Бала шақтан болашаққа

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бала шақтан болашаққа

Материал туралы қысқаша түсінік
қимас сезім-мектеп борсағасын бүлдіршін боп аттаған өнегелі білімнің қырын-сырын үйреткен,ыстық мейірімді шәкірттерді жаңа белеске шығарып салу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қарағанды облысы,

Шет ауданы

Алтайбаев негізгі орта мектебі

Оспанова Жанна Шүкірқызы


Тақырыбы: «Бала шақтан ,болашаққа»

(мектеппен қоштасу кеші)

Мақсаты:қимас сезім-мектеп борсағасын бүлдіршін боп аттаған өнегелі білімнің қырын-сырын үйреткен,ыстық мейірімді шәкірттерді жаңа белеске шығарып салу.

Жүректері қобалжып,алаңдасып

Биіктерге қол созып,одан да асып

Кеше ғана балапан ед,ал бүгін баражатыр

Бала шақтан,болашаққа қадам басып!

Қадамдарын сәтті қыл берекеғып,

Ақ тілеумен жолдарын кең етелік.

Құрметті ата-ана баршаңызды

Кешімізге шақырамыз мерекелік!

1-жүргізуші: Қайырлы күн,қадірлі қонақтар,ұстаздар!

Қимас сезім жүректерде алаулап,

Түлектермен қоштасардай атырап,

Бүгінгі күн есте қалар шақ екен,

Алтын ұям түлектерін ұшырмақ.

2-жүргізуші: Бүгін міне есте мәңгі сақтар күн,

Алып ұшқан түйініндей хаттардың,

Түлектерге қимас сезім сыйлаған,

Куәсіндей балалық бақ шақтардың.

1-жүргізуші: Бүгін –жүрек дүрсілінің өз өміріне бағынбай тулар күні,

Бүгін-өмірдің алғаш соқпағының сынар күні

Бүгін-түлектердің мектеп биігінен шарықтап шығар күні

Бүгін – мектеп ақ жолынан қадам басып,

Жаңа өмірдің ақ жолын бастар күні.

Ортаға бір-бір үйдің түлектерін ду қол соғып қарсы алайық!

1.Өзі сондай салмақты
Сабақ оқудан бір талмапты
Әр іске де жауапты екенін сезінумен кімге болсада ол ардақты
сыныптың оқу озаты География пәнінен аудандық олимпияда жүлдегері
Даниярұлы Анидар

2. Жаның бай өзің сұлу ертегісің
Мінекей ұшып барат ерке құсым
Жақсы істі жүрегімен ұйымдастырар сен еліміздің ертеңісің.
Оқу озаты Абай,Шәкәрім оқуларының жүлдегері қара сөздің шебері.
География пәнінен Аудандық олимпияда жүлдегері.Облыстық Мүшайра жүлдегері.
Жетпісбайқызы Диляра

3. Сұлтанға лайық көркі бар
Сымбатты бізде жігіт бар
Болашақта елімнің,
Иесі осы ұғып ал
Мектебіміздің алғыр оқушысы
Аллаоңғарұлы Нариман

4. Мінезі бар жанға жайлы
Ешкімді еш уақытта алдамайды
Күліп жүр өмірде де дәл осылай
Қиындыққа кездессең болма қайғы
Сыныптың оқу озаты,Биология пәнінен аудандық олимпияда жүлдегері.
Даниярқызы Мадина

5. Қуаныш көп болуда сүйікті елде
Ақылды адам бәрінен биік пенде
Әр қашан болашағың жарқын болсын
Жұлдызың болсын әркез биіктерде.Сынытың озат оқушысы.Химия пәнінен аудандық олимпияда жүлдегері.Шортанбай жырау оқуларының жүлдегері
Дәуренқызы Әлия

6. Шара апамыздай бишіміз бар мақтанамыз
Биіне рахаттанып шаттанамыз
Талантымен талайды таңғалдрта
Біз сізге ақ тілекті ақтарамыз
Мектептің әнші қызы
Аудандық Абай оқуларының жүлдегері
Саяхатқызы Асия

7. Сыныптың еңбек қоры шеберлісі
Он саусақтан өнер тамған өнерлісі
Сенімен әр қашанда мақтанамыз
Жеңісіңе қуанып шаттанамыз
Мектебіміздің өнерлі оқушысы
Даниярқызы Мерей

8.Еңбекқор әзілкештік бойында бар
Қате ісі әрқашанда мойындалар
Әр ісіне жауапты оқушымыз
Арманың болашақта орындалар
Сыныбымыздың биші қызы аудандық жас ғылыми зерртеу жұмыстарының жүлдегері.
Бекзатқызы Толғанай

9. Әдемі қызымыз бар күлімдеген
Ата әжесі еркелетіп күнімдеген
Мектептің әдемі де салмақтысы
Тәртібімен ерекше ардақтысы
Мектебіміздің озат оқушысы
Егінбай Аруза

10. Мінезі бар әдемі баурап алар
Жымиғана бар жанды жаулап алар

Сыныптың тұйық қызы қарақаттай
Өмірде әр қашанда жолың болғай
Мектебіміздің үлгілі оқушысы.
Мұратқызы Қарақат

11. Бойы кіші болсада ойы үлкен
Қыран жетпес жерлерге қиял жеткен
Арманың орындалсын ойлап жүрген
Кездерің болмағайын қиялда кеткен.Мектебіміздің математигі. Аудандық Шортанбай жырау оқуларының жүлдегері
Ақылдосқызы Саяжан

1-жүргізуші:

Қош келдіңіздер!Қадамдарыңыз құтты болсын!

2-жүргізуші:

Аяулы түлектер!Арғымақ аттай тулаған уақытта шек бар ма?Қызығы мен қуанышы араласқан тоғыз жыл бір күндей өте шыққаны қандай өкінішті...

Мектептің алаңсыз күндерін сағынар сәт те алыс емес.Бүгінгі күн-сол шаққа нүкте қоя мезеттер.Олай болса,түлектерқош келдіңіздер!

(музыка ойнап тұрады)

1-жүргізуші:

Алдарыңда сан тарау жолдары тұр

Бәр ертеңгі азамат болғалы тұр

Үлкен өмір есігін ашпақ бүгін

Қауым қол соғып қолдап отыр

(Ән «Ұстазым»)

Ұстаз жеміс ағашы мәуелеген

Ұстаз көктің қыраны әуелеген

Ұстаз ақын тілінде әуелі өлең

Ұстаз биік біле білу тау өнегең- дей отырып мектебіміздің аға ұстаздарына сөз кезегін береміз.(түлектердің ұстаздарға арнауы)

2- жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады

Халқынан ата-анадан бата алады

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

Ортаға шақырайық ата-ананы

Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымызға береміз.

(Арнау .Әке-Ана)

1-жүргізуші:

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ қаларма еді

Ұстазым оның кілтін алып берді

Жетекші боп жүріңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңізжүреді де

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін

Сіздерге арнап айтатын тілегін де

Сөз кезегің жетекші ұстаздарға береміз(түлектердің жетекшілерін ортаға шақырайық)

Ән:Ұстазым (ұстаздарға арнау)

2-жүргізуші:

Мектеппен бүгін қоштаспақ

Қоштаспас мәңгі сан түлек

Айтырып жатыр сан тілек

Егіліп берді ау сан жүрек

Бітіруші түлектерге ізбасарлары ақ тілегін жолдауға ортаға шақырамыз.

(ән «Аға-қарындас»)

1-жүргізуші:

Күндіз түні ойладыңыз бал қамын

Тынымсыз атып жатыр әрбір таңың

Басқарып осы ұжымды

Баршаны аялаған алақаның- дей отырып мектебіміздің басшысы Нұралы Ғапизұлына сөз кезегін береміз.

2-жүргізуші:

Қуанышқа орнағандай даламыз

Көңілдерден тасқын болып селдеткен

Болашаққа қанат қағып барамыз

Балашақпен қош айтысып сен де өткен

Мектептегі соңғы жиын салтанат

Болмақсындар елдің өршіл жастары

Аттанғанда ел сенімін арқалап

Биік болғай арманыңның асқары!

1-жүргізуші:

Түлектерге арнау

Біздерге көрсетпеген жаман жағын

Аға- әпке құтты болсын қадамдарың

Биіктерден көрейік сіздерді біз

Бірғана қолында ғой бір Алланың

Арманыңмен ұштасып толысса екен

Таңдаған болашақта маман жағың

Ұстаздарды еске алып жүргейсіздер

Сәулелі от қалдырған санаңда мұң

Мақтан тұтар ұл қызына айналыңыз

Киелі Жарылғаптай жеріміздің

Атқа мінер азаматы болыңыздар

Қасиетті Қазақстан еліміздің

Жақсылыққа бағыттап бетеріңді

Өкінішпен еске алма өткеніңді

Аға әпке ешқашан ұмытпағайсыз

Өзіңнің түлеп ұшқан мектебіңді

Аталып түлектеген атқа лайық

Біздерде сіздер құсап аттанайық

Жолыңыз болсын дейміз жас түлектер

Өмірде біз сіздермен мақтанайық

(Ән «Қош бол енді мектебім»)

2-жүргізуші:

Жұлдызыңды жақ!Бұл сөз тек сіздерге арналады түлектер!

Өйткені болашағың бүгіннен басталады.Сіздер дәл осы сәттен бастап өмірімізге жаңа бақыт жолдама алып отырсыздар.Ендеше жұлдыздарыңыздың жануы,сәуле шашуы өз қолдарыңызда.Тылсым өмірдің сыңдарлы сәттері ертеңгі күнге сенімдеріңізді бекітсін.Ұстаздарыңыз мектебіңіз саған тілекші.

Жолдарыңыз болсын,жолдарыңыз болсын түлектер!!!!!!!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.06.2018
510
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі