Материалдар / 《Бала тəрбиесіндегі ата-ананың міндеті》
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

《Бала тəрбиесіндегі ата-ананың міндеті》

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тəрбиесіндегі ата-ананың міндеті тақырыбында. Баланы қай жаста қандай тəрбие беруге болатыны жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2019
640
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп.









БАЯНДАМА







Тақырыбы:«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеті»Орындаған:Н.Б.Бортин









2018-2019ж



«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеті»Қай ғасырда болсын, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. Бала тәрбиесі - мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен өзінің ұрпағымен тікелей байланыстырады.«Адамның бір қызығы бала деген, баланы медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын шен алсын деп бермедім деп», - Абай Құнанбайұлы айтқандай, адам ұрпағымен қымбат, адам баласының ең қызығы, бақыты, ұрпағының жалғасы.«Балалы үй базар, баласыз үй мазар», - дегендей бала отбасы жалғастығы, ұрпағы. Ал тәрбие тал бесіктен емес құрсақтан басталады. Оның себебі болашақ ана баланы бесіктен емес, құрсақтан бастап тәрбиелеуі керек. Балаға деген мейірімі, сезімі, махаббаты ананың  ыстық ықыласы мен тәрбиесінен берілетін құнды дүние. Бала тәрбиесі ата-ана тәрбиесімен ұштасып жатуы тиіс. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты - болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне , дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Себебі, білім тәрбие арқылы беріледі. Тәрбие жоқ жерде білім де жоқ. Тәрбие қаншалықты тереңде болса білім де соншалықты тереңде. Болашақ білімді, дарынды, адмгершілігі мол ұрпақ үшін бұл өте маңызды. Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны айрықша. Ал қазақ отбасының өзіндік ерекшеліктері бар.1.Халықтық сипат алуы: көп балалы болуды қалауы, ауыл қариялары, көрші-қолаң, тума-туыс, құрбы-құрдас және т.б. тәрбиеге баулуы;2.Ізгіліктілігі: отбасындағы әрбір әрекет, қарым-қатынас, ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлер;3.Жеке-даралығы: ұл мен қыз бала тәрбиесі.Осы аталған қасиеттер тұтас қамтылған жағдайда тұлғалық қасиеттер қалыптасып, кемелдікке жеткізеді.Әрбір ата-ана өз ұлы мен қызының әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының білімді азаматы мен азаматшасы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі қажет. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы - бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қарым-қатынасы мазмұнды, сенімді болады.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы - ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - дегендей, тәй-тәй басып, есі кіріп, тілі шыға бастағаннан-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған дұрыс. Қай заманда болса да бала тәрбиесі - басты байлық, ал ең асыл дүние - оның тәрбиесі. Әрбір мемлекеттің болашағы оның төл мектебінде шыңдалады.Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары.. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылады. Сондықтан да кешеден бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы бала тәрбиесi - берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған..Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана, қала берді қоғам. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала үлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған.Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс-әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды. Дүниенің ең тамаша туындысы - тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Ал берекелі отбасының ата-анасыөзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс:1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;2.  Жүйелі білім алуына көмектесуге міндетті;3. Ұдайы ата-аналар жиналысына қатысуға, оқытушымен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті;4. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;5.  «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.Отбасында ата-анабаланың жеке басын танып білуге де міндетті.1.Бала туралы жалпы мағлұматтарды;2.Оқуға қабілеті мен әрекетін;3.Баланың еңбекке әрекеті менбейімін;4. Баланың арнайы қабілеті5. Баланың тәртібін6. Баланың темпераменті мен мінезіндегі ерекшеліктерін.Осы орайда отбасындағы ата-ааға жауапкершілік те туындайды.1.Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;2.Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау жәнеәдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;3.Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.4.Балағаадамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімдішешудің бірден бір жолы;5.Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;6.Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінгебаланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты. Сонда ғана бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіпиесі.Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн. Оны жұмыс жүргізу формасы ретіндеде көрсетуімізге болады.Қорытындылай келе, белгілі жауынгер Б.Момышұлының «Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр»деген аталық сөздерінде үлкен мән жатқанын баса айтқымыз келеді. Отбасы – ана-ата – мектеп үштік ұғымы біріккенде сапалы білім мен саналытәрбие болады. атаНачало формы







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!