Материалдар / БАЛАБАҚША – БАРЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМНІҢ ЕҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ

БАЛАБАҚША – БАРЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМНІҢ ЕҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Маусым 2021
434
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Боранкулова Гульнара Тугайбайевна

Шымкент қ. №74 Айдана бөбекжай бақшасы


Бала-бакша тәрбиешісі

БАЛАБАҚША – БАРЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМНІҢ ЕҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ

 

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. 



Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.

Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық  технологиялар қаншалықты маңызды болса, мек­теп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техноло­гиялар ұғымы кеңінен қол­данылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдіс­терін енгізу.  Әрине  бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына  педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.

Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мем­лекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай  мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде. Заман өзгерген сайын  әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Бала­лар­дың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады. 

Жаңа заман баласы –­ ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамы­ту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағ­дай жасау қажет. Біздің бала­бақшамызда балаларға үздіксіз білім беруде барлық жағдай қарастырылған.  Бала­бақшада балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Осы уақытқа дейін тәрбиеші ретінде балаларға үздіксіз тәрбие мен білім беруде жаңартылған педа­гогикалық  технологияларды­ кеңінен қолдануға тырысамын. Себебі қазіргі заман бала­ларының берілген ақ­парат­ты тез қабылдауынан, есте сақтау қабілеттері жоға­ры дамығандығын байқауға болады.

Мектепке дейінгі меке­ме балаларына  үздіксіз тәр­бие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері.  Осыған орай мектепке­ де­йін­­гі мекемелердің тә­жі­ри­бесіне  оқыту мен тәр­бие­леудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Мә­селен, ынтымақтастық пе­да­­гогикасы, білім беруді  ізгі­­лендіру,  ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқы­ту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлау­ды дамыту, оқытудың ком­пьютерлік технологиясы, психологиялық, педа­го­ги­ка­лық әдістемелік білімді,  педагогикалық ше­бер­лікті, балалардың жан-дү­ниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.

Қазіргі таңда мектеп­ке дейінгі білім беру мекеме­ле­рінде тәрбиешілер­дің­  ұста­нымы ауысқан: ол­ балаларға басшы емес, білім беру қыз­метінің тең қатысушысы. Мұн­дай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айта­рлықтай шамада анық­тайды, балаларға мінезін қа­лыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ой­лау­­ды,­  дү­­ние­танымды да­мы­­туға, сыни ойлауды қалып­тас­тыруға және жеке мүм­кін­д­іктерді беретін дамытушы орта құруға мүмкіндік б­ере­ді.

Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды ке­зең болып келеді. Өйт­кені осы кезде баланың бойын­дағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.­  Сондықтан осы шақта бала­лар­мен анағұрлым жан-­жақ­ты дамытушылық әре­кеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сон­­ша­лық­ты нәтижелі болады.  Тәрбиелі, білімді ұр­­пақ балабақшадан мектепке да­йын шәкірт болып шы­­ғады.

Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы іспеттес. Мұн­­­дағы тәрбие мен білім ба­ла­­лар­дың табиғи мінезін, қа­бі­летін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қам­ту өзімнің басты мақсат­тарым­ның бірі екенін қуана айта аламын.!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ