Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Балабақша - бала бағбандарының мекені
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылы
КМҚК «Жауқазын» бөбекжай балалар бақшасы
Кенжебайқызы Дәметкен - әдіскер
І санатты
Балабақша - бала бағбандарының мекені
Бала – өмірдің гүлі деп жаттанды сөз айтуға келгенде шеберміз. Расына келгенде, бала өмірдің ғана емес, тұтас тіршіліктің, жаһандағы бар қасиетті дүниенің, бүкіл әлемнің, жалпы адамзаттың нұры мен гүлі, жыры мен сыры. Өмірдегі ең асыл, аялап ұстар, махаббатпен қарар кішкене ғана құлыншақтарын ата-ана қимастықпен балабақшаға береді. Ондағы мақсат: бала орта көріп, өссін, дамысын, оқысын, ойы жүйрік болсын деген еді. Ал әке мен шеше үлкен сенімділік танытып, бала біткенді бақшаға бергенде ұлы мұрат пен үмітті балабақша қызметкерлері арқалап қалады. Олардың Тәңір һәм ата-ана алдында жалғыз-жарым ғана міндеттері «мейірімді болу» еді. Тәрбиеші мейірімді болса, бала да бақытты, ана мен әке көңілі де тыныш...
Осылайша бала үшін нағыз өмірдің есігі балабақша баспалдақтарынан басталады десек, артық айтқанымыз емес-ау, сірә?! Бала әуелі маңайын барлайды, келген жерінің сұлулығын қызықтайды, кейіннен дос-жаран табады, аяулы анасына сыйлықтарды өз қолымен жасауды үйренеді, оқып, өрісін кеңейтеді.
Ал балабақша бала үшін қандай болуы керек? Міне, нағыз өзекті сұрақ осы. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу түсінген жанға оңай тірлік емес. Балабақшадан әуелі мейірім мен жылылықтың, бақыт пен шаттықтың исі аңқып тұруы тиіс. Балабақша түсқағаздарындағы суреттер баланы қызықтырып қана қоймай, белгісіз бір ертегі әлеміне еліктіретіндей әсер қалдырғаны жөн. Ондағы тәртіп, балаларды дұрыс ойнату, ас-ауқатына асқан мұқияттылықпен қарау, ұйқысының дұрыс болуын қадағалау да балабақшаның мойнында. Иә, сырттай қарапайым ғана дүние болып көрінгенімен, ауыртпалығы мен жауапкершілігі мол.
Ең алдымен балабақша қызметкерлері, былайша айтқанда «мейірім иелері» бала біткеннің тілін дамытып, ортаға бейімдеп, қарым-қатынасқа икемдейді. Жоқтан бар жасайды. Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру арқылы оң мен солын, ұзын-қысқа, үлкен кішісін ажыратуға, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу арқылы шығармашылығын дамытады. Түрлі ойындар арқылы әлеуметтік ортаға араластырады, қоршаған ортада табиғат құбылыстарымен жақынырақ таныстырады. Өздері түрлі рөлдерді сомдай отырып, салмақтауды үйренеді, сонымен бірге шынығып, салауатты өмір салтын ұстанады. Қайнаған қызу тіршілік деп осыны айт. Ал тәрбиеші ең әуелі бала үшін нәзік болуы керек. Себебі, тәрбиешінің алдына келген балалар - біреудің маңдайалды жарығы, енді бірі - жан дегенде жалғызы, бірі - еркетотайы, енді бірі - қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын таңшолпандай жарқыратып, жан дегенде жалғызды көпшіл етіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен басқа біткен батырлық қажет. Сондықтан балабақша тәрбиешісі де ең алдымен өзіне екі қасиетті серік ете алғаны абзал. "Білімді болуға - оқу керек. Бай болуға - кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектің жолында жұмыс істеу керек" деген А.Байтұрсынов саралаған әдемі жолдардың ізімен жүріп өтсе бірлігі мен кәсібі жол көрсетер темірқазықтай жарқырап, жайнап тұрары анық.
Дейтұрғанмен әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау кімге де болсын оңайға соқпайды. Тіпті ата-аналардың өзі өз балаларына көп жағдайда шама-шарқы жетпей қалып жатады. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату ұстаз деген ұлы тұлғаның парызы. Балабақша қызметкерлерінің мойнындағы жүк ауыр. Балалар қазіргі заманның ағамынан қалмасын деген ниетпен, ғылыми-теориялық терең білім, технологиялық сауаттылық, кез-келген ортада жан-жақтылық, жаңа әдістемелік қалыптарды жандандырушы маман, ақылы асқан, білімі тасқан жан бола алуы – кішкене ғана періштелердің алдында тұрған қасиетті парызы. Көзінде оты, жүрегінде жалыны, таусылмас күш-қайраты балаларымның да бойынан табылып, от болып лаулап, ысып, терлеп-тепшіп жүруі тиіс. Іс-шара болса амбициясы бойында тасып тұрғаны абзал. "Кім қатысады?" деген сұраққа барлық бала "мен" деп тақ ете қалса, балабақша үшін де, тәрбиеші үшін де ұлы бір қуаныш емес пе? Одан кейін ішінен таңдап алудың өзі ең қиын шаруа. Тәрбиеші, тәрбиешіден бұрын балалар жүгіргенде нағыз педагогтың кім екенін ұғатын боламыз.
«Үйренер нәрсең - білім мен мейірімділік» -
деп, Жүсіп Баласағұн айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін
ізденіспен өткізсе ғана, нағыз балабақша болып қалыптаспақ.
Әйтпегенде бала деген аса жауапкершілікті дүниені жүктеп алмағаны
абзал. Өзіңіз ойлаңызшы, балабақша тек бүлдіршіндердің
келіп-кететін мекені болса, онда оған «бала бағбандарының мекені»
деп ат пен айдар тағудың қажеті қанша?! Бағбан деген сөздің
этимологиясына үңілсек, «баптап, аялап, өбектеп, еркелетіп өсіруші
маман» деген мағынаны білдіреді. Демек осы аталғандардың бәрін
балабақша қызметкерлері мен иелері «өте жақсы» деген бағаға орындай
алуы тиіс. Ал, ата-ана үшін балабақша өз жағдайларын жасап, баламыз
жұмыс жасауға кедергі болмасын деген ниетте балаларын кешке дейін
апарып тастайтын орын болмағаны жөн. Балабақша жұмысының, ұжым
ауызбіршілігінің мықты болуы ата-ана жауапкершілігін де
арттырады.
Бала біткеннің сәби жүректері өрекпіп,
бақшаға барамын деп алып-ұшып тұрса, ол мекеннің бала үшін үйден де
жайлы, жұмақтай мекені бола алғанын білдіреді. Балабақшаның даму
көрсеткішін санитарлық талаптары, ішкі ахуалынан бұрын балалардың
баруға деген ниетіне қарай бағалай білсе жөн болар
еді.
Салыстырмалы түрде сөйлейтін болсақ, кімнің пікірімен бөліссек те бақшаға барған баламен, бақшаға бармаған баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Баланың сөйлеу мәнерінен, көпшілікпен араласуынан, логикалық жағынан ұшқыр ойлауынан, түрлі ойындарды меңгеріп алуынан, ән мен күй, би мен өлеңге келгенде ептілік танытуынан бақшаны баласы деп бірден баға бересің. Тек балабақшаларға қазақи менталитет пен салт-дәстүрді әлі де сіңіре түссек, нағыз Отанын сүйер ұлан тәрбиелеп шығарымыз сөзсіз. Тіпті балабақша «қазақтың салт-дәстүрі» деген секілді арнайы пән енгізсек, нұр үстіне нұр болар еді. Демек, нағыз өмір – мектеп қабырғасына аяқ басқаннан емес, жоғарғы оқу орнын тәмамдап, үйленіп, үй болғанда емес, қайнаған қызу тіршілік, болашаққа деген сілтеуші фактор осы балабақша баспалдақтарынан басталмақ екен. Сондықтан сіз бен біздің мойнымызда келешек ұрпақтың тағдыры тұр.
Тәуелсіздің елдің бақытты балдырғанын тәрбиелей алар күш пен қайрат, ақыл мен сана, даналық пен парасат, жасалар жағдай балабақшада толығымен қамтылса, Қазақстанның болашағына әсер ете алдық деген сөз.