Бала тәрбиесі –ортақ міндет!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бала тәрбиесі –ортақ міндет!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесі –ортақ міндет!Эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы



Эссе

Бала тәрбиесі –ортақ міндет!

Мектепке дейінгі білім беру ұйымы яғни балабақшада 15 жылдан аса еңбек етіп келемін, білімім жоғары. Практика кезінде қаншама бағдарлама бойынша білім мен тәрбие бердік. Әр бес жылды алып қарайтын болсақ үлкен өзгеріс бар , ата-аналар тарапынан да балалардың да тәрбиесінде өзгешелік байқалады. Қазіргі таңдағы ең үлкен мәселе-Ұлтымыздың тәрбиесі! Келешек ұрпағымыз саналы салиқалы мәдениетт білімді болуы керек. Батыс елге көп еліктейтін жас өспірім балалар өте көп. Сондықтан өзіміздің ұлт болып қалыптасуымызға үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Тәрбиені баланың сәби кезінен бойына сіңдіру қажет. Бесік жыры, батырлар жыры, аңыз әңгемелер , өлеңдер балаларға оқылу керек.

Бала тәрбиелеуді 1жастан бастау керек. Неге десеңіз бала үйдегі жағдайды, тәртіпті , қарым қатынасты үйдегі адамдарға қарап бейімделеді. Киімдеріне ұқыпты болу, ойыншықтарын сындырмай баптау, достарына кішіпейіл болу барлығы сәби кезінен басталады. Балабақшада бала гигиеналық шараларды үйренеді, сабынмен қолды жуу, шашын тарау, айнаға қарау, өз сүлгісімен сүртуну. Тәрбие өзіне өзі қызмет етуден басталу керек. Ұл балаға ер мінезді болуды, жыламауды, күшті болуды үйретуіміз керек. Тіпті ойыншықтарды берген кезде ұлға машина, корабль, көк түсті, шелектер, құрастыру материалдарын, балық аулау сиякты ойындарды ойнату керек. Ал қыздарға келетін болсақ қуыршақтар, шаштараз ойындарын ойнату керек. Себебі гендерлік тәрбие болу керек.Өскенде ұл бала қыздың қыз ұл баланың мамандығын таңдамау қажет.

Балабақшада 2023жылдан бері Бір тұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді. Яғни ұлттық құндылықтар, ұлттық киімдерді , ұлттық ойындарды бала бойына сіңдіру қажет.

Қазіргі қауіпті жағдай ол балалардың ұялы телефонға телміріп отыруы, тілдерінің кеш шығуы, ойын дұрыс жеткізе алмауы. Сол себепті балаларға жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілер үнемі айтқызу керек. Мәселен 2011ж-2019ж арасында балабақша келген балалар мүлдем болек болатын, ол кезде топта 2-3 бала ғана сойлей алмайтын, ол кезде ата-анасына ескертіп логопед маманына баруын өтінетінбіз. Ал қазір 2020ж бері қарай балалардың көпшілігінде тіл кемістігі үлкен рөлді алып отыр, топта 5-6 бала ғана анық сөйлей алады. Бұл балалардың орысша, ағылшынша қарап түсініп, қазақша сөйлегенде тілдері жетпей жатыр. Тілі анық емес бала достарымен ойнап кетуі де қиындау болады.

Бала тәрбиесіне жалғыз балабақша емес, отбасындағы барлық мүше жауапты. Балабақшада «Әкем , шешем және мен» «Менің отбасым » тақырыбында апталықтар өтіледі. Конференсиялар, семинарлар өткізіледі. Мәселен 2023ж қараша айында білім бөлімінің әдіскері мен ата –аналар жиыны өткізілді. Ұялы телефонның зияны мен пайдасы тақырыбында дебат талқыланды, педагог-психолог мамандары тренинг жүргізді. Қазіргі таңда « Әкелер мектебі», «Аналар мектебі» «Әжелер мектебі» жұмыс жасауда. Балаларға ұлттық ойындар, ұлттық тағамдарды, ұлттық киімдерді дәріптеп жатыр.

Қорыта айтқанда балаға сөйлеген кезде мәдениетті сөйлеу қажет, бала барлығын түсініп біледі. Бала жақсы көріп тұрған ата-ананыда педагогты да сезеді. Ұлтымыздың ұлт болып қалыптасуына балабақшадан бастап тәрбие беру керек! Ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтап қалу үшін Бір тұтас тәрбие бағдарламасын игеру керек! Бала біздің болашағымыз! Әр бала жұлдыз! Балармен өткен әрбір күнім мен үшін Бақытты күн!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2024
306
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі