400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балабақша-бақыт мекені

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша-бақыт мекені атты мақала.Жалпы балабақша мен тәрбиеші туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАЛАБАҚША-БАҚЫТ МЕКЕНІ

«Тәрбиешінің нағыш данышпандығы- балаға бақыт беруі.»

(Василий Сухомлинский)


Әлі оңы мен солын танымаған кішкентай ғана бүлдіршінге алғаш айналаны, қоршаған ортаны танытып, олардың әртүрлі сезімдеріне ерік беруге жағдай жасап, оларды сан қырлы ойындар арқылы қиял-ғажайып әлемге сүңгіте алатын балабақша- ол бақыт мекені. Иә, шынымен де, балабақша –барлық білімнің бастауы. Адам өмірінің алғашқы баспалдағы. Ата-ана баласын балабақшаға білсін, көрсін, үйренсін, үлкен ортаны танысын деп береді. Балабақша-бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын, құнды, қайталанбайтын кезеңі. Ал, ендеше жоғарыда атап өткендей «Балабақша әр баланың өмірінде шын мәнінде бақыт мекені бола білуі үшін қандай болуы қажет? - деген сұрақ туады. Менің ойымша, ең алдымен балабақшаны баланың бақыт мекені ететін-ол, әрине, тәрбиеші. Баланың бөбекжай табалдырығын аттаған сәттен алғаш көретін адамы, еліктейтін тұлғасы -тәрбиеші. Олай болса, егер тәрбиеші өз жұмысына ерекше махаббатпен, ыстық ықыласпен, асқан жауапкершілікпен, тынымсыз ізденіспен, заманауи жаңашылдықпен қараса, балабақшаны бала үшін де, өзі үшін де бақыт мекеніне айналдыра алатыны сөзсіз. Осы тұста Абай Құнанбайұлының «Балаға қай орта мейірлене қараса, бала сол ортаға ең жақын болып өседі» деген сөзі ойға оралып отыр. Яғни, егер біз, тәрбиешелір алдымызға келген әр бүлдіршіннің біздің тілімізді алып, үйреткенімізді үйреніп, жан-жақты, парасатты тұлға болуын қаласақ, оларға мейіріммен, махаббатпен қарауға тиіспіз. Сонда ғана, бағытымыз дұрыс, мақсатымыз айқын, жұмысымыз нәтижелі болмақ.

Мен де, жаңа өзім айтқандай, әр балаға жылуылық пен мейірім сыйлайтын-тәрбиешімін. Мейірім мен жылулықтан кейін балаларға маңыздысы-жайлы орта деп ойлаймын. Яғни, балалар өздерін ыңғайлы, жайлы, емін-еркін сезіне алатын ортаны қалыптастыра алуымыз қажет. «Жайлы орта» деген ұғымға, көп дүниені айтуға болады деп есептеймін. Ең алдымен балабақшаның тазалығы, қалыпты ауа температурасы және күн режимінің сақталуы. Одан соң, әр баланың қалыптасуына, олардың дамуына тікелей жағдай жасайтын-ұйымдастырылған іс-әрекет. Әр ұйымдастырылған іс әрекетті ерекше қылып, қызықты қылып өткізу-ол тәрбиешінің жан-жақтылығын, ізденісін, кәсіби құзіреттілігін көрсетеді.

Кез-келген тәрбиешіні ертеңгі жұмыс күнін дайындалар сәтте «Ертең мен не үйретуім керек? Қалай үйретуім керек?» деген сұрақтар мазалауы қажет. Жаңа материалды балаға үйретудің жолдарын, әдіс-тәсілдерін, форматтарын іздену қажет. Балаларды жас ерекшеліктеріне сай, оларды жалықтырып алмайтындай ұйысдастыруы керек. Өйткені, біз олардың болашақ өмірлеріне деген алғашқы баспалдақтарды салып жатырмыз. Олардың қабылдауын, есте сақтауын, зейінін, ойлау қабілеттерін дамыту-біздің жұмысымыз.

Бала-біздің болашағымыз. Оларға дұрыс тәрбие беру арқылы біз бүкіл ұлтты тәрбиелейміз. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген, дана халқымыз, қашан да ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Олай болса біз де, ұрпақ тәрбиесі-ұлт тәрбиесін уыстан шығарып алмайық!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 сәуір
11
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі