Материалдар / «Балабақша және ата-ана»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Балабақша және ата-ана»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан- жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері де, ата- ананы да әрқашан толғандырып келеді. Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілібалабақша мен ата- аналар арасындағы ынтымақтастық қарым- қатынаста. Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата- ана: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған- туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» - деп Елбасы айтқандай, бала әкеден – ақыл, анадан – мейір алып өседі. Қай ата- ана болмасын баласының тәрбиелі, білімді, мәдениетті болуын қалайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
433
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,

ЖШС «Ер-таң1» шағын орталығы,

Мамырбаева Маншук Нурсагызовна, тәрбиеші


Баяндама тақырыбы: «Балабақша және ата- ана»

          Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан- жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері де, ата- ананы да әрқашан толғандырып келеді. Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілібалабақша мен ата- аналар арасындағы ынтымақтастық қарым- қатынаста. Өйткені адамзат бесігін  тербеткен баланың бас ұстазы ата- ана: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған- туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» - деп Елбасы айтқандай, бала әкеден – ақыл, анадан – мейір алып өседі. Қай ата- ана болмасын баласының тәрбиелі, білімді, мәдениетті болуын қалайды. Ал адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата- анасына ардақ тұтып, өзінің перзеттік парызын бір сәтке де есінен шығармауында.

                    Әрбір жиналысты өткізер алдында әрбір баланың ата- анасымен кездескен дұрыс. Ата- аналармен жұмыс жүргізудің негізі – алдын ала жоспарлау, алға мақсат қою, оны қалайда орындау.

1.      Біз мектепке барамыз бағдарлама мен таныстыру .

2.     Ата- аналар комитетінің сайлау.

3.     Ата- аналарға педагогикалық тақырыптардағы әңгіме, баяндамалар оқып, түрлі басылымдардан, әдебиеттерден қажетті ұсыныстар мен пікірлер оқуды тапсыру.

4.     Белсенді ата- аналарды бсашылыққа алу, үлгі- өнеге ету.

Осындай түрлі жұмыстар жүргізу – менің әр күнгі төл ісім болып саналады. Үйіне барып байланыс жасаған кезде сол оқушының мінез- құлқын, бейімділігін, сынып ішіндегі оқушылармен қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын айта келіп, сол жанұяға тән қажетті нәрселерді ескеріп отырамын. Мұндай байланыс сынып жетекшісінің жұмысына жеңілдік келтіреді, тезірек орындалуына себебін тигізеді.

Жиналыстың барысы:

Бала тәрбиесі ұласатын асыл құндылықтар үлкендердің әңгіме желісінен, іс- қимылынан танылып, сезім жіптері арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білу үрдісінің мәні зор. Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіпәкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалытастыру.

«Баланың құқық жөніндегі конвенцияда» отбасында баланың құқығын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата- ананың, отбасы мүшелерінің қарым- қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата- ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке- бірлікті, түсінікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқығы қоралуы тиіс. Тек осындай ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отанын, елін- жерін сүйетін, өз ұлтының салт- дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.Ғасырлар бойы қазақ отбасында сақталған тәлімдік дәстүрлер мол. Сол дәстүрлер сабақтастығы бүгінгі бала тәрбиесінде жалғасын табуда. А. С. Макаренко «Ата- анаға арналған кітабында»... «Бала тәрбиесінде сіздің іс- қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Отбасында орныққан қарым- қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата- анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді» деген.

Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата- баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі сабақтастыру болып табылады.

Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, атқарған еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққлгі- өнеге еткен, адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл- кеңес беріп, ата кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген. Туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастырған. Мысалы, ойын ойнау, көркемөнермен шұғылдану арқылы баланың айналасындағылармен қарым- қатынасын нығайтуды көздеген.

Осы мақсатпен «Шаңырақ сыны» сайысын өткізуге болады.

6 кезеңнен құралған сайысқа үш отбасы қатыса алады.

1-кезең: «Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер» (әр отбасы өзін- өзі таныстыруы: не өлеңмен, не қара сөзбен).

2-кезең: «Ата мұра – асыл қазына» (салт- дәстүр, әдет ғұрыптарға байланысты тапсырмалар).

3-кезең: «Ата көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер» (әр отбасының ата- анасына, баласына жеке- жеке тапсырмалар беріледі. Мысалы: анасы ою ояды, баласы бейнесөз шешеді, әкесіне қолөнерге байланысты тапсырма - сұрақтар).

4-кезең: «Халық тәлімі – тәрбие бастауы» (бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар мен тапсырмалар).

5-кезең: «Ұяда не көрсен,

Ұшқанда соны ілер» (бата түрлері, шешен- би сөздерінен үзінді).

6-кезең: «Марапаттау»

Ұлттық педагогиканың қайнар көзі – отбасы. Ата- бабамыз балаларын батылдыққа, батырлыққа, шеберлік пен шешендікке, табандылық пен төзімділікке баулыды. Әже- аналарымыз қыздарын мейрімділікке, әдептілік пен баыурмалдыққа тәрбиеледі. Қазіргі қазақ мектебінде осы үрдісті жолға қоятын уақыт жетті. Сабақ кезінде әрбір отбасының салт- дәстүрі ескеріліп, баланың үйреншікті дағдысынан ауытқымай, психологиялық тежелуге ұшырамауы ескерілмеуі шарт.

Сауалнама:

Біз қандай ата- анамыз?

1. Сіздің жанұяңызда түсінушілік бар деп санайсыз ба?

2. Балаларыңыз сізбен сырларын бөлісе ме?

3. Сіздің жұмыстарыңызға қызығушылықтары бар ма?

4. Сіз балаларыңыздың достарын білесіз бе?

5. Олар сіздің үйіңізде болып тұра ма?

6. Балаларыңыз сізбен бірге үй шаруасына араласа ма?

7. Жанұялық мерекелерді әзірлеуге балаларыңыз қатыса ма?

8. Үйде балаға жазалау әдісі қолданыла ма?

9. Бала мінезінің қандай сапалық жақтары айқын көрінеді?

10. Балабақшаға деген көзқарастарыңыз қандай?

11. Сізге мектеп өмірі туралы балаңыз айта ма?

12. Отбасы мүшелері балаға өз жұмыстары туралы айтады ма?

13. Сіздің балаңызда ұят сезімі дамыған ба?

14. Жанұяңызда халқымыздың қандай салт- дәстүрлері сақталады?

         Шешімі: 

«Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту. Сезімді тәрбиелеу, яғни баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық- қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттық дегеніміз – адамзатқа қызмет ету», - деп жазады Сара Алпысқызы Назарбаева өзінің «Ұстаздан ұлағат» атты кітабында.

Еліміздің Бірінші Ханымының жеткіншек тәрбиесіне деген жанашырлығы, еліміздің болашағына деген зор сенімі, қоғамның дамуына қарай ұрпағының қалыптасуына көңіл бөлу педагог қауымға ғана емес, барша жұртқа зор ықпал етері даусыз. Қазақ отбасындағы дәстүрлер арқылы оқушылардың рухани- адамгершілік қасиеттерін дамытып, оларды рахымдылыққа, мейірімділікке тәрбиедеу парызымыз.

        

  Қорытынды:

           «Бала нені білсе жастан, ұядан,

           Өле өлгенше соны таныр қиядан» - дегендей отбасындағы тәрбие балаға өмірлік азық екенін естен шығармайық. Баланың саналы тәрбие, білім алуына өз көмектеріңізді аямай, бала болашағы туралы ойланайық.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!