Материалдар / Балабақшада қазақ тілін үйретудің тиімді жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақшада қазақ тілін үйретудің тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада қазақ тілін үйретудің тиімді жолдарын көрсету туралы мақала.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2018
3466
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балабақшада қазақ тілін үйретудің тиімді жолдары

Г.Б.Алимканова, қазақ тілі мұғалімі

«Павлодар қаласының №29 сәбилер бақшасы» МҚКК


Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде және «Тіліміздің мемлекеттік қызметте де, ғылымда да, білім беруде де орыс тіліндей болып қолданылуы үшін қолдан келетіннің бәрін істеу керек»- деген елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тұжырымдамасы бар.

Қазақстан Республикасының Конституциясында аталғандай мемлекеттік тілді еркін игеру дегеніміз- ол ойын жеңіл де қиындықсыз жеткізе білулік қабілеті. Осы дәрежедегі деңгейге жету үшін тілді үйрету жұмысы мектепке дейінгі кезеңнен белсенді білім, білік, дағды және қабілеттерімен бастау алуы қажет.

Тәрбие басы- тіл, сондықтан балабақшада қазақ тілін үйрету оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қамтиды. Сәбилік кезден бастап-ақ саналы тәрбие ретінде қазақ тілін үйренуге тәрбиелеудің түп негізі- балабақшада қалыптасады.

Өзге ұлт өкілдері балаларына тіл үйретудің қиындығы мен қызығы да осы шақтан басталады. Сондай қиындықтарды қызыққа жендіріп, әр сабақта баланың жаңа сөздерді меңгеріп, өз ойын айта білуіне және толық жауап беруіне ұмтылу қажет.

Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі балалардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады.

Ойын элементтері арқылы баланың қызығушылығын арттыруға болады.. Баланың бірігіп жұмыс істеуіне бағыт беріп, іздендіруге дағдысын қалыптастыруына мүмкіндік туғызатын ол ойын элементтері болып саналады.

Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.

- Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің дыбыстық жағын меңгерту.

- Балалардың тыңдау зейінің қалыптастырып сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру

- Балалардың сөздік қорын молайтып, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.

- Балалардың ойын дамыту, дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиеші ойын әрекетін ұйымдастыруда өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай отырып ойлануға бағыттайды,заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады,қиялын дамытады. Мысалы:«Аз,көп», «Жақсы жаман», «Қыс,жаз», «Жоқ,иә», «Он саусақ», «Моншақ», «Мен бастайын,сен аяқта», «Жалғастыр», «Не артық?», «Есіңде сақта» т.б.

Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер,үлестірмелі карточкалармен көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр.

Көрнекілік әдісі – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эстетикалық жағынан жақсы , әртүрлі түстен болуы керек .

Ы. Алтынсарин «Натуральды әдіс» туралы былай деген: «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген.

Жемістер-көкөністер тақырыптарын қозғаса, баланы осы тақырыптарға сай қазақ тілінде сөйлетіп үйрету оқыту үрдісін әлдеқайда жеңілдетеді. Мысалы, бала ата-анасымен дүкенге барады, азық-түліктерді сатып алады, соның ішінде жемістер мен көкөністер де бар, сол туралы орысша әңгімелеп береді. Ал мұғалім орыс тілінде айтып берген әңгімесін қазақ тілінде айтып беруді сұрайды: Бала дүкеннен сатып алған жемістердің, көкөністердің атауын қазақ тілінде еске түсіріп атап шығады.

Тіл үйретуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Балалар тілдің грамматикасын білу арқылы бір - бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері бір арнаға тоғысып жатады, баланың танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік деңгейінің дамуына әсер етеді.Диалог пен монологтардың тіл үйренуші үшін маңызы өте зор. Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды сурет бойынша, техникалық құралдар және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады.

Сонымен қатар, балалардың тілдерін дамыту үшін әр сабақта өлең – тақпақ, жұмбақ, мақал – мәтел, жаңылтпаш, сергіту сәттерін жиі пайдаланамыз. Бірақ, соның ішінде бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін – бұл ертегілер әлемі. Ертегілер балаларды білгір, батыл, ойшыл, еңбекқор, өнерпаз болуына ықпал етеді. Ертегілер немесе шағын көріністер бойынша қойылым көрсету үшін алдымен жүйелі түрде дайындық жұмыстарын түсіндіреміз. Содан кейін балалар өздеріне ұнаған кейіпкерлерін таңдап алады. Сонда ғана әр балаға олардың сөздерін қайталатып, жатқа үйретеміз. Ал, ертегіні сахналаған кезде балалар өздерінің қалаған кейіпкерлерінің сөзін жатқа айта отырып, мінез – құлқын, іс – әрекетін көрсетуге тырысады. Ертегі арқылы баланы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге болады.

Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана жаңа сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер және сахналау әдістері арқылы үйреткен тиімді. Ойын мен көрнекілік- балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Солардың арқасында балалар белсенді жұмыс істер, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір- бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады.

«Білім –менің тілімде» деп ұлы аталарымыз айтпақшы білімді болғымыз келсе, ең алдымен мемлекеттік тілімізді білуіміз қажет. Тілді қастерлеу, үйрену- әр Қазақстандықтың парызы.


















Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Біз мектепке барамыз»Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарлама. – Астана 2009

  2. Жаттамақ: тақпақтар, өлеңдер. Құраст.Е.Өтетілеуов. – Алматы:Балауса, 1994

  3. «Зере бала». Менктепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы. - Астана 2009

  4. «Ана тілі айбыным» Хрестоматия. Балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлерге арналған көмекші құрал. – Алматы 2009


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!