Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру іс-шаралары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру іс-шаралары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру іс-шаралары Ортаңғы топтарға арналған Балалардың ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру. Жағымды эмоционалды көңіл-күй ортасын жасау, ұйқыдан оянғанда сергек болып үнемі қуанып, күліп жүруіне жағдай жасау, достарымен ойнағанда немесе өзіне берілген тапсырмалар мен нұсқаулықты мұқият орындауы үшін жайлылық жасау. Бала кезінен бойына тазалықты, ұқыптылықты сіңіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру іс-шаралары

Ортаңғы топ № 9 «Сенім»

Түскі ұйқыдан кейінгі жасалатын жаттығулар

Мақсаты: Балалардың ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру. Жағымды эмоционалды көңіл-күй ортасын жасау, ұйқыдан оянғанда сергек болып үнемі қуанып, күліп жүруіне жағдай жасау, достарымен ойнағанда немесе өзіне берілген тапсырмалар мен нұсқаулықты мұқият орындауы үшін жайлылық жасау. Бала кезінен бойына тазалықты, ұқыптылықты сіңіру.

Міндеттері: Тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту, дене бітімін дұрыс қалыптастыру, балалардың арқасындағы, қолындағы, табанындағы нүктелерді оятуға арналған нүктелі массаж, майтабандылықты болдырмау, омыртқаның дұрыс қатаюын қадағалау, балалардың денсаулығына пайдалы денені шынықтырудың түрі.

Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, көрсету,орындау,қайталау. Түскі ұйқыдан кейін баланың сергек болуы тәрбиешінің ерекше назар аударуын талап етеді. Түскі ұйқыдан кейін баланы сергіту гимнастикасы оның дене бітіміне жайлылық және психологиялық жағымды әсер береді. Ұйқыдан ояну кезі келгенде ақырын, ырғақты әуен қоямыз, оянудың міндетті шарттарын сақтай отырып баланың оянуына мүмкіндік береміз.



1. Ояну

Балалар тұрайық

Көзімізді ашайық

Бір-бірімізге қарап

Күлімдеп бір алайық.


2. Керуетте жатып жасайтын жаттығулар

Көжектер оянады

Көжектердің ұзын құлақтары оянады

Көжектердің аяктар созылады

Көжектер доптармен ойнады

Көжектерге доптар шашылды

Қанеки доптарды кери ұрамыз

Аяқпен, қолмен бір, екі, бір, екі

Көжектер сияқты, сәбіз жинаймыз

Көжектер тізерлеп тұрады

Құйрықтармен бұландатады



3. Керует жанындағы жаттығулар

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы –қырлы жерлермен

Ытқып –ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің


4.Гимнастикалық жолдан жүру

(Арнай жолдармен жүру, дымқыл жолмен, тұзды жолмен жүру)

Көжектер серуенге шықты.

Бір – екі, бір – екі

Аяғымыз жүреді

Ілгектермен, тастармен

Әдемі ирек жолдармен

Табанға массаж жасайды

Балалрға орындыққы отырады, бәріне су-джок доптары таратылады, отырып алақанға, қолға, бетке, тізеге массаж жасайды.

5. Демалу жаттығулары

Тербеледе ағаштар (екі қолымызды жоғары көтеріп оңға солға еңкею)

Жаңбар жауды (қолымызды жоғары көтеріп шапалақтау)

Жапырақтар жерге түсті (тіземізді бүкпей еденге қолымызды тигізіп, жапырақты аламыз)

Жапырақты алақанға қоямыз

Жел соқты уууу уууу уууу

Жапырақтар желмен ұшты шшш шшш шшшш



5. Жуыну жолдары

Шынығып денеміз

Суды біз сүйеміз

Сапқа біз тұрамыз

Беті-қолымызды жуамыз.



«BABY CARE» балабақшасы















Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру іс-шаралары

Ортаңғы топ № 9 «Сенім»









Тәрбиеші: Ахметова Г.Т.









Семей-2021жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2021
1422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі