Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды және аз қимылды ойындар топтамасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды және аз қимылды ойындар топтамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қимылды ойындарды серуен кезінде таза ауада өткізген анағұрлым тиімді. Жылдың суық кездерінде және жаңбырлы күндерде олар топ бөлмесінде немесе залда ұйымдастырылады. Алдын ала бөлменің ауасы тазартылады, еденді дымқыл шүберекпен сүртеді, фрагмуа немесе форточка ойын кезінде ашылып қойылады. Әрбір баланың тәрбиеші ұйымдастырған қимылды ойынға күні бойы қатысқаны жақсы. Ойын бүкіл топ болып та, шағын топтармен де өткізіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды және аз қимылды ойындар топтамасы

 

         Ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулар.

         Қимылды ойындарды серуен кезінде таза ауада өткізген анағұрлым тиімді. Жылдың суық кездерінде және жаңбырлы күндерде олар топ бөлмесінде немесе залда ұйымдастырылады. Алдын ала бөлменің ауасы тазартылады, еденді дымқыл шүберекпен сүртеді, фрагмуа немесе форточка ойын кезінде ашылып қойылады.

         Әрбір баланың тәрбиеші ұйымдастырған қимылды ойынға күні бойы қатысқаны жақсы. Ойын бүкіл топ болып та, шағын топтармен де өткізіледі.

         Ойындардың серуенін, әр кезін өткізуге болады. Егер бүкіл топ қатысса, онда балалар серуен жасап келгеннен кейін біраз уақыт өткен соң немесе оның басында ұйымдастырылуы тиіс. Балалардың шағын тобымен әжне жеке-дара өткізілетін ойындарды тәрбиеші бүкіл серуен бойына жүргізеді. Мұнда тәрбиешінің бір немесе бірнеше баламен ұйымдастырылған ойыны бүкіл топ ойынына жиі айналып отыратынын естен шығармау керек,өйткені 3 жасқа аяқ баксқан балалар ұжымды қимылдық әрекеттерге белсенді араласып кетеді.

         Қимылды ойынға кірісудің формасы сан алуан. Кейбір балалар ойынның ойналуын бақылап тұрып өзі қатыспаса да, өзі қатысқандай зор қанағаттанылушылықты басынан кешіреді. Олар ойынның барысында эмоцилы көңіл күйдерін білдіреді, қосылып билейді, алақандарын шапалақтайды, қолдарын бұлғайды.өздерінің бірге қатынасып тұрғандарын білдіреді. Бірақтәрбиешінің басқа балалармен бірге ойнаңдар деген ұсынына олар қанағаттанғыс жауап береді. Егер тәрбиеші артықырақ талап етсе, олар үндемей, ойнап жатқандардан шеткерірек барып тұруы мүмкін.мұндай балаларға педагогтың өте нәзік қарым-қатынас жасауы керек. Еріксіз көндіру, асығыстық істеу жарамайды. Баламен үнемі араласу, еркелету, көңіл қою дұрыс нәтижелерге жеткізеді және бала өз ықыласымен ойнауға кірісіп кетеді.Фискультура немес музыка сабақтары өткен күндерде де бірінші қимылды ойындар серуен кезінде бәрі өткізіледі. Сабырлылау ойындар таңдап алады. Күннің екінші жартысысында әр түрлі қимылдардағы ойындар өткізіледі. Үш жасқа аяқ басқан балада ұжыммда арым-қатынас жасау дағыдысы дамыса да, бұл жастағы балалар көбіне жалғыз ойнауды жақсы көреді, ал қимыл жасауға арналған тапсырмаларды  сабақ үшін ойындар «қимылды ойындар» деген бөліммен таңдалып алынады тәрбиешімен қосылып сүйсіне орындалады. Сондықтан тәрбиеші әрбір балаға жеке-жеке қимылдар жасатып, мезгіл-мезгіл олармен шұғылдануға тиіс: онымен доп ойнау, құрсауды айналдыру және т.б. бұл әсіресе ұялшақ, қорқақ,көңіліне алғыш балалар үшін өте маңызды. 2,5 жастан  әрі қарай ойындарында баланың өз бетімен тырысуы бірте-бірте күшейе береді. Үлкен адамдардың көмегінсіз оның өз әрекеттерінің нәтижелеріне қол жеткізулеріне тырысушылығы көбейе бастайды. Сондықтар қимылды ойындарды балаға өз бетімен әрекет етуге  мүмкіндік беру керек, әрине, бұл мүмкін де  қауіпсіз болған жағдайда ғана болады.

         Үш жасқа аяқ басқан балалардың қимылды ойындарының ерекшеліктері.  Бұл жастағы балалардың ой өрісі тар, зейні тұрақсыз, сонықтан олар үшін қарапайым да оңай сюжетті ойындар ұйымдастырылады, ол ойындардың кейіпкерлері күнделікті өмірде жақсы таныс (мысық, құстар)  немесе картинаны, ертегіні, ойыншықты,(аюды, қоянды, түлкіні) пайдалана отырып, олармен балғындарды таныстыру оңай.Бұл ойындағы ережелер қарапайым және сюжетпен тығыз байланысты.

         Бұл жастағы топта ойындық жаттығулар үлкен орын алады. Мұндай ойындарда сюжет болмайды, бұл ойындарға қарапайым қимыл жасалатын тапсырмалар кірістіріледі: жалаушаны әкелу, қоңырауды соғу допты қуып жету т.б. Бұл қимылдар балаларға белгілі де оңай(жүгіру, жүру, тәне т.б.)

        

Сюжетінде алаларға таныс жаттығулары бар қимылды ойындар олардың ыстық ықыласын тудырады. Мысалы, «поезд» ойынына денені тепе-тең ұстау жаттығулары жақсы өндіріледі. Ойын шамамен былай өтеді. Балалар поездбен саяхатқа шығады. Олар ікшкене ақ қайыңға келеді, вагоннан шығып, орман ішімен қыдырады, гүлдер жинайды,содан кейін үстінен кішкене бұлақ ағып жатқан, көпір салынған (еденде тақтай жатыр) көгал шалғынға қарай барады. Балалар оның үстінен бірінен соң бірі өтеді, екінші жағаға шығады. Қыдырғаннан кейін поездға оралады, вагонға отырады (орындықтарға); машинист ысқырықбереді, поезд жылжып кетеді. Балалар әндетіп үйге кетеді.

         Мұндай ойындардағы балалар қимылының сюжеттері, мазмұны,әуені бүтіндей тәрбиешінің ойдан шығаруы мен шығармашылығына байланысты. Сабақтарды үйренгенойын қимылдарын қайталау олардың жетіле түсуін

қаматамасыз етеді.

         Ойын кезінде барлық балалар бірдей роль мен қимылдар орындайды. Ойынға бірнеше әр түрлі образдар кірістірілмейді. Бір ғана жауаты роль таңдалып алынады, оны алдымен тәрбиеші орындайды, одан кейін оны белгіленген бала орындайлы.

         Бір ойында бала бірінен соң бірі жүгіре білуге тиіс немесе белгілі бір бағытта белгілі бір сигнал бойынша («Поезд»)  қимылды бастауға және аяқтауға тиіс, ал екінші ойында жұптасқан әрекеттерде («Ат») өз қимылын шамаластыруға, үшініші бір ойында- өз бетімен шеңбер жасап тұруға, бірдейленуге немесе («Көбік»), («Ұядағы құстар») сингал бойынша өз орнын табу. Сөйтіп ойындарда бір қимылдың өзі түрлі құрылымда, әр түрлі жағдайларда қайталанады. Бұл- балдырғандардың  қимыл үйлесімдігін дамытуда маңызы зор, белсенділікке әжне өз бетімен үстеуге тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Тақпақ айту мен текстердегі қысқа да көркем сөз және сөйлеу тағы бір ойындарда олар балаларға қандай қимылдар жасау керектігін айтады, ойынның ережесін («Ақ қоян отыр », «Менің зымыраған көңілді добым») ауыстыруға болады. Балғындардың ішінен біреуі  мұндай ойынға қатыса отырып үндемесе және барлығымен бірге сөздерді айтпаса, мұның сөгеттігі жоқ. Кейіріек тәрбиешімен қарым-қатынаста мұны ол сүйіспеншілікпен орындайды.

         Ойынға даярлық. Ойынды өткізу шарттарымен, онда пайдаланатын заттармен алдын ала таныстыру керек, қимылды орындауда мұндай алдан ала көңіл күйдің болушылығы тапсырмаларды орындауға баланың қуанышты та белсенді көзқарасын қамтамасыз етеді, өйткені бала оның негізгі ерекшелігі мен мәнін жете түсінеді. Бұл қимылдың дағдылары мен шеберліктерінің қалыптасу процесіне айтарлықтай ықпал етеді. Тәрбиеші баланың ойынға немесе жаттығуға қатысуға деген  ықыласты көзқарасын оятады, сөйтіп, ол тапсырманың ойдан шығарылған қарапайым да қысқа сюжетін әдемілеп айтып береді, мұнда дауыс әуенін және күрделірек әрекеттерді баса айту, балаларды тапсырмаларды орындауға деген ықыластарын қамтамасыз етеді.

          Ойын жақсы өткізілуі үшін, тәрбиеші оның өтілуіне ұқыпты түрде дайындалуы қажет: құралдар мен ұсақ заттарды таңдап алу, топты қайда орналастыруды, «үйлердің», «ұялардың » қайда болатынын, жетекші рольге тағы басқаларға балалардың қайсысын тару қажет-осыны да ойластырады. Тәрбиеші ойынның мазмұнын, барысын, жетекшеуші сөздерді жақсы білуге тиіс.

         Ережелердің орындалуы. Ойынның ережелерін орындау- ұйымшылдықтың, тәртіптіліктің дамуына, жалпы ұжымдық міндеттерге өзінің әрекетін бағындыра білушілікке, өзін шектей білу мен ойланып әрекет істеуге тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Бұл жастағы балаларға қойылатын басты талап- белгі бойынша (рұқсат ету,нұсқау,алақан шапалақтау, қоңырау соғу) әрекет жасауға, бірінің соңынан бірі жүгіруге үйрету; тапсырманы орындап, өз орнына қайтып баруды үйрету. Мұнан басқа, ойында балабәрінен бұрын белгілі бір тәсілмен (еңбектеп жүру, екі қолымен допты лақтыру т.б.) әрекеттер жасауға тиіс. Балалар ойын шарттарын ережелердің сақаталуын, жалпы алғанда, қимылдардың орындалу тәсілдерінің сақталуын ескеруге тиіс.

         Кішкентай балалар ойынының бүкіл нәзік жерлерін және қажетті жағдайлармен мейілінші жай меңгереді. Сондықтан тәрбиеші олармен бір ойынның өзін оларды жалықтырып жібереді деп ойламай, жиі қайталапалады. Ойынның негізгі мақсатын бірте-бірте түсіну, ережелерді тереңірек білу және осының нәтижесінде өз беттілігінің артуы балғындарға қуаныш әкеледі, ойынға деген ықыластары ұзақ уақытқа сақталады.

         Ойынды 2-3 күн қатарынан қайталаған тиімді, содан соң қандайда бір болмасын ойынды ойнату немесе бұрын үйренгендерінің ішінен алып, ойнау және ол ойынды қайтадан қайталауға кіріседі.

         Балдырғандармен қимылды ойындырды қайталаған кезде, тіпті ол ойындарды жалпы өткізген кезде балалардың өте шаршамауын, қызбаланбауын қадағалаудың маңызы бар. Беттерінің өте қызаруы (кейбір балалардың қуқыл тартуы) , қатты терлеуі, тынысының жиілеуі, артық шулауы және зейінділігінің нашарлауы ойынды қысқарты немесе уақытша тоқтатып қою, балаларға дем алдыру жөнінде мәлімет береді. Тыныстаған кезде балалармен әңгімелесуге, ережелерді анықтауға, тақпақ тексерісін қайталауға болады.

Қимылды ойындарды қайталауды ұйымдастыра отырып, әрбір баланың ойындағы қимыл дәрежесін ескеруге және оны реттеп отыруға (біреуін дәл кезінде тоқтату, екіншісін қозғалтуға,жарасымды рольді таңдау т.б.) тиіс. Екі ойынды бірден ойнатуға болмайды. Мұнда ой ойынның біреуі артығырақ қимылды талап ететін (шашырай жүгіру, қағып алу, өзіне дарытпау т.б.), ал екіншісі-аз қимылды, сабырлы, мысалы, кеңістікке бағдарлай білу ойыны сияқты болуы тиіс. Балалардың қимылды ойындарға сүйіспеншілікпен қарауына тырысу керек.

         Ойынға басшылық ету. Үш жасқа аяқ басқан балаларды тәрбиелеу үшінүлкен адамдармен үнемі жалғасып жүрудің ерекше маңызы бар. Үлкен адамдар белсенді,эмоциялы болған жағдайда олар ойында балалардың барлық қимылдарына ықылас білдіріп, өздері де ол ойындарға қатысқанда балғындар қанағаттанғандықпен ойнайды. Тәрбиешінің көңілді де еркелеткен үні, оның қызығушылығы балғындарды арбап, оларға бұл қуанышты көңіл күй ауысады. Мұндай жағдайларда балалар тәрбиешінің әрбір сөзіне зейін қоя тыңдап, оның барлық талаптарын орындайды, ойындарды қызыға қайталайды., оларды жақсы үйреніп алады.

         Тәрбиешіге ойынға басшылық етуді ондағы жауапты рольді орындаумен жиі ұшырастыруға тура келеді, өйткені 2-3 жастағы балалар  бұл міндеттерді жақсы орындап

шыға алмайды. Тәрбиеші ойынға қатыса отырып, дұрыс қимылдардың үлгісін көрсетуі, ойынның ойналу барысын айтып отыруы өте маңызды.

         Ойынды тәрбиешінің түсіндіруі –ойын барысына ықпал ететін жауапты кез. Балдырғандарға ойынды эмоциялы, түсінікті, әрбір кейіпкердің өзіне тән белгілерін дауыс екпінімен баса көрсете түсіндіру керек. Сөйтіп, батыл қояндар жөнінде тәрбиеші еркелетіп, ал оларды ұстап алғысы келетін аю жөнінде қорқынышты реңкпен, қауіпті ерекшелей төмен дауыспен айтады.

         Ойындарды түсіндіргенде балаларға өз әрекеттерін өзгертуге тура келетінен белгілерді ерекше бөліп алу керек. Егер әрекет істеуге белгі болатын текстің соңғы сөзі болса, ол ерекшелене, қаттырақ айтылады.

         Егер моторикалық сипаттағы әрекетті үлкен адам түсіндіріп, айтып отыратын болса, бала оны жақсы орындайды. «Тастармен» деген ойын-жаттығуға басшылық етуді мынандай түрлі мысалға келтіреміз. Тәрбиеші: «Ал  енді Қожа көлшіктен өтіп шығатын болады. Бара бер,қожа қорықпа, көлшік терең емес»,- дейді. Қожа еденге бормен салынған бір құрсаудан екінші құрсауға аттап жүре бастайды. Ол асығып, тас-жанынан басып кете береді.  Тәрбиеші: «Байқа, асықпа, суды басып кетесің, аяғыңды сулайсың,. Міне, жарайсың, тура тастардың үстімен қазір жақсы жүріп келесің. Ал, енді жағаға бір-ақ аттайтындай алшақтау адымды», -деп сөзін жалғастырады. Тәрбиеші тапсырманы орындауға даярлай, жол жөнекей басқа да балалармен әңгімелеседі. «Әлия сенің көлшіктен өткің келе ме?» Әлия ұялған болып жымияды да еш нәрсе деп жауап қатпайды. Балалардың ішінен біреуі ол қорқады деп жауап береді. Тәрбиеші: «Біз Әлиямен көлшіктен өтеміз, міне, сонда қорқынышты болмайды. Иә, солай ма, Әлия»- деп баланы жігерлендіре түседі. Қыз бала батыл басын изейді.

         Үлкен адамдармен үнемі сөзбен қатынас жасау- балаларға қуаныш әкіеледі, сөйлеу тілін, қиялын, дамтуына зор падасын тигізеді, түсінігін байытады. Балалар әр қашан тәрбиешінің сөзіне зор зейін қояды, тіпті, ойынға қатыспайтын балалардың өздері де оны тыңдайды. Балалар өзара араласуына белсендіріліп, дұрыс бағыт беріп отыруы керек. Тәрбиешінің балаларға көңіл қоя,шебер де әдепті және дер кезінде еске салуы, бірігіп ойнауға қойған талаптары, балалардың бір-біріне көмек көрсетуі немесе кешірімді болуы нәтижемсінде олардың арасында жақсы достық қарым-қатынас қалыптасады.  



Жетісай ауданының білім бөлімінің

«Зувайда-ана» бөбекжай бақшасы ЖШС-нің тәрбиешісі

Талипова Жансая Бегадиловна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.12.2025
7
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі