Тақырыбы: «Бала шақтан
болашаққа.......»
Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты
міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың
орны бөлек. Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп,
болашағына үнемі алаңдаушылықпен
қараған. Ұрпақ тәрбиесі
келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Бала
тәрбиелеу - оны жақсы тамақ,сапалы киіммен
ғана қамтамасыз ету емес. Ең алдымен балаға бөлек бір тұлға ретінде
қарап,арадағы шекараны бұзбаудан
тұралы.
Жалпылай алғанда адам баласы қоғамда өзінің
жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталатыны мәлім. Адамгершілік
негізі – имандылық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады.
Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке,
ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп
санаған.
Для родителей! Воспитание
детей очень важная ответственность. Приспособление к жизни детей
важное значение имеют и родители и учителя.За будущее детей
беспокоятся все вселения планеты.Они наше будущее,поэтому мы
ответственны за их будущее.
Воспитывать детей не
значить,обуть,одеть,кормить,важно чтоб они четко осознали как
личность,свой границы сохранить.
Мақсаты: отбасы құндылықтары мен ұлттық
әрі қоршаған орта құндылықтарын құрметтеу. Білімнің сара жолы
мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге
есік ашатынын сездіру. Ата-анасының,Отанының адал ұл-қызы болуға
жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл,ой өрісін дамыту.
1.
Бала тәрбиесіндегі
ата-ананың рөлі : (Бала шекарасын бұзатын 4
түрлі ата-ана).
Бала тәрбиелеу - оны жақсы
тамақ, сапалы киіммен ғана қамтамасыз ету емес. Ең алдымен балаға
бөлек бір тұлға ретінде қарап, арадағы шекараны бұзбаудан
тұрады.
1. Негативін балаға шығаратын,
өшін баладан алу арқылы оның эмоциональды және физикалық шекарасын
бұзатын ата-ана. Мұндай әке-шешенің мүлде көңіл күйі жоқ. Ал
бала-бала болғаны үшін,тіпті бар болғаны үшін өзін кінәлі
сезінеді.
2. Сезімдері тұрақсыз өзінің
эмоцияларын басқара алмайтын ата-ана бейнесі. Баласын жақсы көріп
отырып,еркелетіп отырып бір кезде салып қалып, ұрса жөнеледі.
Мұндай ата-ананың қасында бала өзін қауіпсіз, сенімді сезінбейді.
Себебі ол ата-анасының келесі эмоциясының қандай болатынын
болжаумен жалтақтап тұрады.
3.
Енжар ата-аналар туралы. Енжар дегенде қалай?
балада бір қиын жағдай болып немесе бауырларымен ұрсып-керісіп
жатсада бейқам, баланың сұрақтарына жауап беруге ерінетін, тіпті
әдемі бір сурет салып көрсет- седе бір қарап мақтауға ерінетін
атаналар.
4.
Талапшыл ата-аналар ,яғни баласының мінсіз болуын
талар етеді. Үнемі көңілі
толмайды,басқалармен салыстырады.Ата-ананың қалауы баланың бақыты
емес,баласымен мақтану арқылы өзін
көрсету.
Біз ең алдымен мына нәрсені
ұғып алуымыз қажет.Өсе келе пайда болатын баладағы барлық мәселе –
фундамент дұрыс болмағаннан пайда болады.
Яғни о бастан баламен дұрыс
қарым-қатынас құрып алу-маңызды!
Ол үшін бала сөз ұға
бастағаннан бастап:
1. Баламен арадағы шекараны
мықты қойып алу керек. Яғни ол «Жоқ», «Болмайды »дегенді де естіп
есітіп үйренсін. Қабылдап, көніп
жаттықсын.
2. «Жақсы ата-ана болып көріну
» деген стереотипті жоюымыз қажет.
3. Баланы түсінуді, оның
эмоциясының артында қандай қажеттілік жатқанын ұғынып, үйренуіміз
қажет.
4. Баланы қызықтыруды,оның
деңгейінде түсіндіруді,мотивация беруді меңгеру
керек.
Жақсы мұның бәрін білу басқа
да,тәжірбиеге асыру басқа.Қалай бұның бәрін өзімізге енгіземіз?, Не
істеу керек?, Неден бастаймын?, деген сұрақтар әбден
орынды.
Осы сұрақтарды өз
оқушыларымның ата-аналарымен шешу мақсатында «Бала тәрбиесі»
тақырыбында ата-аналар жиналысын өткіздім. Ата-аналар жиналысының
мақсаты: ата-ананың баламен сау қарым-қатынас құрып,
саналы,толыққанды тұлға өсіру жолдарымен бөлісу. Балалардың
дүниетанымын кеңейтуге,жан-жақты дамуына ата-аналармен бірлесе
отырып жұмыс жасау. Бұл ата-аналар жиналысының ерекшелігі біз фильм
қарап, сол фильмді егжей –тегжей талдадық. Бұл фильм отбасы,
ата-анамен баладан құрылған. Мағынасы өте терең , сонымен қатар өте
оңай қабылданады. Фильмді қорытындылау үшін бірнеше сұрақтар
ата-аналарға қойылды:
1. Олардың ата-ана ретінде
жасаған әрекеттері , қабылдаған шешімдері дұрыс
па?
2. Басты рөлдегі ата-ананың
бір-біріне қарым қатынасы қандай?
3. Өзіңізді осы фильмдегі
ата-аналар орнына қойып көріңіз.Осындай ситуацияда қандай әрект
жасар едіңіз? т.б. сұрақтар қойылып ата-анамен бала арасындағы
қарым-қатынастағы қателіктер мен жауапкершіліктерді
талдап,талқыладық.
Ата-аналарға «Сот», « Мен
Тони», «Эмоционалды качелья» деген фильмдерді көруді ұсындым. Осы
фильмдерді көру арқылы ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас,
баланың шекарасын сақтау, идеальный адам жоғын көрсету, өзгеден
идиал болуды талап етпеуді үйрету.
Ата-аналар жиналысының
екінші бөлімі: ғасырлар бойы қалыптасқан
отбасы құндылықтарымызды дәріптеу. Елдік болмысымызды сақтап қалу
үшін, саналы ұрпақ тәрбиелеп, салт-дәстүрімізді ұстануымыз қажет.
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсететін дәстүрімізді сақтау.
Жаһандану үрдісі кей салт дәстүрімізге өзгеріс әкелгенімен,
ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрімізді берік ұстануымыз қажет.
Сондықтан ұрпағымыздың алдындағы міндеттерімізді ұмытпауымыз керек.
Осы орайда жиналған ата-аналарды екі топқа бөліп. Отбасылық
құндылықтарды бала тәрбиесінде қалай пайдаланатынымыз туралы пікір
талас жүргізілді. Ата-аналар отбасының бақытты екендігін
білдіру мақсатында, бір – біріне жылы лебіздерін айтып,
жүрекшелерге жазған тілектерін көршілеріне
таратты.
Бүгінгі жиналысымызды
қорытындылай келе: біз баламызбен «сенімді қарым-қатынас» құрған
кезде ғана бала тәрбиесінің жоғарғы деңгейіне көтерілеміз. Ал
«сенімді қарым-қатынас» дегеніміз-бала өз ата-анасының жанында
үнемі өзін қауіпсіз сезіну.
Сенім ол-мейірімділік, шартсыз
жақсы көру мен шынайылық, әділдік. Бала ата-анасынан осыларды
алғанда ғана арада сенім орнайды. Онсызда технология дамып кеткен
заманда қазір иллюзия көп. Ата-анадан бөлек баланың көңілін
аулайтын дүниенің түрі көп.
Оған мына нәрселер қосылып
баладағы ата-анаға деген сенімді мүлде
жоғалтады:
1. Өтірік айту. Сіздің «жоқ»
деп айта сал деген сияқты кішкентай ғана
өтірігіңіз.
2. Балаға құрмет көрсетпеу,
мекеменшік мүлкіңіз сияқты қарау.
3. Жеке шекарасын бұзу.
Қалтасын қарау,бөлмесін ақтару т.б.
4. Сезім, ойларымен бөлісуіне
рұқсат етпеу.
5.Баланың өміріне қызықпау,
сөйлеспеу, сырласпау.
6. Мазақтау. (Әзіл ғой деп
елемей, мазақтау)
Ата-ананың бойында болу керек
қабілеттер:
1. Баланы қызықтыра
білу.
2. Баланы сендіре
білу.
3. Дұрыс мақтай
алу
4.
Үйрету.
5. Қателігін дұрыстай
алу.
6. Тіпті балаға өз қателігін
өзі дұрыстауды үйрету.
Біз баламен қарым-қатынасты
өзгеше құра аламыз. Себебі өмір бойы үйреніп келе жатқан бізге бұл
түкте емес. Ойлаңызшы біз жүруді білмедік-үйрендік, әріп танып,
жазуды білмедік-меңгердік, тізе берсек көп-ақ. Оның қасында
балаңызды түсіну, тәрбиелеу жолдары қиын ба? Жоқ ешқандай қиындығы
жоқ.
Ата-аналармен жұмыстан кейінгі
нәтижелердің бірі. Бір оқушымның анасы былай дейді: Ұлымның мінезі
тұйық, ашушаң болатын. Бізде оған көп талап қоятынбыз. Сондықтан
болар ұлым жасқаншақ, ашылып көп сөйлемейтін. Жиналыстан кейін
Дұрыс мақтау, мотивация беру, дұрыс қарым-қатынас құруды
пайдаландым.
Нәтижесінде қәзір ұлыммен
сырласамыз. Күнделікті үй тірліктеріне көмектеседі, Ойын ашық
жеткізеді. Өзім де бұрынғыдай көп ашуланып, айқайлай бермейтін
болдым. Эмоцияларымды басқаруды үйрендім дейді. Бұл өзін-өзі дер
кезінде қолға алып, баласымен қарым-қатынасын дәл уақытында
жақсартуға тырысқан, саналы ата-ананың
жетістігі.
Иә бала тәрбиелеу оңай емес.
Бірақ кез –келген нәрсені оңайлататын инструкциясы бар. Сол сияқты
бала тәрбиені де жеңілдетугі, жүйелеуге болады. Ол үшін білім,
кейбір қабілеттер, әдістер керек. Бала тәрбиесі-үздіксіз жұмыс. Әлі
де болса біздің қоғамда «бала тәрбиесі» тақырыбы өзекті болмай тұр.
Бала тәрбиесіне байланысты терең ұйқыдан ел оянып жатыр. Бұл мені
қуантады!
Өзін бағалайтын баланы өсіру
үшін, алдымен ата-аналар өз ішімізге үңілуіміз керек. Қорытындылай
келе ата-аналарға айтарым:
-
Баламен қарым-қатынасқа түсе
білу.
-
Шекараңызды қоя
білу.
-
Өзіңізге керек нәрсені анық
білуге.
-
«Жоқ» деп
айтуға
-
Өзгенің пікіріне тәуелді
болмауға
-
Тәуелді қарым-қатынасқа
түспеу.
Естеріңізде болсын! Өзін-өзі
дұрыс бағаламаған ата-анадан, баламен проблема бола
береді.
Құрметті ата-аналар!
Балаларымызға үнемі «Мақтау техникасы» мен «Мотивация беру тәсілін»
ұмытпайық!