Материалдар / "Балабақшадағы ертегі терапиясының рөлі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Балабақшадағы ертегі терапиясының рөлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
" Балабақшадағы ертегі терапиясының рөлі"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2021
255
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балабақшадағы ертегі терапиясының рөлі


Ертегі терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады. Практикалық психологияның ертегілік терапия бағыты – баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады
Ертегі терапиясы тек ата-ана үшін емес, ұстаз үшін де топпен жұмыс жүргізу барысында өте тапқыр әдіс болмақ. Адам баласында нашар деп бағаланатын көптеген мінездер бар. Соның бірі – жалқаулық. Жалқаулықты қаралайтын ертегілер мол болғанымен, дені баянға құрылады. Ертегіні тыңдау бір басқа да, оны сомдаудың жөні бір басқа. Жалқаудың рөлін ойнаушы бала өзі қайталап отырған болмыстың шын мәнінде кім екенін түбегейлі ұғынады да, ондай одағай әрекеттерді қайталамауға тырысады. 
Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева ертегі терапиясын төмендегідей түсіндіреді:

- емдеу (психотерапиялық болып табылатын баланың ішкі білімін ашу);

- мағына іздеу үдерісі (әлем туралы білімнің мағынасын ашу);

- шынайы өмірдегі және ертегідегі оқиғалар мен тәртіптердің арасындағы байланыстың білімі;

- мәселелік оқиғаларды объективтілеу;

- баланы тәрбиелеу және оған білім беру.

Ертегі терапияның бір ұтымдылығы – бала тілімен жеткізілуінде, баланың ой ауқымына тән оқиғалар дәрежесінде ситуация құруында. Бала ертегі тыңдау арқылы өзін-өзі емдеп, түрлі шығармашылық қабілетінің ашылуына мүмкіндік алады. Барлық ертегілерде басты кейіпкердің еркін өмірге қол жеткізуі, Отанының тәуелсіз дамуы басты мұрат ретінде бағаланса, ертегі арқылы балақайлар өздік кеңістік пен еркіндік ұғымын түйсінеді. 
Ертегі терапиясының жетекші идеялары болып:

- өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің құндылығын, өзіндік потенциалдарын сезіну;

- оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну;

- қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу;

- қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету;

- үндестік пен күшті сезіну  


Ертегі терапиясымен әсер ету ертегінің бес түрінің көмегімен жүзеге асады:

Әрбір жағдайда, әрбір кеңес беру кезіне сәйкес келетін ертегілер таңдалып алынады немесе арнайы құрастырылады. Бұл ертегі терапевтерінің оқыту тақырыбы болады. Әртүрлі образдағы ертегілер балаға әртүрде ұсынылады: ертегіні талдау, ертегіні айтып беру, шығарма, қуыршақ дайындау, драматизация, сурет салу, ойындар, медитация және т.б. 

Ертегі терапиясы арқылы балаға мынадай қасиеттерді сіңіруге болады:

      Баланың шығармашылығы дамиды;

      Ойлау қабілеті дамиды;

      Баланың бойында тапқырлық дамиды;

      Өз ойын жеткізе білу;

      Рөлге ене білу;

      Сөйлеу мәдениеті және т.б. қасиеттері дамиды.

Қазіргі таңдағы көптеген зерттеулердің нәтижелеріне сүйенер болсақ, ертегі терапиясы емдік мақсаттағы терапия екенін түсіндіріп, дәлелдеп отыр. Оларға қысқаша тоқталып кетер болсақ:

-  Әлеуметтік ортада туындап отыратын көңіл-күйдегі агрессивті сезімдерден босаңсу. Сурет салу, живопись, түрлі-түсті краскалармен глинаны пайдалана отырып мүсіндер жасау – адам бойындағы психикалық қысымдардан босаңсуына пайдасын тигізетін ең бір зиянсыз әдіс.

-  Психотерапияны жүргізудің вербальды түріне қарағанда, көптеген бейнелердің көмегімен ішкі уайымдаулар мен санасыз түрде кикілжіңге түсу себептерін сыртқа шығару оңайырақ болады. Яғни, терапияның тиімді әрі пайдалы жақтары осыдан байқалады. Сонымен қатар терапия барысын алға, жағымды жағынан ілгерілеуін тездетеді.

- Терапия жүргізу процесінде диагностикалық жұмыстармен интерпретация жасаудың негізгі мүмкіндіктерін нақты беріп отырады. Баланың жасап шығарған шығармашылық туындыларының шындықтағы бар нәрсе екенін ол өзі жоққа шығара алмайды. Баланың шығармашылық жұмысының стилі мен мазмұны ол жөнінде психологке көптеген ақпарат беріп отырады. Сонымен қатар туындының авторы педагогқа бірге интерпретация жасауда көптеген өзіндік үлесін қосады.

- Көптеген арыла алмай жүрген ойлар мен қиын ауыр сезімдермен жұмыс жүргізуге болады. Кейбір уақыттарда үдемелі сезімдер мен қандай да бір наным-сенімдердің себептерін  анықтаудың, оны түсіндіре алудың бірден-бір жолы – осы вербальды емес әдіс арқылы қарым-қатынас жасау болып табылады.

- Терапиялық өзара қарым-қатынасты нығайтуға көмегін тигізеді. Топ мүшелерінің шығармашылық жұмыстарындағы кейбір элементтерінің ұқсас келуі өзара жағымды сезімдер мен бір-біріне деген эмпатияның қалыптасуын тездетеді.

- Іштей өзін-өзі реттей алушылық пен өзін-өзі бақылай алу сезімінің пайда болуына әсерін тигізеді.

- Өз сезімдеріне зейін қоя отырып, көңіл бөлуін дамытады және нығайтады Балалар ертегіге ене отырып, нақты жағдайда шығармашылық конструктивті өзгерістің жаңа мүмкіндіктерін ашады және өзіне күш жинап, өздеріне жаңа ресурс аша отырып, өз өміріндегі оқиғаларға ауысады, басқаша ойлай бастайды, басқа қырынан қарай бастайды және оның конструктивті әлеуметтік моделіне  кіріседі.

Ертегі терапиясының когнитивті және шығармашылық аспектілері ерекше маңызды. Ертегіге талдау жасау (когнитивті талдау) рухани құндылықтарға жанасуды, күнделікті жағдайларға қатысты  көзқарасты өзгертеді немесе едәуір байытады. Қиялдың шығармашылық энергиясын – шығарма, сурет салу, қуыршақтар дайындау, ертегіні драматизациялау (шығармашылық аспектілер) арқылы шығаруға мүмкіндік береді. Барлық осы күштер өз өмірін конструктивті өзгертуге көмегін тигізеді.

Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей - ертегідегі теңестірулер, яғни, метафора, адамның бейсаналы күйіне тікелей әсерін тигізеді. Ескеретін жағдай, метафора әсері терең әрі тұрақты деңгейде жүреді. Метафоралық ғажайып әсерлер жеке тұлғаның өзіндік, жекелік ресурстарын белсендіре түседі. Көптеген образдар, метафора тілдері қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, адам санасын оятып, белсендіреді.

Ертегімен жұмыс жасау барысында мынадай әдістерді қолданған жөн:

1.Ертегіні талдау. Мақсаты – әрбір оқиғаны, әрбір кейіпкерді, әрбір бейнеленген сюжетті түсіне отырып шыққан қорытындыны ұғыну. Баладан көбінесе өз ойын сұрап отырған жөн.

2.Ертегіні әңгімелеу. Бұл әдіс баланың елестете алу қабілетін, қиялын дамытады. Балаға бұл ертегіні қатысқан немесе қатыспаған кейәпкердің атынан баяндап беруді ұсынуға болады.

3.Ертегіні қайта жазу немесе толықтыру. Ертегінің мазмұны немесе оқиғаның шиеленісуі, аяқталуы ұнамаған кезде қолданылатын әдіс. Ертегіні қайта жазып немесе кейіпкерлерін өзгертіп бала өзінің бойындағы өзгерістерді көрсетіп, шешімін таппай жүрген жағдайларды шешіп, өз ішіндегі толғаныстардан босай алады.

4.Қуыршақтар арқылы ертегіні сахналау. Бұл баланың қимыл – қозғалыстарын неғұрлым шынайы етіп, қуыршақтың мінез – құлқын да шынайы сомдай алуына көмектеседі. Қуыршақтармен жұмыс жасау арқылы бала өз бойындағы өзгерістер мен эмоцияларды жағдайларға байланысты көзрсете алмайтын жақтарын көрсетуге мүмкіндік алады.

5. Ертегіні құрастыру. Кез – келген қиял – ғажайып ертегілерде мазмұнның даму заңдылықтары бар. Басты кейіпкер бір отбасында дүниеге келіп, қиындықтарға тап болып, ол кедергілерді жеңеді және үйіне оралады. Сонымен, ертегі барысында кейіпкердің өмірі ғана сипатталмай, жеке тұлғаның қалыптасу кезеңі айтылады.

Ертегі терапиясын адамның рухани жан дүниесіне үйлесе отырып тәрбиелейді. Көптеген адамдар ертегі терапиясын балалармен ғана жүргізу керек деп айтады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалармен. Бірақта, психологиялық қызмет барысында ертегі терапиясын қолданғанда адамның жасы мүлдем шектелмейді.

«Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе»,- деп М.Жұмабаев айтып кеткендей, ертегінің бала тәрбиесінде алар орны ерекше. Болашақта логикасы, шығармашылығы дамыған, еліміздің іргесін берік қалайтын жастар тәрбиелегіміз келсе, ертегіге ерекше көңіл бөлейік.

 







































16 «Бөбек» балабақшасы










БАЯНДАМА

Балабақшадағы ертегі терапиясының рөлі

/тәрбиешілерге арналған кеңес/








Педагог-психолог: Мусина З.С.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!