Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшада танымдық - шығармашылық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қоршаған ортаның, табиғат құбылыстарының өзгерістерін, оның қалай пайда болатынын қызықты да естен шықпайтындай етіп қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға алғаш ойналған ойын керемет бір ғажап дүние сияқты болып көрінеді. Себебі бұл кездегі балалар өздері алғаш көрген жаңа дүниені, затты ешқашан ұмытпайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшада танымдық - шығармашылық ойындар

Балаларға қоршаған ортаның, табиғат құбылыстарының өзгерістерін, оның қалай пайда болатынын қызықты да естен шықпайтындай етіп қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға алғаш ойналған ойын керемет бір ғажап дүние сияқты болып көрінеді. Себебі бұл кездегі балалар өздері алғаш көрген жаңа дүниені, затты ешқашан ұмытпайды.

        Балабақшадағы ересек жастағы балалардың танымдық құзыреттілігін, шығармашылығын, ойлау қабілетін дамытуға ықпал ететін ойындардан мысал келтірсек, балаларды үй жануарлары мен таныстыруда төрт түлікке, жабайы аңдар, үй құстары және т.б байланысты танымдық шығармашылық ойындарды қолдана аламыз:

 «Қайсы ненің даусы?» танымдық ойыны

Мақсаты: баланың есту зейіні, тез ойлау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құралдар: магнитафон немесе теледидар, жан-жануарлардың дауысы бар диск.

Бұл ойында балаларға төрт түліктің даусы магнитафоннан немесе теледидардан естіледі. Балалар әр жануардың даусын естіп, оны ажырата бастайды.  Дәл осылай жабайы аңдардың, құстардың, табиғат құбылыстарының даусын ести отырып, олардың даусын ажыратады.

«Не екенін тап?» танымдық ойыны

Мақсаты: балалардың сипап сезу арқылы таным қабілеттерін дамыту.

Керекті құрал-жабдықтар: жеміс-жидектер, көкөністер

Балалардың көздерін байлап, қолдарына жемістерді немесе көкөністерді ұстап, сипап сезу арқылы балалар қолында тұрған заттың атын айтады.

«Суреттерді дұрыс құрастыр» танымдық ойыны

Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Керекті құрал-жабдықтар: құстардың қиылған суреті

     Балалардың алдына үй құстарының қиылған суреттері беріледі. Ол суретте құстың басы,денесі,қанаты және аяқтары бөлек-бөлек қиылған болады. Балаларға берілетін тапсырма суреттерді дұрыс жинастыру.

     «Суреттің жұбын тап» танымдық ойыны

Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін дамыту.

Қажетті құралдар: Магниттік тақта, магниттер,12 жұп суреттер: анар-алма, шәйнек-кесе, қораз-әтеш, аққу-шағала, шегіртке-құмырсқа, күрек-тырма, қызғалдақ-раушан, ешкі-қой, қасқыр-аю, картоп-сәбіз, кітап-дәптер, қаламсап-қалам.

Тәрбиеші магниттік тақтаға ойынның суреттерін іледі. Суреттердің орналасуы: жоғарғы қатарына – фасоль, алма, шәйнек, қораз, аққу, құмырсқа, күрек, қызғалдақ, ешкі, қасқыр, кітап, сәбіздің суреттерін қояды.  Балаларға жоғарғы қатардан сурет таңдап , төменгі қатардан сол суреттің жұбын тауып топтастыру керек екенін түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және неліктен олай ойлайтынын айтады. Мысалы: фасоль суретіне мен горохтың суретін жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуі де асқа жатады.

    

1


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.05.2021
3950
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі