Балабақша "Толағай" жарысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақша "Толағай" жарысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүргізуші: Салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында балабақшада «Толағай» ойын - сауық балалар мерекесін бастаймыз. Бұл мерекеге «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері мен апайлары екіге бөлініп қатысқалы отыр. («Толағай» музыкасы жүреді) Ырғақты гимнастика «Еркемай» тобы, «Жұлдыздар» тобы өз музыкалармен келіп, орындарына тұрады. Жүргізуші: Бала деген бақытты еліменен, Құдіреті қолында әлем деген. «Толағайға» қатысқан қонақтарға Байқауымыз басталсын сәлемменен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшада өткен "Толағай" жарысы

Жүргізуші: Салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында балабақшада «Толағай» ойын - сауық балалар мерекесін бастаймыз.
Бұл мерекеге «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері мен апайлары екіге бөлініп қатысқалы отыр.
(«Толағай» музыкасы жүреді)
Ырғақты гимнастика
«Еркемай» тобы, «Жұлдыздар» тобы өз музыкалармен келіп, орындарына тұрады.
Жүргізуші: Бала деген бақытты еліменен,
Құдіреті қолында әлем деген.
«Толағайға» 
қатысқан қонақтарға
Байқауымыз басталсын сәлемменен.

1 - бөлім: Екі топ өздерінің ұрандарын, таңбаларын таныстырады)


Эстафеталық жарыс
Жүргізуші: Көңілді доп зымырап, Кеттің бізден тым алыс
Ал, балақай, жалғашы, Қалып қойма сен қалыс.

2 - бөлім: «Доп жалғастыру»


«Құрсаудан секіру»
«Сүрінбей өт» (кеглилердің арасынан өту)
Жүргізуші: Бойына бар сұлулық жиылғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.
Жарқ етіп, 
шыға келген ел алдына
Бишілер ғажап еді биің қандай?
«Гүлдер» би тобы

Келесі сайысымыз «Кенгуру» жарысы


Әділқазылар ұпай санын беріп отырсаңыздар.
Тез жина сайысы: «Картоп жинау»
Жүргізуші: Жан қалмасын жай тұрған,
Мәз болсын жас - кәріміз
Қайта оралған халқыма
Биленсін «Қара жорғамыз»
Ұлттық киім киген сайысқа қатысушылар ортаға «Қара жорға» биін билейді.
Осымен бүгінгі «Толағай» балабақша ішілік жарысымыз аяқталды.

Біз бақытты жанұямыз

19 қараша 2014, Сәрсенбі

Категориясы: Бала-бақша



Абдинова Назым Даутовна

Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерлігін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және нақты орындай білуге үйрету. Балалардың ынталы іскерлігін арттыру, ата – анамен жақсы достық қатынасын қолдау. Балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерту.

Құрметті қонақтар, ұстаздар, балалар сіздерді өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту барысында өткізгелі отырған «Біз бақытты жанұямыз» атты көңілді сайысына қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысайық.


1. Мектебіміздің директоры:
2. Тәрбие ісінің меңгерушісі:
3. Кіші кешен меңгерушісі:

Жарысқа 4 топ қатысады. Әр бір сайыстың ең жоғарғы балы 5 – тік жүйемен бағаланады.

Кіріспе бөлім
Топтарды ортаға шақыру.
1 – топ «Тұлпар»
Жеңсек тасымаймыз,
Жеңілсек тасымаймыз.
Бірлігіміз 
жарасқан,
Тұлпар тобынан жалынды сәлем!

2 – топ «Барыс»


Барыс – топтан қалмай жарыс, Ура!

3 – топ «Сұңқар»


Көк аспанда қалықтап
Сұңқар тобы тек алға.
Шарықтай бер, шарықта!

4 – топ «Қыран»


Қыран құстай самғаймыз,
Топтардан біз қалмаймыз.

Негізгі бөлім

Дене қыздыру жаттығулары «Қара жорға» биімен жасалады.
1) Қаппен секіру
Балалар қаптың ішімен жүріп өтіп, мәредегі қапты барып 
алып келіп әкесіне береді, әкесі қаппен секіріп барып, секіріп келіп келесі ойыншыға береді, ойын ары қарай жалғасады. Қай топ бірінші береді, сол жеңімпаз атанады.

2) Ендігі сайыс «Арба сайысы»


Спорттық сақиналармен допты итеріп, арасында тұрған кедергі фишкаларды құлатпай мәреге жетіп қайта спорттық сақинамен допты итеріп қайту керек.

3) Доп безгек қағады,


Секіріп еденге.
Секіру сондай – ақ,
Доппенен оңай – ақ.
«Көңілді доптар» сайысы. Секіргіш доптармен секіріп мәре сызығына жетіп, қайта секіріп қайту.

4) «Ғажайып дорба» ойыншықтарды жинату. Ойыншықты алып, алда жатқан дорбаның ішінен өтіп барып мәре сызығында тұрған ойыншық салғышқа жинау.

5) Егер пингвиндер Антарктидада ғана мекендейді десеңіздер қателесесіздер. Қазір бізде «Үлкен пингвиндер» сайысы. Допты екі аяғының арасына қыстырып, арада кедергі болып тұрған фишкаларға тимей жүгіріп өту.

6) Келесі сайыс «Фудбаскет»


Допты теуіп жүгіріп арада кедергі болып тұрған фишкаларға тимей өту. Келесі шығатын қатысушы допты қолымен жерге ұрып жүгіреді. Одан кейінгі қатысушы допты теуіп өтеді.

7) Иілеміз оңға бір,


Иілеміз солға бір.
Қимылдайды 
әр сәтте,
Аяқ та бір, қол да бір – деп спорттық сақинамен жүру. Жүру кезінде
спорттық сақиналарды екі қолымен алмастырып айналдыра отырып мәре сызығына жетіп, қайта қайту керек.

8) Ұлттық ойын «Арқан тартыс» арқанның екі жағынан екі топтан бөлініп тартысады.

Енді әділ қазылар алқасынан сайысқа түскен төрт топтың әділ еншілеген ұпай санын сұрайық. Қорытынды ұпай.

Қорытынды: Жеңімпаз қатысушыларды марапаттау. Барлық қатысушыларға алғыс айту.


Қош дейміз әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдай берсін қалыспаңдар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.07.2024
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі