоқталды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ------------- сөз алды.Ол өз сөзінде бүгінде қоғамда жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып елді елеңдетіп отырғандығына тоқталып өтті. Сонымен бірге мектеп қабырғасында мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтаған жағдайда ешқандай келеңсіз жағдайлардың болмайтындығын айтып, қазіргі өркендеп жатқан еліміздің жастары алаңсыз білім нәрімен сусындап, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында, бос уақытын тиімді пайдалану үшін мектептегі түрлі спорттық секцияларға қатысу мүмкіндіктерінің бар екендігіне тоқталып өтті. Жастар зиянды әдеттерден аулақ болып, өз болашағын қазірден жасау керектігіне ата-аналарына бағыт- бағдар беріп өтті.
10.09.2021-10.10.2021ж аралығында мектепте кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтың, оның ішінде зорлау сипатындағы қылмыстардың, ерте жүктіліктің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық сауаттылық» айлығы өткендігін, айлық аясында жүргізген іс-шараларға кеңінен тоқталып, бұл іс-шараларға мектеп оқушыларының түгелдей жұмылдырылғандығын атап өтті.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша полиция майоры --------- сөз алды. Баяндама барысында қала көлемінде кәмелетке толмаған оқушы жастар тарапынан жасалған құқықбұзушылықтар және біршама қылмыстардың орын алып отырғандығын, олардың білместікпен және Заңды жете түсінбеушіліктен жасаған құқықбұзушылықтары жайлы айтты. Ата-аналарға балаларының құқықбұзушылықтан аулақ болу, мектепке суық қару түрлерін алып келмеу, өз құқығын білуге, Заңды жете түсінуге әрекет ету жайлы тәрбиелік түсіндіру жұмыстарының үнемі жүргізіліп отыратындығын, үйде ата-аналардың бала тәрбиесіне ықпал жасау керектігін жете түсіндірді. Жалпы, оқушы жастар жасап жатқан қылмыс түрлері: ұрлық, өзгенің мүлкін әлімжеттікпен иемдену, өзара төбелес және көпшілік болып мектептер арасында төбелесу. Бұл қылмыс түрлерінен басқа түнгі мезгілде жүру, ойынханалар мен түнгі клубтарға бару қазіргі таңда белең алғандығын айтып өтті. Алдағы уақытта жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау үшін, мектеп әкімшілігімен бірлесе жұмыс жасайтынын айтты. Ата-аналар үйде баланы қадағаласа, тәртібіне мән берсе, мұғалімдер ата-аналармен бірлесе жұмыс жасаса бұл кедергілердің біздің мектебімізде орын алмайтындығын жете түсіндірді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша педагог-психолог ------------ сөз алып, кибербуллинг-адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету екендігін, кибербуллинг жастарымыздың болашағына балта шаппауы үшін, мектепте түрлі деңгейде жұмыс жасалып жатқандығын атап көрсетті. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ, бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды.Сондай-ақ мұндай жағдайға тап болмау үшін, қандай әрекет жасалу керектігі айтылды. Сондай-ақ үнемі оқушылар арасында сауалнамалар алынып тұратындығын айтты. Ата-аналарға балаларының тәрбиесіне мән берілуі керектігін, мектеп психологы оқушылармен, ата-аналармен, мектеп ұстаздарымен үнемі бірлікте жұмыс жасайтындығын жете түсіндірді.
Қабылданған шешім.
-
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын-алу мақсатында оқушыларды спорттық секцияларға тарту.
-
Оқушылардың заңды жете түсінуі үшін тәрбиелік түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
-
Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың, құқықбұзушылықтың, және ерте жүктіліктің алдын алу бойынша жұмысты жүйелі түрде іске асыру.
-
«Бала құқығы-адам құқығы» Республикалық айлығының білім басқармасы тарапынан жолданған іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмысты жүйелеу.
Хатшы:
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
БАЛА_ҚҰҚЫҒЫ_БОЙЫНША_АТА_АНАЛАР_ЖИНАЛЫСЫНЫҢ_ХАТТАМАСЫ

шағым қалдыра аласыз