Материалдар / Бала құқықтары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала құқықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне құқықтық тәрбие беруде, сынып жиналысын өтуде көмек болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2023
225
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 9 «Б»

Тақырыбы: Бала құқықтары мен міндеттері.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу; оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету; оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру; құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларынеркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,Қазақстан Конституциясыкітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция, Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама.
Кіріспе.
Мұғалім: Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Ата заңның 1 бабының 1-тармағында»Қазақстан өзінің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады деген. Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма? 1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралы ковенция қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды.
Енді осы мәселе төңірегінде өздерің құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді.
Ібөлім «Бала құқығы – асыл қазынамыз»

ІІ бөлім «Құқық - әділет пен парасат жолы»

ІІІ бөлім «Құқықтық сауаттылық – заман талабы»

ІҮ бөлім «Сандар сөйлейді»

І Бөлім «Бала құқығы – асыл қазынамыз»
8-бап. Әрбір баланың денсаулығын сақтауға құқығы бар.
9-бап. Әрбір бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқылы.
10-бап. Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.
11- бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы бар.
15- бап.Әрбір баланың білім алуға құқығы бар.
ІІ бөлім «Құқық - әділет пен парасат жолы»

1- оқушы.
Конституция ерікті елдің құқы,
Адам құқы, алдымен ердің құқы.
Мемлекетім жан-жақты дәйектелген,
Конституция-алтын заң,елдің құты.
Ол бойынша бекіген бостандығым,
Ол бойынша сақталған сөз сандығым.
Ол бойынша тілім де мемлекеттік,
Қуаттайды
мұны бар достар бүгін.
Ол бойынша сайлаймын,
сайланам да,
Ол бойынша біртұтас бай далам да.
Сансыз ұлттың өкілі бір
ордада,
Тең құқылы барлығы айналамда.
Қалауымша оқимын,білім алам,
Еңбек етем,
қартайсам тыным алам.
Емделемін ауырсам заңды түрде,
Өз елімде қастерлі, құрметтімін,
Қорламайды ешкім де тілдеп қырын.
Тәртіп бұзсам немесе қылмыс қылсам,
Заң алдында жауапқа міндеттімін.
Баға жетпес құным бары,
Еркін шыққан ерекше үнім бары,
Елтаңбалы жығылмас туым бары
-
Алтын заңда айтылған мұның бәрі.
2-оқушы.

Ғұрпымыз бар ел сенген,
Дәстүрлері ең ізгі.
Әділдікпен өлшенген,
Заңымыз бар негізгі
Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле-жаладан
Ата заң бұл ардақты!
1-оқушы: Жер бетіндегі адамдар арасында тәртіп орнату үшін заңды қолдану шөлге жауған жаңбырдай қайырымды.
2-оқушы: Заң - жер бетіндегі құдай жасаған нәрселердің ішіндегі ең қасиеттісі. И.Кант.
3-оқушы: Қазақ халқы-ең бейбіт халықтардың бірі. Шоқан Уәлиханов.
4-оқушы: Әр заманның өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт әркім құқына таласу болады. Жылау салты артта қалды. Әлихан Бөкейхан.
5-оқушы: Ата Заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз. Нұрсұлтан Назарбаев.
6-оқушы: Заң - мемлекеттің тоғыз қабат тор көзді сауыты. Шерхан Мұртаза.
7-оқушы: Әділ заң - аспан тірегі. Жүсіп Баласағұн.
Жағдаяттық сұрақ
14 жасар Болат үйінде сыныптастарымен туған күнін атап отырғанда масаң күйінде әкесі келіп жолдастарының көзінше балағаттап,ұрып-соға бастайды. Осы кезде Болат не істерін білмей, әкесін итеріп жібереді. Әкесі тәлтіректеп барып баспен құлап түсіп қайтыс болады. ( Жағдай сарапқа салынып, оқушылардың ішкі жай-күйі, сезімдері тыңдалады)
Мақал-мәтелдер:

Тәрбиелі – тәртіптің құлы,
Тәртіп – елдің құлы. (Бауыржан Момышұлы)

ІІІ бөлім «Құқықтық сауаттылық – заман талабы»
1.
Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
2. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?
(БҰҰ)
3. БҰҰ-ның мақсаты не? (Әлемде бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау)
4. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
(1995 ж.Нью-Иорк қаласында156-мемлекет болып қол қойды)
5. Қазақстан Республикациясының азаматтары қандай білім алуға міндетті? (орта)
6. Қазақстанның әрбір азаматының ең басты құқығын ата. (әркімнің өмір сүруге құқығы бар)
7. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
(2002 жылы 8-тамызда).
8.
Заң бойынша бала деп кімді атайды? (18 жасқа толмаған адам)
9.
Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20 қарашада).
10. Әлемде ең алғаш конституция қай елде жазылған? (АҚШ-та)
11.
Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? (Бостандық)
12. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы (16 жас, ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады)
13. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды? (1948 жылы 10 желтоқсанда)
14. Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар? (14 жастан)
15. Қазақстандағы ең қымбат қазына (адам өмірі)
16. «Жеті жарғы» заң жинағының авторы (Тәуке хан)
17. Қазақстан БҰҰ-на қашан мүше болды? (1992 жылы)
18. Өз тағдырыңды өзің шешудің тарихи мүмкіндігі қалай аталады? (тәуелсіздік)
19. Отанға деген сүйіспеншілік (елжандылық, отансүйгіштік)
20. Баланың құқығы туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады? (10 тарау, 53 баптан)
ІҮ бөлім. «Сандар сөйлейді»
1 маусым – Балаларды қорғаудың халықаралық күні.
20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні.
10 желтоқсан – Адам құқығы күні.
10 желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жыл Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу декларациясын жариялауды бастады.
1979 жылы – Балалардың халықаралық жылы өтті.
20 қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.
28 қаңтар 1993 жылы Қазақстанның Конституциясы қабылданды.
8 маусым 1994 жылы Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.
30 тамыз 1995 жылы Қазақстанның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда екінші рет қабылданды.
Қорытынды: Құметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымызда өзіміздің құқығымыз бен міндетіміз және құқық туралы білетін білімімізді ортаға салдық. Біздер өз ойымызды еркін айтуға, өзгелерден білгіміз келгенін сұрау құқығын жүзеге асырдық. Қазақ ұлты қайырымдылықты, ымырашылдықты қолдайды. Еліміздің біліктілігі мен білімділігі келешек ұрпақ үшін үлкен міндет жүктейтінін жадымыздан шығармайық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!