"Балабақшада өткізілетін сюжеттік-рөлді ойынның маңызы мен түрлері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Балабақшада өткізілетін сюжеттік-рөлді ойынның маңызы мен түрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшада өткізілетін сюжеттік-рөлді ойынның маңызы мен түрлері


Заманауи педагогикалық теорияда ойын - мектепке дейінгі жастағы баланың жетекші әрекеті болып табылады. Ойынның маңызы баланың ойынға жіберген уақытының көлемімен емес, баланың негізгі қажеттілігін қаншалықты қанағаттандырғандығында. Бала ойнау барысында жаңа ойлау, жаңаша әрекет түрін өздігін тауып отырса, онда ойынның баланың дамуына әсер еткендігі байқалады.

Жүргізілетін ойындар мазмұны мен ерекшеліктеріне қарай бөлінеді. Олар мазмұны мен ұйымдастырылуына, ережесі мен балаларға әсер ету, баланың ойындағы белсенділігі мен ойында пайдаланылатын құрал-жабдықтарына қарай түрліше болады. Мектепке дейінгі жастағы балалар ойынын үш топқа бөлуге болады:

  • Баланың ұсынысы мен белсенділігінен пайда болатын – өз бетімен ойналатын ойындар;

  • Тәрбиешінің білім беру және тәрбиелеу мақсатында пайдаланатын ойындар;

  • Ұлт дәстүрінен пайда болған тарихи, халықтық ойындар.

Аталған ойынның топтары да бірнеше типтер мен түрлерге бөлінген. Сюжетті-рөлдік ойын баланың белсенділігінен пайда болған бірінші топтың құрамын кіреді. Ал сюжетті-рөлдік ойынның өзі бірнеше түрге бөлінеді.

  • Шығармашылықты сюжеттік-рөлдік ойын. «Шығармашылық ойын» түсінігі әдетте, драматизациялау, құрастыру, сюжетті-рөлдік ойындарды қамтиды. Шығармашылық ойынның мазмұнын балалардың өздері ойлап табады. Еркіндік, өз беттілік, өзін-өзі ұйымдастыру бұл топта толығымен көрінеді.

  • Тұрмыстық сюжетті ойындар: «үй», «отбасы», «туылған күн» т.с.с

  • Адамның еңбегі бағаланатын өндірістік, қоғамық тақырыптарға арналған ойындар: мектеп, дүкен, кітапхана, пошта, көлік: поезд, ұшақ, кеме.

  • Қаһармандық-отансүйгіштік тақырыптарға арналған ойындар: еліміздің қаөарман, батырларының рөлңн ойнау.

  • Әдеби, кино, теле және радио бағдарламаларының тақырыбына арналған ойындар: бауырсақ, мақтақыз, мысық т.с.с

  • Режиссерлық ойын – баланың жаны жоқ қуыршақтармен ойнауы. Бала ойын барысында бірнеше персонаждардың рөлінде ойнауы мүмкін. Ойын барысында бала сюжетті құрастырады, әр рөлді өз қалауынша ойнайды. Сөйлеу компоненті де барынша шарықтай түседі. Режиссерлық ойында тәрбиешінің міндеті – балаға барынша ойнау кеңістігімен, ойыншықтармен және уақытпен қамтамасыз ету. Баланың сюжеттік-рөлді ойындарды ойнауы бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін жалғасуы мүмкін.

Ойын ойнау барысында келесі компоненттер анық байқалады:

  • Ойын барысында баланың ойнайтын рөлі;

  • Рөлді ұйымдастыруға көмектесетін ойын әрекеттері;

  • Құралдарды пайдалануы;

  • Балалар арасындағы қарым-қатынас түрі.

Әдетте психологтар балаың рөлді таңдауы мен ондағы кейіпкерді сомдауынан, сөйлеу мәнерінен баланың ішкі жағдайы мен отбасындағы қарым-қатынасты анықтайды. Тәрбиеші де баланың ойын кезіндегі әрекетін саралап отырып, алғашқы мәселені дер кезінде алдын алып отырады.

Бала ойнайтын рөлдер:

  • Эмоционалды-тартымды (ана, дәрігер);

  • Ойынға маңызды (дүкен басшысы және т.б) болып бөлінеді.

Төменде балабақшада жиі ойналатын ойын түрлері келтірілген.

«Дүкен» сюжетті-рөлдік ойыны

Мақсаты: баланы заттың жалпы белгілері бойынша жіктеуге, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу, баланың сөздік қорын дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар: дүкенде сатып алуға болатын барлық тауардың ойыншық түрі, ақшалар.

Жас ерекшелігі: 3-7 жас

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға барлық ойыншықтардан супермаркет құруын нұсқайды. Балалар ойыншық түріне қарай сүт өнімдері, тәттілер, жеміс-жидектер бөлімін бөліп көрсетеді. Стол үстіне ойыншықтар тізілген соң балалар арасында сатушы, сатып алушы, дүкен иесі бөлініп алынады. Балалардың әрқайсысы өз рөлдерін ойнауға шақырылады. Тәрбиеші ойын барысында баланың топтағы балалармен қарым-қатынасы бақыланады.

«Қуыршақтар ауруханада» сюжетті-рөлдік ойыны

Мақсаты: балада дәрігер, дәрі, науқас, емдеу, ыстықтың көтерілуі, стационар түсініктерін дамыту, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу, баланың сөздік қорын көбейту.

Қажетті құрал-жабдықтар: дәрігердің ойыншық құралдары, қуыршақтар.

Жас ерекшелігі: 3-7 жас

Ойын барысы: балалардың арасында екі бала дәрігер мен медбикенің рөлін ойнайды. Қалған балалар құуыршақтарын алып дәрігерге емделуге келеді. Балалар кезекпен дәрігер мен медбикенің рөлін ойнайды. Егер жоғары топтың балалары болса дәрігер: көз, құлақ, хирург, балалар дәрігерініңі рөлін ойнауға болады. Тәрбиеші баланың әрекетін бақылап, әр құралға түсініктеме беріп, бала санасына дәрігерге барудың қаншалықты қажет екенін, оның ешқандай қорқынышы жоқ екенін айтады. Баланың ойын барысында еркін сезінуін тәрбиеші қамтамасыз етуі қажет.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2018
1036
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі