«Түйме» ойыны
Балалар жұптасып ойнайды. Олардың алдарында екі
бірдей түйме жинағы жатыр. Әрбір ойыншыда өз ойын алаңы бар – ол
тор көзге бөлінген текше. Ойынды бастаушы өз алаңына үш түйме
тастайды, екінші ойыншы оны қарап, әрбір түйменің орналасуын есте
сақтап қалуы керек. Осыдан кейін бірінші ойыншы өзінің алаңын
қағазбен жасырып, ал екінші ойыншы өз алаңында бірінші ойыншының
түймелерінің орналасуын бұлжытпай орналастырады. Ойында қаншалықты
тор көз бен түйме көп болса, соншалықты ойын күрделене
түседі.
«Алфавит» жаттығуы
Алфавитті дұрыс және керісінше ретпен айтып еске
түсіру керек.
«Сөздік материалды
сипаттау» жаттығуы.
Психолог. Қазір мен Сіздерге
сөздер оқимын. Әр сөзді естіген соң, сол заттың сыртқы бейнесін,
оның иісін, дәмін, ол шығаратын дыбысын көз алдарыңа елестетіңдер.
Мысалы: «Тіс пастасы, түсі ақ, жалбыз иісті, ашты дәмі бар» деген
сияқты.
Сөздер: қағаз, ұя,
мысық, машина дөңгелегі, таяқ,
тұшпара және т.б.
«Кәнеки, есіңе түсір!»
жаттығуы.
Оқушыларға сұрақтар қойылады.
Мысалы: «Бұл ғимаратта неше қабат бар?», «Дәліздегі перделердің
түстері қандай?» «Бүгін Мәди не киіп келді?» т.б. Бәрінен нақты
жауап берген оқушы жеңімпаз атанады.
Бұл ойын бір жағынан баланың зейінінің артуына да
көмектеседі.