Бала тәрбиесі-ортақ әр отбасының міндеті

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бала тәрбиесі-ортақ әр отбасының міндеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлтымызда бала тәрбиесі – ата-ана, тәрбиешілер мен қоғамның ортақ міндеті, бұл ұрпақтың жарқын болашағы үшін өте маңызды, себебі бүгінгі бала – елдің ертеңі, сондықтан мектеп пен отбасының бірлесе жұмыс істеуі, әсіресе, әлеуметтік желілер әсер ететін заманда, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» сияқты бағыттармен ұлттық құндылықтарды сіңіріп, дұрыс бағыт беру үлкен міндет. Бала – елдің ертеңі: Әрбір бала – ұлттың болашағы, сондықтан оның тәрбиесіне бей-жай қарауға болмайды.«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»: Қазіргі заман талабына сай, мемлекеттің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асырудағы маңыздылығы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала тәрбиесі-ортақ әр отбасының міндеті

Ботакөз Әшірқызы

Шымкент қаласы, Мамина балабақшасы

Ұлтымызда бала тәрбиесі – ата-ана, тәрбиешілер мен қоғамның ортақ міндеті, бұл ұрпақтың жарқын болашағы үшін өте маңызды, себебі бүгінгі бала – елдің ертеңі, сондықтан мектеп пен отбасының бірлесе жұмыс істеуі, әсіресе, әлеуметтік желілер әсер ететін заманда, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» сияқты бағыттармен ұлттық құндылықтарды сіңіріп, дұрыс бағыт беру үлкен міндет. Бала – елдің ертеңі: Әрбір бала – ұлттың болашағы, сондықтан оның тәрбиесіне бей-жай қарауға болмайды.«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»: Қазіргі заман талабына сай, мемлекеттің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асырудағы маңыздылығы.

Француздың ұлы ағартушысы Ж.Ж.Гуссо бала тәрбиесінің көзі еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді отбасында еңбекке үйретуден бастау керек деп қараса, әйгілі орыс педагогы К.Д.Ушинский бала тәрбиесіне тоқтала келе, мектеп жолына дейінгі бала тәрбиесінің негізгі ортасы — отбасы. Бала отбасында қарапайым білім, іскерлік, дағдыларды меңгеріп, ата-анасынан, тәртіп, мінез-құлық ережелеріне үйренеді деп көрсеткен.

Қазақ халқында баланы қайратты, жігерлі, ақылды, тәрбиелі болып өсуіне айрықша мән берген және әр отбасында басты мәселенің бірі болған. Бала біздің болашағымыз, біз олардан үлкен үміт күтеміз. Бала мен ата-ананың, тәрбиеші мен баланың арасында кісілік, жағымды эмоционалды, жақындық қарым-қатынастар орнатылса, бала бойынан аса күшті қасиеттерді мейірімділік, қамқорлық, дағдыларын қалыптастыруға болады.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен Оқу-ағарту менистрлігі «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» әзірлеген болатын. Бұл бағдарламада «Ашығын айтсақ, қазір жас ұрпақ әлеуметтік желі арқылы тәрбие алып жатыр. Баланы дұрыс бағытқа бұрып, жол көрсетіп отырмасақ, бұл өте қауіпті үрдіс»,- деп, білім беру ұйымдарына сыни көзбен қарады. Бала біздің болашағымыз. Біздің балабақшамызда, «Ханшайым ана» бөбекжай бақшасында бала тәрбиесіне, біліктілік дағдысына ойын арқылы дағдылану дағдыларын меңгеру мақсатында, «Бала үні» балалардың көзқарасына, пікіріне, таңдауына көп мән берілген. Баланы ұялы телефоннан, теледидардан алыстату мақсатында балалармен көптеп жұмыс жасаймыз, яғни сол телефондағы ойындарды 5 дағды бойынша біріктіріп жасау арқылы, балалардың ұялы телефоннан басқа да әлем барын түсіндіре аламыз. Әр күнін қызықты өткізіп, қимылды ойындар ойнау барысында жақсы-жаман түсініктерін қалыптастырып бойына сіңіреміз. Жоғарыда айта өткендей, бала тәрбиесіне ата-анамен бірлесе, тәрбиеші де атсалысады.

Өскелең ұрпақ тәрбиесі ешқашан салғырт қарауды көтермейтін, аса бір күрделі де маңызды іс. Адамды адамдық қалыпқа келтіретін де, аздырып, тоздыратын да тәрбие жұмысы. Балаға жас кезінде әсер ететін құбылыстар әр түрлі болғанмен оларды тәрбиелеуші ең әуелі оның ата -анасы екендігі бесенеден белгілі.  Жалпы ұрпақ тәрбиесіне асыл дінімізбен қатар, дана халқымыз да қашанда бей-жай қарамағаны белгілі. Ислам діні бала тәрбиесі туралы маңызы зор толғамдар мен пайдалы насихаттарға толы. Балаға жақсы есім қою, оған тәлімді де парасатты тәрбие беру – ата-ана үшін ең ұлағатты парыз болып саналады.

Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Жалпылай алғанда адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталатыны мәлім. Адамгершілік негізі – имандылық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады. Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған. Халқымыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Бүгінгі ұрпақ ол – еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз –қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға өсіру .Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды, обал мен сауапты ажырата білуі өзін қоршаған ортасына, ата-анасына, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты.

Негізінде бала болмысының қалыптасуы әке-шешесінің тек сыртқы қимыл-әрекетімен ғана шектелмейді екен. Мамандардың айтуынша бала біз ойлағаннан да ішкі дүниемізге терең бойлап тәрбие алады. Бала әкенің әрбір сөзі мен қимылын қадағалап отырады. Тіпті, жүріс-тұрыс үлгісін де айна-қатесіз қайталайды. Бала үшін әкенің әрекетінде елеусіз және ұсақ-түйек деген нәрсе жоқ. Сондықтан баланы жаман сөзден тыймас бұрын, әке өзі тиылу немесе баланы жаман әдеті үшін жазаламас бұрын, қателіктің себебін әке өзінен іздеу қажет болады.

Біз ата-ана ретінде бала-шағамыздың алдында жауапкершілігімізді түсінуіміз керек. Өйткені Ибн Омардан (р.а) жеткен хадисте : «Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у): «Әр қайсыларың бақташысыңдар және (барлықтарың) қоластындағыларың үшін жауаптысыңдар. Ел билеуші бір бақташы және қоластындағылары (халқы) үшін жауапты. Ер адам жанұясының бақташысы және солар үшін жауапты. Әйел ерінің шаңырағы мен бала-шағасының бақташысы және сол үшін жауапты. Қызметші де қожайынының дүние-мүлкінің бақташысы және сол үшін жауапты. Қысқасы әр қайсыларың бақташысыңдар және қоластындағыларың үшін жауаптысыңдар»,- деп айтқанын естідім – деген.

Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны бәрімізге мәлім. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан ата-ана бойында жақсы, жаман әдеттерімен балаға зор ықпал ететінін ұмытпауы тиіс.

Бала тәрбиесіндегі ең басты ережелер – балаға керекті кезде назар аудара білу, оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу болып табылады. Бала отбасының көз қуанышы. Өйткені қазақта сөз бар: «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген. Сондықтан да, халқымыз баланы ерекше қадірлеген. Біреу бақытты байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, қызмет пен мансаптан іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы: «Адам ұрпағымен мың жасайды».

Ал, тәрбиеге келетін болсақ, қазақ халқы баланы жастан, жастан емес-ау бесіктен, тіпті ана құрсағынан бастап тәрбиелеу керек деп өсиет қалдырған. Баланың түп казығы, алтын ұясы-отбасы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйтқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу –ата-ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу-отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. Баланы өсіру, оны азамат етіп тәрбиелеу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бала отбасында әкеге қарап, ал, қыз анаға қарап өседі. Сондықтан да әр ата- ана балаларының алдында өздерін дұрыс ұстап, ғибраты мол әңгіме айтып, жүріс –тұрысымен, киім –киісімен, іс –әрекетімен үлгі бола білуі керек.

Өтенге көз жүгіртер болсақ, халқымыз тамаша салт дәстүрлерді ұстанған. Сонау құрсақ тойынан бастап, отау тігіп, шаңырақ көтергенге дейін сан алуан ғұрыппен атасқан.

Ал қазір қандай?

Қазір баланың сана сезімін улайтын айғақтар телеарнадағы түрлі бағдарламалар. Бұлардың бала психологиясына кері әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да, қазіргі таңда балаларға кітап оқытып, кітаптың берер тәрбиелік мәні өте зор екенін ұғындыру керек. Бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсіру қажет. Жат қылықтан аулақ болуға, тәртіпті адам барлық жерде, үйде, мектепте, қоғамдық орындарда, өзін –өзі дұрыс ұстауын санасына құйып отыру қажет.

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі — психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады. Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланғаны сияқты, ата-аналарға көмек ретінде «Өзін-өзі тану» пәнінің формаларын пайдалана отырып ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізгенде интерактивті тақтаны, яғни ақпараттық технологияны пайдалану ата-ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеке танып-білуге, байланысты нығайтуға қосар үлесі зор.

Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы педагогикалық мәдениетіне байланысты. Мектептің, отбасының, жалпы халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты, казіргі заманың талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, олардың өмірде өз орындарын таба білуге даярлау болып табылады.

Бүгінгі таңда: «Нарықтық экономикаға сай, ұлттық сана сезімі жоғары, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу ата-анамен мектептің міндеті. Ұстаздар жүйелі жоспар құрып, шәкірттерімен ақылдасып ата –аналармен бірлесе жұмыс істегенде ғана үлкен нәтижелелерге ие болады. Ең бастысы мектеп қабырғасында әрбір ұстаз өзі атқаратын тәлім-тәрбие ісін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, шәкірттерін жан –жакты біліп, ата- аналармен тығыз байланыста болу кажет. Осы орайда сынып жетекшілік қызметін атқаратын сыныптағы оқушылардың күшті және алсіз жақтарын ескеріп, нәтежелеріне салыстырулар жүргізіп нақты талдау жасап отыру қажет. Шәкірттерімнің тәрбиелік деңгейлерін үнемі бақылаймын. «Отбасы туралы жалпы мәліметтер», «Ата- ана және бала», «Достық дегеніміз не? » атты сауалнамалар алу барысында, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасының тәрбиелік мүмкіндігін зерттеп үшінші сауалнама бойынша тәрбиеленушілердің жүрген ортасын анықтауға мүмкіндік алдым.

Ұрпақ көші дұрыс перзент болсын десек, перзент болмысын түзетуді құрсақтан бастаған жөн. Дана халқымыз «Жасында бағу көрмеген, өскенде қарауға көнбес», - деп бекер айтпаған. Ұрпағын өмірінің қазнасы санаған қариялар тәңірге «Құдай бала бер бала берсен сана бер», -деп те бекер айтпаған. Яғни жалпыға тән адамгершілік қасаеттер – мейірбандық, сыйластық, өзара түсіністікке ұмытылдыру, жаксыны өнерге тарту, үлкенге құрмет, кішіге изет көрсете білуді, бүгінгі жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеу, отбасы мен мектептің басты мақсаты болып табылады.

Тәрбие – бұл қоғам талабына сай, адамды қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа сәйкес түрде әсер ету. Н. Ә. Назарбаев өзінің « Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде, «Тәрбиенің түпкі мақсаты- қоғамның нарықтық қарым – қатынасқа көшу кезінде экономикалық және және рухани дағдарыстытарды жеңіп шыға алатын ізгілігі мен XX ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген жан - жакты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп айқын көрсеткен.


«Тәрбие тал бесіктен»-дейді атамыз қазақ. Тал бесіктен жер бесікке дейінгі баланың өсіп жетілуінің негізі отбасында жатыр «Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді»деген сөз ата –ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді. Егемен еліміздің болашағы білім мен тәрбиеге байланысты. Ал тәрбиенің басты ұясы отбасы –мемлекеттің негізгі буыны. Сондықтан да бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамай, жауапкершілікпен қарайық дегім келеді.

Ертеде бір ғұлама келіп:

-Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс? –деп сұрапты.

Ғұлама:

-Балаңыз қаншада? –деп өзіне сұрақ қояды.

-Бес –ақ ай толды, дейді сонда ғұлама басын шайқап:

-Бес айға кешіккен екенсіз -деген екен.

Қорыта келе қоғамдағы жақсы жаман баланы, тіпі тұлғаны қолдан өзіміз жасаймыз. Сондықтан болашағының баянды болғанын қалаған ел. Ұрпағының ұлағатты болуына мүдделі болуы керек.Халық арасындағы кең тараған бұл аңыздың айтпағы баршаға түсінікті, яғни баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек. Менің де айтарым бала тәрбиесінен кеш қалмайық, құрметті халқым!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі