бала тәрбиесі жайлы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

бала тәрбиесі жайлы

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқаша материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала тәрбиесіндегі ата- ананың ролі


Мен сөзімді Мағжан Жұмабаев атамыздың : «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. ... бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жынды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы», - деп айтып кеткен ғой. Біздің данагөй халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесін болашақ тәрбиесі деп түсінген. Бұл және де біздің қазақ ұлтында бала тәрбиесінің бүкіл әулеттің, бүкіл ауылдың асыл парызы болғанын, оған отбасы, туған-туыс, көрші-көлем, ағайын болып ат салысқанын танытады. Өйткені, ол бай іс-тәжірибені, жоғары адамгершілік қасиеттер мен ақыл-парасатты, білімділік пен даналықты талап етеді.

Бала тәрбиесін бүгін емес, ертеңге қалдырсаңыз кеш болады. Балаға бүгін берілуі тиіс тәрбиені кейінгі қалдырмаңыз Ата-аналар бала тәрбиесіне уақыт жетпейді деп қиналады. Меңінше жоспарлай білсе, уақытты жеткізуге болады. Үлкендер уақытты босқа жұмсамаса, баламен жүйелі жұмысқа уақыт табылады. Мысалы: дүкенге, базарға, қонаққа, теледидарға, телефонға кететін уақыттарды үнемдесе.. Тәрбиеде із қалдыратын алтын уақыт қайталанбайды. Өсіп кеткен балаға дер кезінде берілмей қалған тәрбие жұғымсыз, дәмді тамақ сияқты болатыны бар. Өмірде көп игіліктер келіп, кетіп жатады. Ал адам үшін ең өміршең байлық, зор құндылық – отбасының балаға деген сезімі. Әр адамның өмір сүру тәжірибесі әр түрлі. Дегенмен кез келген отбасы нәресте дүниеге келген күннен бастап, күнделікті дағдысына, уақыт кестесіне өзгеріс енгізгені жөн. Сонда баламен шұғылдануға күн сайын бір-екі сағат уақыт табылатын болады. Бала тәрбиесіндегі ең басты шарт – күнделікті, тұрақты, нақты, сабақтастықты үзбеу. Балаларымыз – болашағымыз. Ал болашағымыз бапты, бақытты болғанға не жетсін. Қашан, қай жаста болса да бала тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Кеш те болса, жалғастыру керек. Алайда, бала өскен сайын тәрбиелеу тәсілдері де қиындай беретіні жасырын емес. Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Айтылғандардың бәрінен мынадай тұжырым шығаруға болады: балалар бұл өмірге үлкендердің тәрбиесін алу үшін ғана емес, балалар БІЗДІ де тәрбиелеу үшін дүниеге келеді. Ата-аналар өз балаларын жақсылыққа тәрбиелеу барысында өздері де жақсы бола бастайды. Бұл тәрбиелеудің негізгі мақсаты.









Кентау көпсалалы колледжінің

Тарих пәнінің оқытушысы

Байкенжеева Эльмира Шекербековна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2020
474
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі