Балабақша педагогтарының
бірлескен оқу қызметін ұйымдастырудың жаңашыл
тәсілдері.
Динсламова Назигуль
Мукагалиевна
Балабақша
меңгерушісі
Білімі:
жоғары
Алматы облысы Панфилов
ауданы «Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінің «Айгөлек» балабақшасы» МКҚК.
nazigul.dinslamova.71@mail.ru
Аңдатпа
Кәсіби желілік оқу қызметін
жетілдірудің бірден-бір тікелей тәсілі болғандықтан осы мақалада
бірлескен оқу жолдарын жүргізудің жаңашыл тәсілі мен бағыттары
көрсетілген. Бірлескен оқуды ұйымдастыруда ұжымның ұйымшылдығы мен
көшбасшылықты жетілдірудің оқу үдерісінде қатар жүретіндігі шебер
ұйымдастырылған.
« Білімі терең ортадан
тәжірибесі мол маман шығады» осы қағиданы ұстана отырып,
педагогтардың өзара үнемі іскерлік пен тәжірибесін теориялық және
практикалық тұрғыдан жетілдіру үшін ұжымдық оқуларды ұйымдастыру
аса маңызды. Осы орайда балабақшаның даму стратегиясын жасалуы
қажет. Онда, педагогтардың кәсіби білім мен біліктілігін шыңдаудың
әдіскерлік жұмыстары басты назарда ұсталынады. Тәрбиеші
педагогтардың өзіндік зерттеу және зерделеу тақырбын таңдауында
әдіскерлік көмек көрсетілуі тиіс. Көп орайда кейбір педагогтардың
ауқымды тақырыптарды өзіндік зерттеу жұмысына алып, алайда оның
мақсаттына жетуде көп қиындықтарға тап болып, нәтижесінде
қордаланған мәселелер шешілмеген қалпында қалып отыратыны
тәжірибеден белгілі. «Оңайдан-қиынға, қарапайымнан-күрделіге»
принціпін басшылыққа ала отырып тәрбиеші педагогтар жыл бойғы
зерттеу тақырыптарын қарпайым бір әдісті оқу қызметіне ендіру
жолдарын алып, оның тиімділігін, нәтижесін бақылау арқылы өзіндік
кәсібилігін шыңдай алады.
Мысалға «Кубикпен оқыту» әдісі
алайық. Мұнда, СМАРТ мақсат: кубиктер арқылы оқыту әдістерін
түрлендіру және жеті модуль аспектілерімен ұштастыра әдіс қорын
жетілдіру.
Күтілетін нәтижелікте:
тәрбиеші кубиктермен ойындар қорын түрлендіреді, оқыту сапасын
арттырудың тиімді жағын қарастырады, шығармашылықпен ойын жаттығу
түрлерін ойлап табады т.б Қысқаша айтқанда тәрбиеші таңдаған әдісін
күрделендіре түскен сайын жаңа форматты оқыту технологияларын өз
тәсілінде байланыстыра қолдану жұмысын
жүргізеді.
Бастысы осы тәсілді кеңінен
қолданған әрі жыл бойында нәтижені бақылаған педагог өз тәжірибесін
еркін де, терең тұрғыда әріптестеріне ұсына алады. Кәсіби оқыту,
кәсіби байланыс орнатуда әріптестер бір-бірінен
оқиды.
Қазіргі таңдағы иновациялық
оқытудағы жаңалық жоғарыдан емес, қарапайым оқу қызметінде туындап,
күнделікті баламамен қарым-қатынастағы сұраныстарды қанағаттандыру
арқылы жасалынған әдістер қорларынан
тұрады.
Өзара оқуды ұйымдастыруда
әдіскер педагогтардың өзара білім алуының ерекше форматтарын
құрылымдауы қажет. Қазіргі кезде семинар, коучинг, шебер сабақтар
бізге белгілі ережелермен жүргізілуде. Дегенмен де, педагогтар үшін
тәжірибе алмасудың жаңашыл формаларын, ержесіз оқуларды ұсынуға
болады. Олар: «Жұмбақтап оқу» немесе «КВЕСТ», «Орын ауыстыру
тәсілімен оқу», «Әдістер әлемінде саяхат»
т.б
Бұндай кәсіби байланыстар
арнайы сындар мен кері байланыстар орнатып талқылауларды қажет
етпесе де, өзара адамгершілік пен түсіністікке, бірлескен
серіктестікте тең бөлісулерге ықпал етеді. Әрі идеялар еркін
айтылады, бастамалар қолдау таба алады. Бірлесіп оқу мен
талқылаулар ешбір арнайы ұйымдастырусыз табиғи деңгейде
өрбиді.
«Жұмбақтап оқу» әдісімен
бірлескен оқуды ұйымдастыру.
Мақсаты: Педагогтардың білгісі келген
сұрақтарын серіктестер көмегімен терең тануына ықпал ету, ортақ
мәмілеге келе алу.
Болжамды
нәтиже: Әрбір педагог оқуға
жауапкершілік пен жетекшілікті бірдей алуға
төселеді;
Оқу
әрекеті: қозғалмалы, бір-бірінің
тобына кіріп серіктесінің
тапсырмаларын орындауына
қолайластырылған.
Шарты: Тақырып алдын-ала педагогтарға
жарияланады.Әр педагог сол тақырып аясында дайындық жасауға,
тапсырмалар құруға мүмкіншіліктері болады. Белгілі уақытта 3-5
педагогтар кабинеттерді аралау арқылы жұмбақтап дайындалған
серіктестерінің тапсырмаларын бірлесе шешеді, талдайды. Ол
тапсырмалар түрлі жағдаяттар, берілуі тиіс кеңестер, жасалуы тиіс
әдістер немесе идеялар қосуы қажет тапсырмалар болуы мүмкін. Мұнда,
бастысы серіктестік көмек алу, әрі өзгеге кәсіби көмек беру. Мұнда,
педагогтар белгілі бір проблема аясында кеңестер мен тапсырмаларды
орындайды. Әр педагогтың жұмбақ тапсырмасы 1-2 аспау керек. Шешім
жасаушыларға 3-4 минут қана уақыт беріліп, жауап алынуы тиіс.
Ұйымдастырушы тайм спикер, әрі бақылаушы рөлін атқарады. Ең бастысы
әдіскердің осы оқу әрекетін шебер ұйымдастырып табиғи қарым-қатынас
аясында диалогтық оқудағы зерттеушілік әңгімеге тартуымен құндырақ
болады. Оқу кезеңінде біреуге керек екенін сезіну, көңілді
атмосфера да болу сияқты жағымды ахуал орын
алады.
«Орын ауыстыру» тәсілімен
оқуды ұйымдастыру.
Мақсаты: Басқаның қызметін жасап көру
арқылы әрбір істің өзіндік тәсілі мен қиындығын түсіну, өзара
құрметтілікті жетілдіру.
Болжамды
нәтиже: Көрген оңай, істеп көру қиын
екенін түсінеді;
Жан- жақты білім мен
іскерлігін дамытады.
Оқу
әрекеті: келісілген, ізденістік және
тосын қиындығы бар тапсырмалармен жасалады. Соңынан тізбектей
талдау мен кері байланыстары жүреді.
Шарты: Практикалық жұмыстар жасау,
жоспар құру,іс-қағазын жасау,т.б тұратын жұмыстарды меңгеру. Мұнда,
мекемедегі түрлі маман иелері араласа қатысады. Олар әдіскер,
меңгеруші, әр топтың тәрбиешісі күтуші, медбике болуы мүмкін. Алдын
–ала әр қатысушы бір-бір жұмыс тапсырмасын әкеледі. Жеребе тасталып
қатысушылар сол жеребедегі қызметке қатысты тапсырманы алып
орындауға отырады. Тапсырма шарты: іс-қағаз, жоспар құру, жұмысты
талдау, т.б түрлендірілген форматта болуы қажет. Тапсырма орындау
уақты 5 минут, оны жариялап айту 2 минут, кері байланыс алу 2
минуттан тұрады.
Бұл оқу жаттығуы басқаның
орнында болып көру, әр істің өзіндік қиындығын сезіну, бір-біріне
құрметпен қарау сияқты қасиеттерді реттейді.Ұжымдық ұйымшылдыққа,
командалық ойлау мен өзара көмекке тәрбиелейді. Ұйымдастырушы оқу
қызметінің соңынан төмендегідей сұрақтар қойып
бекітеді:
-
Серіктесіңіздің жұмысын
орындаудан не түйдіңіз?
-
Әр істің өз қиындығын сезіне
алдыңыз ба?
-
«Өзара құрмет» ұғымын қандай
оймен алмастырып айта аласыз?т.б
«Әдістер әлеміне саяхат»
бірлескен оқу қызметі.
Мақсаты: бір технологияны жан-жақты
зерделей танып, тәжірибемен ұштастыру.
Болжамды
нәтиже: теорияны практикамен жасап
көру, нәтижесін қайта қарай алу, қайта толықтырып
жасау.
Оқу
әрекеті: Топ бір мәселені сан қырынан
қарауды қолға алады. Ұйымдастырушы әдіскер әр қатысушыға бір
әдістің белгілі бір модулдік технология бойынша қаншалықты тиімді
болғанын талдап, әдісті түрлендіруге тапсырма берумен
ерекшеленеді.
Шарты: Бір әдіс таңдалынады сол
әдісті жас ерекшелігіне қарай оқыту бойынша түрлендіру,
шығармашылықпен жаңа элементтермен толықтырып, әр жасқа лайықтап
жасау тапсырмасы жүргізіледі. Мұнда, команда толықтай шығармашылық
идеяларын ұсынады. Әдістерді жас ерекшелігіне лайықтауда
технологияны толық меңгеру үдерісі жүреді. Дәл осындай тапсырмалар
кейінгі оқуларда АКТ, ДБО, СТО модульдерімен де жалғасын табады.
Педагогтар технологияларды теориялық тұрғыдан толық меңгеріп,
практикамен ұштастырудың жолдарын қарастырады. Түрлендірген
әдістерін топ ішінде ойнып, нәтижесіде неге қол жеткізетінін
саралай алады.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,
-дегендей әр істі түрлі көзқараспен қарау, ортақ шешім шығара оқу,
сол ұжымның кәсібилігі мен көшбасшылығын жоғарлатады. Жаңа идеялар
бұрынғы тәжірибені түрлендіре қолдану арқылы туындайды. Бүгінгі
ұрпақты сындарлы ойлы, коммуникативті тұлға ету үшін де педагог
қауымы сол талаптарды өз басынан өткеріп отыру арқылы ғана
балаларға оңды тәрбие мен оқуды бере
алады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
-
Бреслав Г.М Баланың
белсенділігі мен тұлғалануы// Психологиялық
сауалдар.1999.
-
В.
Петрусинский."Игры - обучение, тренинг , досуг", С-П,
2000.
-
Крутецкий,
В. А. Психология обучения
и воспитания дошкольников
[Текст]: учебное пособие / - М.: Просвещение, 2009. —
280 с. 6. Гребенюк,
О. С. Педагогика индивидуальности [Текст]: учебно-метод.
пособие / - Калининград: Просвещение, 2009. -
126
-
Б.М Динсаламова «Жеке тұлғаға психологиялық
көмек бағдарламасы» Алматы 2013.-
212.
-
Сайт: http://asylarna.kz/
Facebook: https://www.facebook.com/asylarna