Материалдар / «Балабақшада білім мен тәрбиені жаңғырту»

«Балабақшада білім мен тәрбиені жаңғырту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды кезеңіндегі білім берудің мазмұның жаңашаландыру – бұл, ең алдымен «білім», «икемділік» деген сөздердің мәнін ашу, білім беру процестерін дұрыс талдау, білім сапасының жоғарылауына септігін тигізетін көзқарастың калыптасу жүйелілігі және инновациялық педагогикалық технологияларды ептілікпен қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2023
146
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Детский сад «Өрлеу» ЖШС

Абай облысы, Семей қаласы


Байскакова Дилдаш Секеновна


«Балабақшада білім мен тәрбиенің жаңғырту»


Қазақстан қоғамында болып жатқан демократиялық өзгерістер мектеплады білім беру жүйісіне де күрделі өзгерістер еңгізді, оның ішінде ұйымдастыру мен мазмұнды жақтарына. Ғылыми зерттеулерлер жаңалық ашып жатқан заманда білім беру жүйесі мен мектепке дейінгі мекемелері алдында баланы жоғары сапалы деңгейде, жан-жақты дамыту мақсаты тұр. Бұл мақсаттарға тек білім беру жүйісінің мазмұнын жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады.

Мектепалды кезеңіндегі білім берудің мазмұның жаңашаландыру – бұл, ең алдымен «білім», «икемділік» деген сөздердің мәнін ашу, білім беру процестерін дұрыс талдау, білім сапасының жоғарылауына септігін тигізетін көзқарастың калыптасу жүйелілігі және инновациялық педагогикалық технологияларды ептілікпен қолдану. Кандай мекемеге болмасын? Инновацияларды еңгізу қиын әрі ауыртпалы процесс. Дегенмен, жаңашылдықсыз бәсекеге қабылеттілікті қажет ететін заманауи қоғамда даму, қызмет ету мүмкін емес.

4 жыл ішінде «Өрлеу» балабақшасының педагогикалық ұжымы «Step by step» инновациялық технологиясы бойынша жұмыс істеп келеді.

«Step by step» технологиясы - 2-6 жасар балалар мен олардың отбасы үшін өте бағалы технология. Оның өзгермейтін, айтарлықтай міндеттері де бар. Олар:

  • әрбір бала үшін жекелендіру;

  • жұмысты жоспарлау және орталықтардың ұйымдасу белсенділігін жүзеге асыру арқылы балаға көмектесу;

  • оған отбасының қатысуы.

«Step by step» технологиясы бойынша ойын және де басқа іс-әрекеттерге арналған әр түрлі материалдар мазмұнында топтарда бірнеше белсенділік орталықтары құрылған:

  • Сюжетті – рөлді ойын орталығы.

  • Манипулятивтік (үстелде ойнайтын ойындар мен ойыншықтар) орталығы.

  • Құрылыс орталығы.

  • Ғылым орталығы.

  • Әдебиет орталығы.

  • Бейнелеу өнері орталығы.

Берілетін заттар бір жылдың ішінде балалардың даму деңгейі мен қызығушылықтарының өзгеруіне байланысты жаңарып отырады. Материалдар мен құрал-жабдықтар балаларды жақсы ойнау мен оқу әрекетіне қатыса алатындай, көз тартарлықтай бөлменің әр түрлі орындарына немесе жинақтау зонасына ыңғайлы орналасқан.

Басты мақсатымыз – баланы даму әлеміне енгізу болса, басты бағытымыз – баланың денсаулығын сақтау, нығайту, оларды жан-жақты дамуына жағдай жасау.

Ол үшін мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ережелерінің стандартының бес білім беру салаларының талаптарына сай, ата-бабамыздың асыл мұрасын, өнер мен өнегедегі озық үлгілерін бала бойына сіңіре отырып, жан-жақты тәрбиелеу мақсатында «Step by step» технологиясының білім беру бағдарламасы негізінде жұмыс жүргізілуде. Осы бағдарламаларды тиімді қолдану арқылы балалардың ерік-жігерінің қалыптасуына өз бетінше ізденуіне, жеке тұлға ретінде дамуына аса назар аударамыз Біз үшін осы уақыт шығармашылық пен еңбекке толы, әріптестермен, ата-аналармен, балалармен жаңа қатынасты орнату кезеңі болып табылады. Осы уақыт ішінде біз осы технология бойынша жұмыс істеуде қолдау көрсетіп, кеңестерін ұсынған «Step by step» қоғамдық қорымен тығыз байланыс орнатып, бірге істеп келеміз. «Step by step» инновациялық технологиясы арқасында бала бақша педагогтары үнемі жаңалықтарға ашық, шығармашылық ізденісте өз білімдерін дамытып келеді.

Біздің бала бақша модульді орталық болғандықтан, осында жүйелі түрде әріптестерімізге арналған семинар-тренингтер өтіп тұрады. Бұл семинарларда біздің педагогтар, қоғамдық қордың жаттықтырушы – фасилитаторлары практикалық тұрғыда «Step by step» инновациялық технологиясы бойынша қабілеттілікті арттыру үшін шеберлік сыныбын өткізеді. Оның мақсаты – кәсіби біліктілікті арттыру, жиналған тәжірибемен бөлісу.

Бастысы – балалардың шығармашылық әлеуеті белсенділік орталықтарындағы ойын жүргізу арқылы іске асады. Топтарда балалардың түрлі қызметін ұйымдастыруға арналған дәстурлі емес жағдайлар жасалған.

Бала бақшадағы инновациялық әрекеттер дәстүрлі басқару пирамидасын өзгертіп, тәрбиелеуші мен балаларды, мектепке дейінгі мекемесінің басшысын, олардың кәсіби сұраныстары мен қажеттіліктерін басты назарға қояды. Бала бақшадағы әкімшілік қатаңдылық емес, мектепке дейінгі мекемесін дамытатын тәрбиеленушілердің шығармашылық әлеуеті: олардың кәсіби өсуі, жұмысқа деген ниеті, тәрбиеленушілердің қабілеттіліктерін ашудағы мүмкіндіктері. Өз кезегінде инновациялық қызмет инновациялық менеджменттің нысаны.

Инновациялық менеджмент – бұл инновациялық қызметпен, инновациялық процестерді басқарудағы әдістері мен ұстанымдардың жиынтығы. Менеджменттің басқа саласына сияқты, оған да мақсат қою мен стратегия таңдау, жоспарлау, жағдайларды қарастыру, ұйымдастыру, іске асыру, басқару тән. Бала бақшадағы балалардың жүйелі түрде жеке дамуын ұйымдастыру үшін білім беру процестерін жоспарлау мен бала бақшаның бағдарламалы-әдістемелік қызметін әзірлеуде, еңбек қорғау қызметінің жұмысын ұйымдастыруда түрлі тәсілдер қажет.

Бала бақшадағы инновацияларды басқарудың мысалдарын келтірсек, олар:

  1. Иннвациялық процестердің бағдарламалы-әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу: мектепке дейінгі білім беру мекемесінің даму бағдарламасы, білім беру бағдарламасы, жылдық жоспар.

  2. Тәжірибеге инновациялық ұжымдық және жеке педагогикалық жобаларды жасау және еңгізу.

  3. Тәрбиеленушілерге қосымша ақысыз білім беру және сауықтыру кызметін еңгізу. Оған секциялар, студиялар, үйірмелер жатады.

  4. Бала бақшаға бармайтын денсаулығы бойынша мүмкіншілігі шектеулі балалар мен олардың ата-анасына тәрбиелеудегі отбасылық және қоғамдық бірлікті нығайту мақсатында, псилогиялық, педагогикалық көмек көрсету, балалардың жеке қабілеттіліктерін дамытуға арналған кеңес беретін пунктілерді ашу.

  5. Бала бақшадағы дене шыныктыру, сауықтыру жұмысына инновациялық әдістерді еңгізу.

  6. Балалар мен ата-аналарының арасындағы қатынасты жақсартуға арналған әлеуметтік технологиялар.

  7. Инновациялық қызметтің ғылыми-әдістемелік өнімі – әдістемелер мен зерттемелерді баспаға шығару, едагогтардың мақалаларын Интернет желісі бойынша сайттарға оналастыру; виртуалды түрде мәселелерді көтеретін семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, сайыстар, Интернеттегі форумдарға қатысу.

  8. Шығармашылық топтармен, мәселелері бар топтармен жұмыс істеу, шебер сыныбын өткізу.

Заманымыздың білім беру процессі бір орында тұрған жоқ, сондықтан біздің де бала бақша үнемі даму үстінде. Содан болар педагогтарымыз да ізденіс процесстерін тоқтатпай, жұмыстарына жаңашыл ойларын еңгізуде. Инновациялық қызметтерінің арқасында біз мынадай басты жетістіктерге жеттік:

  1. Денсаулық және салауатты өмір салты. Балалардың денсаулығы, дене мен психологиялық дамуы.

  2. Адамзатқа тән және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу. Жеке тұлғаның мәдени, рухани және моральды тәрбиелеу деңгейі.

  3. Жеке мүмкіншіліктері мен қабілеттеріне сәйкес білім алуы. Интеллектуалды даму деңгейі.

  4. Білім алуын жалғастыру қабілеттілі. Мектепте білім алуға даярлық деңгейі.

  5. Жеке тұлғаның білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім алу ортасын бейімдеу. Пәндік дамыту және білім беру ортасының бейімдеулік деңгейі.

Қорытындылай келе, заманауи мектепке дейінгі білім беру мекемесінің білім беру менеджері – меңгерушісі нәтижелі, тиімді басқаруы үшін басқару негіздерін, бала бақшаны басқарудағы заманауи нәтижелі стратегиялар мен әдістерді білуі қажет, сонымен қатар ұжымды бақаруда керекті жетелеуші функциялары арқылы, сындарлы позитивті тәсілдердің негізінде жұмыс істеуі қажет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ