Материалдар / Бала тәрбиесі - баршаға ортақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала тәрбиесі - баршаға ортақ

Материал туралы қысқаша түсінік
бала тәрбиесінің ата-ана, сынып жетекші, мектеп алдындағы жауапкершілігі жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
481
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ж о с п а р



І. Кіріспе Бала – ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы

ІІ. Негізгі бөлім:

а) Ата-аналар жиналысын жүргізудегі жұмыс түрлері

ә) Бала тәрбиесі үшін жауапты кім?

б) Ұлт тәрбиесі –ұлт болашағы

ІІІ. Қорытынды Бала тәрбиесі – баршаға ортақ































Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан,

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрапақ тараған,

Жақсы-жаман болса бала солардан.

Жүсіп Баласағұн

Жас адамды саналы, есті, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. «Ес түзелмей ел түзелмейді». Олай болса егемен еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен басталып, оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей , баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» демекші, ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату – кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы бірге атсалысса, алар асуымыз биік болары сөзсіз.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ салсақ, «Адамның бақыты балада» деген екен. Кез келген адам өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңк пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі – түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні- өз ұрпағы.

«Әрбір баланың мінез –құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп Павлов айтпақшы, баланың мінез-құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана - бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы.

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу –ата –ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінген. Мектеп партасында отырған баланың жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі –ата-ана. Ғалымдардың дәлелдеуінше, бала өміріне қажетті мектепке дейінгі тәрбиені ата-анадан алады, ал мектеп соны дамытады, санаға сіңіреді, өмірге дайындайды.

Бала – ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Мектеп пен ата-ананың міндеті әр балаға бақыт сыйлау. Бақыт сан қырлы. Бұл адамның қабілеттерін ашып, еңбекті сүйіп, оның жасампаз болуында, бұл өзін қоршаған дүниенің әсемділігінен ләззат алып, басқалар үшін әсемдік жасауында.Тек ата-аналармен бірлікте, ортақ күш – жігер жұмсау арқылы ғана мұғалімдер балаларға адамдық үлкен бақыт бере алады» деп ұлы педагог В.А.Сухомлинский атап көрсеткендей, жеке тұлғаның қалыптасуы үшін үш субъекті - мұғалім, оқушы, ата-ана тығыз байланыста жұмыс атқаруы керек деп ойлаймын.

Қазіргі заманда мектеп алдында жылына 4 рет ата-ананың жиналысқа 100 пайыз қатысуы үлкен мәселе болып тұр. Кейбір сыныпта бұл жүзеге аспайды. Себебі қандай? Неге кейбір мұғалімдерге келеді, ал кейбіреуіне келмейді. Мүмкін, мәселе мұғалімге байланысты шығар ? Ал не себепті жиналысқа көпшілігі келмейді ? Бірнеше уақыттан бері осыны бақылай келе түйгенім: ата-анаға қызықты болса ғана, олар жиналысқа келеді. Қазіргі жаңа заман мектебінде ескі дәстүрмен мұғалімге жұмыс істеу мүмкін емес. Неге? Жауабы айқын : әлем өзгеруіне байланысты балалар мен ата-аналардың көзқарасы да өзгеріп кетті. Мәселен, бұрынғыдай мұғалімнің монологіне құрылған жаттанды, жауыр болған жиналыстан көрі топтық жұмыс арқылы ата-аналардың бірлесе әрекет етіп, проблеманы талқылағаны тиімді екеніне сынып жетекшілерінің де басқаларының да көзін жеткізуге болады. Шағын топтық жұмыстар үйренушілерде бірлік, бірегейлік сезімдер қалыптастырып, сол арқылы өздерінің ұжымға тікелей қатысы бар екендігін аңғартады. Ал «Көп түкірсе –көл», «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» екендігі баршаға аян. Ұжым болып қандай да бір тапсырманы орындау қызық әрі тартымды іске айналады. Бірлескен жұмыс барысында топ мүшелерінің барлығы да өзара қарым-қатынасқа негізделген (интербелсенді) әрекеттерді атқарады. Мәселен, тыңдай білу, өз пікірін ұтымды және дәлелді түрде жеткізе білу, ортақ пікір қалыптастырып, бір мәмлеге келу, туындаған егес пен дау-дамайларды шеше білу, бірлесе шешім қабылдау. Мұнда жиналысқа қатысушы ата-ананың жұмыстан тыс не қалыс қалуы екіталай: барлығы да қызу әрекетте болады, барлығы да жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосады. Бұрынғыдай сынып жетекшісі ғана сөйлеп, ал ата-аналардың лажсыздан бас шұлғып отыра беруі мүлдем болмайды. Нәтижесінде топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы сынып жетекшісі мынадай мақсаттарға жетеді:

  • жиналысқа қатысушылардың әрқайсысы бір-бірімен жеке қарым-қатынас орнатады;

  • ата-аналар туындаған сенімсіздік пен қобалжудан арылады;

  • әр ата-анаға өзінің қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға жағдай жасалады;

  • олардың арасында еркіндік және сенім атмосферасы қалыптасады.

Топтық жұмыстың тиімділігі мен нәтижелілігі төмендегідей әрекеттерден артады

  1. Талқыланатын мәселе топтың барлық ата-аналарына қызықты болуы керек, яғни барлық ата-аналардың мүдделеріне сәйкес келіп, оларда бірлескен жұмысқа деген ынта тудыруы шарт.

  2. Топқа бөлудің қызықты тәсілдерін қолданған абзал.

  3. Топтың ережесін айқындап, нақты уақыт белгілеу керек.

  4. Ата-аналар арасында бәсекені негізгі мақсатқа айналдырып жібермеген жөн.

  5. Соңында әр топ жұмыстың нәтижесін жариялап қорғауы тиіс.

Қазіргі ата-аналарға сынып жетекшісі тарапынан едәуір көмек қажет, өйткені білімнің жоқтығынан жантану мен тәрбиелеу әдісі бойынша қателіктер жіберілуде, түсініспеушілік туындауда, яғни тәрбие нәтижесіз болуда. Сол себепті педагогикалық ұжым өз білімін, тәжірибесін ата-аналардың ағартушылық жұмысына бағыттап, тәрбиелеу барысында ата-ананы педагогикалық мәдениеттілікке бастау сәтті іс болары анық.

Әрбір ата-ана қажет етсін, етпесін ол –тәрбиеші. Тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына қоғамдық мәне бере білетін ата-аналар тәрбиеші ғана емес, педагог те бола білетін жандар екенін ескерген орынды. Олардың мектептегі ата-аналар жиналысына қызығушылығын оятудың тағы бір жолы- пікірталас. Пікірталас өткізудің түрлері баршылық. Жалпылама олардың негізгі әрекеттері төмендегідей.

1.Екі жақты шешімі бар проблеманы келтіргеннен кейін сынып жетекшісі ата-аналардың осы мәселе төңірегіндегі өз ойларын қағазға түсіріп, өз көзқарасын айқындауын сұрауы керек. Бұл жерде ата-аналардың «Пікірталас кестесін» толтырғандығы дұрыс:


Бірінші пікір

(мәселен, «Ия)

Мүмкін

Екінші пікір

(мәселен, «Жоқ»

Бір дәлелден кем емес

Бір дәлелден кем емес

Бір дәлелден кем емес

2. Осыдан кейін ата-аналар үш үлкен топқа бөлінеді: бірінші пікірді, екінші пікірді жақтағандар және «мүмкін» деген көзқарасты ұстанғандар.

3. Ата-аналар бір пікірді ұстанған тобында өз көзқарастарын дәлелдейтін тұжырымдарды талқылап, олардың тізімін жасайды.

4. Әрбір топ баршасының атынан сөйлейтін спикер (шешен) таңдайды.

5.Осыдан соң топ спикерлері кезекпен өз дәлелдерін аудиторияға белгіленген уақыт ішінде жеткізеді.

6. Спикер сөйлеп болған соң қарсы жақтардың сұрақ қоюына болады. Оларға жауапты тек спикер ғана бермей, топтың басқа да мүшелеріне де қайыруына болады.

7. Осылайшы үш топ та өз дәлелдері мен уәждерін келтіргеннен кейін қарсыластар бір-біріне қол соғып, орындарына отырады.

Пікірталаста жеңілгендер болмайды: бәрі де ұтыста болады.

Енді ата-аналарға арналған тренинг үшін төмендегідей жаттығуларды пайдаландым:

«Сәлем, бұл – менмін!» жаттығуы

Мақсаты : өзін-өзі таныстыру дағдысын дамыту, араласу үшін ата-аналар арасында жағымды байланыс орнату.

Тапсырма. Өзі туралы айту, өзінің қайталанбас дара тұлға екендігін, тренингке қатысушылармен бірге жұмыс атқарып, тілдесуге дайын екендігін көрсету.

Нұсқау. Өзіңізді көрсетіңіз, өзіңіз туралы айтып беріңіз. Өзіңізді өзіңіз таныстыру үшін әртүрлі әдістерді пайдалануға болады. Мысалы: жарнама, газеттегі хабарландыру, өзі туралы әңгіме, өлең, ән, афоризм.

Жаттығуды талдау

1.Қай қатысушының өзін- өзі таныстыруы сізге көбірек ұнады, неліктен?

2.Тренингке қатысушы туралы қандай жаңа мәлімет алдыңыз?

3. Шығып сөйлеу барысында сіз адамның ашық, тілектестік қарым-қатынасқа бет бұрғандығын сезіндіңіз бе?

«Тамаша екен!» жаттығуы

Ата-аналардан өз бойындағы жақсы қасиеттерін айту сұралады. Мысалы:

  • Мен ақкөңілмен

  • Мен ақылдымын

  • Мен мейірімдімін

Бойындағы жақсы қасиетті айтқаннан кейін «Тамаша екен» деп айтып бір мезгілді бас бармағын көрсетіп, қолдарын жоғары көтереді.

Жаттықтырушы : Өте жақсы! Осы және де басқа адамгершілік қасиеттеріңіз өз балаларыңыздың бойынан табылуына шын жүректен тілектеспін. Міне, осы тәріздес жаттығулар ата-аналардың өздеріне деген сенімдерін күшейтіп, сынып жетекшісіне деген құрмет сезімдерін арттыратыны сөзсіз. Нәтижесінде олар келесі жиналысты тағатсыздана күтеді.

Бүгінгі оқушы егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек , «Осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шыға қояр ма екен? деген ой да көпшілігімізді, әсіресе тәрбие негізі қаланатын мектептегі ұстаздар қауымын толғандырады. Осы сұрақ төңірегенде ата-аналарымды жинап , «Бала тәрбиесі үшін жауапты отбасы ма, әлде мектеп пе?» атты пікір сайыс өткіздім. Осы тақырыпта ата-аналардың пікірлеріне тоқталар болсам:

Ата –ана : (Рыскелдиева Әлия) Жас ұрпақты тәрбиелеуде отбасы маңызды орын алады. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя десек, баланың бас ұстазы ата-анасы екеніне дау жоқ. Бұлар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, тылсым дүние жұмбақтарын танытып, талғамға, әдептілікке баулиды. Ата-ананың күнделікті өмірдегі еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. Ата-ана баланың рухани қажеттерін қанағаттандырып, талап тілегімен санасып отырады.

Ата-ана : (Айдарова Нұргүл) Бала тәрбиесінде мұғалімнің де орны ерекше, оны ешкім жоққа шығара алмайды. Дегенмен, баланың рухани өсуіне жол ашу үшін, қателеспес үшін мектептегі психолог маманның рөлі ерекше деп ойлаймын. «Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек». Міне сондықтан да мектепте психолог атқарар жұмыс өте кең. Жас жеткіншектің таным үрдісі, қабылдауы мен қиялы, ойлауы мен есте сақтауы, мінез-құлқы, білімі мен қабілетін қалыптастыру мектеп мұғалімдері мен психологтың міндеті деп ойлаймын.

Ата-ана : ( Аппазова Гүлшат) Ал балаға мейірім жетпесе, ол бала кейін қылмыс жолына түсуі мүмкін. Баланың мінезін, жалпы деңгейін, ынтасын жақсы білу үшін оның дамуына, не нәрсе қажет екенін әрбір ата-ана білуіміз – міндет. Ата-ананың тәлімі мен өнегесіне ештеңе теңесе алмайды. Адамның тағдыры тәрбиеленумен шешілетінін ескерсек, тәртіптің тамаша мектебі – отбасы. Біздің үмітіміздің үкісін үлпілдетіп, сенімімізді ақтайтын кім? Ол – сіз бен біздің балаларымыз.

Ата-ана : ( Ботабекова Айнұр) «Бала тәрбиесіне жауапты –мектеп» деп ойлаймын. Өйткені бала 8 сағат бойы мектепте жүреді.Түстен кейін сабақта, түске дейін түрлі мектепішілік шараларға қатысып жатады. Біз сонда балаға қалай тәрбие береміз? Олар ұстаздарымен бірге болады. Тек оларды ішкізіп, киіндіргеніміз болмаса. Бойындағы дарыны мен бұғып жатқан қасиеттерін айқындайтын, көкірек көзін ашатын шеберхана. Бірақ ол баланың әу бастан қалыптасқан тәрбиесіне жауап бере алмайды. Мектеп қабырғасын аттаған сәттен бастап баланың тәрбиесіне мұғалімдер жауапты.

Сынып жетекші : (Алиева Гүлдана) Кейбір ата-аналарды түсіну қиын. Мәселен, Балалардың сабақтан қалуы, сабақтан қашып көшеде жүреді. Оны ата-анасы біле бермейді, білсе де жайбарақат жүреді. Ата-ананың бәрі бірдей емес, дегенмен жауапсыз ата-аналар бар екенін жасыра алмаймыз. Бала тәрбиесінің бар ауыртпалығын мұғалімнің мойнына артып қоюға болмайды. Ал мұндай жағдайдың алдын алу үшін ата-ана мектеп ұжымымен бірлесе жұмыс атқару керек. Өйткені бала тәрбиесіндегі теріс әдет-дағдылар ата-ананың қадағаламауынан , мейірімсіздіктен туады. Осындай тәрбиенің сәтсіздігінен «Тәрбиесі қиын балалар» кездеседі. Ата заңымыздың өзінде баланың барлық жауапкершілігі ата-анада екені баса көрсетілген. Мектеп аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Қажетті оқу құралдарымен, киім-кешектерімен қамтуда. Бұл сыныпта 23 оқушы бар. Бес оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Сыныптың ата-аналарының ішінде жоғары білімді 15 ата-ана.

Ата-аналармен өмірде кездесетін оқиғаларды талдап, мысалдар келтірдік.

Ата-ана : ( Түймебаева Маржан ) Рас, мектеп бала тәрбиесіне, оның қалыптасуына белгілі бір дәрежеде ғана жауап береді. Балаға мектеп шылым шегуді, қылмыс істеуді, бұзақылық жолға түсуді, не болмаса адам бойындағы басқа да толып жатқан түрлі жат әрекеттер мен жағымсыз қылықтарды қалай ояту керектігін үйретпейді. Осы ретте бала тәрбиесіне байыппен қарау керектігі әр ата-ананың жадында жаңғырып тұруы тиіс. Өмірге бала әкелген соң оның өмірге деген көзқарасын, келешегін, баланың жүріс-тұрысын қадағалап отыру – ата-ананың ең басты парызы.

Мектеп психологінің жүргізген сауалнамасы

1.Бала тәрбиесі үшін жауапты отбасы ма, әлде мектеп пе?

А. Отбасы

Ә. Мектеп

2. Оқушының білім алуына кім жауапты ?

А. Отбасы

Ә.Мектеп

3. Баланың салауатты өмір салтын қорғауға кім жауапты?

А.Отбас

Ә.Мектеп

4. Баланың денсаулығына кім жауапты ?

А. Отбасы

Ә.Мектеп

5. Баланы еңбекке үйрету, дайындауға кім жауапты?

1. Отбасы

2. Мектеп

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев : «Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орыны» деген. Біздер, педагогтер ата-аналарға егжей-тегжейлі кеңес бере отырып отбасылық тәрбиені ұйымдастыруға белгілі бір дәрежеде ықпал етеміз. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Жақсы перзент – ата-ана қолындағы аманат. Отбасында баланың жан дүниесін рухани пәктікке тәрбиелеген абзал. Отбасында ата-ананың ықыласына бөленіп тәрбие көрген бала мектепте де өз ісіне жауап бере алады.

Ұлт тәрбиесі-ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы –жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін мектеп, ата-ана болып ынтымақтасып атсалысуымыз қажет. Демек, бала бақытының кепілі ата-ананың өнегелі тәрбиесінде.

Бала «Ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі», «Әкеден ақыл, анадан мейірім» алады.Әке-отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана – отбасының ұйытқысы , жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп жанұясын бақытқа бөлейді.

Бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып ұлттық дәстүрімізді, ұлттық құндылығымызды, әдеп-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабалардан қалған насихат мұраларын балалардың санасына сіңіре білу ата-ананың басты міндеті дегім келеді.













АННОТАЦИЯ



Баяндама кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Бала –ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы екеніне тоқталып, сынып жиналысын өткізудің жолдары мен бала тәрбиесі үшін жауапкершіліктің маңыздылығы талданып, сараптау жүргізілген.

«Бала тәрбиесі- баршаға ортақ» тақырыбында жазылған баяндаманың негізгі бөлімінде көрсетілгендей педагогикалық ұжым мен ата-ананың тығыз байланыста болып, әртүрлі пікірталастар жүргізілгендігі талқыланған. Сонымен қатар баяндамада ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту, баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын алу, бала тәрбиелеу сапасының жоғарлауына ықпал ету және балалардың жанұяның мақтаны болуға, ел азаматы болып өсуге тәрбиелеу жолдары көрсетілген.


























РЕЦЕНЗИЯ





Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 6 «Ә» сынып жетекшісі Алиева Гүлдана Қалапбергенқызының «Бала тәрбиесі- баршаға ортақ » тақырыбында жазылған баяндамасында зерттеу мәселесі етіп, бала –ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы екеніне тоқталып, сынып жиналысын өткізудің жолдары мен бала тәрбиесі үшін жауапкершіліктің маңыздылығының нәтижелерін арқау етіп алған.

Оқушыларға тәрбие берудің басты ерекшеліктерін аша отырып, тәрбиенің ең тамаша мектебі жөнінде теориялық және практикалық мүмкіндіктерін өз тәжірибесінде қолдана келе оның нәтижесін де көрсете білген.

Алиева Гүлдананың «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы баяндамасы аудандық педагогикалық оқуға ұсынылсын.







Рецензент : Қ.Есбергенов





















Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Сыдықова З. «Бала тәрбиесі –баршаға ортақ» //Қазақстан

мектебі.2014ж №2. -15 бет

  1. Жақсылықова К.З. «Тренингтік ойындар мен жаттығулар»

Әдістемелік құрал .Алматы, 2014ж

  1. Иманбекова Б.И «Тұлғаны тәрбиелеуде субъектілерінің

мүмкіндігін кіріктіру» Алматы,2009ж

  1. Есімбекова Б.О. Тәрбие туралы ойлар.Алматы,2013ж



  1. Служаева С. «Ата-аналар жиналысы және RWST стратегиясы

Тәрбие құралы,2 013ж №2 , - 58 бет.



































Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы

«Ы.Алтынсарын атындағы жалпы орта мектебі» КММ












Бала тәрбиесі – баршаға ортақ









Алиева Гүлдана Қалапбергенқызы

6 «Ә» сынып жетекшісі















Шолаққорған ауылы

2014-2015 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!