Балабақшадағы буллинг

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балабақшадағы буллинг

Материал туралы қысқаша түсінік
БАЛАБАҚШАДАҒЫ БУЛЛИНГ ФОРМАЛАРЫ Мектепке дейінгі жас – бұл жас баланың жеке басының қалыптасуы жүретін кезең. Психологтар балалар үш жасқа дейін эмоциялары және ықыласын игере алмайтынын дәлелдеді. Сондай-ақ олар белгілі бір мінез-құлықтың салдарын түсіне алмайды, оларға бөлісу қиын, сондықтан олар ойыншықтарды бір-бірінен талап етеді және тартып алады. Олар өз әрекеттеріне соңына дейін саналары жетпейді. Бастауыш мектеп жасына дейінгі балаларда алдын ала ойлау кезеңі болмайды, қорқыныш шегі төмен, кінә сезімі мен салдарын түсіну дамымаған. Күш көрсету болмашы теріс қылық болып табылады. Физикалық (физикалық зорлық-зомбылық): тепкілеу, соғу, ұру, итеру. Сөзбен (ауызша зорлық-зомбылық): құрдасын қорлау немесе қорқыту үшін ренжітетін сөздерді, сөз тіркестерін үнемі қолдану. Эмоциялық (эмоционалдық зорлық-зомбылық): баланы араласу ортасынан аулақтату, елемеу, қабылдамау, мысалы, ойынға қоспау арқылы көрінетін жасырын буллинг.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балабақшадағы буллинг»

Қазіргі кезең ақпараттық технологиялар кезеңі. Сондықтан кез-келген ақпарат өте жылдам, тез тарайды. Осы орайда түрлі әлеуметтік желілерде, ақпараттық сайттарда буллинг құрбаны болған мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің балалары жайлы ақпараттар да таралып жататыны жасырын емес. Осындай келеңсіз жайттардың алдын алу мақсатында «Ақбота» балабақшасында «Балабақшадағы буллинг» тақырыбында педагог мамандармен,қызметкерлермен жұмыс өткізілді.

Ең алдымен буллинг сөзінің негізгі мағынасына тоқтала кетсек. Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.

Көпшілік адамдар, мұндай әрекеттердің ең көп қайталанатын, жиі көрініс беретін орны мектепте деп ойлайды. Негізінде олай емес, бұл жайт қоғамда кез-келген жерде, кез-келген мекемеде болуы мүмкін. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы буллинг жайлы тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын.Себебі бұл өте маңызды, әрі дәл қазіргі уақытта ең актулды тақырыптардың бірі болып есептеледі. «Неге?» деген заңды сұрақ туады. Себебі, бүгінде кез-келген жайсыз хабар тез таралып, резонанс тудырып жатады.

Біз үшін, біздің мекеме қызметкерлері  үшін білім алып, тәрбиеленіп жатқан балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі ең басты орында.  Бізге сенім артып өзінің балаларын тәрбиелеуге алып келген ата-аналардың көкейінде күмән тумауы үшін үнемі тағлымды сабақтар өткізіліп, қызметкерлер арасында өз ара талқыланып, мұндай келеңсіздіктерді болдырмаудың жолдары айтылып, түсіндіріліп отырады.

Дөңгелек үстел барысында ұйымдастырылған оқу-қызметінде баламен қарым-қатынас, баланың толық жай-күйін бақылауда ұстай отырып, үлкен мейіріммен  байланыс орнату жайлы айтылды. Сонымен қатар,  өзге әріптесінің тәрбиеленушіге деген қарым-қатынасында буулинг белгілерін байқаған жағдайда не істеу керектігі  түсіндірілді. Мамандардың айтуы бойынша зорлық-зомбылықты бала-бақшадан бастап көрген баланың ойлау жүйесі, қоғамға деген көзқарасы өзгереді. Міне, сол келеңсіздіктерді болдырмау үшін біздің балабақша үнемі жүйелі түрде іс-шаралар өткізіп, тәрбиешілер арасында тағлымды дәрістер өтіп тұрады.

Сабақ барысында балабақшадағы балалар арасындағы буллинг байқалған жағдайда тәрбиешінің іс-әрекеті қандай болуы тиіс. Міне осы сұраққа да мамандар жауап ала алды. Өзге баладан зорлық-зомбылық көрген баланы байқаса, тәрбиеленушілер арасындағы жайттарды бақылай отырып үнсіз қалса, онда ол тәрбиешінің де бұл іске жанамалы түрде қатысы бар болып шығады. Сондықтан тәрбиешілердің басты мақсаты тәрбие мен білімді қатар бере отырып, балаларды зорлық-зомбылық әрекеттерден алшақ ұстауға үйрету. Оның себеп-салдарын болдырмау үшін  жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, баларды дұрыс қарым-қатынасқа үйрету.

Кезекті өткен сабақта «Ақбота» балабақшасының қызметкерлері де өздеріне қажетті ақпаратты толық ала алды. Мұндай семинар сабақтар өте қажет. Ол бала қауіпсіздігі мен тәрбиесі үшін, әрі мекемеде қызмет ететін тәрбиешілердің біліктілігі мен білімін жетілдіріп отыру  үшін керек. Біз алдағы кездерде де бұл жұмысты жүйелі түрде жүргізіп отырамыз.

 




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2025
155
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі