Материалдар / Балабақша бал мекені
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақша бал мекені

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша мамандарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2020
366
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Туреева Меруерт Кулмаханбетовна. Мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны. «Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасының І санатты педагог-психологы.

Түркістан облысы. Ордабасы ауданы . Қарақұм елді мекені.



«Балабақша бақыт баспалдағы».

I.Кіріспе.

«Қазақстан болашағы-жастардың қолында» - деп Елбасы айтқандай жастардың бала бақшаның қосар үлесі зор.

Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіні белгілі.Сондықтан бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу олардық санасына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып,рухани жаңғыру талаптарын басшылыққа алып XXI ғасырға лайықты жеке тұлға қалыптастыру басты міндетіміз болып табылады.Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді-Елбасының салиқалы пікірі жастар үшін өмірлік қағидаға айналуы керек!

«Өмір сүру өзгере білу керек оған көнбеген тарихтың шаңына көміліп қала береді»-деген сөздің терең түсініп адал еңбек етіп кәсіби шыңдалып ,білім мен ғылымға ұмтылу біздің басты міндетіміз.Бала біздің болашағымыз.Мәңгілік ел болу жолында бар жақсылық балаларға арналуы сол арқылы біз жарқын болашағымыздың негізін қалаймыз.

«Бүгінгі күн талантты,жігерлі,өзіне сенетін адамдардың арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік жігері бар адамдардың уақыты»-деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқан болатын.

«Мәңгілік ел –Қазақстың асқақ әні,рухани жаңғырудан басталады».Рухани жаңғыру-ұлттық өрлеудің қлт мүмкіндігі.Ұлттық өрлеуді өмірінің өзегі еткен халықтың жарқын болашағы бүгінгі балабақшадағы әрбір іс әрекетімізден бастау алады.

II Негізгі бөлім.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесі ғасырлық тарихта күрделі жолдан өтті.Елдің мәдени және әлеуметтік –экономикалық дамуымен бірге осы 100 жылдың ішінде мектепке дейінгі білім беру саласы да үздіксіз дамып отырған.Кеңес өкіметі құрылғаннан кейін елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін осы саланың дамып өркендеуіне үлкен бетбұрыс жасалған.Осы кезеңде Қазақстан үшін қоғамдық мектепке дейінгі тәрбиені дамыту мәселесінің маңызы зор болған,өткені өмір бойы мал бағумен айналысып көшіп жүрген халықты отырықшылыққа көшіру жағдайында ең алдымен әйелдерді азат ету және оларды қоғамдық өмірге өнеркәсіптік жұмысқа тартумен байланысты саяси маңызды жұмыстармен тұспа-тұс келген.

Деректерге сүйенсек,Қазақстанда алғашқы балалар бақшасы Верный (Қазіргі Алматы) қаласында,Семей,Орал,Қызылорда қалаларында балалар алаңдары және мектепке дейінгі киіз үйлер түрінде 1917 жылдан бастап ашылып,1921 жылы олардың саны 115-ке жеткен.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында да елдегі балабақшалар саны артқан.Мысалы,1941 жылы балабақшалар саны 521 болса ондағы бала саны 25721 ,ал 1945 жылы балабақша саны 705 болса ондағы бала саны 42972-ге жеткен.

Бұл сол жылдардағы сұрапыл соғыс жағдайына қарамастан мемлекеттің балаларға деген аялы алақаны мен ыстық қамқорлығын дәлелдейді.

Әрине соғыс уақыты болғандықтан қазіргі жылы ғимарат,жұмсақ төсек,уақытылы құнарлы тамақ болмағаны белгілі,бірақ осы қолдан бейімделген ,жұпыны жабдықталған балалар бақшасында балаларға қамқорлық пен күтім көрсетіліп аналарының соғыс жылдары елдің азаматтығы мен болашағы үшін жұмыс істеуіне,ал балаларға соғыс зардабынан қарны ашпай ,аман қалуына ықпал еткен.

Кешегі нарықтық экономикаға көшкен өтпелі кезең кімгеде болса оңай тиген жоқ.Түрлі өндіріс орындары жұмысын тоқтатып ел ішін жаппай жұмыссыздық жайлады.Ауыл-аймақтағы балабақша,мәденит үйі кітапхана деген киелі шаңырақтар қаңырап бос қалған соң тоз-тозығы шығып қирай бастады.Бұл әсіресе бар жұмысы сол саламен байланысты болған жандарға ауыр тиді.Ұзақ жылдар бойы сол шаңырақта жұмыс істеп келген кешегі күнге дейін өзінің екінші үйі ретінде бағалап келген бақшаның бір сәтте тоқтап қалғанына жүректері ауырды.Қалайда сақтап қалғысы келгендер дайын тұрған дүниені бұзып қиратудан қорықты.

Біздің Қарақұм ауыл әкімшілігіне қарасты «Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасы да тоқтап қалған еді.2005 жылы қайта күрделі жұмыстан өтіп қыркүйекте іске қосылды.Қазіргі балабақшада 200 бала тәрбиеленуде.Балабақшада 8 топ бар. Ерте жас- Қызғалдақ тобы,I-кіші топтар- Күншуақ- Ботақан,II-кіші топ –Бүлдіршін мен Балапан,Ересектер-Қарлығаш тобына біріккен.

Бар мейіріміміз балаларға арналып келеді.Балабақша –баланың алғашқы қоғамдық ортасы.Адамның ең маңызды баспалдағы-балалық шақ.Сондықтан мектепке дейінгі тәрбиеде тәрбиеленушілердің өмірде жеке тұлға болып қалыптасуы қоғам алдында зор жауапкершілік-деп сезінемін.

Менің психолог маманы ретінде айтарым:Ата-ана баланың бас ұстазы.Аналың мейірім нәзіктік баланы өмірге алғаш рет қадам аттағаннан бастап күн нұрындай жылы құшағына алуымен бірге саналы тәрбиеші де бола білуі тиіс.Тәрбиедегі басты мақсат-балаларды еңбекке баулу.Балаларын тұрмыста өз көмекшісіне айналдыру,өздеріне өздері қызмет істей білуге,сөйтіп оларды еңбекке үйрету де немесе аналық соқыр сүйіспеншілікпен балаларын еңбек етумен қамқорлықтан аластап,өзін сол жанұялық қызметшісіне айналдыру да анаға байланысты .Мұндай жағдайда балалар біздің қоғамымызға жат жалқау жұмыс жасауға ықыласы жоқ болып өседі.Анасы барлық жағдайды туғызып өсірген баланың көпшілігі –ақ анасына ризашылығын білдірмейді.Ал бұған кінәлі ананың мейірім емес ананың баласын еңбекке баулымай ,ол үшін өзі қызмет істегендігі.

Балаға ата-ана тарапынан салқындық емес,керісінше мейірімділік пен ілтипаттылық қана оның ұнамды сезімін тебірентеді.Бірақ балаларға тоқтап салмай еркіне жіберу және жалтақтау арқылы оларға әсер етемін дейтін ата-аналар да қателеседі.Мұндай мінез- құлықты ана- ананы балаларға әлсіз және дәрменсіз адамдар деп әділ бағалайды.Көптеген жанұяда ата-ананың соқыр сезіміне негізделген жақсы көру қарым-қатынасы болып келді және күні бүгінге дейін болып та жұр.Әсіресе аналарға мен әжелері балаларды артық еркелетіп жібереді,олардың орынсыз талаптарын қайтармай орындайды балалардың өздеріне енебір талап қоймай,бәрін солар үшін өздері істейді.Баланың талабының бәрі де әрқашан дұрыс сияқты,барлығы соның айтуымен жасалады.Былай еркелетуден ата- анасын сыйлай білмейтін өзімшіл,беймаза адам тәрбиеленеді.

Балабақшаға дейінгі отбасындағы тәрбиеге тағы да мынаны айта кеткім келеді.

Қазақ халқы жазу сызуы жоғары деңгейге көтерілмегеннің өзінде ауызша түрде тұрмыс тіршілігінің әралуан жақтарын суреттеген,оларда қоғам өмірін дүниеге көзқарасын ,арман мүддесін бейнелеп,өмір кешкен кезеңдерін алған тәжірибелерін ұлы тұлғалардың нақыл сөздерін,әдептілік әліппесі,тіпті өмір сүрудің ұстамы ретінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізе білген. «Бой жетпеген жерге ой жетеді»-деу арқылы қазақ даналары адам ойының әр заттың,құбылыстың сыр сыйпатын ,мәнін ашуға жетелеген ойлы әдепті сөзін айтқан.Шындықты дұрыс бейнелейтін өзекті «жанды» сөздерді тәрбие барысында орнымен пайдаланған.Осы орайда халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлының мына ойы еске келеді.

«Жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ едім енді қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке бөлемеген бесігі жоқ елден қорқам.Екінші немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам.Үшінші,дәмді,дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді.Оның қолына қылыш берсе кімді де болса шауып тастауға даяр.Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан бала жоқ,үйретіп жатқан әже ,әке жоқ»-деп зиялы азамат кезінде мұңайған екен.Бұл мәселе бүгінгі бәрімізді алаңдатуда.

Сондықтан қазақ халқының әдеп жөніндегі психологиялық ,философиялықұ ой-түйіндерін ,ереже нормаларын өмір тіршілігін,оқу тәрбие салаларына енгізсе нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.

Дархан даламыздың данышпан ұлы ойшылдары Абай Зере әжесінің өнегесін алып өссе,Шоқан Айғанымдай әжесінің даналығын бойына жиып өскендіні белгілі.Әже мектедінен дәріс алған бала зиялы азамат болып өсетінін меңзейді Бауыржан атамыз.

Балалар бақшасы бала үшін бақыттың баспалдағы.Бұл мекеме кішкене бар милиондаған ата аналарға белгілі.Мемлекет,кәсіподағы барлық жұртшылығы кішкене балалар мен сәбилерді көбірек балалар бақшаларында тәрбиеленіп оларға онда жақсы және қызықты болуы туралы барша әйел қауымының қызмет істеулеріне дем алуларына және мәдениетті тұрмыс құруларына көбірек мүмкіндік беру үшін барлық жағдайларды жасау туралы қамқорлық көрсетіп келеді.Балалар бақшасында балаларды тәрбиелеудің және күнделікті режімнің нағыз тиімді де ұтымды түрлі:күніне 4-5 сағаттан ратығырақ таза ауада болулары күндізгі ұйықтаулары үш-төрт рет тамақтанулары,сабақтары,ойындары,дене жаттығулары,спортпен айналысулары қатты сақталады.Балалармен жүргізілетін барлық жұмыстардың ішінде түрлі ойындарға көп мән беріледі.

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін дамытады,ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес»-деп В.А.Сухомлинский айтқандай ақ көңіл күйін көтеретін ойландыратын үрдіс.Ойын арқылы төзімді ,алғыр,тапқыр,ұқыпты,ізденімпаз,іскерлікті басқада сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға тиімді әдістерді жасап келеміз.Өйткені ойын кезінде зер салып ой жүгіртіп қарар болсақ,содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқап жүрміз.

Ойын-адамның ақыл-ойын дамытатын ,қызықтыра отырып ойды ойға жетелейтін тынысы кең,алысқа меңзейтін қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе екеніне көзіміз жетті.

Халық даналығында «Ойнай білмеген,ойлай да білмейді»-дейді. «Ойында озған,өмірде озады» деп жатады.Осы сөздердің сырына жүгінснек,біз 3-5 жастағы балақайлардың ойын арқылы сөйлеу тілін,олардың достарымен қарым- қатынасы жасауына және де мінез құлықтарының дұрыс қалыптасуына үлкен көмек көрсетеміз.Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құалы-ойын әрекеті,яғни ойын-баланың жетекші әрекеті.Яғни оқыту,тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрін ұйымдастыра отырып,баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасап келеміз.

Балабақшамызда тәрбиелеу,оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту,сөздік қорын дамыту ауызша сөйлеуге үйрете отырып,үйренген сөздерді қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып,оларды айналасындағы заттармен таныстырып атын атай білуге қасиеті мен сапасы түр түсі және пішінін ажырата білуге өмірдің ,қоршаған ортадағы түрлі құбысыстар жайындағы ұғым түсініктерін дамыта отырып,белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту ісінде тәрбиешінің басты міндеті.Балалардың сөздік қорларын дамыту;Жаңа сөздерді меңгерту,үйренген сөздерді меңгерту,үйренген сөздерін тиянақтау,анықтап,әрі байытып отыру болып саналады.

А.С.Макаренко: «Ересек адам үшін еңбектің,қызметтің ,жұмыстың қанша маңыздылығы болса,ойын әрекетінің балалар үшін маңыздылығы ! сонша

Жасында ойын әрекетінде қандай болса,есейгенде жұмыста да сондай болады»-деген екен.Демек,ойын деп қана түсінбей,оның үлкен маңыздылығы естен шығармауымыз қажет.

«Ақкөгершін» балабақшасының психологы ретінде балғындардың ішкі жан дүниесін танып түсініп келемін.Баланың адамға денег көзқарасы,достарымен қарым- қатынасы оның айналадағы дүниемен байланыс жасауы бәрі қызық ,көз алдымнан өтуде.Баланың психологиясы ақыл ой дәрежесі көптеген психологиялық құбылыстарға байланысты.Олар үш топқа бөлінеді.

1.Психикалық процесс(зейін,түсінік,ес,қабылдау,ойлау,сөйлеу,қиял).

2.Психикалық қасиет(мінез,темперамент,қабілет,дарындылық).

3.Психиалық қалып пенкүй (сезім,эмоция,ерік).

Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады.Оның еркін сезінуі көптеген факторлар қажет.Баланың тұлға болып қалыптасуы қоршаған орта арқылы жүзеге асады.Ол шағын топтардан басталады.Балбөбектерге арналған жыр шумақтарымды да айта кеткенім жөн болар.

Бала біздің бағымыз

Балабақша сәніміз

Әрбір үйдің еркесін

Аялаймыз бәріміз.

Бала бақыт арнасы

Ұлт өмірдің жалғасы.

Ұрпағымен мың жасап

Көбейеді жан белес.

Бала–алтын тағымыз

Бауыр етті жанымыз

Өміріміз мәнді боп

Нұрлы атар таңымыз

Таңертең ерте тұрамыз

Бақшамызға барамыз

Әр баланы құрметтеп

Алдынан қарсы аламыз

Тәрбиешілер мұндағы

Бала жанын ұғады

Анасындай мәпелеп

Мейірім төгіп тұрады





Бала өмір қызығы

Балдай тәтті қылығы

Табылады ішінен

Еркетотай бұзығы

Жылы сөзбен аялап

Болып жүрміз саябақ

Жылы сөзге мәз болып

Тәрбиелі болады

Еліміздің ертеңі

Балдырғандар мекені

Болашаққа бұл ұрпақ

Нұрлы жолмен жетеді

Бала алтын босағаң

Баламен ғұмыр жасарған

Еліміз алға өркендеп

Жарылқасын жасаған

Аялапбала гүл жаным

Жүрегімнен жыр жаздым

Жеткіземіз жетелеп

Мәңгілік елдің ұрпағы!-дегім келеді.

Қорытынды.

Тәуелсіз еліміздің мәңгілік болуы болашақ ұрпақтың қолында.Ал болашақ ұрпақты елжанды,ел мақтанышы болатындай етіп тәрбиелеуде балабақшаның ролі зор.Қазіргі заман талабына сай өнерлі,шығармашыл жан жақты дамыған,өздерінің жақсы жақтарын көрсете білетін өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелеу балабақша қызметкерлерінің басты міндеті деп ойлаймын.

Халқымыз дәстүр ретінде кісіліктің екі ордасын ұстанып келеді.Кісіліктің үлкен ордасы бұл елімізде өтіп жатқан ұлы жиындар.1726 жылы Үш бидің Ордабасыда бас қосуы,үш жүздің басын құрап,ұлы жиын өткізуі еркін елімізде өтіп жатқан Самет құрылтай жиналыстары әлем діндерінің бас қосуы т.б.Бұлар кісіліктің үлкен ордасы –алқалы жиындар.Енді кісіліктің кіші ордасы-дастархан басы деп аталған.Дастархан басында отбасы мүшелері түгел жиылады.Үлгі өнеге,тәлім тәрбие осы кезде айтылады.Өкінішке орай кейінгі кезде дастархан басындағы тәрбие мықты болмай жүр -ау деген ойда қаламын.Бала тәрбиесінде:Ата-ана,балабақша,мектеп бір бірімен өте тығыз байланыста болып бірлесіп әрекет етсе нұр үстіне нұр болар еді.Алаштың ақилық ақыны Мағжан Жұмабаев «Жас бала –жас шыбық,жас күнінде қалай иіп тастасақ,солай өседі»-деп балаға жақсы тәрбие беру керектігін атап өткен.Балабақшамызда иновациялы технологиялық ғылыми әдістемелікпен айналысатын тәрбие мен білімділік орталығы құрылып замагауи балабақшаға айналса,жаңашылдықпен айналысуды ұжымымыз дәстүрге айналдырса деген асқақ арманымыз бар.Ұлы өмірде әр қадамның бастауы.Балабақша-бала ойының еркін даму баспалдағы.Балабақша –бала ойының еркін дамыту баспалдағы.Сол үшін бар жақсылықты балаларға арнаймыз.Біз бүлдіршіндерге жақсы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп,ел сенімінен шыға береміз деп ойымды қорытындылаймын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!