Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
«Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ педагог-психологы Калиева Динара Сагындыковна
«Танысу» Ойын. Мақсаты: Ата-аналармен танысып, ашық түрде пікір алмасу.
Шарты: Ата-аналар кезекпен аты-жөндерін айтады. Бұл жерде тек аттарын айтады да, ьалаларының аттарын айтады. Балаларының есіміндегі бірінші бас әріпіне байланысты мінездеме сөзбен атайды. Мысалы: Дархан-дана бала. Мұрат-мұратына жететін бала.
«Мен кіммін?» « Мен қандаймын?» Жаттығуын жүргізу.
Қатысушылар біріншіден Мен кіммін? сұрағына жауап береді. Содан кейін Мен қандаймын? сұрағына жауап береді. Екі сұраққа жазған жауаптарын оқиды.
Ата-аналарға қысқаша баяндама оқу.
Жастардың мектеп қабырғасындағы кезеңдері, олардың нағыз кісілікке ұмтылатын шақтары. Бала балиғат жасына жеткеннен кейін, бейне дүниеге екінші рет келгендей, яғни жаңғырып қайыра келгендей уәж кешеді. Әуелінде ана құрсағында өсіп жан иесі болып жетсе, жасөспірім кезеңінде, немесе 11 мен 15 жас аралықтарында екінші рет жаңғыра түлеп, кісіліктің келбетіне жетуге құлаш ұрған саналы тұлға болуға талпыныс жасайды. Бұл шағында олар, бүкіл айналасындағы болмыстарды ғана емес, ең бастысы өзін-өзі тануға, ішкі жан дүниелерінің сұраныстарын ұғынуға зер салады.
Адам алғаш дүние есігін ашып туғанда, «өздігімнен еш нәрсеге дәрменім жоқ, мені күні-түні бағыңдар, қараңдар, сақтаңдар» деп зар қаға жетсе, ал екінші рет жаңғыра түлегенде кісіліктің келбетін шарқ ұра іздеп, «маған үйретпеңдер, артымнан бағып бақыламандар, мен бәрін де өзім шешемін, өз бейнетімді өзім көремін» деуге дейін барып, айналасына жар салуға дайын тұрады. Кез келген жасөспірімдердің ішкі ойлары, осындай тайталас пікірлерге толы болады.
Осы кезеңде олардың ішкі сезімдері мен жан дүниелері ғана өзгеріске ұшырап қоймайды, сонымен қоса, олардың дене бітімдері де алуан түрлі өзгерістерге ауысады. Кейбіреуінің денелері өте жылдам сұңғақтанып, тіпті өзіне-өзі ұнамай олпы-солпы сияқтанып та көрінеді. Мұндай үздіксіздіктерге риза болмай, іштей уайымдап қапаланумен де күндер кешеді. Сондықтан да, олардың психикасы ұстараның жүзіндей лыпылдап, кейде дұрыс айтылған сөздің өзі шаншудай қадалып, қарама-қайшылығы мол пікірлерге қалай барып қалғандарын, тіпті өздері де аңғармай қалатындықтары жиі ұшырайды. Осының салдарынан, ішкі қуаттарын босқа шығындап, тез шаршап-шалдығатындықтан, кейде күндізгі уақыттарда мезгілсіз ұйықтап қалатындықтары да жиі болады.
Баланың жас ерекшелігіне мән берудің зор маңызы бар. Олардың 13-14 жасқа аяқ басқандағы бір ерекшелігі, жора-жолдастарымен оңаша сұхбаттасуға, әсіресе кешке қарай қыдыруға әуестігі басталады. Сондай сәтте жолдастары кім қай жерде болады, немен айналысады, түнге қарай мектеп режимінде белгіленген уақыттан аспау сияқты тәртіпті ескермеген ата-анаға баласын уысынан шығарып алу қиын емес. Ал бетімен жүрген, әсіресе түн жарымға дейін көше торыған қанғыбастар қоғам, заң тәртібін бұзуға бейім келеді, немесе баланың сондайлардың ықпалына тез түсуі де ғажап емес.
Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсерін тигізеді.
Тағы да бір айта кететін жағдай қазіргі жасөспірімдер үлкендердің ақылын тыңдамауын өзін қазіргі кездегі әртүрлі телехабарлардың көмегімен өмірді олардан артық түсінем деп ойлауынан.
Бала психикасына теледидардағы көрсетілетін қатыгездік, қаталдық мазмұндағы хабарлар, фильмдер қатты әсер етеді. Мультфильмдердегі, экрандағы күш көрсетулер баланың мінез-құлқында агрессия пайда болуына әкеп соғады. Бала ойын кезінде сол көргендерін қайталайды. Ол байлық пен даңққа осылай жетуге болады деп миына сіңіреді. Бала 14 жасқа келгенше, ғалымдардың есептеулеріне қарағанда, теледидардан 18000 кісі өлтіру көреді екен. Осылай теледидар мен тәрбиеші тәрбиесі екі түрлі болып келеді.
Баланың үнемі сынап отырса, ол жек көріп өседі, егер кінәлап отырса, ол өзін кінәлі сезініп өседі, мысқылдап отырса, тұйықталады. Еш уақытта баланы басқамен салыстырмаңыз. Бұл жердегі ең басты нәрсе нәтижелі жетістік емес, сезім, сәттілік, ішкі сезім бостандығы қимылдан, мимикадан білінеді.
Егер бала агрессиясыз өссін десеңіз:
өз проблемаңызды балаға артпаңыз;
егер ашулы болсаңыз, онымен қарым-қатынастан аулақ болыңыз;
егер бала сіз айтқан ережеге көнгісі келмесе, күштемеңіз;
күш көрсету түзеу орнына, бала қарсылығын арттыра түседі;
мәселелерді өзіңіз жеке емес, баламен бірігіп шешіңіз;
егер бала сізбен араласуды қош көрмесе, күшпен көндірмеңіз;
егер қиын жағдай кезінде не істеріңізді білмесеңіз, оны тезірек шешуге тырыспаңыз, асықпай ойланып кірісіңіз.
Балаңыз байсалды, сабырлы болып өссін десеңіз, оған ылғи көңіл бөліңіз, жақсы қылығы үшін мақтап, қиын ситуация кезінде сөзсіз көмек көрсетіп, әр табысын көрсетіп, мадақтаңыз.
Баланы жиі мақтаса, ол өмірде әділ, текті болуға үйренеді, қауіпсіз жағдайда өссе, адамдарға сенгіш болып өседі, оны үнемі қолдап отырсақ, ол өзін бағалауға үйренеді, түсінушілік пен достық жағдайда өмір сүруге үйренеді. "Өмір сабағын" өз тәжірибесінен алуға баланың құқығы бар.
Бала дұрыс өсу үшін, оған сүйіспеншілік, өз күшіне сенушілік керек, біз үшін, үлкендер үшін өзінің қажетті, бағалы екенін сезінуі керек. Оған деген бақылау мен қамқорлық өз мәнінде болуы керек, тәрбие қарама-қарсылықсыз қалыпты, жалғасып отыруы керек, балаға, оның күшіне сену керек, оны қатыгездікпен жазалау баланың тұлғалық даралығын жояды.
Жанұяда қандай, қай жастағы бала болсын онымен санасып, оның жеке ерекшелігін ескеріп, ақылдасып отырған мақұл. Жеткіншек бала өзінің өмір тәжірибесінің аздығына, білімінің әлі таяздығына қарамай "ересектерден кем білмеймін, қолымнан бәрі келеді" деп есептейді. Бұл кезеңде айтылған құрғақ ақылға құлақ қойғысы келмейді. Баланың осы кездегі ерекшелігін педагогикалық талапқа сай басқара білмеген адам оны түзеудің орнына бұзып алуы қиын емес. Мысалы, әке ұлының, шеше қызының жан дүниесіне үңіліп, жан сырын аша білсе, баланың үлкенге деген сенімі күшейеді. Зор сенім мен құрметке ие болған ата-ана мен педагог баланы жан-жақты дамытуға мүмкіндік табады. Сол сияқты әр баланың өзінің ерекшелігі бар, оны байқай білуі де, соны орайына қарай дұрыс бағытқа сілтей білуі де шеберлікті қажет етеді. "Баланы бастан" демекші, әуел бастан-ақ балаға дұрыс ықпал, түзу бағдар беру, тәрбие жұмысын бір минут та ұмыт қалдырмау баршамыздың борышымыз.
«Гадкий утенок» видео – фильм көрсету.
«Бір қарындашпен әңгімелесу»
Қатысушылар жұптарға бөлінеді, бұрын болмағандармен болса құба-құп болар еді, екеуі бір қарындашты келісе отырып таңдайды, парақ қағазды алып, жеке отырады да, жүргізушінің белгісі бойынша қарындашты оң қолға ұстап, ортақ суретті салады. Одан соң бұл суреттің атын бірге ойластырып, астына жазу керек.
«Алақандағы түймедағы» жаттығуы.
Матиралдар: ватман, фломастер.
Ватманда өз алақаныңыздың жан-жағын сызып шығыңыз және ортасына балаңыздың атын жазыңыз. Алақандарды ватманда одан түймедақ шығатындай етіп орналастырыңыз. Ортасына балыңызға арнап тілегіңізді жазыңыз.
Джогари әдістемесі бойынша ата-аналарға және оқушыларға бір парақ қағазды төртке бөліп сызғызу керек.
-
Мен білетін баламның бойындағы қасиеттер.
-
Мен білмеймін басқалар біледі.
-
Мен білемін басқалар да біледі.
-
Жұмбақ. Менде білмеймін басқалар да білмейді?
Оқушылар және ата-аналар өз қалауы бойынша ортаға шығып жазғаны туралы айтып беру ұсынылады.
Жиналыс соңында ата-аналарға әлеуметтік сұрақнама таратылып жауап беру ұсынылады. Және әр ата - анаға жадынама таратылады.
Мұғалімнің баяндамасы
\Ата аналарға әлеуметтік сауалнама жүргіп, жаднама тарату/
«Алтын білезік» Мақсаты: Ата-аналардың, балалардың бір-біріне жақсы сезім тудыру, жылы лебізін білдіру, көңілдендіру.
Ойын барысы: «Адамдардың бір-біріне жақсы тілек айтып, жақсы сөз, нышан білдіру, адамға ұлкен рухани қазына береді. Осы мақсатта халық мақалы «Жақсы сөз - жарым ырыс» тегінге айтылмаған. Адамдардың бір-біріне жақсылық тілеу де, кешіре білу де оңай емес, оған дағдылану керек. Олай болса бір-бірімізге жақсы тілек, жағымды сезім сыйлайық.
Оқушылар, келген ата-аналар! Барлықтарыңызға мен бір-бір тұмарша білезік беремін, осы білезіктен бір жіпті алып, басқаларға жақсы тілек айта отырып, сол адамның қолындағы білезікке байлайсыз. Тек көзіне қарап отырып айтасыз.
Рефлексия «Бос микрафон»
Бүгінгі жиналыстан алған әсеріңіз қандай?
Жиналыс барысында сіз үшін не жаңалық болды?