Материалдар / Бала суретті қалай салады?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала суретті қалай салады?

Материал туралы қысқаша түсінік
бала суретін зерттеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2019
464
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бала суретті қалай салады.Кішкентай адам жарық дүнеге келген алғашқы күннен бастап айналасындағы әлемді тани бастайды. Оған бәрі қызық , бәрін түсінуге тырысады.ол өседі, жетіледі, сезіне бастайды.. Оның жанында болатын ересектерге өз балаларының қалай дамитындығын , оның не сезінетіндігін білу аса маңызды. Сондай-ақ бұған баланың бейнелеу іс-әрекетікөмектесе алады.Баланың суреттері –бұл бейнелі түрде орындалған әңгіме. Тек оны оқи білу қажет. Баланың суреті бойынша біз кішкентай адамның ішкі жан-күйін, оның күйзеліс әлемін ұға аламыз. Баланың бейнелеу әрекетінің дамуы оның жалпы (оның ішінде ақыл-ой) дамуы жөнінде бағалауға ерік береді. Бұл мақалада адам суретін мысалға ала отырып, баланың бейнелеу әрекетіннің даму кезеңдеріне тоқталамын. Баланың бейнелеу әрекетінің даму атылары: Бірінші саты – шимайлап, былғау сатысы Сурет салудың алғашқы талпынысы –бұл нағыз «шимайлау, былғау», «иректер», бала қағаз бетінде қарындашпен ойнайды, әлдебір сызықтар сызады, және бұл оны көңілдендіреді. Ол үлкен ләззат алады және қағаз бетінде әлдеқандай сызықтардың пайда болуына өзін кінәлі сезінгеннен рахаттанады. Шынын айту керек, қарындаш әлі де оған бағынбайды, көбіне қолын өзі қаламаған жаққа қарай жетелейді. Дегенмен, оның қолы өзінен сң анық, көрнекі із қалдырады. Және де бұл оған зор мақтаныш затына айналады. Оның жаңалық ашқан сәттерінен де баламен бірге болыңыз, бірге қуаныңыз, оның алғашқы қадамдарын талқылаңыз. Екінші саты – жұпыны, қарадүрсін бейне сатысы Кездейсоқ сәттілік баланы бейнеге, затқа немесе адамға ұқсас сондай бірдемеге «байлап» қояды. Балада кейбір пошымдардың (формалардың) : тегіс немесе шеңберлердің, көп бұрыштарға ұқсас бірдемелердің , бұрыштардың, сызық қындыларының суретін салу машығы пайда болады. Баланың талабы үшін мақтап, марапаттаңыз, шөпті, дуалды, алманы, бұлтты, ..... көруіне көмектесіңіз. Үшінші саты - нобайлық бейнелер сатысы Бұл саты шамамен 3 жастан басталады. Бала адамның суретін сала бастайды. Баладағы адамның алғашқы суреті – бұл басаяқ, яғни дөңгелек басты және одан тарайтын немесе қасында орналасқан сызықтар – қолдар мен аяқтарды (олардың саны әртүрлі болуы мүмкін) білдіретін бейне. Кейде суреттерде сондай –ақ бет біліністерді (көздер, ауыз, мұрын) болады. Мұндай басаяқтар төрт жасқа дейін қалыпқа толығымен сәйкес келеді. Төрт жасқа таман бала біртіндеп бастан, қолдар мен аяқтардан басқа адам денесінің бейнесі бар қарапайым нобайды салуға өтеді. Бала бес жасында тік пен көлденең жөнінде түсінік иеленеді; егер ол бұрын адамды көлденең, құлап бара жақандай етіп жиі салатын болса, онда енді оны қатаң тік тұрған күйде сала бастайды. Бес жасар бала қол- аяқтарды қос сызықпен салады, қолдар дененің орта тұсынан тарайды. Алты жасқа таман бала көбіне адамның қолдарын оның денесінің жоғары бөлігінен таратып салады. Әр түрлі екінші реттегі бөлшектер (мойын, саусақтар, табандар, шаштар немесе құлақшын, қастар, киім) бар ұсақ- түйекті қамтыған нобайлық бейне қалыпты болып табылады. Адам фигурасының дұрыс бейнеленуі бар анық суретін бала кіші мектеп жасында (7-10 жас ) меңгереді.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!