Материалдар / Балабақша балаларына ойындар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақша балаларына ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша балаларға ойындар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2023
399
3 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ойындар


Рольді ойын – «Қатынастар».

Қатынас орната білу нәтижелі сұхбат үшін қажет. Адам бұндай қасиетпен бірге жаралмайды, бұл қасиетті дайындық арқылы қалыптастыру қажет. Қазіргі жаттығу соған арналады.

Тапсырма: Жұбыңмен тез қарым – қатынас орнату үшін оның әңгімесін қолдау керек. Бәрі дұрыс шеңбер құрап отырады. Ортаға екі адам шақырылады. Олар бір – біріне қарап тұрады.

- Сіздің алдыңызда бұрын көрмеген адам тұр. Бірақ ол сізге ұнап қалды, әрі сіз онымен танысқыңыз келеді. Аз уақыт ойланып сөз бастайсыз.

- Анаңызбен келіспей қалдыңыз, сізге нан сатып алып кел – деді, ал сіз теледидарда қызықты фильм көріп жатырсыз, сіздің іс - әрекетіңіз?

- Сізге біраз ақша керек (екі видеокассета сатып алмақшысыз» Ата – анаңызбен сөйлесуіңіз қажет.




«Көзсіз қатар» ойыны.

Мақсаты: Белсенділерді анықтау.

Жүргізуші қатысамын деушілерді (8-10 адам) шақырады.

Жүргізуші ойынға қатысуларыңызға болады дейді.Қатысушылардың көздері матамен таңылады. Содан соң «зағиптарды» жан – жаққа апарып тұрғызады.

Жүргізуші: « Мені естіп тұрсыңдар ма? Енді менің алдыма келіп бір қатарға бойларыңды түзеп тұрыңдар!» Әдетте жаттығудың орындалуына 10 – 15 минут керек.

Жүргізуші: Менің алдымда дұрыс тұрғандарыңа сенімдісіңдер ме? Егер дұрыс тұрмаса «зағиптар» қайтадан бастайды. Көздері шешілмейді.

Қатарға бойларын дұрыс түзеп тұрғанға дейін қайталана береді. Дұрыс нәтижеге жеткенде көздері шешіледі.

Жүргізуші: Қалай қимыл - әрекет жасадыңдар? Кім жетекші бола білді? Жетекшіге қол шапалақ!

Ортақ шеңбер. Пікір алмасу. Қорытынды сөз.


«Мен кіммін?» ойыны

Мақсаты: тренингтік қарым-қатынастың белсенді стилін орнықтыру, әрі қарай ашық сөйлеуге, өзіндік «Мен-тұжырымдамасын» айқындауға, өзін-өзі тануға, өзінің және өзгелердің психологиялық ерекшелікте-рін анықтауға көмектесіп, оларға талдай жасай алуды дамыту.

Ойынға қатысушылар дөңгеленіп отырады.

Біз өз танысуымызды жалғастырайық. Сіздің қиын жағдайдан шығуыңызға бар болғаны 1-2 минут қана уақытыңыз бар. Сіз елсіз аралда тұрсыз. Сізге қандай да бір объект, өсімдік немесе жануар түріне еніп, әлгі қауіптен құтылуыңыз керек. Қиын жағдайдан шығып және одан аман қалу үшін қандай объектіні немесе қандай өсімдік пен жануарды тандайтыныңызды ойланып айтыңыз.

Талкылау:

1. Сізде қандай қиын жағдай болды?

2. Қандай объект, өсімдік не жануар кейпіне ендіңіз?

3. Не үшін тандадыңыз? Себебін түсіндіріңіз.

4. Қазір қандай сезімде тұрсыз?


«Сыйлық» ойыны:

Мақсаты: рефлексия процесін күшейту, ұжымда жағымды психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің бір-бірін түсінісуге, үжымда түлғааралық қарым-қатынастың маңызды сапаларын ашу.

Ойынға қатысушылар шеңбер қүрып түрады. Қазір сіздер бір-бірлеріңізге, яғни өзіңіздің сол жақта түрған көршіңізге (сағат тілімен) сыйлық сыйлайсыз. Көршіңізге қандай сыйлық жасайсыз, сыйлықты үнсіз (вербалды емес) ым-ишара арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз нендей сыйлық сыйлап жатқанын түсінетіндей жасау керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Барлығы үнсіз жасалады.

Талқылау:

1. Көршіңіз Сізге кандай сыйлық жасады деп ойлайсыз?

2. Қандай сыйлықты сыйлағанын сіз тез түсіндіңіз бе?

3. Сізге сыйлық ұнады ма?

4. Қандай әсерде болдыңыз?

«Қол алысу» ойыны.

Мақсаты: өзара түсінісудің оңтайлы нұсқасына қол жеткізу.

Шарты: жұпқа бөліңіздер. Ойынға қатысушылар қол алысу кезінде білегін өзінің беліне тигізуге тырысулары керек. 5 минут ішінде кім беліне білегін кеп тигізсе, сол көп ұпай жинайды.

Ойынның 1-нұсқасы тиімді емес. Әркім әріптесінің қолын өзінің беліне тартуға ты-рысады. 2-нұсқа келісім. Қатысушылар келісімге келеді және қол алысу кезінде жылдам кезекпен белдеріне білектерін тигізеді. 3-нұсқа оңтайлы. Қатысушылар қырынан тұрып, қолдарынан ұстайды да «қарама-қарсылық» этюді.

«Өзендегі ағаш кесіндісі».

Нұсқау: қатысушылар бір-біріне қарап үзын екі қатарға тұрады - бұл жағалаулар. Қатысушылардың біреуі «ағаш кесіндісінің» ролінде болады. Ағаш кесіндісі көзін жұмып баяу қозғалады.

Ойынға қатысушылар (жағалаулар) қолдарымен нәзік жанасып ағаш кесіндісінің жылжуына көмектеседі. Ағаш кесіндісі соңына ағыспен ағып жеткеннен кейін, ол жағалауға айналады, ал келесі бастапқы ойыншы ағаш кесіндісі болады. Осылай ойын жалғаса береді.


«Өтінемін» ойыны: Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.

Барысы: Қатысушылар ортаға шеңбер жасап тұрады.

Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?

Рахмет, Өтінемін және т.б.

Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам, сіздер оны орындауларыңыз шарт. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтініштерді орындамайсыздар.

Секіріңдер!

Оң аяқты көтеріңдер!

Қол шапалақтаңдар!

Бір-біріңді құшақтаңдар! т.с.с.

«Шындыққа бір қадам» ойыны

Балалар бір сапқа тұрады. Егер дұрыс болса бір қадам аттайды алға, дұрыс болмаса бір қадам артқа аттайды.

  • Сиырлар ұшады?

  • Мысықтар мяулайды?

  • Жазда қар түседі?

  • Қыста жаңбыр жауады?

  • Үлкенге орын беру?

  • Ата-аналарды алдау?

  • Өтірікті досына жабу?

  • Шындықты айту?



«Бұл қай кезде болады?» ойыны

- ойын туралы (сақинаны балаға береді.)

  • Көктемде қандай өзгерістер болады?

Тәрбиешінің қойған сұрағына балалар ойланып, дұрыс жауап береді. Мысалы: Көктем деймін деп, сақинаны Әселге беремін.Әсел тез ойланып, көктемде не болатынын айтады. Осылыйша ойын жалғаса береді. Құстар қайтадан көктемде жылы жақтан ұшып келеді.

  • Бұл құстарды қалай атауға болады?

  • Олардың қандай пайдасы бар?

(Қара торғай – орман дәрігері, бау-бақшаны тазалайды, ағаштағы құрттарды жеп

қояды, қарлығаш адамның досы.т.б. )

Құстарды қорғау керек.

  • Сендер оларға қандай көмек жасадыңдар? (Тамақтандыру.)

«Қорқынышты ертегілер» ойыны.

  • Ойынның мақсаты – батылдықты, өзіне деген сенімділікті дамыту, алаң даушылықты жою, топқа біріктіру.

  • Ойын барысы: жарық сөндіріледі немесе перделер түсіріледі. Балалар кезекпен қараңғылықта қорқынышты ертегілерді айтады. Егер топтағы сенімділік деңгейі жоғары болса, онда балалар өздерінің шынайы қорқыныштарын суреттейді. Оларды осы жерде, қараңғылықта ойнап бітіру пайдалы.


«Турнир» ойыны.

  • Ойынның мақсаты – ерікті бақылауды тәрбиелеу жан күйзелістерін түзеу, батылдықты, өзіне деген сенімділікті дамыту, әртүрлі әлеуметтік ұстанымдарды меңгеру: жарысушылар, төрешілер, көрермендер.

  • Ойын барысы: балалар төрешілер мен спортшыларды таңдайды.

«Кегельге тигіз». Балаға отырып, арт жағынан қолдарына тіреніп, аяқтарын бүгу ұсынылады. Аяқтарының алдына доп қойылады. Бала үш-төрт қадам қашықтықта қойылған кегельге допты тигізу үшін аяқтарын жазып, допты итеріп жіберулері керек.

«Қолдар арқылы өрмелеп өту». Екі қолдың саусақтарын айқастырып, олар артта болатындай етіп қолдар арқылы өрмелеп өтуге әрекет жасау керек. Әрі қолдар бұл жағдайда ажыратылмауы тиіс.

«Әтештер шабуылы». Ойнаушылар бір аяқтарымен секіре жүріп, бір-бірін оң немесе сол иықтарымен итеріп, бір-бірін тепе-теңдік жағдайынан шығаруға тырысады. Жерге екінші аяғын тигізген ойыншы жеңілген болып табылады. Балалар қолдарын белдерінде ұстайды. Бір қолдарымен бүгілген аяқтың ұшын ұстауға болады. Бір аяғымен секіріп, ең көп уақыт тұра алған ойыншы жеңіске жетеді.

«Отыр-тұр». Аяқтарын айқастырып, қолдарымен иықтарын құшақтап, шынтақтарында бүгілген қолдарды алға қарай жоғары көтере отырып, өзіне қолдарымен көмектеспей отырып - тұру керек.


«Бип» ойыны.

Ойынның мақсаты – жағымды эмоционалды орта жасау, алаңдаушылықты жою, топты біріктіру.

Ойынның барысы: балалар орындықтарда отырады. Жетекші жұмулы көзбен шеңбермен жүріп, кезекпен балалардың тізесіне отырып, кімнің алдында отырғанын табады. Егер ол дұрыс тапса, сол бала «Бип» дейді.


«Отбасылық портрет» ойыны.

Ойынның мақсаты – балалардың ойын топтарының социометриясы, отбасыда қалыптасқан жағдайларды талдау.

Ойын барысы: отбасына отбасылық портрет жасау үшін фотограф келеді. Ол топтың барлық мүшесіне отбасылық ролдерді береді, әрі бұл отбасында кім-кіммен дос екендігін айта жүріп, оларды отырғызады.


«Айна» ойыны.

Ойынның мақсаты – енжар балаларға белсенділік көрсетуге мүмкіндік беру.

Ойын барысы: бір жүргізуші тағайындалады, қалған балалар – айналар. Жүргізуші айнаға қарайды, олар оның қимыл-қозғалысын көрсетеді. Психолог көрсетілген бейненің дұрыстығын бақылайды.

«Туған күн» ойыны.

Ойынның мақсаты – топты біріктіру, балалардың мәселелерін эмоционалды елеп-ескеру.

Ойын барысы: туған күн иесі таңдалады. Барлық балалар оған ыммен, мимикамен сыйлықтар береді. Туған күн иесіне өзі ренжіткендерді есіне түсіру және оны түзеу ұсынылады. Балаларға қиялдап, туған күн иесінің болашағын болжау ұсынылады.


«Бекініс» ойыны.


Ойынның мақсаты – агрессияны бейнелеу.

Ойын барысы: балалар тобы екі командаға бөлінеді (балалардың өз қалаулары бойынша). Әр команда жиһаздардан бекініс салады. Бір команда бекіністі қорғайды, екіншісі – шабуыл жасайды. Негізгі қару-үрмелі шарлар, доптар, жұмсақ ойыншықтар.


«Заттарды бейнелеу» ойыны.

Ойынның мақсаты – байқағыштығын тәрбиелеу, қиялын дамыту, басқаны көру дағдысын қалыптастыру.

Ойын барысы: бала мимикамен, ыммен затты бейнелейді, қалған балалар оны табады. Кім дұрыс тапса, сол жүргізуші болады.


«Қалқан мен семсер» ойыны.

Ойынның мақсаты – агрессиядан арылту, эмоциялық шиеленісті алу.

Ойын барысы: психолог қалқанды ұстап тұрады, балалар оны доппен ұрады.


«Жалмауыз кемпір» ойыны.


Ойынның мақсаты –ашу сезімін түзеу, балалардың бір-біріне әсер ету қабілеттерін жаттықтыру.

Ойын барысы: балалар бір-біріне қарап, шеңбер бойында орындықтарда отырады. Психолог ересектердің (аналар, әкелер, әжелер, тәрбиешілер) балаларға ашуланғандағы бет-әлпеттерін, кейіптерін, қылықтарын көрсетуді сұранады. «Не үшін көбіне ересектер сендерге ашуланады?» (Балалар 2-3 сценка ойнап көрсетеді). Сендерге өте қорқынышты болғанда, ересектер қалай ұрсады? Жазамен қорқытып, белбеулерін алады? (Балалар айтады және көрсетеді.) Сендер қалай жауап бересіңдер: жылайсыңдар, күлімсірейсіңдер, төбелесесіңдер, қорқасыңдар?(2-3 сценка ойналады.)




« Айдаhар өз құйрығын тістейді ».

Ойнаушылар алдыңғы тұрғанның белінен ұстап бірінен кейін бірі тұрады. Бірінші бала – айдаhардың басы, соңғы бала – құйрығы. Д.Нуриевтің « Шығыс биі » музыкасы ойнап тұрғанда бірінші ойыншы соңғы ойыншыны ұстап алуға тырысады –айдаhар өз құйрығын аулайды, қалған балалар бір-бірін берік ұстап тұрады. Егер айдаhар құйрығын ұстай алмаса, келесі жолы айдаhардың басы рөліне басқа бала тағайындалады.

« Ақ аюлар ». Ақ аюлар тұратын жер белгіленеді. Екі бала қолдарымен ұстасады – бұлар ақ аюлар. «Аюлар аң аулауға шықты » деген сөздермен, ойнаушылардың бірін ұстап алу үшін олар жүгіреді. Сосын тағы да аң аулауға шығады. Барлықтарын ұстап лағанда, ойын аяқталады.

« Күзет қою »Балалар Ф.Шуберттің « Марш » музыкасымен бірінің соңынан бірі сап түзеп жүреді. Командир алдында жүреді. Командир алақанын ұрғанда соңғы келе жатқан бала тез тоқтау керек. Осылайша командир балаларды ойластырған тіртіппен ( сызық, шеңбер, бұрыш т.б.) орналастырады.


13.« Даусынан таны » ойыны.

Ойынның мақсаты – назарды, бір-бірін даусынан тану дағдысын дамыту.

Ойын барысы: балалар шеңбер құрып тұрады, жүргізуші сайланады. Ол ортаға тұрып, балаларды даусы бойынша тануға тырысады.




«Шеңбер бойынша жібер» ойыны .

Ойынның мақсаты-- өзара түсіністікті, бірігуді дамыту.

Ойын барысы: балалар шеңбер бойымен жүріп, ыстық картопты, мұзды, көбелекті (пантомимика) береді.


«Тату отбасы» ойыны.

Ойынның мақсаты—қолдың эмоциялық- мәнерлік қозғалысы мен ишараны сәйкес қолдануды дамыту.

Ойын барысы: балалар шеңбер бойына қойылған орындықта отырады. Әркім қандай-да бір іспен айналасып отыр: біреуі сазбалшықтан шар жасап, біреуі тақтайшаға кішкентай шегелерді қағып кіргізіп, біреуі сурет салып немесе тоқып отыр және т.б. Барлығы ынтымақты түрде жұмыс істеп отырған отбасыға қарау жағымды. Балалар қолдарында қиялдағы емес, ал шынайы заттар тұрғандай қозғалыстар жасау керек. Ойын Р. Паулстың «Золотой клубочек» музыкасымен сүйемелденеді.


«Бос уақыт»

Балалардың эмоциялық жақындасуы мен өзара әрекеті үшін психолог бірлеске жұмысты орындауды ұсынады: еденге төселген үлкен қағазға ортақ сурет салу. Суреттің тақырыбы: «Біздің тату топ» Сурет салудағы мақсат: балалардың мінез-құлқына әсер ету – олар салмақтырақ және кішіпейіл бола түседі. Ойын құрбылармен қатынасты жақсартуға әкеледі. Суретте ойыннан алынған әсерлер беріліп, қорқыныштары айқындалады.


«Төрт күтпеген апат» ойыны.

Ойынның мақсаты—есту аппаратымен және қозғалыс анализаторларымен байланысты назарды дамыту.

Ойын барысы: ойнаушылар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші олармен келіседі, егер ол «жер» десе олар қолдарын төмен түсіреді, «су» десе қолдарын алға созалы, «»ауа десе қолдарын жоғары көтереді, «от» -- шынтақ бұынында қолдарын айналдырады. Кім қателессе, жеңілген болып саналады.


«Досыңмен кездесу» этюді.

Этюдтің мақсаты – басқа адамның эмоциялық жағдайын түсіну қабілеттері мен өзінің жағдайын соған сай көрсете білу дағдысын дамыту; мәнерлі қозғалысты дамыту.

Этюд барысы: психолог балаларға бір әңгіме айтады: «Баланың досы бар еді. Жаз басталды да, оларға айырылысуға тұра келді. Бала қалада қалды, ал оның досы ата-анасымен бірге оңтүстікке кетті. Досынсыз қалада көңілсіз еді. Арада бір ай уақыт өтті. Бірде бала көшеде келе жатып, аялдамада автобустан түсіп келе жатқан досын көріп қалды. Олар бір-біріне қалай қуанды десеңізші». Қалаулары бойынша балалар осы сценканы ойнап көрсетеді. Мәнерлі қозғалыстар: құшақтау, күлкі, мұң, қуаныш сезімі.



«Кішкентай кеме» ойыны.

Ойынның мақсаты -- өзіндік бағалауды, өзіне деген сенімділікті арттыру.

Ойын барысы: екі ересек адам (психолог және педагог) көрпені ұштарынан ұстап тербетеді—бұл кішкентай кеме. «Тынық, тыныш ауа райы, күн шығып тұр» сөзінде – балалар жақсы ауа райын бейнелейді.

«Дауыл» сөзінде олар шулап, кішкентай кеме қаттырақ шайқалады. Кемедегі баланың «Мен даулдан қорықпаймын, мен ең мықты матроспын!» дауысы дауылдан басым шығуы керек. Бұл ойынды түсіндіру үшін бірінші кемеден сапар шегуге ойыншықты жіберуге болады.


«Айналар дүкенінде» ойыны.

Ойынның мақсаты—байқағыштығын, назарын, жадын дамыту, жағымды эмоциялық орта құру; сенімділікті және басқалардың талабына бағына білу дағдысын дамыту.

Ойын барысы: дүкенде көп үлкен айналар тұрды. Дүкенге иығында маймыл отырған адам кірді(алдын ала тағайындалады). Ол айналардан (айналар-- балалар)өзін көрді де, оны басқа маймылдар деп ойлады. Оларға бет-аузын тыржита бастады. Маймылдар оған да тұра солай жауап қайтарды. Ол оларға жұдырығын түйіп еді, оған да соны көрсеті, ол аяғымен жерді теуіп қалды, барлық маймылдар да аяқтарымен жерді тепті. Маймыл не істесе де, қалғандары айнытпай оның қимылдарын қайталады.


«Суреттерді аяқтайық»

Мақсаты:балалардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын,ойша жұмыс істей білуін дамыту.

Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады.Оқушылардың көздері шарфпен байланады да,олар кезек-кезекпен шығып, бірі денесін,бірі басын,бірі аяғын салады,осылайша жалғаса береді.


«Түрлі-түсті доптар»

Мақсаты:оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту

Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп,қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал,ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал.


«Мен басқаның көзімен»

Ортаға бір балалар кезекпен шығып,қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой-пікірде екенін айтады. Бала өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды.


«Атомдар мен молекулалар»

Әр қатысушы-жеке атомдар.Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі.Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады,сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек.

Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады.


«Таңғажайып дорба»ойыны

Дорбада бірнеше жеміс,көкөніс бөліктері бар.Бала көзі жабылып,дорбадағы заттың дәмін татып,оның қай жеміс екенін,дәмі,исі,формасы,түсі жайында ажырата баяндайды.


«Есте қалған қызықты оқиға»

250 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!