Балабақша – бақытты балалық
ордасы
Қазіргі таңда балабақшалар,
жас ұрпаққа білу беру мен қатар тәртіп пен тәрбие берумен өлшенеді.
Біздің ұжымда қабілетті, тәртіпті, ұқыптылық жас ұрпақтың баға
жетпес құндылығы.
Қоғамымызда болып жатқан
әр-түрлі келеңсіздіктер, қиын жағдайлар, жоқшылық, жетіспеушілік,
ата-ананың жұмыссыздығы балаға үлкен ықпал етеди, яғни әсер етпей
қоймайды, үлкен бақытсыздыққа, қатыгездікке
ұрындырады.
Біздің ұжымда білікті
тәрбиешілер көптеп саналады, оған себеп әдіскер Клара Изгалиевна,
тәлімгер Шынар Бексұлтановна, Альдина Рахметқызы бастап әртүрлі
іс-шаралар тренингтер, ойындар ай-сайын өткізіліп тұрады, жаңадан
келген жас мамандармен білген біліміміздібір-бірімізге қолдау
көрсетіп тәжірибе алмасып тұрамыз.
Балаға тәрбие мен қатар білім
беру алға қойған мақсатымыз ол үшін ата-анамен тығыз байланыста
жұмыс жасау керек. Әрине бұл үрдіс балалардың жеке өміріне, білімін
дамытуға заманауи технологиялармен қолданыста болу боп табылады.
Әдістемелік кітаптар, ертегілер, дидактикалық ойындармен жұмыстану,
яғни сауаттылығын арттыру болып табылады.
Тәрбие мен білім егіз ұғым.
Жас ерекшелігіне қарай топта мектеп жасына дейінгі балаларды оқытып
үйрету, мемлекетіміздің ажырамас бір бөлшегі. Қазіргі заманға сай
білім беру, білімді ұрпақ тәрбиелеу жане жан-жақты білім тәрбиенің
еншісінде.
Бала-ұрпақ,
бала-қуаныш.
Заман өзгерген сайын жас
ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру үшін, әртүрлі, ойын құралдармен
жаңартып толықтырып отыру, үнемі бір ойын құралы балаларды
жалықтыруы мүмкін.
Балаларға тілін дамыту үшін,
ертегілер, тақпақатр, олеңдерді мәнерлеп оқу оларға оз бетінше
сөйлем құрап тілін машықтандыру. Суретке қарап оз ойын ашық айтып
жеткізуге дамыту, ойлау қабылетін оятып тез шешімін табуға жеткізе
білуге үйрету, балалардың жан-дүниесіне үңіле отырып уғынуды
үйретіп қоймай, ойын кезінде шеңбер құрып тез ойын жеткізе отырып
немесе сөз байлығын арттыру болып табылады.Осыған орай біздің
балабақшада тәрбиелеудің әртүрлі технологиялары енгізілуде, ол үшін
балабақша ужымынын басшысы Рахима Абилхайровнаның еңбегі ұшан
теңіз.
Балалардың ойын кезінде, яғни
сабақ кезінде білімін жан-жақты зерделеп дамыту,бұл тәсіл баланы
мектепке білімді, саналы, тәртіпті шәкірт етіп дайындау. Мектепке
барған бала жасқаншақтамай, қорықпай дайын күйінде мектеп
табалдырығын жасқанбай еркін баруға
шынығуы.
Балабақша барлық тәрбие мен
білімнің алғашқы баспалдағы десе қате айтқандық емес,
баланың-болашағы, жарқын болуы керек, міне сол үшін тәрбиешілер де
бар бойындағы білімін сарқып күш қайратын салу, ата-анамен
балабақша арасында бірлесе отырып үнемі тығыз байланыста болуы
керек. Ендеше мектепке дайын күйінде саналы ұрпақ, сапалы біліммен,
қабілетімен баруы үшін, мен үшін үлкен жетістік деп
ойлаймын.
Бала-болашақ ұрпақ,
бала-қуаныш.