жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар және әдістер"
Баяндама.
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар және әдістер.
Тамыз 2018 ж
Жоспары:
1. Кіріспе
Бүгінгі бала –ертеңгі жаңа әлем.
2.Негізгі бөлім.
а) Мектепке дейінгі тәрбиеде жаңа технологияларды қолдану.
б) Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістер.
3.Қорытынды.
Кіріспе.
Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Сондықтан оған жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда мектепке дейінгі ересек жаста, бала тәжірибесі мен әлеуметтік жағдайлар негізінде сөйлеу іс-әрекетін, мемлекеттік тілді меңгеруге, сурет, иллюстрациялар бойынша, өз тәжірибесінен сұлбалар бойынша әңгімелеуді, әңгімелер мен ертегілердің мазмұнын айта білуін ұйымдастыруға, шығармашылық (ертегілер құрастыру, сөздік ойындар), танымдық, сөйлеу, іс-әрекеттерді біріктіруді, тәрбиешімен баланың өзара іс-әрекетінің түрлі үлгілерін қолдануға талаптар қояды..
Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырып дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап ,мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай тұғызу қажет. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып,дамытса,оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ.Бала неғұрлым көпшіліктің ортасында болса, ол соғұрлым көпшіл де,жан-жақты болып жетіледі.Көпшіліктің арасындағы тәрбие баланы бірден еңбексүйгіштікке қалыптастырады,өйткені ол өз еңбегінің жемісін үнемі басқалармен салыстыра отырып,айқын да анық өзің өзі бағалайтын ортада өседі.Ал, балалар үшін өз еңбегінің жетістіктерін сезінуден үлкен қуаныш болуы мүмкін емес. Оны тоқтаусыз алға жетелеп, үнемі жетістіктерге жеткізетін осы күш.
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.
Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі таңдағы білім беру инновациялық технология түрлері
1.Денсаулық сақтау технологиясы
2.Жобалы-іс шығармашылық технологиясы
3.Зайцев технологиясы
4. Ойын технологиясы
5.Ақпараттық қатынастық технология
6.Триз технологиясы
7.Дамыта оқыту технологиясы
Денсаулық сақтау технологиясы
Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты :
Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес. Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясы мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:
-Мектепке дейінгі мекемелермен;
-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы;
-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы;
-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар;
-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі;
-Балалардың денсаулық көрсетілімі.
Денсаулық – адамның табиғаттан алатын бірден-бір бағалы сыйлығы. Оны шыңдау үшін, әр адам өзінің ағзасын шамасынша шынықтырып, салауатты өмір сүруге ұмтылуға тиіс. Бұл ұмтылыс жас шағынан басталғаны өте дұрыс екенін өмірден байқауға болады.Денсаулық сақтау технологиясының мақсаттарына жету- дене шынықтыру сабақтары, денені сауықтыру жұмыстары, түрлі гимнастика, сергіту сәттері, түскі ұйқыдан кейінгі шынықтыру жаттығулары, ойындар арқылы іске асырылады. Баланың жеке бас тазалығын сақтау ережелерін қалыптастыру, дене жаттығуларын, қозғалыс ойындарын, сергіту сәттерін, табиғи әдістермен (күн, су, ауа) ағзаны шынықтыруды ұйымдастыру, пайдалы дағдыларды дарыту, зиянды әдеттерден сақтандыруды үйрету күнделікті өткізілетін іс-шара болып табылады.
Жобалы-іс шығармашылық технологиясы
Балабақшада баламен педагог бірлесіп жүргізеді.
Яғни баланы тәрбиешімен бірге ізденуге,проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. Жобалар бөлінеді:
Қатысушылар санына қарай : жеке,екі адам, топпен.
Ұзақтығына қарай: қысқа мерзім,орта және ұзақ мерзімдік.
Әдіс түрлері: шығармашылық, ойын, зерттеу, хабарлама.
Тақырып бойынша: баланың отбасын қатыстыру, табиғат, қоғам т.б
Зайцев технологиясы
Зайцев технологиясы бойынша оқыту бұл ойын арқылы оқыту.Технологияның негізгі мақсаттары:
-
Мектепке дейінгі жастағы баланы санауға, оқуға үйрету;
-
Балаларға оқыту мен санаудың қатар жүргізілуі арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
-
Өлең айту арқылы оқыту;
-
Балаларды оқу арқылы жазуға үйрету;
-
Көрнекіліктерді кеңінен пайдалану;
-
Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауы
Ойын арқылы оқыту технологиясы
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету.
Ойын технологиясының ерекшелігі: ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ақпараттық қатынастық технологиясы
Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады (қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы). Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер қояды.
Міндеттері: — Жаңа заманға қадам басу;
— Жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу;
— Компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау;
— Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру;
— Педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата –аналардың құзыреттілігін көтеру;
— Бағдарламаны жіктеу;
— Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
ТРИЗ технологиясы
ТРИЗ — дің мақсаты — тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін — өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.
Тризшылардың ұраны — “Барлығын айтуға болады!” Балалық шақтағы ТРИЗ-баланың ойлау процесімен, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі.
ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.
Дамыта оқыту технологиясы
Негізін салушылар мен зерттеушілер: В.Давыдов, В.Занков, В.Эльконин, П.Эрдниев
Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу..
Осы талаптарды орындау барысында Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясын өз тәжірибеме қолдандым.
Дамыта оқыту барысында балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдауымен шектеліп қалмай, тәрбиеші бос уақытында сол баламен шағын зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Профессор Д.Б.Эльконин пікірі бойынша «дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүние және адам тану үрдісі баланың сол үрдісінен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдаятында пайда болады».
Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері:
1.Ой толғаныс әдісі
2.Ассоциация әдісі
3.Салыстыру әдісі
4.Раунд-Робин әдісі
5.Топтастыру әдісі
-
Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те атайды. Бұл әдіс көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мысалы жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.
-
Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады. Мыс:
Жалпы отбасы: ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні
-
Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.
Мысалы: Алма мен қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы
-
Раунд-Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс:
«Гүлдер» тақырыбында
-Гүл өсімдік
-Гүл әдемі
-Гүлді жұлуға болмайды
-Анамызға сыйлаймыз
-Достарымызға сыйлаймыз т.б.
-
Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.
Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде
І топ – Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау.
ІІ топ – Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.
ІІІ топ – Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру.
Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым-қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғары технологияның, ғылым мен білімнің заманы.
Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір тәрбиешінің міндеті.
Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалын балаларға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру.
Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру;
Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;
Баланың сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үш бөліктен тұрады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешудің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.
Мысалы: Суретті көрсетіп мынау не?
Түсі, түрі т.б. сұрақтар қойғаннан гөрі «топтастыру» әдісін қолданамын.
Қ
көктем


А
дамдар талдар бүршік
жеңіл киінеді атады
құстар жылы жақтан ұшып келеді.
Яғни, ол туралы не айта алатынын сұраймын.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайдалануды қажет ететіндей етіп беріледі. Балада ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бірнеше вариантта болуы мүмкін екендігін қарастырылады. Мысалы: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісінде ертегі кейіпкерлері жайлы не айта аласың?- деген сұрақтар қойып, балалардың пікірлерін тыңдаймын.
Дамыта оқыту барысында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді. Талдау – бірлескен ізденіс. Әсіресе оқу барысында материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттері балалар бойына жұғысты болады.
Ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі – салыстыру әдісі. Объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Баланың қиялы дамиды. Салыстыру арқылы байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйренеді. Байқампаздығы артады.
Мысалы: Көктем Жаз
1. күн жылы.
2. жаңбыр жауады.
3. Құстар ән салады.
1. күн ыстық.
2. жаңбыр жауады.
3. Құстар ән салады.
Дамыта оқытудың мектеп жасына дейінгі балалар үшін тағы бір тиімді тәсілдерінің бірі –Раунд-Робин әдісі.
Раунд-Робин-өткен тақырыпты немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы. Яғни әрбір бала өткен немесе жаңа тақырып туралы не біледі, бір сөйлем немесе сөз тіркесі бірінің-бірі айтқанын қайталамай түгел айтып шығуы тиіс.
Дамыта оқыту жүйесінде тәрбиеші мен бала арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал болуын басты назарда ұстаймын. Баланы кішкентай деп қарамай оның пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына зор әсер етеді
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ғылыми әдістемелік педагогтік журнал «Отбасы және балабақша».
2.Е.Қ. Балапанов,І.Мадияров «Жаңа ақпараттық технологиялар». 2011ж
3. «Білім технологиялары».2014ж
4. «Дошкольный мир» 2018ж №2

