Балабақшада ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолдану.
Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесі қарқынды дамып, жаңа технологиялармен толықтырылуда. Соның ішінде мектепке дейінгі білім беру саласында ақпараттық технологияларды қолдану – баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды құралдардың бірі.
Ақпараттық технологиялар – ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және таратуға арналған құралдар мен әдістер жиынтығы. Мектепке дейінгі ұйымдарда бұл технологияларды қолдану балалардың танымдық қабілеттерін арттырып, оқу процесін қызықты әрі тиімді етеді.
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы:
-оқу іс-әрекеттері көрнекі әрі тартымды өтеді;
-балалардың есте сақтау қабілеті жақсарады;
-зейіні мен логикалық ойлауы дамиды;
-ақпаратты қабылдау деңгейі жоғарылайды.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі бағыттары:
Интерактивті оқыту құралдары
Интерактивті тақталар, планшеттер және компьютерлер арқылы балалар ойын түрінде білім алады.
Арнайы әзірленген ойындар мен бағдарламалар балалардың тілін, математика негіздерін және логикалық ойлауын дамытады.
Мультимедиялық материалдар:
Анимациялар, бейнероликтер, дыбыстық жазбалар арқылы оқу материалдары жеңіл әрі қызықты түрде ұсынылады.
Қашықтықтан оқыту элементтері:
Онлайн платформалар арқылы ата-аналармен байланыс орнату, үй тапсырмаларын беру және кеңес жүргізу мүмкіндігі бар.
Артықшылықтары
Ақпараттық технологияларды қолданудың артықшылықтары:
-Балалардың қызығушылығын арттырады;
-Жеке қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді;
-Оқу процесін дараландыруға жағдай жасайды;
-Уақытты үнемдейді және тиімділікті арттырады.
Қиындықтары
Сонымен қатар, кейбір қиындықтар да кездеседі:
Техникалық құралдардың жеткіліксіздігі;
Педагогтардың ІТ құзыреттілігінің төмен болуы;
Балалардың экран алдында ұзақ отыруының денсаулыққа әсері.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше. Бүлдіршіндердің білім берудің кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз – балабақшадан қаланатындығы баршамызға мәлім.
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Оларды ғылыми тілмен айтқанда «инновациялық процесс» немесе «педагогикалық жаңалықтардыенгізу» деп аталады. Инноватика ұғымының мәні латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту, жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни, педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану оқу іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін өткізер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары айқын.
Мультимедиялық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Мультимедиялық оқулықтар балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге, яғни, әдемілікке, әсемдікке әуес болады. Кез келген сабақта әр түрлі әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникативті технологиялар мектепке дейінгі жастағы балаларға білім берудің ең тиімді құралы болып келе жатыр. АКТ – бұл сандық және коммуникациялық технологиялардың кеңінен таралған түрлері. АКТ-ын пайдалану мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу әрекетінің мақсаттылығын дамытуға және жекелеп оқытуға мүмкіндік береді. Балабақша сабақтарында АКТ-ын пайдалану педагогқа бірден бірнеше педагогикалық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді:
-
фонематикалық есту қабілетін дамытады;
-
лексикалық сөздік қорын дамытады;
-
қарапайым сөйлеу дағдыларын дамытады.
Қазіргі уақытта білім берудің мейлінше өзекті міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) қазіргі заманғы балабақшаның білім беру кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік беретін мейлінше тиімді құралға айналып келеді.
Менің пікірімше, ең өзекті ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бұл: аудио, бейне күйтабақ ойнатқыштар, мультимедиялық құралдар, сондай-ақ әр түрлі ойындар, онда балалар бірнеше тілді қатар алып жүруге үйренеді. Оқу іс-әрекетінде АКТ-ын пайдалану екі түрлі мотивацияны дамытады: өзіндік мотивация, онда беріліп отырған материал өз бетінше қызық және мектепке дейінгі жастағы балаға үйреніп жатқан тілді түсіне алатынын көрсету арқылы қол жеткізілетін мотивация. Бұл қуаныш сезімін және өзін-өзі одан әрі жетілдіруге күшіне сенімділік пен ниет тудырады.
Балаларға оқыту бағдарламасын қарағаннан гөрі ертегі, әңгіме немесе танымдық фильм көрген немесе тыңдаған әлдеқайда қызығырақ. Олар тілдің семантикалық негізін жылдам ұғып алады және өздері сөйлей бастайды. Әсіресе, оқыту кезінде толық ену әдісі пайдаланылса, әсері көп болады. Бұл баланың қазақ тілімен тұрақты және терең байланыс жасауын білдіреді. Бала санасының астары өте алғыр және айқын нәтиже дәл қазір көрінбесе де, бір-екі жылдан кейін баланың өте дамыған лингвистикалық қабілеттерін әбден байқауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тікелей білім беру қызметінде қолданылатын барлық ақпараттық құралдарды төмендегідей бөлуге болады:
-аудио;
-бейне;
-мультимедиялық құралдар.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық — құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалықпрогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргіқоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қорыта айтқанда, ақпараттық технологияларды мектепке дейінгі білім беру жүйесінде тиімді қолдану – заман талабы. Бұл тәсіл балалардың білім алуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және зияткерлік дамуына зор ықпал етеді. Сондықтан педагогтар ақпараттық технологияларды орынды әрі жүйелі түрде пайдаланып, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруы қажет. Оқу-тәрбие процесінде оқытудың инновациялықәдіс –тәсілдерін пайдаландың педагогикалық шарттарының өзара бірлігінің моделі: Инновациялық процестің осы кезеңдеріне байланысты инновациялық іс - әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде ұстаз жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды. Содан кейін, ұстаз инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде ұстаз оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді.
Жетісай ауданының білім бөлімінің
«Жарқын шақ» бөбекжай балабақшасы ЖШС-нің
тәрбиешісі
Турашова Меруерт Оскенбаевна
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз