Бала
тәрбиесі
Қазақ танымында
мән беретін дүние-«тектілік» ұғымы. Қазіргі кезде ұрпақ тәрбиесі
әлсіреуіне байланысты жағымсыз жағдайлар белең алуда... Осы орайда
қанмен келген қасиетті қазіргі ұрпақтың санасына жеткізу біздің
болашағымыздың кепілі болмақ.
Тектілік-адам
бойындағы асыл қасиеттің бірі. Нағыз тектілік кішіпейілдікпен ,
адамгершілікпен, имандылықпен, үлкенге құрмет, кішіге ізет
көрсетуден білінбек. Осыған байланысты көптеген мақал-мәтелдерді
ескерсек, мысалы, «Қыз алсаң, тектіден ал», «Текті жерден қыз
алсаң, төрден орын аласың, тексіз жерден қыз алсаң, ұятқа көп
қаларсың» деген ұлағатты сөздерді ата-бабаларымыз бекерге
айтпаған.
Тектілік-
ұрпақтан- ұрпаққа берілетін қасиет. Өкінішке орай қазіргі кезде осы
ұғымның орны ойсырай бастады. Сол себепті ұрпағымызға салт-
дәстүрімізді үйретіп, бойына асыл қасиеттер сіңіру біздің басты
міндетіміз.
Ата-бабаларымыз
ертеден –ақ ұл- қыздарына дұрыс тәрбие беріп, дұрыс жолды көрсете
білген. Ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелей отырып, балаларымыға
дұрыс жол көрсетсек, намысын оятып, рухын көтерсек, жалқаулықты
тастап, еңбекке, білімге үйретсек қазақ халқының болашағы жарқын ,
тұғыры биік болатыны мәлім.
Қазіргі кездегі
қарттар үйінің көбеюі, тастанды балалардың көбеюі өскелең ұрпақтың
әлсіздігін көрсетеді.
Ұлы ақын Абай атамыздың «Жетінші қарасөзіндегі тәннен жан
артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді деген сөзі – дәл
бүгінгі заман ұрпақтарына айтылғандай... Қазіргі ұрпақтарымыз тән
құмарлығына беріліп, ішсем- жесем деп бүгінгі күнмен ғана өмір
сүруге дағдыланып келеді. Ұрпағымыздың санасын ояту үшін ең алдымен
осы тән құмарлығынан айыру керек . бала бойына жақсы қасиет те,
жаман қасиет те ана сүтімен дариды. Абай атамыздың анасы әркез
емізген сайын дәрет алып таза емізген. Осы тазалықтың нәтижесінде
туған Абай атамыз бүкіл дүниежүзі таныған тұлға болды. Әрбір
ата-ана жауапкершілікпен бала тәрбиесіне тиісінше көңіл бөлсе,
қазақтың салт-дәстүрін бойына сіңіре отырып тәрбиелесе, болашақта
қарттар үйінің , тастанды баланың, жетімдер үйінің болмайтыны анық.
Қазіргі кездегі балалардың санасын жаулап алған ұялы телефондар мен
компьютер, ғаламторлардан көрсетілетін жағымсыз дүниелерден баланы
аулақ ұстау үшін балаларды не қызықтыратынын анықтап, сол өзі
қызығатын нәрселермен айналысуға мүмкіндік жасау керек.
Болашағымыз
жарқан да жарық болсын десек, ұрпақ тәрбиесіне көп мән
берейік...