Балабақша мен ата-ананың бірлігі.

Тақырып бойынша 22 материал табылды

Балабақша мен ата-ананың бірлігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-анамен бірлесе жұмыс жасау тәрбиеші жұмысын жеңілдетіп, баламен қарым-қатынасы жақсарып, оң нәтижелер береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама.

Балабақша мен ата-ананың бірлігі.

Бала естігенін айтады, көргенін істейді деп қазақ халқы бекер айтпаған.Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата- анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен жүріс – тұрысынан сөйлеген сөзінен, істеген- ісінен үлгі алуға тырысады.Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт- дәстүр, мақал- мәтелдер,ертегілер,жұмбақтар,айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата -ана мен тәрбиешілердің басты міндеті.

Балабақша мен отбасындағы тәрбиеде бірінші орында баланың жан-жақты дамуы, денсаулығы, тәрбиесі, жетістігі тұрады. Тәрбиеші баланы балабақшаға қабылдағанда әрдайым жылылық бере білуі керек. Баланың қандай көңіл күймен келгенін білу, оны алып қайтуға келген ата-анасына жетістігін айтып, қуанышты сәттерін баяндап отыру қажет. Отбасында және балабақшада кішкене сәби айнала қоршаған дүние жөніндегі бастапқы ұғымдарды меңгереді, өнегелі тәрбие алады. Ата-анамен бірлесе жұмыс жасау тәрбиеші жұмысын жеңілдетіп, баламен қарым-қатынасы жақсарып, оң нәтижелер береді.

Ата-анамен бірігіп жұмыс жасауда тәрбиеші жұмысты әр түрлі бағытта жүргізіп, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланғаны жөн. Ынтымақты жұмыс жасауда балабақшада ата-аналармен байқаулар, көрме, тренингтер, жиналыстар, кездесулер ұйымдастыру болып табылады. Отбасылық тәрбиедегі тәжірибемен бөлісу мақсатында педагогикалық-психологиялық сайыс, үлгілі отбасымен кездесу кешін өткізіп, отбасылық газет шығару. Газетте отбасының қуанышты сәттері, игі істерінің нәтижелері жазылады. Мерекелік ойын-сауықтарда бүлдіршіндер әннен, биден, жырдан шашу шашып, ертегілерден көрініс сомдап, өз қабілеттерін ортаға салады. Өйткені, кез-келген ата-ананың балабақшада өз баласының қимыл-әрекетін көргісі келетіні жасырын емес.

«Басында бұлағы бар өзен, ұзақ ағады» демекші қазақ халқы өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбек сүйгіш, абзал азамат болып өсуін армандаған, шығармашылықтың алуан түрлеріне баулыған. Отбасы тіршіліктің шағын ұясы, жаңа адам сол ұяда дүниеге келіп, қамқорлыққа бөленіп, өмір мектебінен өтеді. Отбасының жылылығы мен махаббаты баланың өзіне деген сенімін арттырып, болашағына нық қадам жасауына зор ықпал етеді. Балалардың балабақшаға көтеріңкі көңіл-күймен келуі тәрбиешінің еңбегінің көрінісі. Ата-ана мен балабақшаның өзара ынтымақтастықта болуы, әсерлі ойын-сауықтар, байқаулар балаларды сенімділік пен белсенділікке шақырады және жақсылыққа баулиды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2025
84
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі