Материалдар / Балабақшада бала тілін дамытудың маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақшада бала тілін дамытудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың тілін сөздік қорын дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
222
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Тақырыбы: Балабақшада бала тілін дамытудың маңызы

Балалардың тілін дамытудағы мақсаттары:
- Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап
өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
- Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын
еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
- Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге
үйрету.
Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттері:
- Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
- Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру;
- Баланың сөздік қорын молайту;
- Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
- Балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттыру.
Балалар өз бетінше шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп,
диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді. Балалар автордың сөз өнерін
қолданып, сөз мәнерін өздері машықтануы қажет. Серіктестері айтқан әңгімені тыңдап
отыруға, мазмұнын түсінуге, әдеби кейіпкерлерін атымен айтуға үйретіледі.
Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты сипаттаған кезде нақты дұрыс сөз қолдануға,
үлкендердің көмегімен белгілі бір нәрсеге тиісті белгілерді табуға, нақты бейнелеуге, әңгімеде
ой - өрісін жеткізуге үйрету керек.
Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде сонымен қоса тілдік (метафора, теңеу,
эпитет, балама қолдануда) сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашу қажет. Ойыншықтарды қолданып,
суретке қарап әңгіме құрастырады. Баланың өзі құрастырған әңгімесінде жанрдың негізгі
ерекшелігін таба білуінде. Сюжет ерекшеліктері мен әдеби шығармалардың мәнерлігі (ертегіні
толық айтып беру). Ертегідегі жақсылықтың жеңгені, сиқырлық жайында, кейіпкерлерді басқа
бір нәрсеге айналдырып, және т. б. қолдана отырып, ертегі құрастыруға үйрету.
Бұл жаста балалар шығарманы қызығушылықпен тыңдайды, әңгімелерді түрлендіре біледі.
Баланы шығармашылық қабілеттілігінен туындаған әңгімелеріне көңіл аударып,
құрдастарының әңгімелерін тыңдауға бейімдеп, қиыншылық тудырған жағдайды, қол ұшын
беріп, дұрыс емес жеріне түзету енгізе керек.
Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге
көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен
айналасындағы адамдармен еркін қарым - қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін кезең.
Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде
жүргізілуі тиіс.
Балабақшада тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену жатады. Ол болса
сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы
баланың тілдік және ақыл - ой дамуымен біртұтас жүреді.
Жас жеткіншектерді баулып, тәрбиелеуде көркем әдебиеттің ролі ұшан - теңіз. Ол жаңа өскін
балауса буынының сана - сезімін оятып, ақыл - есін дамытатын, адамгершілік моральға
тәрбиелейтін өмір оқулығы.
Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді өздерінің бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып
тәрбиелеу педагогтардың алдындағы міндеті. Ертегі, әңгімені, өлең – тақпақтар мен
жаңылтпаштарды, сондай - ақ мақал - мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен
әсерлеп айту – тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар,
сәбидің ақыл - ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Баланың әдепті, көргенді болып өсуіне
ықпалы өлшеусіз, баланың Отанын, өз ұлтын, өз жерін сүюі, оны қадірлей білуі ауыз әдебиеті
мен көркем әдебиеттің әсері деп білеміз. Өйткені, бала кітаптағы жағымды кейіпкерлерге
еліктеп, ер атанғысы келіп, еркелікке, еңбекке құлшынып өседі.
Ежелгі қазақ әдебиеті өкілдерінің балаларға қалдырған әдеби мұрасы, Алтынсарин, Абай
Құнанбаевтың өлең - әңгімелері осы күнге дейін тәрбиелеу мен оқытуда, ғылым жолын
танытып, өнер - білімге баулуда қастерлі қасиетін еш жойған жоқ. Жамбылдың, Сәкеннің,


Page 2

Жансүгіровтың, Майлиннің, Мұқановтың сондай – ақ көптеген жас жазушылардың балалар
сүйсінерлік қызығып тыңдарлық жақсы шығармалары бар. Мұның бәрі, жеткіншек ұрпақты
тәрбиелеуде баға жеткісіз қазына. Әрбір тәрбиеші соларды іздестіре отырып, термелеп жинап
жүрсе, өз жұмысына өте демеуші дәнекер таппақ.
Жас кезінде әңгіме, жырларды көп тыңдаған бала өз көрген - білгенін қиыстырып, тұжырымдап
достарына, тәрбиешілеріне, ата - аналарына айтып бере алса, тіл шеберліктері артады.
Мұндай жақсы қасиеттер баланың парасатты, инабатты, әдепті, еңбексүйгіш, көргенді болып
өсуіне әсер етеді.
Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан - да балалармен жүргізілетін
жаттығу түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтарды үлкейген сайын тіл
дыбыстарын айтып, үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді.
Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері
кешенді түрде іске асырылады.
Дыбыстардың ерекшеліктерін жете меңгеріп, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру басқа да
тілдерін дамыту сауат ашу оқу іс - әрекеттерінде ғана емес, ән, дене шынықтыру оқу іс -
әрекеттерінде де, бос кезеңдерде де балаға өлеңдер, тақпақтар үйретіледі.
Балабақшада балалардың жас ерекшелігіне лайықты көркем әдебиет шығармаларын, оқыған
шығарма мазмұнын әңгімелеп айтқызу, суретке қарап әңгімелеу, ертегілер оқып беру, мақал -
мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар үйрету сияқты жұмыстары арқылы бала тілін дамытуға болады.
Мектепке дейінгі тәрбие жұмысы жүйелі жүргізуді талап етеді. Қазіргі уақытта баланы
халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу ана тілі арқылы өз дәрежесінде жүзеге асатыны
белгілі. Баланы ана тілінде анық, жүйелі, өзгелерге түсінікті, мәнерлі үн ырғағымен келістіре
сөйлеуге, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс жеткізуге мектепке дейінгі кезеңде үйрету керек.
Тәрбиеші әр баланың тілін зерттеп, ерекшелігін жете меңгергеннен кейін, тәрбие білім беру
үрдісіне күн тәртібінің қолайлы сәттерінде дыбыстарды дұрыс дыбыстауға орай жаттығу
жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастырып жүргізеді.

Сөздің дыбыстық жағын меңгерту
- Бала тілін зерттеп, қай дыбысты айта алмайтынын анықтау;
- Артикуляциялық аппаратты дайындау кезеңі
- Сөз, сөйлем, өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарды айтқызып, дыбыстарды үйрету.

Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту барысында қолданылатын әдістерге
тоқталатын болсақ:
1. Сахна ойындары. Оның барысында қажетті дыбысқа байланысты сөздер, сөйлемдер
бірнеше рет қолданылады. әр кейіпкерді сөйлете отырып, балаларға қайталату.
2. Бағдарлама бойынша өтілетін шығармалардан тіл ұстартуға қажетті шумағын алып
пайдалану. Сол шумақ қай ертегіден, қай өлеңнен алынғанын сұрап, жауабын алу арқылы тіл
дамытудан игерген білім дағдыларын бекітеді, әрі қайталайды.
3. Сөздің дыбыстық жағын анық айтуға жаттықтыруда шағын әңгіме, ертегілерді мәнерлеп
оқып беруге болады.
4. Көркем сөз шеберлерінің таспаға жазылған үндерін, мәнерлі дауыс ырғағын тыңдату.
5. Дидактикалық жаттығулар жасау. «Ғажайып қалта» «Не өзгерді?» үстел үстінде ойнайтын
ойындарды пайдаланып, әр дыбысқа байланысты суреттерді топтап алу.
6. Жұмбақ, мақал - мәтел, жаңылтпаштарды айтқызу арқылы қажетті дыбысты бекіту.
Жұмыстың осы түрлерін баланың жас кезінен бастап дер шағында қолға алса нәтижесі де
ойдағыдай болады.
Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері
кешенді түрде іске асырылады. Мәселен, ән оқу іс - әрекетінде музыка үнімен бала сезіміне
әсер етсе, тіл дамытуда оқылған әңгіме, ертегілер, біріншіден баланың ақыл - ойын, танымын
кеңейтсе, екіншіден ана тілін жақсы білуге көмектеседі.
Оқу жылының басында өз тобымда тілдері з, р, с, ш дыбыстарын айта алмайтын балаларға
дыбыстарды дұрыс айтқызу мақсатында ойын - жаттығулар, тақпақтарды айтқызып үйреттім.
Мысалы: «З» дыбысын бекіту мақсатында А. Райымқұлованың «ауыл маңында» өлеңін
айтқызуға болады.


Page 3

Ауыл маңы саз, саз - саз,
Жайылады қаз, қаз - қаз.
Тоймай қалса қаз, қаз - қаз,
Шашқан дәнің аз, аз - аз.
Дыбыстарды меңгерту барысында ассоциация әдісін қолданамын. Мысалы: «Қ» дыбысын
бекіту мақсатында Қ – қарға, қолғап, қасқыр, қой, қарындаш
Ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып келе жатқан ертегілер, мақал - мәтел, жұмбақтар, жаңылтпаш
бала тілін дамытуда шешуші орын алады. Тобымдағы балаларға ертегілерді ең алдымен
ауызша айтып беремін. Сонан соң айтылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл
байлықтарын арттыру мақсатымен сахналап рольдерге бөліп ойнатамын. Мысалы:
«Бауырсақ» «Шалқан» «Мақта қыз бен мысық» «Алдар көсе мен тоңғақ бай» «Күз түсті»
ертегілері.
Түрлі ойын - жаттығулардың бала тіліне тигізер ықпалы мол. Мысалы: «Күз түсті» ертегісін
алып ойын - жаттығу ретінде өткізіп жүрмін.
«Балалар тоғайға жеміс - жидек теруге барады. Барлығының қолдарында себет бар. Олар
тоғайға келе жатса, бір сиыр жатыр екен. Сиыр балаларды көріп «мө - мө - мө» деп
амандасады. Содан кейін «балалар, қайда барасыңдар?» дейді.
- Балалар: - Орманға жидек теруге бара жатырмыз
Деп жауап береді.
Орманға келіп ағаштың бұтағында тоқылдақтың отырғанын байқайды. Тоқылдақ балаларды
көріп «тық - тық» деп амандасады. Сонан кейін торғайлар «шиқ - шиқ» деп дыбыстайды. Қарға
болса «қар - қар» дейді. Көкек те қалыспай «көкек - көкек» деп қалыспайды.
Осы тәріздес ормандағы құстар, аңдар балалармен кездеседі. «Күз түсті» ертегісінің мазмұны
бойынша жүргізілетін ойын - жаттығудың мақсаты ертегі мазмұны бойынша балаларды
қызықтырып, дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Ертегілерден басқа көркем әдеби
шығармаларды балаларға оқып беріп, олардан әңгіменің мазмұнын сұраймын. Мысалы: «Екі
дос пен қайыршы қария» әңгімесін оқып беріп, әңгіменің мазмұнын сұрау арқылы Венн
диаграмма әдісін қолданып, балаларға Алдан мен Сауранның мінезін салыстырамын.
Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан өзіндік ерекшеліктерімен танылған
халықтың асыл ойының көркем жиынтығы мақал - мәтелдер арқылы да беріледі.
Қазақты мақал - мәтелдері негізінен елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті,
инабаттылықты қамтиды. Сондықтан, мен «Менің Қазақстаным» «Отбасы» «Менің ауылым»
тақырыптарын өткенде:
• Туған жер – алтын бесік
• Өз үйім - өлең төсегім
• Отан – оттан да ыстық
Батырлық, ерлік туралы:
• Жауынмен жер көгереді, батамен ел көгереді
• Ер - елдің көркі, өсімдік жердің көркі
Білім туралы:
• Қына тасқа, білім басқа бітеді
• Көп сөйлеген білімді емес, көп білген білімді – деген мақал - мәтелдерді
пайдаланамын.
Бала тілінің дамуына жұмбақтар үлкен роль атқарады. Әр оқу іс - әрекетінің тақырыбына
сәйкес жұмбақ айтудан бастаймын.
• Кешкісін маздап жанады, таң атса сөніп қалады (Жұлдыз)
• Қырманнан көрдім, ырыздығы елдің (Дән)
• Басында аппақ шәлі, етегі елдің сәні (Тау)
Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға
бейімді жанр – жаңылтпаш. Жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды
алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді.
• Көк кесе, көп кесе, Көп кесені әкелді кеше

Қорыта айтқанда балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге
балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор.


Page 4

Қазіргі заман талабына сай оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға
ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби
мұралармен сусындатып тәрбиелеу, тәрбиешінің алға қойған міндеті. Айналадағы дүниені,
табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет
деп есептеймін. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін
тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа
әңгімелеріне бағыт - бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты
назарда ұстау керек деп ойлаймын. Баланы өз баламыздай жақсы көріп, білгенімізді олардың
санасына құю, жеткізу тәрбиешінің алға қойған мақсаты. Сол мақсатқа жету үшін талмай,
қажымай еңбек етуге міндетіміз.


Кулекеева Мақпал


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!