Материалдар / Балабақшадағы біртұтас тәрбие жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Балабақшадағы біртұтас тәрбие жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
2023-2024 оқу жылында "Біртұтас тәрбие жоспарын іске амыруға арналған жылдық, апталық уиклограмма жоспарлары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2024
1843
57 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КЕШЕНДІ ЖОСПАРДЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ



Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.

Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.

Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін:

- ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін;

- халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін;

- әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.








«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:


Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.


Міндеттері:

1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.

3.Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен

әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

4. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.

5. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

Күтілетін нәтиже:

1. Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.

2. Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.

3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.

4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.

5. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.




Ұлттық құндылықтар: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП.


Ұлттық мүдде құндылығы:


- Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу;

- Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу;

- Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;

- Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту;

- Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;

- Қоғам игілігі үшін қызмет ету;

- Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу;

- Ұлттық мәдениетті дәріптеу;


Күтілетін нәтижесі:


- Отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл

- Мемлекеттік рәміздерді қадірлейді

- Елінің тарихын құрметтейді

- Ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптейді

- Құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары










Ар-ұят құндылығы:

- Академиялық адалдық қағидатын қолдау;

- Адал еңбекті құрметтеу;

- Сөзіне берік, ісіне адал болу;

- Халқына адал қызмет ету

- Әдеп нормаларын ұстану;

- Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну;

- Достарына, аға- әпкелеріне іні- қарындастарына , отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту;

- Өзін отбасының, тобының қоғамның, Отанның бірмүшесі екенін сезіну.

Күтілетін нәтижесі:

- Ар-ұят, адалдықты жоғары бағалайды;

- Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады;

- Ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайды;

- Достарын, сыныптастарын сыйлайды;

- Кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді.

Талап құндылығы:

- Сыни және креативті ойлау;

- Жеке және командамен жұмыс істей білу;

- Білуге, жаңаны тануға құштар болу;

- Физикалық белсенді болу;

- Салауатты өмір салтын ұстану;

- Технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету;

- Дұрыс қарым-қатынас орната білу;

- Уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау.

Күтілетін нәтижесі:

- Жан мен тән тазалығын сақтайды;

- Дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді;

- Қоршаған орта тазалығын сақтайды;

- Ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылық; - Ізденімпаз, жасампаз тұлға

Туғаннан 6 жасқа дейінгі бала тәрбиесі «Бүлдіршін тәрбиесі» - «Алтын қоржын» кейсін «Даярлық тобында»

Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінде:

  • баланың дербес әрекетіне қолдау көрсету;

  • баланың шексіз мүмкіндіктеріне сенім білдіру;

  • баланың қызығушылық танытқан іс-әрекеттерін сынап көруіне мүмкіндік беру ұсынылады.

Ұсынылады:

  • бесік-жырлары, арнау-тілек өлеңдер, өтірік өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар мен мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар айтысы және басқа да балалардың тілдік қарым-қатынас жасауына қолайлы халық ауыз әдебиетінің үлгілері мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінің құралы ретінде жүйелі қолдану;



  • балабақшада түскі (ұйқы) демалыс алдында оның жақсы ұйықтап, тынығуы үшін 0-3 жас аралығындағы бөбектерге бесік жырын (басқа да балаларға арналған жағымды әуенді әндер) тыңдату, ал 3 жастан асқан балаларға мейірімділік пен жақсылықты дәріптейтін ертегілер айту дәстүрін енгізу;


  • балалармен ертегі сағаттары, «Әжемнің ертегісі», «Бал бала» тіл ширату жобалары мен іс-шараларын жүзеге асыру;


  • балалардың жас ерекшелігін, қызығушылығы мен қажеттілігін ескере отырып ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын, спорттық қимыл-қозғалыс ойындарын жүйелі қолдану ұсынылады.









Мектепке дейінгі ұйым басшысының міндетті:

- тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

- тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

- тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;

- тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік-психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді.

Әдіскер, психолог, тәрбиеші, медбикенің міндеттері:

- салауатты өмір салтына ынталандыру;

- топта достық ортаны, өзара түсіністікті құру;

- Тәрбиеленушілердің басқаларға деген жауапкершілігін, ұжымда жұмыс істей білуге баулу;

- ата-аналар жиналысын өткізу (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға (басқа да заңды өкілдерге) арналған консультациялар);

-тәрбиеленушілердің біліктіліктері мен даму дағдыларына бастапқы,аралық, қорытынды кезеңдердегі мониторинг көрсеткіштері бойынша ата-аналармен өзара әрекеттесу;

Кешенді жоспардың орындалуын бақылау мен басшылық жасау білім ұйымдарының бірінші басшыларына жүктеледі.

Орындалған іс-шараларды әлеуметтік желілерде жариялау, #Біртұтас_тәрбие хештегін тег


Біртұтас тәрбие бағдарламасы.

ІІ. Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету

Тәрбие процесін ғылыми - әдістемелік қамтамасыз ету үш бағытта қарастырылады: ұйымдастырушылық және ақпараттық (ғылыми -әдістемелік база, алдыңғы қатарлы педагогикалық білім мен инновациялар банкі, баспа), технологиялық (ақпаратты жинау және өңдеу, жоспарлау және жүзеге асыру бойынша шараларды өткізу, сапа жүйесі), әдістемелік (кәсіби білім беру ұйымының барлық процестеріне сапа менеджменті жүйесін енгізу, педагогтардың тәжірибесін жалпылау, ұсыну және тарату).




2023-2024 оқу жылында балабақшада төмендегідей жобалар іске асырылады:


«Даналық мектебі» :


-Аталар мектебі; «Аталар сөзі-ақылдың көзі» Мақсаты: Метепалды даярлық топтарында мінез-құлық әдебі мен өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастырудың құралдарының бірі ретінде қазақ халқының мақал-мәтелдерін, тыйым сөздерін қолдану;


- Әжелер мектебі «Әжемнің ертегісі» жобасы Мақсаты: халық ауыз әдебиеті үлгілері, көркем шығармалар тәрбиелік шаралар мен жобалардың мазмұнын қамтамасыз ететін дереккөзі ретінде қолдану;


- Әкелер мектебі; «Ұлттық ойындар» жобасы («Асық ату» өткізу, Хан талапай, Арқан тартыс, Алтыбақан, Айгөлек, Белдесу, Саққұлақ, Тымпи, Тоғызқұмалақ т.б.) Мақсаты: Баланың физикалық, зияткерлік тұрғыдан дамуына ықпал ететін құралдардың бірі ретінде қолдану арқылы оның қолданыс аясын кеңейту;


-Аналар мектебі; «Бал бала» тіл ширату жобасы; Мақсаты бесік-жырлары, арнау-тілек өлеңдер, өтірік өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар мен мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар айтысы және басқа да балалардың тілдік қарым-қатынас жасауына қолайлы халық ауыз әдебиетінің үлгілері мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінің құралы ретінде жүйелі қолдану











2023-2024 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында тәрбие жұмысының жылдық

Ц И К Л О Г Р А М М А С Ы ( Талап. Ар-ұят. Ұлттық мүдде (Отан)

1-6 жас «Бүлдіршін тәрбиесі» - «Алтын қоржын» кейсін «Даярлық тобында»


Мерзімі

айы

уақыты

Тақырыбы

Өтілу түрі

Құндылықтар индикаторы

Жауаптылар мен қатысушылар




Қыркүйек

1 апта

1 қыркүйек білім күні балабақшада»

«Білімнің бастауы

Салтанатты жиын

Ұлттық мүдде- Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу

Әдіскер

МАД,ерескек тобы


2 апта

Тілдер мерекесі

«Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте»

Мерекелік концерт


Ұлттық мүдде- Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту

Әдіскер

МАД,ерескек тобы


3 апта

Денсаулық фестивалі

Ұймдастырылған ашық іс-әрекеті

Талап құндылығы-

Салауатты өмір салтын ұстану;

Физикалық белсенді болу


Тәрбиеші А.Түктибаева

МАД, ерескек тобы


4 апта

Көңілді сергіту сәті

Бейне ролик

Тик –ток түсіру

Талап құндылығы-

Салауатты өмір салтын ұстану;

Физикалық белсенді болу


Тәрбиеші А.Түктибаева

МАД,



Қазан

1 апта

Ұстаздар күні

Түсірілім «Тик ток»

Ар-ұят құндылығы-Кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді.

МАД тобы тәрбиеші Ұ.Зарпуллаева


2 апта

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!