Әдістемелік кеңес №1
05.09.2017 жыл
|
№ |
Қаралатын мәселелер |
Өткізу формасы |
Уақыты |
Жауаптылар |
|
|
Қыркүйек №1 Тақырыбы: Педагогикалық қызмет барысында тәрбиеленушілерге жүйелі білім беру. Жүргізілу түрі: Дөңгелек үстел |
|||||
|
1. |
Педагогикалық үдерісті жаңа оқу жылына дайындау, педагогтардың құжаттарды талапқа сай толтырулары: - перспективалық жоспар, циклограмма, мониторинг; - өзіндік білім көтеру тақырыптары мен жоспарын талқылау; - портфолио жинақтау; - вариативтік компонент бағдарламаларын, шығармашылық жобалар дайындау, бекіту. |
Әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
|||
|
2. |
Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарын талқылап, бекіту |
Әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
|||
|
3. |
Өзара сабаққа қатынасу, тәжірибе алмасу – педагогтың кәсіби өсуінің факторларының бірі. |
Әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
|||
|
4. |
«Балбөбек» І- кіші тобындағы балалардың бейімделуі. |
Психолог – Н.Иманбай |
|||
|
5. |
Ағымдағы мәселелер. |
Әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
|||
№1 әдістемелік кеңеске педагогтардың қатысуын тіркеу
Тақырыбы: Педагогикалық қызмет барысында тәрбиеленушілерге жүйелі білім беру.
Жүргізілу түрі: Дөңгелек үстел
Күні: 05 қыркүйек 2017 жыл
|
№ |
Педагогтардың аты-жөні |
Қызметі |
Қолы |
|
1. |
Жылкыбаева К.О. |
Әдіскер |
|
|
2. |
Серік Г. Б. |
Тәрбиеші |
|
|
3. |
Куршибаева А. Б. |
Тәрбиеші |
|
|
4. |
Токсанова А.У. |
Тәрбиеші |
|
|
5. |
Умирзак |
Тәрбиеші |
|
|
6. |
Толеубаева К.А. |
Тәрбиеші |
|
|
7. |
Акишова С. О. |
Тәрбиеші |
|
|
8. |
Муканова К. Н. |
Тәрбиеші |
|
|
9. |
Абдуллаева С. Б. |
Тәрбиеші |
|
|
10. |
Берлибаева А. |
Ағылшын тілі мұғалімі |
|
|
11 |
Салауатова Г. |
Музыкалық жетекші |
|
|
12. |
Бодыкова А.К. |
Тәрбиеші |
|
Әдістемелік кеңес отырысы
Хаттама №1
Уақыты:05.09.2017 жыл

Әдістемелік кеңес төрайымы: Жылкыбаева К.О
Хатшы: Бодыкова А. Қатысқаны:12
Қатыспағаны:-
Күн тәртібінде:

Тыңдалды: Педагогикалық үдерісті жаңа оқу жылына дайындау, педагогтардың құжаттарды талапқа сай толтырулары:
- перспективалық жоспар, циклограмма, мониторинг;
- өзіндік білім көтеру тақырыптары мен жоспарын талқылау;
- портфолио жинақтау;
- вариативтік компонент бағдарламаларын, шығармашылық жобалар дайындау, бекіту.
Сөйледі: әдіскер К.О. Жылкыбаева биылғы оқу жылында тәрбиешілердің құжаттарында өзгешеліктер бар. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын іске асыру Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Стандартта айқындалған міндеттерді орындауды талап етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі –Үлгілік бағдарлама) Стандарт талаптарына сәйкес:
- балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сай білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға;
- «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеуге;
- баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құруға;
- мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз етуге;
- балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіруге;
- әртүрлі жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде балалардың дамуына мониторингті ұйымдастыруға;
- мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бірлескен ынтымақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Үлгілік бағдарламаның мазмұнын іске асыру балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын кіріктіру арқылы қамтамасыз етіледі.
Білім беру салаларының өзара байланысуы балада қоршаған ортаның тұтас бейнесінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың міндеттерін біріктіру әдісімен іске асырылады. Мысалы, «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметін, сондай-ақ күн тәртібінің сәттерін өткізуде педагог балалардың ауызекі сөйлеуін дамытады, сөздік қорды толықтырады, санауға, би қимылдарын қолданып, музыканың сүйемелдеуімен жаттығулар орындауға үйретеді. Кіріктіру ұстанымын қамтамасыз ету балалардың танымдық белсенділігін дамытуға және қоршаған ортаны тұтас қабылдауға ықпал етеді.
2017-18 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хат негізінде балабақшада өтпелі тақырыптар жасалынып, бекітілді. Өтпелі тақырыптар балалардың жас ерекшеліктерін, бөбекжайдың тақырыптық бағытын ескере отырып, шығармашылық құзыреттілік танытуға бағытталған. Педагог-мамандар перспективалық жоспарды бекітілген өтпелі тақырыптарға сәйкес құрайды, нақты жас тобының перспективалық жоспарында педагог-маманның жоспарына сілтеме жасалады.
Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіруді балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес Үлгілік бағдарлама мазмұнын игерудің сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ете отырып тәрбиешілер өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар жазады.
Перспективалық жоспарға сәйкес балаларды қабылдау, ұйымдастырылған оқу қызметі, серуен, балалардың үйге қайтуы, т.б. күн тәртібіндегі процестердің орындалуын қамтитын және өтпелі тақырыптарға сәйкес бір аптаға арналған циклограмма құрастырылады.
Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:
- ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптары Перспективалық жоспарға сәйкес анықталады;
- өтпелі тақырыптың мазмұнына сәйкес бағдарламалық материалды бөлуде жүйелілік пен сабақтастық ұстанымын сақтау;
- Үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес балалардың сапалы және толыққанды дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- балаларды дамыту мен оқытуды қамтамасыз ететін инновациялық технологиялар, әдістер мен тәсілдерді қолдану;
- циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау үшін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны қалыптастыру.
Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу-білім беру процесін тиімді ұйымдастыру және балаларды сапалы тәрбиелеу және оқытумен қамтамасыз ету үшін келесі тәсілдер мен ұстанымдар қарастырылады:
- тәрбие мен оқытудың барлық қатысушылары – педагогтар, психологтар, ата-аналардың баланың тұлғасының қалыптасуында және оның қабілеттерінің дамуында кешенді тәсілі;
- балалардың жас, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес олардың дамуына әрекеттік тәсіл;
- балалардың денсаулығын сақтау және нығайтуда денсаулықты сақтау тәсілі;
- баланың даму деңгейіне мониторинг жүргізуге және мектепке дейінгі ұйым қызметіне инновациялық тәсіл;
- оқытудың тұтастық, сабақтастық, үздіксіздік ұстанымдары келесі бөлімде бұрын игерген білімді бекітуді, кеңейтуді және тереңдетуді жалғастыратын білім беру салаларының бөлімдерінің арасындағы байланыс ретінде;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, білім беру процесін интерактивті құру.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мазмұнына мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқыту және дамыту бағдарламалары бар, ресурстар кіретін интерактивті жабдықтар жатады. Бұл технологиялар балалардың логикасының, ойлауының, сенсорлық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді.
2017-2018 оқу жылында республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында түрлі кезеңдерде баланың даму динамикасын анықтауға, педагогтың болашаққа алдағы амалдарын белгілеуге, баланың жеке дамуы үшін қажетті жұмыстар жүргізуге мүмкіндік беретін бірыңғай мониторинг енгізілді. Мониторинг жүргізу үшін индикаторлар жартыжылдық бойынша білім беру салаларынан күтілетін нәтижелер болып табылады. Мониторинг жүргізудің басты тәсілі баланың күнделікті өмірінде жүргізілетін бақылау тәсілі болып табылады.
Диагностика оқу жылының басында, ортасында және аяғында:
- бастапқы – қыркүйекте;
- аралық – қаңтарда;
- қорытынды – мамырда жүргізіледі.
Бастапқы
бақылау алдыңғы жас тобындағы
мәліметтер
(ІІ жартыжылдықтың күтілетін нәтижелері) негізінде жүргізіледі. Осы
диагностика негізінде тәрбиеші психолог және педагог-мамандармен
бірге Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейін анықтайды,
сондай-ақ, балаға педагогикалық қолдау қажет ететін жұмыстың
міндеттері анықталады.
І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аралық диагностика (қаңтарда) жүргізіледі. Аралық педагогикалық диагностиканың жүргізілу мақсаты баланың даму динамикасын анықтау болып табылады.
Қорытынды диагностика ІІ жартыжылдықтың нәтижелері негізінде жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша Үлгілік бағдарламаның мазмұнын игеру деңгейі анықталады және баланың алдағы даму болашағы белгіленеді.
Стандарт талаптары бала дамуының 3 деңгейдің болуын болжайды:
1-деңгей – бала сол немесе басқа қимылдарды қайталай алады;
2- деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді;
3- деңгей – бала өзінің жасай алатынын қолданады.
Мониторинг нәтижелері бақылау парағында толтырылады. Алынған мәліметтер негізінде баланың жеке даму картасы толтырылады. Баланың жеке даму картасын балалармен жұмыс істейтін педагогтар, мамандар толтырады және оны баланың мектепке дейінгі ұйымда болған барлық уақытында жүргізеді. Топтың Бақылау парағын тәрбиеші мектепке дейінгі ұйым бойынша жинақ есепті құрастыру үшін әдіскерге береді.
Сонымен бірге, педагогтардың таңдаған өзіндік білім көтеру тақырыптарына тоқталатын болсам, өзіндік білім көтеру тақырыптарын үш жылға немесе бес жылға аласыздар. Сол тақырып аясында әр жылы балалармен, ата-аналармен кеңейтілген жұмыс жасап, өздеріңіздің кәсіби біліктіліктеріңізді жан-жақты жетілдіріп отырасыздар. Биыл бір тақырып алып, оны аяқтамай келесі жылы басқа тақырып алуға болмайды. Өйткені алған тақырыптарыңыздың нәтижесіне жетулеріңіз керек. Ол жылдан-жылға балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ұлғайып, соңында бір нәтижеге жетулеріңіз керек.
Портфолио-бұл педагогтың өздігінен білім көтеруде жинақталған құжаттары және оны өзінің кәсіби іс-әрекет нәтижелеріне баға беруі мен саналы түрде ұғынуында пайдалануы. Педагог портфолиосы жеке кәсіби жетістіктерін, тәрбиеленушілерді оқытудағы, тәрбиелеудегі және дамытудағы нәтижелерін, педагогтың білім беру саласына қосқан үлестерін біріктіретін жеке папкасы болып табылады. Портфолио педагогке тәжірибелік іс-әрекет нәтижелерін көрсетуге, өзінің кәсіби құзырлығын бағалауға және өз жұмысына салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан, сіздерде әр жылы портфолиоларыңызды толықтырып, жинақтап отыру арқылы өз-өздеріңізге баға беріп отырасыздар. Сол арқылы, келешекте жасалынатын жұмыстарыңызды жоспарлап алуға мүмкіндік береді. Портфолиоларыңызды реттеп, дайындап қойыңыздар.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес екінші кіші топтан бастап вариативті компонент енгізіледі. Апталық вариативтік компоненттің жалпы көлемі:
-
екінші кіші топтың балалары үшін – 1сағат;
-
ортаңғы топтың балалары үшін – 2 сағат;
-
ересек топтың балалары үшін – 3 сағатты құрайды.
Вариативті компонентті анықтауда балалардың жас және жеке ерекшеліктері, мен мүмкіндіктері, қажеттіліктері, қызығушылықтары және мектепке дейінгі ұйымның бағыты ескерілуі қажет. Вариативті компонент мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқу жүктемесінің шекті деңгейінен асырылмай ұйымдастырылады. Біздің бөбекжайда «Ұлттық қазына» және «Ағылшын тілін үйренеміз» вариативтік компонент бағдарламалары жасалынып, бекітілді. «Ағылшын тілін үйренеміз» вариативтік компоненті «Қазына», «Қарлығаш» ІІ кіші және «Еркетай» ортаңғы, «Ақбота» ересектер тобында өтіледі. Ал, «Ұлттық қазына» вариативтік компоненті «Еркетай» ортаңғы, «Ақбота» ересектер тобында күннің екінші жартысында жүргізіледі. Тәрбиешілер циклограманы толтырғанда вариативтік компонентті көрсетесіздер. Бөбекжайдың даму стратегиясы негізінде «Тәлімгер», «Тілашар», «Шынықсын денеміз», «Жас ата-аналар мектебі», «Отбасы-алтын ұя» шығармашылық жобалары дайындалған. Осы жобалар өз жұмыстарын әрі қарай жандандыру қажет.
Сонымен бірге, әдіскер К.Жылкыбаева жас мамандар мен оларға бекітілген тәлімгерлер туралы тоқталып өтті. Биылғы оқу жылында бөбекжайда 2 жас маман жұмыс істейді. Олар тәрбиешілер А.Бодыкова мен П.Умирзак. Бұл мамандарға тәлімгерлер бекітілді. Тәлімгерлер өздерінің жұмыс жоспарларын жасап, бекіту керек. Жас мамандар өзара ұйымдастырылған оқу қызметтеріне кіріп, іс-тәжірибе алмасу және үнемі ізденісте болып, өздерін жан-жақты көрсете білу керек,- деді.
Шешім:
-
Перспективалық жоспар, циклограмма 2017-2018 оқу жылындағы әдістемелік нұсқаулық хат талаптарына сай толтырылсын.
-
Әр педагог өз білімін көтеру тақырыбы аясында жан-жақты жұмыстарды жүргізуді жандандырсын.
-
Шығармашылық жобалар жұмысы жүйеленсін.
2. Тыңдалды: Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарын талқылап, бекіту.
Сөйледі: Әдіскер К.О.Жылкыбаева оқу жылында әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мақсатында әдістемелік тақырып таңдау керектігі туралы айтты. Педагогикалық тақырыптың өзекті мәселеге байланысты болуы, өзекті мәселенің оқу жылына қойылатын мақсат-міндеттеріне байланысты және әр педагогтың біліктілік дағдыларына қатысты болуы керек дегенді айтты. Қазіргі кезеңде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту педагогтар тарапынан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан педагогтардың әрбір іс-әрекетті жаңаша түрде, дәстүрлі, дәстүрлі емес түрлерін өту дағдыларын жетілдіруді талап етеді. Қазіргі заман талабына сай тәрбиеленушілерге жаңа технологияларды тиімді пайдалана отырып, білім мен тәрбие беруді ойластыру қажет. Сондықтан педагогтардың ізденіп, жаңаша жұмыс жасауларын қадағалап, бақылауға алу және оны әдістемелік бірлестік жұмысының жоспарына енгізу қажет.
Шешім: Әдістемелік бірлестіктің жұмысын жүйелеу.
3.Тыңдалды: Өзара сабаққа қатынасу,
тәжірибе алмасу – педагогтың кәсіби өсуінің факторларының
бірі.
Сөйледі: Әдіскер К.О. Жылкыбаева өзара
сабаққа қатынасу, тәжірибе алмасу – мұғалімнің кәсіби өсуінің
факторларының бірі. Өзара сабаққа қатынасу,

бірі.Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер
мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде педагог алдында тұрған мақсаттар
мен міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Педагог информатор,
бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше
ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс
істейтін жаңашыл болуы керек. Педагогика, технология әлеміндегі
жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс — тәжірибеге
пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру — заман талабы, заман
ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік
позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы оқушы даярлау —
бүгінгі өмір талабы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан
Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде
сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет»- деп атап
көрсетті. Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру үшін жаңа
кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі даярлық
сапасын арттыруға бірден — бір қызмет етуі керек. Мұғалім білімін,
қабілетін, сенімін, ішкі мүмкіншіліктерін интеллектуалдық,
психологиялық сапасын үнемі толықтырып, жаңартып отыру керек.
Біліктілікті арттыру арқылы сіз өз біліміңіз жетілдіруді
қамтамасыз ете аласыз. Әр педагог-тәрбиеші аптасына кем дегенде
3-4 ұйымдастырылған оқу қызметіне кіру керек. Әріптестеріңіздің
әдіс-тәсілдерін үйрену арқылы өз-өзіңіздің тәжірибеңізді
арттырасыз, көріп үйренесіз,-деді.
Шешім: Өзара ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатысу бақылауға алынсын.
4. Тыңдалды: «Балбөбек» І- кіші тобындағы балалардың бейімделуі.
Сөйледі: психолог
Н.Иманбай қазіргі психологиялық - педогогикалық
теорияда мектеп жасына дейінгі баланың жағымды эмоцияларын дамыту
тек кәсіби мамандыққа ғана байланысты емес ол, тәрбиешінің жеке
дербес қасиеттеріне де байланысты деп тұжырымдаған. Мектепке
дейінгі ерте жас шамасындағы балаларға ерекше қарым - қатынастар
талап етіледі Олар өте мейiрiмдi, нәзік, өте сенгіш келеді.
Сондықтан бұл жас шамасындағы балдырғандарды қамқорлыққа алу,
жараламай тәрбиелеу өте
маңызды.
Топта балаларға жақсы және жайлы болу
қажет.
Ерте жас шамасындағы сәбиді тәрбиелеуде ешкім
де анасын алмастыра алмайтыны туралы ұмытпау керек. Сондықтан,
ұстаз-психолог оларды ананың тұлғасындай жұмыс істей білу керек.
Мысалы, шығармашылық жұмыстарды сәбимен бірге анасына көрсету үшiн
iстеу. Ата-ананың сенімділігі арта түсіп балаға деген анасынан
басқа да сүйіспеншіліктер оятады.
Сәбидің эмоционалды көңіл-күйі саласының
психологиялық диагностика әдiстерi өте көп. Бірақ бұл әдістердің
барлығын пайдалану мүмкіншілігі бола
бермейді.
Бiрiншiден, тәрбиешілер тестеудiң нәтижелерiн
дұрыс түсiндiрiп беру үшiн жеткiлiктi психологиялық дайындықта болу
қажет. Екiншiден, тәрбиешiге тестiң нәтижелерi жиi үрейлi немесе
қияңқы балалардың тобы көрсеткішінде жеке балаға деген
қарым-қатынаста әрекетсiздiкке әкеп соғады. 1 - ден 3 жасқа дейінгі
баланың эмоционалды көңіл - күйінің дұрыс дамыту үшiн оның
жетiстiгiн дәлелдеп, үнемі мадақтау
маңызды. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың
бойында неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, ойындар
ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп
мүмкіншілік жасау қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық
күйінде көрінетін жағымды және агрессия түрлерін ашып көрсетіп
олармен жұмыс жасау мақсатын алға қойсақ дегім
келеді-деді.
5.Тыңдалды: Ағымдағы мәселелер.
Сөйледі: Әдіскер К.О. Жылкыбаева алда жасалатын жұмыстарға тоқталып өтті. Қыркүйек айында өтетін Тілдер мерекесіне барлық топтарда тақырыптық тәрбиелік шаралар ұйымдастырылсын және ата-аналарға мәліметтер берілсін. Қарттар күніне орай сурет көресі мен «Атадан балаға мұра» тақырыбында аталар сайысы ұйымдастырылады. Ұйымдастырылып, өткізілуіне жетекшісі Г.Салауатова мен әдіскер жауапты. Денсаулық күніне орай «Әкем, анам және мен» спорттық жарыс жоспары жасалынып, бекітілсін. Қазан айында «Алтын күз» мерекесіне музыка жетекшісі мен тәрбиешілер сценарилерін дайындап, уақытын белгілесін. Әрбір мерекенің тәрбиеленушілерге тәрбиелік мәні зор. Сондықтан жоғары деңгейде дайындалуларыңыз қажет, сіздердің балалармен жүргізген жұмыстарыңыз осы уақытта көрінеді.

Хатшы: Бодыкова А.
Әдістемелік кеңес №2
07.11.2017 жыл
|
№ |
Қаралатын мәселелер |
Өткізу формасы |
Уақыты |
Жауаптылар |
|
|
Қараша №2 Тақырыбы: Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді оқыту мен тәрбиелеу процесінде тиімді қолдану арқылы нәтижеге жету жолдары Жүргізілу түрі: конференция |
|||||
|
1. |
№1 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы. |
әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
|||
|
2. |
Барлық топтардың тәрбиешілерімен мамандардың жұмыс бағдарламаларының (шығармашылық жоба, вариативка) сараптама нәтижелері. |
әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
|||
|
3. |
Дамыту орталықтарын ұйымдастыру арқылы тәрбиеленушілерді дамыту |
тәрбиеші – С.Акишова |
|||
|
4. |
«Тәлімгер мектебі» жұмысының барысы |
әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
|||
|
5. |
Жас мамандармен жұмыс барысы |
әдістемелік бірлестік жетекшісі - А.Куршибаева |
|||
|
6. |
Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбие беруде дамытушылық жұмыстарын жетілдіру . |
Тәрбиеші - А.Бодыкова |
|||
|
7. |
Ағымдағы мәселелер. |
әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
|||
№2 әдістемелік кеңеске педагогтардың қатысуын тіркеу
Тақырыбы: Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді оқыту мен тәрбиелеу процесінде тиімді қолдану арқылы нәтижеге жету жолдары
Жүргізілу түрі: конференция
Күні: 07 қараша 2017 жыл
|
№ |
Педагогтардың аты-жөні |
Қызметі |
Қолы |
|
1. |
Жылкыбаева К.О. |
Әдіскер |
|
|
2. |
Серік Г. Б. |
Тәрбиеші |
|
|
3. |
Куршибаева А. Б. |
Тәрбиеші |
|
|
4. |
Токсанова А.У. |
Тәрбиеші |
|
|
5. |
Умирзак |
Тәрбиеші |
|
|
6. |
Толеубаева К.А. |
Тәрбиеші |
|
|
7. |
Акишова С. О. |
Тәрбиеші |
|
|
8. |
Муканова К. Н. |
Тәрбиеші |
|
|
9. |
Абдуллаева С. Б. |
Тәрбиеші |
|
|
10. |
Берлибаева А. |
Ағылшын тілі мұғалімі |
|
|
11 |
Салауатова Г. |
Музыкалық жетекші |
|
|
12. |
Бодыкова А.К. |
Тәрбиеші |
|
Әдістемелік кеңес отырысы
Хаттама №2
07.11.2017 жыл Қатысқаны:12

Тыңдалды: №1 Әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы.
Сөйледі: Әдіскер К.О. Жылкыбаева мемлекеттік стандарт талаптарына сай топтарда бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметтері жүргізіліп жатыр. Педагогтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде білім беруде. Әдістемелік нұсқаулық хат негізінде тәрбиешілер мен мамандардың перспективалық жоспарлары бекітіліп, циклограмма жазылуда. Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары бекітіліп, педагогтармен жұмыстар жүргізілуде. Өзіндік білім көтеру тақырыптары алынып, жоспары жасалынды. Тілдер күніне орай мерекелік ертеңгілік жоспарға сай өтті, ағылшын, орыс тілі мұғалімдері ұйымдастырылған ашық оқу қызметтерін өткізді. Қарттар күніне орай сурет көрмесі, «Атадан балаға өнеге» атты аталар сайысы өтті. Оған 3 ата қатысып, немерелерімен бірге өнерлерін көрсетті. Алтын күз мерекесі де өте жоғары деңгейде өтті. Ата-аналар риза болып, ризашылықтарын білдіріп жатты.
Шешім: Өткен әдістемелік кеңес отырысының шешімі қанағаттанаралық деп танылсын.
2.Тыңдалды: Барлық топтардың тәрбиешілерімен мамандардың жұмыс бағдарламаларының (шығармашылық жоба, вариативка) сараптама нәтижелері.
Сөйледі: әдіскер Казына Оразалиевна өскелең ұрпақты адамгершілік-рухани тәрбиелеу мәселесі қашанда өзекті болып келді. Жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген біртұтас педагогикалық процесс құру арқылы мектепке дейінгі баланың рухани-адамгершілік және патриоттық дамуына қолайлы жағдай жасау болып отыр. Дәл осы мектепке дейінгі аралық - балаға рухани-адамгершілік тәрбие беру үшін өте ыңғайлы кезең. Себебі, бұл кезеңде бала айналаны аса сезімталдықпен, үлкен әсермен қабылдайды. Сондықтан да, жалпыадамзаттық құндылықтар, рухани эталондар мен мінез-құлық ережесін қалыптастыру үшін бұл аралықты өткізіп алмау керек. «Бала өмірінің алғашқы 7 жылында жинақталған көзқарас оның тұтас өміріне азық болады. Бірақ, қазіргі ата-аналар балалардың рухани дамуына мүмкіндік бермей, ерте жастан интеллектін дамытуға басымдық беріп жүр. Оларға баласының мектепке барғанша әріптерді білуі, ағылшын тілінде сөйлеуі және жаза білуі маңызды. Өй-өрені қуып жүргенде, кішкентай адамның рухани-адамгершілік дамуы көлеңкеде қалады. Онсыз барлық сатып алынған білім түкке аспай қалады, баланың эмоционалды-рухани жетілмеу мәселесі туындайды. Өзін жақсы түсінген адам, өз сезімдерін жүгендей білген адам нағыз табыстылардың қатарынан көрінеді. Мұны Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында ерекше атап көрсетті. Осы мақсатта балабақшада балаларға рухани адамгершілік тәрбие беру, өз елінің салт-дәстүрін сүйіп, құрметпен қарайтын, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген өз елінің патриотын тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық қазына» вариативтік компонент бағдарламасы жасалынды, арнайы мұражай кабинеті ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бұйымдармен толықтырылып, жабдықталды. Баланы ерте жастан жалпыадамзаттық құндылықтарға үйретудің адамгершілік, өзін-өзі тану, даралық пен патриоттық негізін қалауға көмектеседі.
Күннің екінші жартысында өтілетін вариативтік компонент бағдарламаларының және тәрбиешілердің шығармашылық жобалары бойынша сараптама талдау жүргізілді. Нәтижесінде, вариативтік компонент бағдарламалары уақытылы жүргізілуде, этнопедагог К.Муканова тәрбиеленушілерді бағдарлама аясында салт-дәстүрлермен таныстырып, әдет-ғұрыптарымызды үйретуде. Өзге ұлт балаларының мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, сұраққа анық жауап бергені көңілге қуаныш ұялатты.
Қазақстан әлемдік
қауымдастыққа екпіндеп басып келеді және өзінің алдына жоғары даму
мақсатын қояды. Әлем барынша әртүрлі және көптілді болып келеді,
және көптеген балалар бір тілден артық тіл қолданатын ортаға
түседі. Уақыт талабына сай, саясы тар мақсаттағы сапалы білім емес,
шет тілдерді үйренуге дәл осындай қырынан қарау
керек.
Мектепке дейінгі ұйымның бітірушісін
тәрбиелеуде ана тілімен тең және басқа шетелдік тілдерде білім
үлкен рөл атқарады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақстан
бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде
танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі -
ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға
ойдағыдай кірігу тілі».
Қазіргі қоғам мәселелерінің бірі тек қана
экономикалық жағдайға бейімделген тұлғаны тәрбиелеу емес, сонымен
бірге нақты заманға лайық белсенді жеке тұлғаны
қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес
елдегі беделді тілдің бірі – халықаралық қатынастағы ағылшын тілі
болып саналады. Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Ағылшын тілі
біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік
беретін тұлғааралық және мәдени аралық қарым - қатынастардың аса
маңызды құралы болып табылады. Қазақстан Республикасының тәуелсіз
елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін
жетік меңгертуді талап етеді. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас
кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді
екен.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты –
мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілінде қарым - қатынас
жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын
тілін оқыту сәбилердің коммуникативті даму біліктілігін арттырады,
қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге
мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан
ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі.
Біздің бөбекжайда да ағылшын тілі ересек топта аптасына бір сағат,
екінші кіші топтан бастап күннің екінші жартысында вариативтік
компонент өтіледі. Вариативтік компонентті бақылау
нәтижесінде ағылшын тілі бойынша балалар
өздерінің аттарын айтумен, сәлемдесумен ғана шектеліп қалған.
Ортаңғы топ балалары түстерді, пішіндерді білмейді, ересек топ
балалары бір-екі сөзден тұратын сөйлемді құрастырып айта алмайды.
Тәрбиешілер К.Толеубаева, С.Акишовалар шығармашылық жобалары арқылы
ата-аналармен, балалармен жоспар бойынша жұмыстар жүргізген. Әлі де
болса толықтыруларды қажет етеді. Барлық педагогтар шығармашылық
жоба жазып, өздерінің кәсіби біліктіліктерін көтеріп отыру
қажет,-деді.
Шешім: вариативтік компонент жұмысы жандандырылсын.
3.Тыңдалды: Дамыту орталықтарын ұйымдастыру арқылы тәрбиеленушілерді дамыту
Сөйледі: тәрбиеші С.Акишова мектепке дейінгі кезеңде баланың зияткерлік, тұлғалық, эмоциялық дамуы жүзеге аса бастайды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.Мектепке дейінгі ұйымдардың маңызды міндеті әр баланың шығармашылық қызметін қамтамасыз етуге, балаға өзін толық жетілдіруге және өзінің белсенділігін көрсетуге,балалармен дамытушы ортаны ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу жұмысының дамытушы әсерін арттыруға және педагогикалық үдерісті жетілдіруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдарда пәндік-дамытушы ортаны құру арқылы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда отандық педагогика және психологияның бай тәжірбиесі жинақталған, мектепке дейінгі және ерте жастағы балалар үшін дидактикалық құралдар және дамытушы ойыншықтар жүйесін құру.
Пәндік -дамытушы орта-бұл мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуын қамтамасыз ететін жағдайлардың жүйесі.
Қоғамның қазіргі сұранысына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жас бөбекжай топтарға деген сұраныс артып келеді.Бұл сұранысты қамтамасыз ету дәстүрлі әдістер арқылы ғана емес, сондай-ақ заманауи тұжырымдамаларды қолдана отырып жүзеге асырылады. Ерте жастағы балаларды дамытуда пәндік-дамытушы орта маңызды фактор болып табылады. Бала толыққанды дамуы үшін балалар әлемді жарқын, қанық әсермен қабылдайтындай жағдай жасау қажет. Ерте жастағы балалар тобында пәндік-дамытушы ортаны құру баланың толыққанды дамуы үшін, жетекші іс-әрекет түрлерін танымдық және нәтижелі іс-әрекет, заттық және сюжетті-бейнелі ойындарды іске асыру үшін қажетті жағдай болып табылады. Ерте жастағы балалардың режимдік процестер мен ұйымдастырылған оқу қызметінен бос уақыттарының барлығы дербес іс-әрекетпен толықтырылуы қажет. Осы кезеңдегі дербес іс-әрекет әртүрлі болуы мүмкін.Олар: сюжетті-рөлдік, дидактикалық, құрылыс ойындары, қимылдар, бақылаулар, кітаптармен суреттер қарау, танымдық әрекеттер, бейнелеу өнері, өзіне-өзі қызмет ету элементтері,ересектердің тапсырмаларын орындау. Мақсатқа бағытталып ұйымдастырылған пәндік-дамытушы орта баланың үйлесімді дамуы мен тәрбиеленуінде маңызды рөл атқарады,-дейді.
Сөйлегендер:
К.О.Жылкыбаева: Дамытушы орта дайындауда ата-аналармен қандай жұмыстар жүргізіп отырсыз?
С.Акишова: Ата-аналар жиналысында дамытушы ортаның балалардың дамуына пайдасы туралы айтып, тренинг өткіздім. Содан кейін ата-аналардың қызығушылығы оянып, өздері түрлі қалдық материалдардан дидактикалық материалдарды жасап келе бастады. Қазір орталықтарды толықтырып жатырмыз.
К.Толеубаева: Тобыңызда қандай дамытушы орта дайындарған?
С.Акишова: «Сюжетті-рольді ойын», шығармашылық бұрышы, табиғат бұрышы, «Қуыршақ театры» бұрышы, дидактикалық ойындар бұрышы дайындалған.
Шешім: барлық топтарда дамытушы ортаны толықтыру жұмыстары жүргізілсін.
4.Тыңдалды: «Тәлімгер мектебі» жұмысының барысы
Сөйледі: әдіскер К.Жылкыбаева «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», - деп Елбасымыз атап көрсеткендей педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Бүгінгі қоғамға қажет құзіретті педагог - жан-жақты дайындалған, заман талабына сай педагогикалық шеберлікті меңгерген ұстаз. Педагогикалық шеберлік–ұстаздық талантпен тығыз байланысты.
К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейтіндігін», – айтады. Педагогикалық шеберліктің негізгі өлшемдері: мақсатқа лайықтылық, шығармашылық, үйлесімділік. Педагогикалық шеберлік – тек қана педагогтың жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді балаларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.
Біздің балабақшада әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша жұмыстар жан-жақты қарастырылған. Педагогтардың шеберліктерін жетілдіру мақсатында «Тәлімгер мектебі» жобасы құрастырылып, 2016 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Жобаның өзектілігі тәрбиешілердің жаңа технологияларды білгенімен іс жүзінде қолдана алмауы, кәсіптік біліктілік деңгейлерін көтеруде жалқаулыққа бой берулері, ғылыми зерттеушілік жұмыстарына араласпауы негізгі себеп болды. Тәрбиешілерді тәлімгерлік ету арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлауды, жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуді, іс-әрекетті зерттеуді, өз ісіне баға бере отырып, әлсіз және мықты жақтарын айқындап, жаңа форматта мерекелік шараларды ұйымдастырып, өткізуге көмектесу болатын. Бізде биыл екі жас маман бар. Оларға тәрбиешілер К.Толеубаева мен К.Муканова тәлімгерлік етеді. Сонымен бірге тәжірибесі аз, жүктілік демалысынан келген тәрбиешілер жұмыс істеуде. Бұл жоба арқылы тәрбиешілерге «Шығармашылық жоба» жазуға көмектесу, инновациялық технологияларды тиімді қолдану, ата-аналармен жұмыс түрлерін ұйымдастыру бойынша кеңестер беріліп, әдістемелік көмектер көрсетілуде. Қаңтар айында болатын аудандық педагогикалық оқылымға 4 педагог шығармашылық жобаларын қорғау мақсатында қатысуға дайындалып жатыр,-деді.
Сөйледі:тәлімгер Толеубаева Камажай Алпысбаевна
Биылғы оқу жылы бір әріптесімнің бойындағы тәжірибеге өзгеріс енгізу мақсатында тәлімгер ретіндегі жұмысымды жүзеге асырамын. Әріптесім Перизат Бекболатовнаны тәлім алушы ретінде таңдаган себебім, менің іс тәжірибені талқылау семинарыма қатысып, қызығушылық танытып өз қажеттілігіме көмек болады деп өзі «өтініш» білдірді. Дегенмен де, балабақша әкімшілігімен, әдістемелік бірлестігі жетекшісімен бірге өтінішті қайта талқыладық. Өтінішін қабыл алып, тәлім алушы ретінде жұмыс жасауына келістім. Перизат Бекболатовна еңбек өтілі 3 жыл, жауапкершілігі бар тәрбиеші. Жаңалыққа жаны құмар әлем өзгеруде, педагог өзгеру керек деген мақсатқа түсіністікпен қарап, тәлім алушы болуға қызығушылығы жоғары. Тәлім алушымен жұмыс жасау үшін деректер жинау мақсатында ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатыстым. Тәрбиеленушілердің іс-әрекетін, тәрбиешінің шеберлік қырларын, оқыту әдісін, баламен арасындағы іс-әрекетін анақтау мақсатында ұйымдастырылған оқу қызметі барысын фотосуретке және бейнежазбаға түсіріп алдым. Ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастырып, үй тапсырмасын сұраудан бастады. Балалар сұраққа жауап берді. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың тәрбиешіні тыныш отырып тыңдап, артық қозғалыс жасамай отырғанын байқадым. Ұйымдастырылған оқу қызметі кезіндегі әр тапсырма негізінде жауап берген балаларды мадақтапп отырды. Ұйымдастырылған оқу қызметінен кейін тәлім алушымен бірге бейнежазба материалына қарап ұйымдастырылған оқу қызметін талқыладық. Талқылау барысында "тәлімгерлік түзету қағидатына емес даму қағидатына негізделген" (Oxley, 2003) дегенді басты ұстанымым етіп алдым. Ұйымдастырылған оқу қызметін көрсеткеніне рахмет айта отырып "ұйымдастырылған оқу қызметі мақсатына жетті ме?" деп сұрадым. "ұйымдастырылған оқу қызметі мақсатына жетті" - себебі тақырып ашылды, бала толық меңгерді. Бірақ, әлі де орындалар іс-әрекеттер бар еді уақыт аздау болып үлгере алмадым, балалар кейбірі жайсыздау іс-әрекеттер жасады, жауап берер кезде тұрып қалу, бейне таспаға қарап отыру дегендей. Бұл төңірегінде балаларға тағы да түсініктеме беру керек екен деп шештім. Әрине, бұл кіші жастағы балаларға тән жәй екені белгілі. Мен де кейбір балалардың толықтай қатыспай отырғанын байқағам, өз ойымен отырған балалар болды, түсірілім әсері болар. Мүмкін олда себеп болған шығар, дегенмен балалар ұйымдастырылған оқу қызметіне толықтай қатыспады. Өзге де себеп бар ма?- деп сұрадым. Сонымен бірге, бұл ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың белсенділігі төмен болды. Себебі топтағы бала санының көптігінен бе?-деп ойладым. Осы тұста тәлім алушыма өз ұсынысымды білдіре отырып, білім беру саласындағы өзгерістер мен кәсіби құзіреттілігі терең педагог даярлау екендігін түсіндірдім. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілі бойынша келесі ұйымдастырылған оқу қызметтері үрдісін топтық жұмыс негізінде ұйымдастыру қажеттігін ұсындым. Онда әр ұйымдастырылған оқу қызметін түрлендіру арқылы балаға еркіндік беру, топпен жұмыс бұл бірлескен оқу, ал бірлескен оқудың мәні – ынтымақтастық оқу. Ынтымақтасқан оқудың ақпаратты игеретін, өздері игерген мәліметті байланыстыратын белсенді үдеріс екенін, бұл оқу тәсілінде сабақтың 90%-н бала өзі алып шығуы керектігін айтым түсіндірдім. Бала өз ойын ашық айтады, бірін бірі оқытады, үйретеді, сөйлейді, бағалайды. Тәрбиеші тек бағыт, бағдар беру арқылы тапсырманың орындалуын қадағалайды, сыни көзқарас балада қалыптасады. Топтағы ерекше дарынды, талантты балалаларды байқап, оларды көшбасшылыққа тәрбиелей аламыз, деп түсіндірдім. Әңгімелеу кезінде әріптесімнің топтық жұмысты үнемі болмаса да қолданып жүргенін байқадым, өзгеріске дайын екенін көріп риза болып қалдым. Мен оған өзімнің тізбектелген ұйымдастырылған оқу қызметтері топтамасын көрсетіп, менің ұйымдастырылған оқу қызметтеріме қатысып, бақылауын ұсыныс білдірдім. Менің төрт ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатысып болған соң кері байланыс ретінде: ұйымдастырылған оқу қызметтері барысы ұнады ма? Не өзгешелік бар? Сіздің ойыңызша ұйымдастырылған оқу қызметтері мақсатына қалай жетті?-деген сұрақтар қойдым. Сол кезде: Сіздің ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыру барысыңыз мүлде өзгеше екен, балалар тақырыпты өздері ашып, өздері талдап, өздері түсіндіреді, өз ойларын еркін жеткізіп, ұйымдастырылған оқу қызметі мақсатына өздері жетті. Менде осы әдіс-тәсілді өз ұйымдастырылған оқу қызметіме пайдалана алсам деді. Осы ойын іске асыру мақсатында біз орта мерзімді және қысқа мерзімді ұйымдастырылған оқу қызметтерінің жоспарын бірлесе жасадық. Жоспарлау барысында балаларды ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қызықтырып, ынталандыру жолдарын қарастыра отырып, ұйымдастырылған оқу қызметтерінде постермен жұмыс жасау, талдау, қорғау, өзара топпен бағалау, қол соғу, жарайсың деген әдіс – тәсілдерін ұсындым. Перизатпен бірге өткізген тәлімгерлік тәжірибемде бірігіп ұйымдастырылған оқу қызметтерін жоспарлау, талдау, ұсыныс, сұхбаттасу кезінде арамызда шынайы достық, сыйластық қарым-қатынас орнады. Мен оған өз тәжірибеммен бөлісе отырып қолдау көрсеттім. Тәлім алушым Перизат топпен жұмыс жасау, қалыптастырушы бағалау стратегияларын ұйымдастырылған оқу қызметтерінде пайдаланудың тиімді жақтарын тез үйренді. Тәлім алушының мені қуантқаны менің ұсынған әдіс-тәсілдерімді еш қиындықсыз әрі қарай алып кеткені, топ балалары да бұрыннан қалыптасып қалған тәрізді, бірден орындап кеткені,топтық жұмысқа тез бейімделуі жақсы нәтижені көрсетті. Тәжірибе кезінде қиындық туғызған сәттер: балабақшаның АКТ құралдарымен толық жабдықталмауы үлкен кедергі келтірді. Топты ұйымдастыру, топқа бөлу кезеңінде қиындық болды. Тәлім алушы өзінің жазған кері байланысында дәстүрлі сабағымен салыстырып, көптеген әдіс-тәсілдерді іс-әрекетте қолданғанына риза болды. Тәлім алушымның рефлексиясы: Не ұнады, не ұнамады? деген сұраққа Орта мерзімді жоспардың тиімділігіне көзім жетті.ҰОҚ жоспарын құрғанда жаңа әдіс тәсілдің қиын жері көп даярлықты қажет етеді екен. Біз бұрын тек оқулықпен шектелсек қазір қосымша интернеттен материалдар қарауға тура келеді, ізденушілік керек екен,- деді. Менің ұсыныстарым: Маған тәлімгерлікті алдағы уақытта да жалғастыруыңызды сұраймын. Сізге мықты денсаулық, шығармашылық табыстар тілеймін. Тәлімгерлік ету барысында өзімнің біліміммен, іс-тәжірибеммен бөлісіп, тәлім алушының еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздеуіне қолдау көрсетемін,-деді.
Шешім:
5. Тыңдалды: Жас мамандармен жұмысты ұйымдастыру
Сөйледі: әдістемелік бірлестік жетекшісі А.Куршибаева жас мамандардың жұмыстарына тоқталып өтті. Жас мамандар өте алғыр, берілген тапсырманы дер кезінде орындайды. Бірақ, олар өзара оқу қызметтеріне көбірек кіру керек. Жаңа технологияларды тиімді пайдалана білу керек. Тәлімгерлер кеңес беріп, тығыз жұмыс жасау керек.
Шешім: Жас мамандардың шығармашылықпен іздену жұмыстары жандандырылсын.
6.Тыңдалды: Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбие беруде дамытушылық жұмыстарын жетілдіру .
Сөйледі: тәрбиеші А.Бодыкова балаларға экологиялық тәрбие берудің ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді.Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл-балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, ересектерге байланысты. Балабақша балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады: саяхат; мұражайларға бару; мақсаттық серуен; телебағдарламалар, бейнефильмдер; табиғат туралы көркем әдебиеттер; суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау; музыка тыңдау; дидактикалық ойындар, мақал-мәтелдер. Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр-деді.
Шешім: тәрбиеленушілерге экологиялық тәрбие беру жұмыстары жандандырылсын.
7. Тыңдалды: Ағымдағы мәселелер.
Сөйледі: Әдіскер К.О. Жылкыбаева алда жасалатын жұмыстарға тоқталып өтті. Желтоқсан айында болатын Тұңғыш президент, Тәуелсіздік күні қарсаңында ата-аналармен көрме ұйымдастырылады, топтарда ата-аналар бұрыштарына құттықтау ілініп,балаларға мәлімет берілсін. Тәрбиелік іс-шаралар жоспар бойынша өткізілсін. Сонымен бірге, жаңа жыл мерекесінің сценариін музыка жетекшісі дайындап, топтарға тарқатып берсін. Ата-аналармен кезекті ата-аналар жиналысын өткізіп, хаттамалары уақытылы толтырылсын.
Әдістемелік кеңес төрайымы: Жылкыбаева К.О.
Хатшы: Бодыкова А.
Әдістемелік кеңес №3
12.01.2018 жыл
|
№ |
Қаралатын мәселелер |
Өткізу формасы |
Уақыты |
Жауаптылар |
|
Қаңтар №3 Әдістемелік кеңес тақырыбы: Көптілділік саясаты-оқыту процесінде Жүргізілу түрі: Презентация |
||||
|
1. |
№2 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы. |
әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
||
|
2. |
Ағылшын тілі пәнінде ТРИЗ технологиясын пайдалану |
ағылшын тілі мұғалімі- Берлібаева А. |
||
|
3. |
Орыс тілінде қолданылатын тіл дамыту жаттығулары |
Орыс тілі мұғалімі-Куршибаева А. |
||
|
4. |
Ересек, ортаңғы топтарда орыс, ағылшын тілі бойынша және «Ұлттық қазына», «Ағылшын тілін үйренейік!» вариативтік компонент бойынша мониторинг нәтижесі |
әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
||
|
5. |
Педагог қызметкерлерді аттестаттауға дайындау жұмысының деңгейі |
әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
||
|
6. |
Ағымдағы мәселелер. |
әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
||
№3 әдістемелік кеңеске педагогтардың қатысуын тіркеу
Тақырыбы: Көптілділік саясаты-оқыту процесінде
Жүргізілу түрі: Презентация Күні: 12 қаңтар 2018 жыл
|
№ |
Педагогтардың аты-жөні |
Қызметі |
Қолы |
|
1. |
Жылкыбаева К.О. |
Әдіскер |
|
|
2. |
Серік Г. Б. |
Тәрбиеші |
|
|
3. |
Куршибаева А. Б. |
Тәрбиеші |
|
|
4. |
Умирзак П. |
Тәрбиеші |
|
|
5. |
Толеубаева К.А. |
Тәрбиеші |
|
|
6. |
Акишова С. О. |
Тәрбиеші |
|
|
7. |
Муканова К. Н. |
Тәрбиеші |
|
|
8. |
Абдуллаева С. Б. |
Тәрбиеші |
|
|
9. |
Берлибаева А. |
Ағылшын тілі мұғалімі |
|
|
10. |
Салауатова Г. |
Музыкалық жетекші |
|
|
11 |
Бодыкова А.К. |
Тәрбиеші |
|
|
12. |
|
|
|
Әдістемелік кеңес отырысы
Хаттама №3
Күні: 11 қаңтар 2017 жыл Қатысқаны:12

Жүргізілу түрі: Презентация Әдістемелік кеңес төрайымы: Жылкыбаева К.О

1.Тыңдалды: №2 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы.
Сөйледі: Әдіскер К.О. Жылкыбаева инновациялық тәсілдерді дұрыс қолдана білу туралы кеңестер уақытылы беріліп, тәрбиешілер ұйымдастырылған оқу қызметтерінде, мерекелік шараларда жаңа технология элементтерін тиімді қолданып жүр. Педагогтар әлі де толықтырып, жандандыру қажет. Бұл тәрбиеленушілердің тапсырманы толық меңгеруіне көмектеседі,-деді.
Шешім: Өткен әдістемелік бірлестік отырысының шешімі қанағаттанаралық деп танылсын.
2.Тыңдалды: Ағылшын тілі пәнінде ТРИЗ технологиясын пайдалану
Сөйледі: ағылшын тілі мұғалімі- Берлібаева А. қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды.
Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан – жақты педагогикалық өрісін табады.
Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленушінің дарынды, жоғары деңгейде даму шеберлігі дамыған, баланың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды негізгі мақсатым деп санаймын. Балаларды мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу кезінде өз жұмыс барысымда менің байқағаным жұмыс жасайтын балалардың бірен-сараңы екені, көп балалар шетте қалады, өз ойларын айтуға жасқанады. Шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілеттері дамымағын, көрініп тұрған нәрселерді байқамайды. Осы мәселені шешу барысында ТРИЗ технологиясын қолдануды жөн көрдім. Осы технология негізінде баланың ойлау, қиялдау, шығармашылық тұрғыдан көзқарасы артады.
Мектепке дейінгі тәрбиеленушіге ТРИЗ - бұл ұжымдық ойындар, сабақтар және қызықты әдіс-тәсілдер жүйесі. Мен ТРИЗ технологиясының әдіс-тәсілдерін қарастыра отырып, сабақтар циклын құрастырдым, шығармашылық есептер, дидактикалық, көрнекі құралдар даярладым, өйткені даму орталығындағы өзгерістер негізінен ТРИЗ технологиясына келіп тіреледі,-деді.
Сөйлегендер:
С.Абдуллаева: балаларға ағылшын тілінде тақпақтарды қалай жаттатасыз? Аптасына бір сағат аздық етпей ме?
А. Берлібаева: ағылшын тілі ұйымдастырылған оқу қызметін мемлекеттік стандарт талабына сай аптасына бір рет өтемін. Бірақ вариативтік компонентте ағылшын тілі аптасына екі рет өтіледі. Ұйымдастырылған оқу қызметінде үлгермеген кейбір тапсырмаларды, тақпақтарды, әңгімелерді күннің екінші жартысында вариативтік компонент барысында қайталап айтамыз және осы ТРИЗ технологиясының пайдасы өте көп.
К.О.Жылкыбаева: «Қазына» ересек тобын биыл мектепке шығарып саламыз. Мектепте ағылшын тілі 1 сыныптан бастап өтіледі. Ертегі мазмұнын толық түсіне алмаған бала сіздің ойыңызша мектепке дайын ба?
А. Берлібаева: ия, балалар ертегіні мазмұнымен айтуға қиналады. Жылдың соңына дейін үлгереді деп ойлаймын. Олармен қосымша жұмыс жүргіземін.
Шешім: ТРИЗ технологиясы барлық ұйымдастырылған оқу қызметтерінде қолданысқа енгізілсін.
3.Тыңдалды: Орыс тілінде қолданылатын тіл дамыту жаттығулары
Сөйледі: орыс тілі мұғалімі А. Куршибаева «Кез келген тілді оқытуда әдіс – тәсілдерді пайдаланудың маңызы зор. Бүгінгі күні орыс тілін оқыту барысында сол әдіс – тәсілдерді одан әрі жетілдіру міндеті тұр. Ол үшін тілге үйретіп, тілді дамытатын әдістердің тиімділігін арттыру керек. Сол тиімділікті арттыру шарттардың бірі-сабақта әр түрлі әдістер мен кұралдарды пайдалану. Бұл үшін әдістеме шеберлік қажет.
Орыс тілін балаларға игертуде коммуникативтік қарым-қатынас бірінші орында тұрғандықтан, тіл материалдары болсын, оны игеруге негізделген жаттығулар болсын, сондай-ақ тіл дамыту жұмыстары болсын түгелдей орысша сөйлей білуге, өз ойын айта білуге бағытталуы қажет. Сөйлей білуге машықтандыратын ұтымды жолдарының бірі – жаттығу жұмысы. Жаттығулардың тиімділігі – тіл үйренушілердің сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға пәрменді ыкпал жасайды. Тілді жеке түрінде емес, сөйлем түрінде үйреткен тиімді. Тіл үйренушілердің ана тілін таяныш ете отырып, грамматикалық тақырыптарды меңгерту керек. Грамматикалық тақырыптар бір жүйелік ретпен берілуі керек, - деді.
Сөйлегендер:
К.Толеубаева: балалармен қандай жеке жұмыс жүргізіп отырсыз?
А.Куршибаева: Мен балалармен «Ара болып ызыңдайық», «Жылан қалай дыбыстайды?», «Желдің шуылы қандай?» т.б. сияқты ойындарды ойнатамын.
Шешім: тәрбиеленушілермен қосымша жұмыс түрлері жандандырылсын.
4. Тыңдалды: «Ұлттық қазына», «Ағылшын тілін үйренейік!» вариативтік компонент бойынша мониторинг нәтижесі.
Сөйледі: этнопедагог К.Муканова күннің екінші жартысында «Ақбота» ересек, «Еркетай» ортаңғы тобында «Ұлттық қазына» вариативтік компоненті өтіледі. Арнайы жабдықталған мұражайда балалар ертегі кейіпкерлерімен танысып, рөлдерге бөліп ойнайды. Қазақ халқының ертеден келе жатқан бұйымдарымен танысып, қолдарымен ұстап көреді. Мақал-мәтел, жаңылтпаштарды еркін айта алады. Мұнда балалар ұлттық салт-дәстүрімізбен танысып, әдеби мұраларымызды жаттап өседі. Өзге ұлт балалары мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, суретке қарап қазақ халқының ертегі кейіпкерлерін айтып, қай ертегі кейіпкері екенін біледі. Тәрбиеленушілердің бойында отансүйгіш қасиетін қалыптастыру, өз жерін, елін сүюге, қорғауға үйрету жұмыстары жан-жақты қаралған. Ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келемін, - деді.
Сөйлегендер:
П.Умирзак: балаларға ұлттық ойындарды қай уақытта үйретесіз?
К.Муканова: балалармен музейде «тақия тастамақ», «асық ату» ойындарын ойнасақ, музыка залында немесе серуен кезінде көкпар, қыз қуу және т.б. ойындарын ойнаймыз.
Сөйледі: ағылшын тілі мұғалімі А. Берлібаева «Қарлығаш», «Қазына» ІІ кіші топтарында, «Еркетай» ортаңғы тобымен «Ақбота» ересектер тобында балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтары өте жақсы. Күннің екінші жартысында балалармен жоспарға сай ойын түрінде ағылшын тілін үйренеміз. «Қазына», «Қарлығаш» ІІ кіші тобы балаларының тілі әлі толық шықпағандықтан кейбір балаларда сөздерді айтуда қиыншылықтар кездесуде, ал, ортаңғы топ пен ересек тобының балалары жақсы меңгереді. Берілген тапсырманы қызығушылықпен орындайды, - деді.
Шешім: Вариативтік компонент жұмыстары жандандырылсын.
5.Тыңдалды: Педагог қызметкерлерді аттестаттауға дайындау жұмысының деңгейі
Сөйледі: Әдіскер К.О. Жылкыбаева
Әдіскер К.О.Жылкыбаева 2017-18 оқу жылында аттестаттауға өтініш берген педагогтар өздерінің жоспары бойынша мерекелік шаралары мен ұйымдастырылған ашық оқу қызметтерін уақытылы өтіп, аудандық және облыстық, қашықтықтан өткен республикалық сайыстарға қатысты. Педагогтардан сауалнамалар алынып, аттестаттау ережесімен таныстырылды. Келесі кезекте аттестаттау папкасын сараптау комиссиясына ұсыну қажет,- деді.
Шешім: аттестатталушы педагогтардың құжаттарын жинақтап, сараптау комиссиясына ұсынуға дайындау.
6.Ағымдағы мәселелер.
Сөйледі: Әдіскер К.О. Жылкыбаева алда жасалатын жұмыстарға тоқталып өтті. Қаңтар айында ата-аналарға қыс мезгіліне байланысты берілетін кеңестер ата-аналар бұрышына уақытылы ілініп, мәліметтер берілуін және қаңтар, ақпан айында жоспарланған ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерінің уақытылы өтілуін, оған барлық педагог-тәрбиешілер қатысып, өзара ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысу парағын толтырып отыруларын айтты. Балаларға жол ережесін үйрету, балалармен өтетін спорттық сайысына тыңғылықты дайындалуларын, балабақша мен мектеп сабақтастығы, ересек топ балаларының мектеп кітапханасына саяхатқа баруы, оны дұрыс ұйымдастыру туралы айтып, әрбір өткізген шараларының есебін уақытылы тапсырып отыруларын айтты.

Хатшы: Бодыкова А
Әдістемелік кеңес №4
01 наурыз 2018 жыл
|
№ |
Қаралатын мәселелер |
Өткізу формасы |
Уақыты |
Жауаптылар |
|
|
наурыз №4 Әдістемелік кеңес тақырыбы: Құзіретті педагог-жаңа формация педагогы Жүргізілу түрі: пікірталас |
|||||
|
1. |
№3 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы. |
әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
|||
|
2. |
Жаңа формация педагогы-құзыреттілігі қалыптасқан тұлға |
әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
|||
|
3. |
Тәрбиеленушілер жетістігі-ізденімпаз ұстаз еңбегінің нәтижесі |
тәрбиеші -С.Абдуллаева |
|||
|
4. |
Педагогтер портфолиосын ресімдеу |
әдістемелік бірлестік жетекшісі |
|||
|
5. |
Өз бетімен білім алу-педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың құралы |
Тәрбиеші – К.Муканова |
|||
|
6. |
Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің әдістемелігімен таныстыру |
әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
|||
|
7. |
Ағымдағы мәселелер. |
әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
|||
№4 әдістемелік кеңеске педагогтардың қатысуын тіркеу
Тақырыбы: Құзіретті педагог-жаңа формация педагогы
Жүргізілу түрі: пікірталас
Күні: 01 наурыз 2018 жыл
|
№ |
Педагогтардың аты-жөні |
Қызметі |
Қолы |
|
1. |
Жылкыбаева К.О. |
Әдіскер |
|
|
2. |
Серік Г. Б. |
Тәрбиеші |
|
|
3. |
Куршибаева А. Б. |
Тәрбиеші |
|
|
4. |
Умирзак П. |
Тәрбиеші |
|
|
5. |
Толеубаева К.А. |
Тәрбиеші |
|
|
6. |
Акишова С. О. |
Тәрбиеші |
|
|
7. |
Муканова К. Н. |
Тәрбиеші |
|
|
8. |
Абдуллаева С. Б. |
Тәрбиеші |
|
|
9. |
Берлибаева А. |
Ағылшын тілі мұғалімі |
|
|
10. |
Салауатова Г. |
Музыкалық жетекші |
|
|
11 |
Бодыкова А.К. |
Тәрбиеші |
|
|
12 |
Толегенова Б.Т. |
Тәрбиеші |
|
Әдістемелік кеңес отырысы
Хаттама №4
Күні: 01 наурыз 2018 жыл Қатысқаны: 10
Қатыспағаны: 2

1.Тыңдалды: №3 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы.
Сөйледі: Әдіскер К.О. Жылкыбаева мектепке дейінгі балаларды тәрбие мен оқытудың бағдарламасының және стандарт талаптарының орындалуы бойынша жұмыстар бақылауға алынып, балалардың сөздік қорын дамыту жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқаны анықталды. Вариативтік компонент бағдарламалары күннің екінші жартысында кестеге сай жүргізілуде. «Ақбота» ересектер тобында ағылшын тілінде ертегіні айту, сахналау жұмыстары қолға алынып, вариативтік компонент барысында қайталауда. Мамыр айында өтетін балабақшамен қоштасу кешінде балалар ертегіні сахналап қойып беруге дайындалуда,-деді.

2.Тыңдалды: Жаңа формация педагогы-құзыреттілігі қалыптасқан тұлға
Сөйледі: Әдіскер К.О. Жылкыбаева қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алудамыз. Білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас, басқаша қарым қатынас пайда болды. Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына көңіл бөлінуде. Сондықтан қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеріп, жаңа формация мұғалімі болу- заман талабы. Жаңа формация педагогы деп кімді атаймыз?
1. Педагог үздіксіз ізденуші
2. Педагог дамушы шығармашыл тұлға
3. Педагог өз ісінің шебері
4. Педагог әділ, еңбекқор тәрбиеші
5. Маман-педагог
Бүгінгі таңда жаңа формация педагогіне қойылатын талап та жоғарылады. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация педагогы – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Құзіреттілік латын тілінен аударғанда «компетенс» яғни, өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ, онда «құзыр» – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал «құзырлық»–адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Құзырлылық белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Педагогтың кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенед,- деді.
Шешім: педагогтардың үздіксіз ізденіп, өздерін жан-жақты дамытуына әдістемелік көмек көрсету.
3.Тыңдалды: Тәрбиеленушілер жетістігі-ізденімпаз ұстаз еңбегінің нәтижесі Сөйледі: тәрбиеші С.Абдуллаева «Келер ұрпақтың алдында зор жауапкершілік арқалап келеміз» деген Елбасымыздың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Сонымен қатар, ұстаз шәкірттерін де үнемі сайыстар мен байқауларға қатыстырып, жүлделі орындар алуға ұмтылу қажет. Бұл жағдайда ата-аналармен жұмысты күшейту керек. Бүгінгі таңда мектепте мұғалім көп, өкінішке орай ұстаз аз.Нәтижелі еңбегімен ұлағатты ұстаздардың қатарын толықтыратын мектебімізден осындай ұстаз шыққандығына мектеп қауымы біздер дән ризамыз. Ұстазға тек жалықпай , ізденісін тоқтатпай ұстаздықтың ұлы жолында ұлы абыройға кенеліп, шәкірт тәрбиелей беруге зор тілек білдіреміз,-деді
Шешім: Педагогтардың түрлі сайыстарға қатысуын бақылау.
4. Тыңдалды: Педагогтер портфолиосын ресімдеу
Сөйледі: әдістемелік бірлестік жетекшісі А.Куршибаева педагог портфолиосы – педагогтардың кәсіби деңгейін көрсетуші материалдарды тіркеп жинақтау және өзінің кәсіптік қызметінің міндетін шешу қабілеті болып табылады. Педагогтың портфолиосы арнайы папкада жинақталады. Портфолиода педагогтың жетістіктері, басылымға жіберілген мақалалар, ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері мен презентациялар, өз білімін жетілдіру тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінде қолданылатын әдістер, технологиялар көрсетіледі. Портфолио жинақтаудың басты міндеті – әрбір педагог өзінің кәсіби құзіретін бағалау үшін практикалық қызметтің барынша маңызды нәтижелерін көрсету, орындалған жобалар, конкурстарға қатысу, педагогикалық жүргізген зерттеулер. Портфолио педагогтың жұмыс нәтижесін талдауға, жалпылауға, жүйелеуге, өз мүмкіндіктерін объективті түрде бағалауға және қиындықтардан шығу жолын табуға, жоғары нәтижелерге жету жолындағы іс-әрекеттерін жоспарлауға мүмкіндік береді, - деді.
Сөйлеген:
К.Жылкыбаева: әдістемелік бірлестік жетекшісі ретінде педагогтарға портфолио жинақтауда қандай көмек көрсетілуде?
А.Куршибаева: барлық педагогтарға портфолио жинақтаудың үлгісін беріп, түсіндіріп айттым. Қазір педагогтар портфолиоларын жинақтап, дайындап қойды.
Шешім: Педагогтардың портфолиоларын толықтырып, педагогикалық кеңеске дайындау.
5. Тыңдалды: Өз бетімен білім алу-педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың құралы
Сөйледі: тәрбиеші К.Муканова «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың еш нәрсені ұмытпайтын алғыр да, алғарымпаз, ақыл иесі, ... мейлінше шешен, өнер білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болу керек» - деген Әл-Фараби. Мұғалім әрдайым даму үстінде сондықтан өзінің еңбек жолының барлығында зерттеуші болып табылады. Әсіресе мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыру барысында ғылыми-әдістемелік іс- әрекет үлкен әсерін тигізеді. Бұл іс-әрекет болжамы: білім саласында болып жатқан қазіргі кездегі өзгерістермен әрдайым танысу; өз әріптестерінің әртүрлі формадағы ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыру тәжірибесін оқып үйрену; жаңа білім тұжырымдамасымен, бағдарламаларымен т.б. танысу. Өзінің педагогикалық шеберлігін арттыру үшін педагог әртүрлі курстарға қатысады, сол сияқты өз білімін арттырумен шұғылданады. Өзіндік білім жетілдірдің мақсатының өзі оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жетілдіру мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімді оқып-үйрену. Өз білімін арттыру педагогтың тұрақты іс-әрекеті болғандықтан, оған кіретіндер: белгілі мәселеге байланысты ғылыми зерттеу жұмысы; кітапханаға бару, ғылыми – әдістемелік және оқу кітаптарын оқу; педкеңеске, әртүрлі семинарларға қатысу; өз әріптестерінің ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатысу, ұйымдастырылған оқу қызметтерін жүйелі ұйымдастыру; қазіргі білім беру технологияларының негіздерін оқып-үйрену болып табылады. Бізде барлық педагогтар өзіндік білім жетілдіру папкаларын дайындап, өз тақырыптарына байланысты педагогикалық кеңестерде, әртүрлі сайыстарда баяндамаларымен бөлісіп келеді,-деді.
Сөйлегендер:
К.Жылкыбаева: Ожеговтың анықтамасы бойынша өз білімін арттыру дегеніміз «Басқаның көмегінсіз,өз бетімен дайындалу арқылы білімін арттыру, кәсіби-әдістемелік білім мен біліктілігін тереңдетуге және кеңейтуге, пәндік дайындық деңгейін көтеруге бағытталған». ҚР «Білім» туралы Заңының 51-бабының 5-тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті», - делінген. Педагогтың еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен, күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс педагогтың тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес. Қазіргі кезде кейбір педагогтарымыз өздерінің зейнеткерлікке жақын қалғандарын айтып көп сайыстарға қатысқысы келмейді. Сіздер қазір жұмыс істеп отырсыздар. Сондықтан жұмыстан кеткенше өз білімдеріңізді толықтырып, алдарыңыздағы тәрбиелеп отырған бүлдіршіндерге заман талабына сай білім мен тәрбие берулеріңіз керек. Сондықтан үнемі ізденіс үстінде болуларыңыз қажет,-деді.
Шешім: Педагогтардың өзіндік білім жетілдіру тақырыптары бойынша шығармашылық есеп дайындалсын.
6. Тыңдалды: Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің әдістемелігімен таныстыру Сөйледі: әдіскер К.Жылкыбаева 2018 жылдың ақпан айында мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің әдістемелігі шықты. Әдістемелікте кішкене өзгерістер баршылық. Мониторинг жүргізу бірінші кіші топтан басталады. Аталған топта Бастапқы бақылау үшін индикаторлар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған ерте жастағы топтың күтілетін нәтижелері болып табылады (1 қосымша). Басқа топтар (сыныптар) үшін Бастапқы бақылаудың индикаторлары алдыңғы жас топтарының күтілетін нәтижелері (II жартыжылдық) болып табылады. Педагог баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейі бойынша диагностика нәтижелерін Бақылау парағына енгізеді. Аралық бақылау І жартыжылдық қорытындысы бойынша жүргізіледі, ол әр баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейінің динамикасын анықтайды.Қорытынды бақылау ІІ жартыжылдық соңында өткізіледі, ол Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында анықталған балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейіне сәйкестілігін айқындауға мүмкіндік береді деп мониторинктегі өзгерістерге тоқталып өтті.
Шешім: тәрбиеленушілерден алынатын қорытынды мониторинг мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің әдістемелін негізге алып жүргізілсін.
7. Тыңдалды: Ағымдағы мәселелер.
Сөйледі: Әдіскер К.О. Жылкыбаева алда жасалатын жұмыстарға тоқталып өтті. Наурыз айында өтетін аналар мерекесі, наурыз мерекесіне байланысты құттықтаулар, көрмелер ата-аналар бұрышына уақытылы ілініп, мәліметтер берілуін және наурыз, сәуір айында жоспарланған ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерінің уақытылы өтілуін, оған барлық педагог-тәрбиешілер қатысып, өзара ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысу парағын толтырып отыруларын ажәне наурыз мерекесі қарсаңында өтетін «Аталар сайысына» дайындалу, ата-аналармен сөйлесіп, қатысушылардың мәліметін әдіскерге алдын ала ұсыну қажеттігін айтты. Әрбір өткізген іс-шараларды басылым беттеріне беріп отыру сіздердің портфолионы толықтыруларыңызға қажет,- деді.

Әдістемелік кеңес №5
11 мамыр 2018 жыл
|
№ |
Қаралатын мәселелер |
Өткізу формасы |
Уақыты |
Жауаптылар |
|
|
Мамыр №5 Әдістемелік кеңес тақырыбы: Жылдық оқыту мен тәрбиелеу Жүргізілу түрі: пікірталас |
|||||
|
1. |
№4 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы. |
әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
|||
|
2. |
Жылдық оқу жоспары міндеттерінің орындалуы туралы қорытынды талдау |
әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
|||
|
3. |
Оқу жылының жұмысы қорытындысы нәтижесінде мадақтауға ұсынатын педагог кандидатурасын қарау |
әдістемелік бірлестік жетекшісі – Куршибаева А. |
|||
|
4. |
Келесі оқу жылындағы мақсат-міндеттер |
әдіскер-Жылкыбаева К.О. |
|||
№5 әдістемелік кеңеске педагогтардың қатысуын тіркеу
Тақырыбы: Жылдық оқыту мен тәрбиелеу
Жүргізілу түрі: пікірталас
Күні: 11 мамыр 2018 жыл
|
№ |
Педагогтардың аты-жөні |
Қызметі |
Қолы |
|
1. |
Жылкыбаева К.О. |
Әдіскер |
|
|
2. |
Серік Г. Б. |
Тәрбиеші |
|
|
3. |
Куршибаева А. Б. |
Тәрбиеші |
|
|
4. |
Умирзак П. |
Тәрбиеші |
|
|
5. |
Толеубаева К.А. |
Тәрбиеші |
|
|
6. |
Акишова С. О. |
Тәрбиеші |
|
|
7. |
Муканова К. Н. |
Тәрбиеші |
|
|
8. |
Абдуллаева С. Б. |
Тәрбиеші |
|
|
9. |
Берлибаева А. |
Ағылшын тілі мұғалімі |
|
|
10. |
Салауатова Г. |
Музыкалық жетекші |
|
|
11 |
Бодыкова А.К. |
Тәрбиеші |
|
|
12 |
Толегенова Б.Т. |
Тәрбиеші |
|
Әдістемелік кеңес отырысы
Хаттама №5
Күні: 11 мамыр 2018 жыл Қатысқаны: 10

1.Тыңдалды: №4 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы.
Сөйледі: Әдіскер К.О. Жылкыбаева педагогтар өзіндік білім жетілдіру тақырыптары бойынша портфолиоларын дайындап, педагогикалық кеңесте қорғап шықты. Кейбір тәрбиешілерге толықтырулар қажеттілігі айтылды. Тәрбиешілердің әлі де өздігінен ізденіп, жаңа технологияларды меңгеру деңгейі төмендігі, әр түрлі сайыстарға қатыспайтыны туралы айтылып, ескертулер берілді,-деді.

2.Тыңдалды: Жылдық оқу жоспары міндеттерінің орындалуы туралы қорытынды талдау
Сөйледі: Әдіскер
К.О. Жылкыбаева елбасымыз Н.Ә.
Назарбаев «Қазіргі заман талабына сай,
жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология
қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ
тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі отбасының, балабақшаның, барша
елдің, халықтың міндеті» деген болатын. Иә, елбасымыз айтқандай жас
жеткіншектерді тәрбиелеу жұмысының негізі ең
алдымен отбасында қаланып, сонан соң балабақшада
жалғасатыны белгілі. Бүгінгі жас ұрпақ болашағының ірге тасының
берік қалануы үшін, балабақшада берілетін білім
мен тәрбиені дұрыс қалыптастыру өз қолымызда. Біздің
басты мақсатымыз: Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі
білім беру стандартының негізгі ережелері мен
талаптарын басшылыққа ала отырып, білім
салаларында білім алу құзіреттіліктерін
қалыптастыру. Сапалы білім беру жүйесінің ең алғашқы
сатысы-мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу болса, баланың алғашқы
құрылым институты отбасы болып саналады.
Отбасы тәрбиесінің басты
ерекшелігі балаға байланысты ең ерекше эмоциалық қатынасты
қалыптастырады, өзіне деген сенімділігін арттырады. Ата-ананың
көрсеткен үлгісі, жеке тұлғалық дамуы отбасы тәрбиесінің нәтижесіне
әсер етеді, баланы жан-жақты дамыту жүйесінде балабақша мен
отбасының өзара байланысын анықтайды.
Бөбекжайда қазіргі таңда 96
бүлдіршін тәрбиеленіп, білім алуда. Тәрбиеленушілерге тәлім-тәрбие
беру жолында арнаулы және жоғары білімді педагогтар жұмыс істейді.
Балабақшадағы оқу тәрбие жұмысы негізінен Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Жалпыға міндетті білім беру стандарты, «Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік» бағдарламасымен жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта 5 топ мемлекеттік тілде жұмыс істейді. Әрбір
топтағы тәрбие, білім беру өнегелі әдептерге үйретудегі жаңа
технология әдіс-тәсілдерімен ойын түрлері арқылы жүргізілген тәрбие
жұмыстары нәтижесін беруде. Бөбекжай оқу-тәрбие
жұмыстарының жоспарын жасап, бекітіп, сол бойынша
біршама жұмыстар атқарды. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
негізінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
бағдарламасы топтарда жүзеге асырылуда. Бес білім беру
саласымен жұмыс жасау елеулі нәтижелер берді.
Бөбекжайда оқу-тәрбие жұмысын жақсартуда педагогикалық
кеңестер, тәрбиешілерге және жас мамандарға
арналған кеңестер жүргізілді. Әрбір топтағы тәрбие, білім
беру-өнегелі әдептерге үйретуде қолданылатын жаңа
әдіс-тәсілдер мен ойын түрлері арқылы жүргізілетін
тәрбие жұмыстары нәтижесін беруде.
Педагогтардың кәсіби
құзіреттілігін, танымдық қажеттіліктерін, тәрбиелеумен оқыту
үрдісін ұйымдастыру іс-әрекеті барысында жаңа әдіс-тәсілдерді
қолдануларын қамтамасыз ету, өз бетімен ізденулеріне қолдау көрсету
мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі
бағыттары» тақырыбында пактикум-кеңес,
«Баланың шығармашылық қабілетін жетілдіруде эстетикалық тәрбиенің
рольі» диалог-кеңес, «Бөбекжайда педагогтердің
кәсіби құзыреттіліктерін дамытуды өздігінен білім алу жағдайында
іске асыру», «Ұрпақ тәрбиесі-ел
болашағы»
тақырыптарында семинар өтті.
Онда педагогтар өзара іс-тәжірибелерімен бөлісіп, әдістемелік көмек
алды. Оқу жылында педагогикалық ұжыммен
«Педагогикалық ұжымының
педагогикалық ғылыми жетістіктері мен озық педагогикалық
тәжірибелерін тәрбиелеу мен оқыту жұмыстарына
қолдану»,
«Педагогтардың өздігінен кәсіби
дағдыларының жүзеге асуының
қалыптасуы»,
«Рухани жаңғырудың жарқын
жолы» және «Әдістемелік
жұмыстардың барысын қорытындылау» тақырыптарында педагогикалық
кеңес өткізілді. Педагогтар инновациялық технологиялармен, жаңа
бағдарламалармен танысты. Өздерінің теориялық білімдерін жыл бойы
балалардың жан-жақты дамуына мақсатты түрде бағыттап, түрлі
әдіс-тәсілдерді практикалық тұрғыда қолдана білді. Дәстүрлі емес
әдіс-тәсілдерді балалардың тілдік дамыту жұмыстарында қолданып,
соның нәтижесінде суреттер бойынша әңгіме құраудың, мазмұндаудың
жаңа сызбасын әзірледі. 2017-2018 оқу жылында жылдық
оқу жоспарына сай жұмыстар жүргізілді,-
деді.
Шешім: жылдық оқу жоспарының орындалуы қанағаттанарлық деп танылсын.
3.Тыңдалды: Оқу жылының жұмысы қорытындысы нәтижесінде мадақтауға ұсынатын педагог кандидатурасын қарау.
Сөйледі: әдістемелік бірлестік жетекшісі А.Куршибаева 2017-2018 оқу жылында әртүрлі сайыстарға қатысып өздерін жан-жақты көрсете білген педагогтарды атап оларды, жаңа оқу жылында мұғалімдер күні қарсаңында мадақтауға ұсынды. Олар тәрбиешілер Асел Бодыкова, Саркыт Орымбековна, Света Абдуллаевалар, Перизат Умирзак - деді.
Сөйлеген:
К.Жылкыбаева: Былтырғы оқу жылында балабақшада жұмыс жасайтын 13 педагогтың 4-5-і ғана әртүрлі сайыстарға белсенді қатысып, өздерін жан-жақты дамытып отырды. Қалған педагогтар келесі жылы бұл жағдай қайталанбай, өз-өздеріңізді дамытып, сайыстарға қатысып отырыңыздар,-деді.
Шешім: Ұсынылған педагогтар тізімі №1 педагогикалық кеңесте қарауға дайындалсын..
4. Тыңдалды: Келесі оқу жылындағы мақсат-міндеттер
Сөйледі: Әдіскер К.О.Жылкыбаева келесі оқу жылында педагогтардың өзіндік білім жетілдіру жұмыстарын жандандыру арқылы тәрбиеленушілерге заман талабына сай білім мен тәрбие беру, өзіндік білім жетілдіре отырып, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жетілдіру мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімді оқып-үйрену, жаңаша білім мазмұнына сай құжаттарды толық толтыруды үйрену, тамыз кеңесіне баяндама оқитын педагогтар баяндамаларына дайындық жұмыстарын қарастырып, тақырыптарын бекітсін, - деді.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балабақшадағы әдістемелік кеңес хаттамалары

шағым қалдыра аласыз