Суюбергенова Несибели
Мусагалиевнатәрбиеші,
№37 «Мәншүк» балабақшасы
МКҚК
Маңғыстау облысы, Ақтау
қаласы
«Балабақшада
балаларды дидактикалық ойын арқылы балаларды
дамыту»
Қазақыстан Республикасының
2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке
дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың
жеке бас ерекшелігін ескере отырып, дамытатын орталық» делінген.
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға
сай зерделі, ой-өрісі жоғары дамыған ұрпақ қалыптастыру алға қойған
аса маңызды міндеттің бірі. Демек, бала-біздің болашағымыз болса,
баланың болашағы біздің қолымызда. Ең алдымен, баланы жан-жақты
тәрбиелеу үшін педагогтың өзі тәрбиелі, білімді, саналы болуы
қажет. Тәрбиешінің берген тәрбиесі, білімі балалардан көрінеді.
Балалардың сөйлеу қабілеті, өзін-өзі ұстауы, белсенділігіне жасаған
жұмыстарына қарап, тәрбиешінің жұмысын көреміз. Бала-тәрбиешінің
айнасы десек, артық болмас.
Дидактикалық ойын – баланың
ақыл-ойын, сенсорлық және тіл байлығын дамытады. Балалар анық,
асықпай, барынша қатты айтуға үйрету, сөдің қарқыны мен ырғағын
бақылау; Тәрбиеші баланы ойната, сөйлете ісіне баса көңіл бөлген
жөн.3 жастағы баланың тілін дамытуда сөздің лексикалық жағын
молайтуымен қатар, ол сөздерді нақты түсініп айту, қажетіне қолдана
білуге үйрету. Балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда
дидактикалық ойын маңызды құрал болып есептеледі. Ойын арқылы
білімді меңгеріп, оны бекіту үшін дағдымен әдетті қалыптастырамын.
Балабақшада жиі қолданылатын дидактикалық ойын түрлерін өткіземін:
Ойыншық пен ойнатылатын ойындар; Үстел үстінде ойынатылытын
ойындар; Сөздік ойындар;Әр топта балалардың жас ерекшелігіне
байланысты ойындар іріктеймін. Сондай-ақ тапсырмалар арқылы
балалардың білімін тереңдетіпойнауын, зейінін, есте сақтауын
дамытуға көмектесемін. Ойын-баланың бірінші әрекеті, сондықтан да
оның мән-мағынасы ерекше. Дидактикалық ойын баланың қоршаған дүние
туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі. Бала
бақылау, оқыған кітап, естіген ертегі арқылы айналасын таниды.
Олардың түсінігі алғашқы кезде айқын болмайды. Тәрбиеші баланың
түсінігін дидактикалық ойындар арқылы нақтылап, дамытып саналы
түрде түсінуін өрістетеді. Дидактикалық ойын адамгершілікке
тәрбиелеудің құралы болып табылады. Дидактикалық ойынмен
ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Сондықтан
дидактикалық ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты,
мүмкіндіктері мен жағдайларын ескертуге ерекше назар аударған жөн.
Дидактикалық ойын-балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын-айналадағы
дүниені танудың тәсілі. Ол балаларға өмірде кездескен
қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық
қабілетін қалыптастырады. Педагогикададидактикалық ойындарға былай
анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз-балаларға
белгілі-бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын
көздейтін іс-әрекет. Тәрбиеші-балаға тәрбие береді. Ол тәрбие беру
арқылы баланы дамытады, қалыптастырады. Дұрыс дамытып, дұрыс
қалыптастыру үшін алдына нақты мақсат бағдар қояды. Сол мақсатқа
жету үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданады. Мен тәрбиеші ретінде
балаларды ойын арқылы дамыту әдісін таңдадым. Таңдаған әдісті терең
қолданып, жан-жақты көкірегі ояу азамат, азаматша тәрбиелеп
болашаққа үлес қосатыныма сенімдімін.