Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі. Ойыншықтар айтысы.

Мақсаты:

1. Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.

2.Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыландыру.

3.Ойыншықтарды күтіп үқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: жұмсақ, резина, компьютер.

Көрнекілік: әртүрлі ойыншықтар, көліктің түрлері, резиналы ойыншықтар, жұмсақ ойыншықтар.

Оқу іс-әрекетінің барысы:1.Ұйымдастыру:

Ертеңгілік жүздесу.

Қуанамын менде, қуанасың сен де.

Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.

Бүгінгі күніміз сәтті өтсін.

Бәріңе сәттілік тілеймін!

2.Балалар шеңбер болып тұрады. Ғажайып қалтаға салынған ойыншық түрлерін алып келіп, балаларға тарату, әрқайсысы алған ойыншықтарын сипаттайды.

-Бүгін - ойыншықтар мерекесі. Бізге көп ойыншықтар қонаққа келіпті. Олар көрме ұйымдастырып, ойыншықтар мерекесін өткізуге көмектеседі. Біздің көрмеге ойыншықты күтіп өстайтын мейірімді Перизат та (Фея) келіпті. Қош келдіңіз.

Балалар Перизатқа ойыншық туралы оз ойларын айтады. Теледидардан әртүрлі ойыншық ұстаған балалар би билейді. Мейірімді Перизат сұрақтар қояды.

-Ойыншық не үшін керек және ол неден жасалады?

-Өздерің ойыншықты қалай күтіп үстайсыңдар?

-Аю, доп, қоян, қуыршақтардың бәрін жалпы қалай атауға болады?

Көңіл күйді көтеру.

Ойыншықтарды шашамыз,

шашамызда жинаймыз,

Бөлмемізді өрнектеп,

мерекеге біз дайын.

3.Барлық балалар ойыншықтарды аралап көріп шығады. Қолмен ұстап көреді. Балалардың біреуі өзінің сүйікті ойыншығын сипаттап айтады.

«Ойыншықтар» деген сөзге сөйлем құрастыру. Ойыншықтар сөзіне дыбыстық талдау жасау.

4.Дәптермен жүмыс.

«Ойыншықтар айтысы» әңгімесін оқу.

Кішкентай Сәнияның ойыншықтары көп. Туған күніне сыйлаған ойыншықтары қаншама. Неше түрлі қуыршақтар аю, қоян, ит және т.б. бөлмесіндегі ойыншықтар бұрышында сөрелерде тізіліп түр. Бір күні үйдегілер ұйқыға кеткен шақта ойыншықтар бір-бірімен айтыса бастады. Сондағы даулары Сәния қыз қайсысын өте жақсы көреді екен?

Әңгімені сары шашты әдемі қуыршақ бастады.

-Сәния мені өте жақсы көреді, себебі мен әдемімін.

-Жоқ мені жақсы көреді, өйткені мен мамықпын, -деп қуыршақпен ақ қоян келіспеді. Ал менің үлкендігім соншама кейде мені жастанып та жатады. Неге дауласасыңдар соншама біздер арқылы оның ой-өрісі дамиды, - дейді түрлі түсті текшелер жамырап.

Бәрінің айтқан дәлелдерін тыңдап болған үш аяқты велосипед:

-Маған тең келетіндерің жоқ шығар. Адамға денсаулық керек. Мен арқылы ол денсаулығын шыңдайды, -деп мақтанады. Осылай ойыншықтар үзақ айтысады.Ойыншықтардың осы дауын ұшып келіп терезенің жақтауында отырған көгершін естиді.

-Ойыншықтар неге сонша дауласасыңдар? Ал сендердің қайсысың Сәнияны өте жақсы көресіңдер? -деп сұрады.

-Мен, мен, -деп бәрі жамырай жауап қатты ойыншықтар.

- Міне, көрдіңдер ме? Сәнияны бәрің бірдей жақсы көреді екенсіңдер. Сәния да бәріңді жақсы көреді. Оған сендер керексіңдер. Олай болмаған жағдайда Сәния қажет еместеріңді лақтырып, не біреуге сыйлап жіберер еді. Тек бәріңмен бірдей бір мезгілде ойнауға оның шамасы келмейді.

Ақ көгершіннің айтқанының жаны бар. Ойыншықтар үндемей қалды. Бұл кезде таң да ата бастады.

5.Қорыту:Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекеті балалардың алған білімдері пысықталады.





































Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Елордасы — Астана.

Мақсаты:

І.Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру.

          1. Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу.

          2. Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.

Көрнекіліктері: Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері, бейнетаспа.

Жаңа сөздер: елорда, Бәйтерек, барыс, коп қабатты үйлер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:1.Ұйымдастыру:

Кіріспе

  • Біздің еліміз қалай аталады?

  • Қазақстан Республикасы.

  • Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

  • Елордамыз - Астана қаласы.

    1. Негізгі бөлім.

а) Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін мәнерлеп оқу.

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән

лордасы Отанның,

Мақтанышым - Астанам.

  • Өлеңде не туралы айтылған?

  • Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар? Пікірлесу

  • ә) Астана туралы мәлімет беру.

Елордамыздың көрікті жерлерінің фотоларын немесе бейнетаспадан аталған жерлерді көрсетіп, оларға қысқаша мәлімет береді.

  • Сулы Жасыл бульвар - Астана орталығындағы жаңа көше.

  • Ақорда - Қазақстан Республикасы Президентінің резиденңиясы.

  • Бәйтерек - Астананың басты белгісі.

  • Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады.

  • Парламент үйі - Өкімет үйі.

  • Бейбітшілік пен келісім сарайы - Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат.

  • Астана циркі - цирк ойындары көрсетілетін ғимарат.

  • Хан Шатыры - Астананың ең үлкен ойын-сауың орталығы.

  • Мүхит аралы - мүхит жануарларын көретін орын.

- Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы. 1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, енді Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды. 1998 жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды.

Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, қонақ үйлер, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таңғалдырады. Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.

Біздің Отанымызда барлық жағдайлар балалар үшін жасалады. Міне, мына суретте балалар қалашығы бейнеленген. Астанада балабақша, мектеп көп. Қыста Астанада ең әсем мұз- қалашығы жасалады, онда балалар ойнайды, серуендейді. Үлкендер де серуендеп тамашалайды.

б) «Ойлан, тап» дидактикалық ойыны. Шарты: А, с, т, а, н, а дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру.

А - ана, алма, ...

С - су, сан, ...

Т - таң, тамаша, ...

А - асыл, ата, ...

Н - нан, нар, ...

А - апа, алқа, ...

г) Балаларға өздері білетін Астана туралы өлеңдер оқыту.

3. Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Астана, көшелері, үй, балалар, Отан сөздерін қатыстырып, сөйлем құрату.







































Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі.

Мақсаты:

    1. Ертегінің мазмұнын түсіндіру.

    2. Берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып, орындау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету.

    3. Ертегі мазмүны арқылы еңбексүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: түрлі түсті суреттер, сурет салуға арналған қүралдар.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

      1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

  • Кәне, балалар, дөңгелене тұрып, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.

Балалардың бір-біріне білдіретін тілектері:

  • Жүрегімдегі жылуымды саған ыстық алақаным арқылы жіберемін.

  • Дос болайық!

  • Егеменді еліміздің дені сау баласы болыңдар.

  • Бүгінгі күн сендерге сәтті күн болсын.

    1. Кіріспе бөлім.

«Ойлан, тап» дидактикалық ойыны. Шарты: балалардың білетін шығармаларынан үзінді оқу. Балалар оның қай шығарма екенін тауып айтады.

  • Біраз жүрген соң әкесінің қолынан бір шие жерге түседі.

  • Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі.

  • Тышқан наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.

  • «Нан қайдан келеді?» ертегісі.

  • Тапқан екенсің дәмді тамақты. Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ, - деді Қоян.

  • «Не дәмді?» ертегісі.

  • Шырылдауық шегіртке, Көгалды қуып гөлайттап.

  • Абай Қүнанбаевтың «Шегіртке мен Құмырсқа» ертегісі.

3. Негізгі бөлім.

а) «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін мәнерлеп оқу. Ертегінің мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды.

  • Ертегі қалай аталады?

  • Ертегінің басы қалай басталады?

  • Ертегі қалай аяқталады?

  • Жыл басы қай жануар болды?

  • Түйе неге жыл басы бола алмады?

  • ә) Сөздік жүмысын жүргізу.

Жусан - ащы дәмді, көкшіл бозғылт тусті аласа шөп. Жабағы - қой мен түйенің көктемде қырқып алған қысқы жүні.

Бақташы - мал бағушы.

Өркеш - түйенің арқасына бір не екі айыр болып тік шаншылған қомы.

б) Сергіту сәтін өткізу.

Саусақтарым бір-бірімен амандасайық,

Саусақтардан гүл ашайық,

Саусақтарды ашып-жұмып,

А-ә, г-г, ү-ү, н-ң, к-қ, о-о

Дыбыстарын дұрыс айтайық.

в) «Кім зерек?» логикалық ойыны. Шарты: әр жануардың қөрегін тауып, қоршап, бояп, қалғанын қақпақтармен жауып қою.

г) «Қайсысы қалай дыбыстайды?» ойыны.

г) Тыныштық сәтін өткізу.

  • Көзімізді жұмып, қысқы даланы көз алдымызға елестетейік.

Қыс. Далада аяз. Жердің беті аппақ қар, біз әдемі киініп балабақшаға келдік. Достарымызды көріп қуандық. «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісімен таныстық. Ертегіде әртүрлі жануарлардың айтысқанын және тышқанның жыл басы атанғанын білдік. «Қайсысы қалай дыбыстайды?» «Кім зерек?» ойындарын ойнадық. Көзімізді ашайық.

4. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

а) Е. Өтетілеуұлының «Жыл аттары» өлеңін оқып, беру, жаттату.

ә) Дәптердегі қазақша жыл аттарын атату: Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян,Ұлу , Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз жылы.









































Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қысқы киімдер.

(Сурет бойынша әңгіме)

Мақсаты:

  1. Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.

  2. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз тіркестерін, сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.

  3. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: ұлттық киім, кебіс.

Корнекілігі: жылдың әр мезгілінің киімін киген қуыршақ ұлттық киімдер үлгісі.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

1. Кіріспе әңгіме өткізу.

  • Қайырлы таң!

  • Бүгін қандай күн?

  • Ауа райы қандай?

  • Жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілінде қалай киінеміз?

Оқу іс-әрекетіне қуыршақ Айнұрдың келгенін, оның бір сандық киім алып келгенін хабарлайды.

  • Айнұрдың үстіндегі киімді ата.

  • Киімді қай мезгілге сай киген?

  • Қыс мезгіліне сай киінген.

    1. Негізгі бөлім

а) Әр балаға киімдер бейнеленген суреттер таратып беру, балалар киімдерге сипаттама береді. Мысалы: Малақай - құлагы бар жылы баскиім, құлақшын.

  • Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз?

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Пима - жүннен басылган қысқы аяқкиім.

Тон - иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.

Ішік - іш жагы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім.

Байпақ - етіктің ішінен киетін, жұқалау етіп басылған қонышты киіз шцлық. Байпақтың сыртынан кебіс те киеді.

б) Сөйлем, сөз тіркестерін құрастыру.

  • Ішік, қолғап сөздеріне сөйлем құрастырыңдар.

  • Мына сұрақтарға жауап беріңдер. Қандай тон? Қандай етік?

  • Қалың тон, қалың етік, жылы ішік, т.б.

  • Қыста қалың тон киеміз. Әкемнің жылы ішігі бар.

  • Тон, етік сөздері жуан естіле ме әлде жіңішке естіле ме?

«Қай мезгілде киеміз?» дидактикалық ойыны.

Шарты: Ауа райының қандай мезгілінде мына киімдерді

киер едің? Аттарын атау.

  • Киімдерді қалай киюіміз керек?

  • Киімді қайдан аламыз?

Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

а) «Қайсысы артық?» дидактикалық ойыны.

  • Бір қатарда тұрған киімдердің ішіндегі қайсысы артық?

ә) Киімдерді топтап айтқызу.

.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Көңілді қыс.

(Сурет бойынша әңгіме)

Мақсаты:

  1. Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге төселдіру.

  2. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қыс көрінісі туралы тақырыптық сурет, үлестірмелі суреттер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

І.Кіріспе бөлім.

а) Сұрақ-жауап әдісі арқылы «Көңілді қыс» тақырыбының мазмұнын ашу.

  • Қазір қай мезгіл?

  • Қыстың күзден айырмашылығы неде?

  • Қыста адамдар қалай киінеді?

  • Қыстап қалған қүстарға қалай көмектесеміз?

  • Қыста балалар қандай ойындар ойнайды?

  • Қысты неліктен көңілді деп айтады?

  • ә) Жұмбақтар шешу.

Қоймасын қыс ақтарып, Жерді жапты ақ мамық.(Қар)

Көзіңе көрінбейді, Тоңдырып қызартады. Күні-түні ерінбейді,

Өзенге мұз артады.(Аяз)

    1. Негізгі бөлім.

а) Қыс, боран, қар, күн деген сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырту.

суық

Қыс қандай болады? аязды

қарлы

Қыс түсті. Қар жауып тұр. Күн суық.Дала аяз болып тұр. Боран соқты.

ә) Сөздік жүмысын жүргізу. Дөң - көтеріңкі биік жер, төбе.

Қос - екі. Қос аяқта - екі аяқта.

б) «Көңілді қыс» суреті бойынша әңгіме құрастыру. Қысқы ойын, аязды күн, қысқы табиғат, жылы киінген балалар бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізіледі.

  • Қыста қандай ойындар ойнаймыз?

  • Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды атаңдар.

  • Конькиді қай жерде тебеді? Шаңғыны ше?

  • Дөң басынан шаңғы, шана теуіп көрдіңдер ме?

  • Аққаланы қалай жасайды?

в) «Аққала» дидактикалық ойыны.

Шарты: тақтага жартылай қиылып жасалган аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: мұрны, басына киетін шелегі сияқты суреттер жатады. Балалар осы бөліктерді алып, көздерін жүмып түрып, тақтаға жабыстырады.

Аққала сөзін қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру. Мысалы: аппақ аққала, әдемі аққала, үлкен аққала. Біз аққала тұрғыздық.

г) Т. Елеусізовтың «Қыс» өлеңін жаттату: оқу, балалар бірнеше рет қайталайды.

Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Ребус шешу. Шешуі: шана.

«Қайсысы артық?» ойыны.

  • Бұл жерде артық - доп. Қыста далада шаңғы, шана, коньки тебеміз, Ал доппен ойнай алмаймыз.




Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Көңілді қыс және қысқы ойындар.

Мақсаты:

    1. Балаларды қысқы ойындарды әңгімелеп айтуга баулу.

    2. Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқьілы бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.

    3. Бір-біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

1.Ұйымдастыру. Кіріспе бөлім.

а) Жұмбақ шешу.

Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп.(Аяз)

ә) Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу.

  • Аяз жылдың қай мезгілінде болады?

  • Қыс мезгілінде болады.

  • Аяз қандай болады?

  • Қатты, суық. Бетті, қолды үсітіп жібереді.

  • Аязды күні ойнауға бола ма?

  • Болады. Суықтан қорықпау керек.

  • Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

  • Аққала соғамыз, сырғанаймыз, шаңғы, шана, коньки тебеміз.

  • Хоккей ойнаймыз.

    1. Негізгі бөлім.

а) Түсіндіру. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс келді. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз, денемізді шаңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ ойнап, аққала жасаймыз. (Есік тықылдатып, Аққала келеді).

  • Бүгін, бізге аққала қонаққа келіпті.

Ауыл алды ақшақар,

Ақша қарда балалар.

Соғып жатыр аққала,

Жалқауы жоқ жұмысқа.

Сергіту:Қыздырайық денені,

Кел, балалар, кел бері.

Қыздырайық денені,

Орнымызда тұрып-ақ.

Жүгірейік бір уақ бір, екі, үш, (Орындарында тұрып жү- гіреді).

Бір, екі, үш!

Екпіндей түс,

Аяқты алға созайық. (Аяқтарын алга кезек-кезек көтереді).

Тік көтеріп қозғайық!

б) Аққаланың келесі тапсырмасы: «Қысқы ойындар» тақырыбына сурет бойынша әңгіме не ертегі құрастыру. Аққала дорбасынан төмендегідей тірек сөздерді шығарады. Сөздерді балаларға оқып, осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер, әңгіме құрастыру керектігін айтады.

Тірек сөздер:

Ақ қоян, мәнерлеп сырғанау, сұр қасқыр, шаңғы, хоккей, шайба, таяқ, шанасымен жүйткиді.

Тірек сұрақтар:

  1. Ақ қоян, сүр қасқыр, түлкі және кірпі қандай ойындар ойнады?

  2. Ақ қоян не істеді?

  3. Хоккей ойнау үшін қандай құралдар қажет?

  4. Кірпі сыртқа не алып шықты?

Қыс түсті.Ақ қоян, сұр қасқыр, тцлкі және кірпінің іштері пысты. Олар ойнамақ болды. Мұзайдында қоян конъкимен мәнерлеп сырғанады. Сұр қасқыр шаңғы тепті. Түлкі хоккейге қажетті құралдарды алып шықты. Барлығы хоккей ойнады. Кірпі қырдан (дөңнен) шанамен сырганады.

Дәптермен жұмыс:Дәптерге қысқы ойынға қажетті құралдың суретін салады.

3. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

а) «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны.

Тақтаға шананың, шаңғының, коньки, аққала, т.б. суреттерді іледі. Балалар суреттегі заттардың атын айтады, сонан соң сол сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Мысалы: қызыл шана, жаңа шағгы, жып-жылтыр коньки, аппақ аққала, т.б.

ә) Балалар қысқы ойындар туралы сабақ барысында алған білімдерін ортаға салады.









































Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Тәуелсіздік төрімде.

Мақсаты:

1.16 Желтоқсан тәуелсіздік күні екені туралы түсінік беру.

    1. Тдуелсіз, егемен деген сияқты сөздердің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын толтырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

    2. Бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекіліктері: Отан, табиғат, Қазақстан Республикасының картасы, Тәуелсіздік ескерткішінің суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

      1. Кіріспе бөлім.

а) Қ. Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйін немесе туған елге байланысты күйші композиторлардың бір күйін ұнтаспадан қою. Күй әуенімен Отан туралы бір шумақ өлең оқу. Балалардың Отан туралы пікірлері тыңдау.

ә) Бейнетаспадан қазақ елі, республикамыз туралы 2-3 минуттық фильм көрсету.

      1. Негізгі бөлім.

а) Қазақстан Республикасының картасын көрсету.

- Балалар, картадан біздің республикамыздың үлан-асыр жері бар екенін байқауға болады. Осы кең байтақ қазақ жері -бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады. Яғни егеменді мемлекет.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Тәуелсіз - толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес.

Егемен - өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.

  • Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

  • Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Н.Ә. Назарбаев.

  • Тәуелсіз Қазақстанның елордасы қай қала?

  • Астана қаласы.

  • Алматы қандай қала?

  • Алматы - әсем қала. Бұрын Алматы қаласы астанамыз болған.

  • Дұрыс айтасыңдар. Қазір Алматы еліміздің Мәдени орталығы болып саналады. Алматы қаласының Республика Алаңында Қазақстан Тәуелсіздігі құрметіне арналған қар барысына мінген Алтын адамның биік ескерткіші және Тәуелсіздік монументі орнатылған. (Картадан Астана мен Алматы қалалары және суреттері көрсетіледі).

б) Түсіндіру.

  • 16 Желтоқсан - еліміздің ең үлкен, ең басты мерекесі. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. 2011 жылы тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 20 жыл толды. Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл-қыздарының арқасында келді. Олар- дың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ.

в) Қазақстан, егемен, тәуелсіз сөздерін қатыстырып, сөйлемдер құрастырту.

г) Ө. Ақыпбекұлының «Қазақстан картасы» өлеңін жаттату:

  • Мәнерлеп оқу.

  • Сөздік жұмысын жүргізу.

Құт дала - берекелі, бай дала.

Қараймын да тасынам - бұл жерде қуанамын, мақтанамын деген мағынада.

  • Өлең жолдарын балаларға бірнеше рет қайталату.

  • Бір-екі балаға жатқа оқыту.

3. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

а) Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

  • «Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» деген сөздің мағынасы мынадай: туған үйіңнен, қалаңнан, ауылыңнан немесе туған еліңнен алыста жүрсең, біраз уақыттан соң еліңді сағынасың. Өз еліңдегі әрбір күніңді сағынасың.

  • «Халықтың ортақ үйі - Отаны» дегенді қалай түсінесіңдер? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

  • Иә, дұрыс айтасыңдар. Біздің елімізде түұатын халықтардың ортақ үйі - Отаны - Қазақстан Республикасы.

ә) Сабақты Отан туралы ән тыңдаумен немесе балалардың орындауымен аяқтау.































Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Мақсаты:

    1. Қыс мезгіліндегі мерекелер жайлы мағлұмат беру.

    2. Сурет бойынша әңгіме құрастырту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Аязата, Ақшақар, аққала деген сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырту арқы сөздік қорларын молайту. Өлең сөздерін жатқа және мәнерлеп оқуға үйрету.

    3. Сыйластыққа баулу.

Көрнекіліктері: жаңа жыл мерекесіне арналған суреттер, ойыншықтар.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Шеңбер құрып, дөңгелене тұрып, балалар жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алғандарын естеріне түсіріп әңгімелейді немесе жаңа жылдық бір ойыншықты қолдарына алып, мерекелік тілектер айтады.

1. Кіріспе бөлім.

а) Жұмбақ шешу: педагог жұмбақты жатқа оқиды, жаһан сөзіне сөздік жұмысын жүргізеді. (Жаһан - әлем).

Шашуы көп, дәмі мол, тастамайды қабын ол.

Жаһан кезіп баланың қуантпақшы бәрін ол.

  • Шешуі: Аязата.

2. Негізгі бөлім.

а) Пікір алмасу.

  • Жаңа жыл мерекесі қашан болады?

  • Жаңа жыл мерекесі басқа мерекелерден қалай ерекшеленеді? Несімен қызықты? (Балалардың пікірлерін тыңдау).

  • Жаңа Жыл — әлемнің көптеген халықтары тойлайтын ортақ мереке. Әр халық әртүрлі деңгейде және әртүрлі ғұрыпта тойлайды. Әр жылдың бірінші қаңтарының түні (31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараган түн) - Жаңа Жыл түні.

Жаңа жыл әр елде әр кезде мерекеленіп, әр халық өз салт-дәстүрімен қарсы алатындыгы хақындағы деректерді көбіміз біле бермейміз. Мәселен, шығыс елдері, оның ішінде қазақ халқы да дәстүрлі жыл басы мерекесін күн мен түннің теңелген күні, яғни 22 наурызда атап өтеді. Қай ел, қай халық болсын, жаңа жылды салтанатты жағдайда мерекелеп, оған айрықша мән берген. Олардың жылды қарсы алудағы бір-біріне ұқсамайтын өз дәстүрлері бар. Жалпы алғанда, әсем ойыншықтары жарқыраған жасыл шырша Жаңа жылдың ерекше белгісіне айналған. Жаңа жылдық түңғыш шырша ертеде Герман провинциясы Эльзаста орнатылған, депті-мыс. Алғашқы кезде шыршаны қағаздан жасалған раушан гүлдерімен безендірген екен. Кейіннен мәңгі жасыл шырша агашын безендіретін болған.

ә) С. Қалиұлының «Шырша» өлеңінен үзінді жаттау.

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.

  • Безендіру сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. (Безендіру - әсемдеу).

  • Өлең жолдарын балалармен бірге 2-3 рет қайталау. Өлеңді көңілді дауыс ырғағын келтіре отырып мәнерлеп сөздерін анық айту керек.

б) Тыныштық сәті (Музыка ойналып түрады).

  • Көзімізді жұмып, Жаңа жыл мерекесін елестетейік. Міне, музыка залында шыршаны айнала дөңгелене тұрмыз. Марат қоян, Алмас қасқыр, Айгүл көбелек болып киініп алыпты. Жасыл шырша әсем етіп безендірілген. Аязата мен Ақшақар шырша жанында би билеп жүр... Көзімізді ашамыз. Көз алдарыңа не елестеттіңдер? (Әр бала не елестеткенін баяндайды).

в) Балалар дәптердегі шырша суретін бояп, безендіреді.

Балалардың әрекетін бақылап, қалай бояу керектігін көрсетіп жүру.

г) «Сөз ойла, тез ойла, көп ойла» дидактикалық ойыны. Балалар кезекпен з мен ш дыбыстары кездесетін сөздер айтып жарысады. Көп сөз айтқан топ немесе бала жеңімпаз атанады. Мысалы: аяз, шана, шырша, Аязата, Ақшақар, безендір, т.б.

3. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

а) Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру.

  • Суретте кімдер бейнеленген?

  • Бұл қандай мереке?

  • Аязата мен Ақшақарга балалар қандай өнерлерін корсетіп жатыр?

  • Аязатаның дорбасында не бар?

  • Ойыншықтар мен кәмпиттерді кімдерге береді?

  • Ақшақар кім?

ә) «Сен білесің бе?» айдарын өткізу.

  • Расында Жаңа жыл - көп ұлтты мереке, бірақ ол, әртүрлі елдерде өздігінше тойланады. Мәселен, жаңа жыл күні итальяндықтар бар құштарлығымен терезелерден ескі үтіктерді және орындықтарды лақтыра бастаса, Панама тұрғындары барынша қатты шулау үшін өз машиналарының сиреналарын қосады, ысқырып, бар дауыстарымен айғай салып шу көтереді. Жапония халқы қоңырауды 12 рет емес, 108 рет соғады. Италияда Жаңа жыл мейрамы 6-қаңтар күні басталады. Ырымдарға сәйкес, бұл сиқырлы түні сыпырғышта мейірбан пері Бефан ұшып келетін көрінеді. Ол кішкентай алтын кілтімен есіктерді ашып, балалар ұйықтайтын бөлмеге кіріп, әдейі ілінген шұлықтарды сыйлықтармен толтырады. Ал жақсы оқымаған балаларға, Бефана күлдің шөкімін немесе ұсақ көмір тастап кетеді. Итальяндықтардың жаңа жылдық дастарқандарында міндетті түрде жаңғақ, жасымық және жүзімдер болуы тиіс,

Ол - ұзақ өмір, денсаулық және аманшылықтың нышанын білдіреді екен.

Біздің халқымыздың да жаңажылдық салт-дәстүрлері бар. Мерекені барынша көңілді қарсы алған дұрыс.



Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Құстардың тіршілігі.

Мақсаты:

    1. Құстарлың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.

    2. Сабақ барысында орындатылған тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

    3. Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: қыстап қалатын құстардың суреттері, үн-

таспаға жазылып алынған құстар үні.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

      1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Балалар дөңгелене тұрып, бір-біріне құстардың атына байланысты еркелетіп айтатын сөздерді айтады.

  • Көгершінім.

  • Балапаным.

  • Қарғам.

  • Қарлығашым.

  • Тотым, т.б.

    1. Кіріспе бөлім.

а) Қыс мезгілінің өзгерістерін сұрақ-жауап ойыны арқылы суреттеу, әңгімелеу. Балалардың жауаптары тыңдалып, олардың жауаптарын қорытындылау.

  • Қыс мезгілі суық, қарлы, боранды болады. Қыста суыққа төзе алатын құстар ғана қыстап қалады. Олар мына құстар (суреттерін көрсету): торғай, қарға, кептер, сауысқан. Басқа құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қыста құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді. Қарны ашып тоңған, жаураған құстар адамдарға жақын ұшып-қонып жүреді. Адамдар жем-шашар жасап, оған жем салып, ағаштың бұтағына іліп қояды.

ә) Балалар құстар, ұя деген сөздерге сөйлем құрастыру.

б) Сергіту сәтін өткізу.

Құстар біздің досымыз, бау-бақшаны қорғайды, Ұя жасап қарсы алсақ, құстар бізді қолдайды.

    1. Негізгі бөлім.

а) «Құстар қалай қыстайды?» деген ертегіні оқып беру.

Қыстың бір суық күні Суықторғай, Қарға, Торғай, Тоқылдақ, Құр, Сауысқандар кездесіп, әңгіме-дүкен құрыпты.

Қарға: Адамдар тұратын жерлерге жақын келіп орналасқанымыз жақсы болады. Бізге дастарқан дайындап қойыпты. Тіпті жеміс те бар екен.

Құр: Бірдеңе таптың ба? Маралдар да келмей қойды. Олардың ізіндегі қардан ашылған шөптің дәнін теріп жеп, бір тоятын едім.

Торғайлар: Мынандай қалың қарда дән қайдан табылсын. Ағаш бүршігімен күн көре тұрамыз да.

Сауысқан: Ей, Қаздар сендер жылы жаққа кетпеп пе едіңдер? Қыс түскенде мұнда неғып жүрсіңдер?

Қаздар: Әй, Сауысқан-ай, танымадың ба? Біз отырықшы Қаздармыз. Кейбір жабайы Қаздар ғой жылы жаққа ұшып кететін. Сендер өздерің неге жылы жаққа кетпедіңдер?

Сауысқан: Мен туған жерде қыстайтын отырықшы құспын ғой. Мен сияқты Алақарға, Шымшық, Тоқылдақ, Торғай қыста өз туған жерлерінде қыстайды.

ә) Суретпен жүмыс.

«Құстарға көмек» тақырыбында әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: жемшашар, суықтан тоңған құстар, сарышымшықтар, жем салды, т.б.

б) Сөздік жұмысын жүргізу.

Сарышымшық - сұр, қоңыр түсті, бауыры сары, қауырсынды кішкентай құс.

Құр - тауық тұқымдас жабайы құс.

    1. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

а) «Қайсысы артық» дидактикалық ойыны. Шарты: Мүғалім тақтаға құстардың суретін іледі. Мысалы: суықторғай, тоқылдақ, қарға, жабайы үйрек. Балалар суреттерден қыстап қалатын құстарды атайды, ал жабайы үйректің артық екенін айтады.

ә) Сұрақтарға жауап беру.

  • Қандай құстар қыста қыстап қалады екен?

  • Біздер құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек?

  • Қандай ертегі тыңдадыңдар? Ол не туралы?





















Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқы

тіршілігі.

Мақсаты:

  1. Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.

  2. Сурет бойынша толық сөйлем құрастырту, сұраққа жауап бергізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру.

Көрнекілігі: жабайы аңдардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

    1. Шаттық шеңберін қүру.

  • Балалар, далада күн суытқанымен біздің жүрегіміз ыстық, мейірімге толы. Бір-бірімізге деген жылы сөздерімізді айтып, көңіл күйімізді көтерейік.

    1. Кіріспе бөлім.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалар жануарлар туралы алған білімдерін ортаға салады.

  • Балалар, аңдарды қыстың қатты суық аязынан не қорғайды? (Жылы үлпілдеген жүні, іңдері, апандары). Аңдардың суреттерін көрсете отырып:

  • Қыста қоян мен тиіннің жүнінің түсі қалай өзгереді?

  1. Негізгі бөлім.

а) Сурет бойынша жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгіме құрастыру.

  • Қыста аңдар немен қоректенеді?

  • Қыста қояндар мен бұғылар қысқа азық даярламайды. Қоян ағаштардың бұталарын кеміріп жеп күн көреді. Бұғы ағаштардың кішкентай бұтақтарын жейді. Түлкінің мұрны өте иісшіл, құлағы жақсы естиді. Ол қарды иіскелеп, қар астындағы тышқанның дыбысын естіп қояды. Түлкінің қысқы азығы - тышқан. Ал аю қысқа азық жинайды. Денесіне май жинап алып, қыс бойы апанында жатып табанын сорады.

ә) Сөздік жүмысын жүргізу.

Суыққа дірдектеп - қалшылдап тоңу, бурсеңдеу.

Айдын - жайылып жатқан су алабы.

б) Дәптердегі тапсырманы орындау: бір қоян, бір аюдың суреттерін салу. Қоянның тамағы сәбіз, аюдың тамағы бал екенін айтқызу.

в) Ә. Табылдының «Ақ аю» өлеңін жаттату: мәнерлеп оқу, балпаң-балпаң сөзіне сөздік жұмысын жүргізу (балпаң-балпаң - теңселе басып баяу қозғалады), балаларға өлең жолдарын бірнеше рет қайталату.

4. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

а) «Ақ аю» өлеңін 1-2 балаға жатқа айтқызу.

ә) Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.

  1. Қандай жануарлар қысқа азық жинайды?

  2. Ал қандай жануарлар қысқа азық жинамайды?

  3. Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы не білдік?

б) «Қандай жануар?» дидактикалық ойыны. Шарты: бір бала хатқалтадан жануарлардың суретін алады. Сол жануардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелейді.









Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Көшедегі көліктер.

Мақсаты:

    1. Көліктер туралы түсінік беру, олардың түрлерін ажыратуға үйрету.

    2. Сөздік қорларын толықтыру, жаңылтпаштарды дауыс ырғағын көтеру арқылы айтуға жаттықтыру.

З.Ойыншық көлік түрлерін мүқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: түрлі көліктер бейнеленген суреттер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

1. Кіріспе бөлім.

а) «Қандай көлік түрлерін білесіңдер?» деген сұраққа сурет бойынша көшедегі көлік түрлерін атап шығады.

ә) Көліктердің пайдасы туралы әңгімелеу.

      1. Негізгі бөлім.

а) Сөздік жүмысын жүргізу.

Жедел жәрдем - қолма-қол берілетін көмек.

Өрт сөндіргіш - өрт сөндіруге арналған техника.

Су сепкіш - су тебуге арналған техника.

ә) Жедел жәрдем, өрт сөндіргіш машинасы, су сепкіш сөз- дерін қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.

б) «Төртінші артық» дидактикалық ойыны.

Көлік түрлерінің суреттерін көрсетіп тұрып, олардың аттарын атау. Балалар аталған көлік түрлерінің артығын тауып айтады және оның неге артық екенін дәлелдейді.

  • Камаз, Тайота, Жигули, Мерседес.

  • Камаз артық. Өйткені ол - жүк тиейтін машина. Жигули, Тайота және Мерседес - жеңіл көліктер.

в) Жұмбақтар шешу. Шешулері: пойыз, автобус.

  • Жұмбақта пойызды неге үйге теңеп тұр?

  • Өйткені пойыздың ішінде жататын төсек, тамақтанатын орын, жуынатын жер және әжетхана бар.

г) Күрделі сөздермен жұмыс.

Сүт тасғгыш машина, өрт сөндіретін машина, су себетін машина, жедел жәрдем, т.б.

Балалардан «Сүт тасығыш машина деп аталу себебі, өйткені сут тасиды. Үш сөзден құралган» деген жауап алу қажет.

г) Сергіту сәтін өткізу.

Музыка әуенімен машинаның тұтқышын айналдырып билеу.

      1. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

а) Көлік түрлерінің суреттерін көрсетеді, ал балалар оның қандай көлік түрі және не үшін пайдаланатынын айтады. Мысалы:

  • Троллейбус - электр қуатымен жүреді. Ол - жолаушы таситын көлік.

  • Трамвай - электр қуаты арқылы рельспен қозғалады. Ол - қалада жолаушы таситын моторлы вагон көлік.

ә) «Толықтыр» дидактикалық ойыны. Сөйлемді толық айтпайды. Балалар түсіп қалған сөзді тауып, сойлемді толықтырып айтады. Мысалы:

Егер жермен жүрсе - бұл... (жер) көлігі. Олар: жеңіл машина, автобус, троллейбус. Егер сумен жүрсе - ... (су) көлігі. Олар: қайық, кеме, теплоход.

б) «Суретті жина» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Көліктердің суреттері салынған парақ бірнеше бөлікке бөлініп, екі хатқалтаның ішінде болады. Әр топ балалары қағаз қиықтарын біріктіріп, көлік түрін құрастырады да, сол көлікке байланысты жұмбақ ойластырады. Жұмбақты келесі топтың балалары шешеді. Мысалы:

  1. Бұл көлік қалада жұреді. Электр күшімен қозғалады. Жолаушы. тасиды.

  2. Ол - вагон көлік. Релъспен жүреді.

























































Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі»

ертегісі.

Мақсаты:

    1. Балаларга «Жеті қазынаның бірі» ертегісінің мазмұнын түсіндіру.

    2. Сұрақтарға толық жауап беру арқылы тілдерін дамыту.

    3. Жеті санының киелі екенін және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың осындай таным-түсініктері көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұгындыру.

Жаңа сөздер: жеті қазына, қыран бүркіт, берен мылтық.

Көрнекілігі: жеті қазына бейнеленген сурет.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

      1. Кіріспе бөлім.

Жеті санын неліктен қасиетті екенін мысалдар келтіре отырып түсіндіру. Балалардың пікірлері, жауаптары тыңдалады. Мысалы: жеті ата, жеті шелпек, жеті қазына.

      1. Негізгі бөлім.

а) «Жеті қазынаның бірі» атты ертегіні мәнерлеп оқу. Дәптердегі ертегі мазмұны бойынша салынған сурет арқылы мазмұнын түсіндіреді.

ә) Сөздік жұмысын жүргізеді.

Мадақтау - біреудің жақсы қасиетін мақтап, көкке көтеру, дәріптеу.

Аластау - біреуді ығыстыру, қуып тастау. Жағымпаздана - жағыну, жарамсақтану, жалбақтау.

б) Сұрақ-жауап әдісі арқылы ертегінің мазмұнын ашу.

  • Аң патшасы - Арыстан ормандағы аңдарға қандай сұрақ қойды?

  • Аңдар қалай жауап берді?

  • Арыстан неге ашуланды?

  • Иттің жауабын кім айтады?

  • «Дүниеде қайратты әрі ақылды да тек - адамзат» деп жауап берді Ит.

в) Жеті қазына туралы мағлұмат беру.

Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:

  1. Жүйрік ат- қанаты.

  2. Құмай тазысы - абыройын асырар сенімді серігі.

  3. Қыран бүркіт - қуаты.

  4. Берен мылтық - қаһарлы оты.

  5. Қақпан - серті.

  6. Майланғыш ау - әдіс-айласы.

  7. Өткір кездік - сұсы.

Қазақ халқы жеті қазынаны жеті ырыс деп тпе атайды. Оларға төмендегі ұгымдарды жатқызады:

    1. Адамның ақылы, ой-санасы.

    2. Денсаулық.

    3. Ақ жаулық (ана)

    4. Бала

    5. Көңіл

      1. Жер

      2. Ит

3. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

а) Дәптердегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру. Ақылды адам айтқызбай біледі, Қыран қаққызбай іледі.

ә) Сұрақтарға жауап беру:

        1. Ертегі қалай аталады?

        2. Ертегі қандай сөйлеммен басталады?

        3. Арыстан өзі туралы не білгісі келеді?

        4. Түлкі Арыстанды қалай мақтады?

        5. Арыстан Итке не деді?

        6. Ал сонда дүниедегі ең қайратты, ең ақылды, әділ әрі епті қайсысы екен?

          1. Ит Арыстанға қандай жауап қайтарды? (Мен үшін дүниедегі қайратты әрі ақылды, ол тек - адамзат).

Иттің жауабын балаларға бірнеше рет қайталату.

          1. Неге итті «жеті қазынаның бірі» деп айтады екен?

          2. Осы ертегіде Арыстан, Ит жәнө Түлкінің жауаптарын қайталап айт.

б) Жеті қазынаның аттарын атату.

Педагог сүрақтарға толық жауап алғаннан соң, сабақты қорытындылайды.













































Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.

Мақсаты:

            1. Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.

            2. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.

            3. Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.

Көрнекіліктері: түрлі мамандық иелері туралы суреттер, құралдар.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

              1. Шаттық шеңберін құру.

Балалар дөңгелене тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Мысалы:

  • Сен қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз, күлеміз, айналадағы дүниені танып-білеміз.

  • Міне, көрдіңдер ме? Балалар, болашақта әртүрлі мамандық иесі болу үшін ақылды, білімді, тәрбиелі болу керек.

    1. Кіріспе бөлім

а) Жұмбақ шешкізу.

Кірпіштен сарай, үй салады,

Ол адам кім болады?

(Құрылысшы)

Осы жерде құрылысшы мамандық иесі екені айтылып, мамандық туралы әңгіме жүргізіледі.

ә) «Кім болам?» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар үлкендердің бала күндерінде кім болуды армандағандарын және болашақта өздерінің қандай маман иесі болғысы келетіні жөнінде әңгімелерін, ойларын ортаға салады.

    1. Негізгі бөлім.

а) «Мамандықты ата» дидактикалық ойыны. Дәптердегі мамандық иелері бейнеленген суреттерге қарап, мамандық иелерін (дәрігер, ғарышкер, полиңия, құрылысшы) айтады. Төмендегідей сұрақтарға жауап береді.

  • Дәрігер не істейді?

  • Ғарышкер ше?

  • Полиция қызметкері не істейді?

  • Тағы қандай мамандық түрлерін білесіңдер? (Балалардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады).

ә) «Кімге не керек?» тапсырмасы. Шарты: дәптердегі бірінші бағанда тұрған мамандық иелерінің суреттерін екінші бағандағы суреттердің тиістісіне сызықпен қосып көрсету. «Кімге не керек?» сұрағына ауызша жауап беру.

б) Дәптердегі аспан әлемі бейнеленген суретті аяқтау. Бір- екі балаға салған суреттері бойынша әңгімелету. Ғарышкер мамандығы туралы түсіндіру.

Ғарышкер - ғарышта аспан денелерін зерттейтін адам.

в) Жұмбақ шешкізу. Шешуі: үшақ. Ұшқыш мамандығы туралы әңгіме жүргізу.

      1. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

а) Бірнеше мамандық түрлерін кезекпен айту. Балалар әр мамандық туралы әңгімелеу. Мысалы:

  • Ұшқыш ұшақты жүргізеді. Жолаушыларды тасымалдайтын ұшқыш, әскери ұшқыш болады.

  • Полияция қызметкері елдің тыныштығын қадағалап жүреді.

ә) Мамандықтың бәрі жақсы, тек қандай мамандық иесі болу үшін көп оқу керектігін айтып, сабақты қорытындылау.



Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ы. Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімесі.

Мақсаты:

1. Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, мәнеріне келтіре айта білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

Көрнекіліктер: Ы. Алтынсарин портреті, әңгіме мазмұнына салынған сюжетті сурет.

Сөздік жүмыс: педагог, немере қызы.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, саусақпен жаттығу.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

  1. Кіріспе бөлім

а) Педагог балаларға таныс ертегі, әңгімелерден үзінді оқиды. Балалар ертегі, әңгімелердің қалай аталатынын тауып айтады.

  • Тышқан: «Апырай қайдан шықты екен осыншама нан? Біліп алып шыққан жеріне кірсем бе екен?» - деп ойлады.

  • «Нан қайдан келеді?» ертегісі.

  • Бір күні жануарлар «Не дәмді?» - деп таласып қалыпты.

  • «Не дәмді?» ертегісі.

  • Қыз Мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: «Құйрығымды берші», - дейді.

  • «Мақтақыз бен мысық» ертегісі.

  • Ертең апаңның мерекесі. Оған сыйлық әзірледің бе?

  • «Не сыйлау керек?» әңгімесі.

ә) Балалардан еңбек туралы қандай әңгіме, ертегі білетіндерін сұрау. Сонан соң Ы. Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімесін оқитындарының, оның еңбек туралы екенін хабарлау.

    1. Негізгі бөлім

а) Ы. Алтынсарин туралы қысқаша мағлұмат береді.

  • Ыбырай Алтынсарин - қазақтың тұңғыш педагогі. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі мектептер ашып, оған орыс әліпбиі негізінде оқулықтар жазды. Озі сабақ беріп, Жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Қазаң балаларына арнап тәрбиелік мәні бар әңгіме, олеңдер Жазды. Бүгін мен Ы. Алтынсариннің «Бір уыс мақта» атты әңгімесін оқып беремін.

ә) «Бір уыс мақта» әңгімесін оқу. Шапан, мақтаның қиқымы, мамық сөздеріне сөздік жұмысы жүргізіледі.

Шапан - астарына жун не мақта салып сырып тігілген сырт киім.

Қиқым - бір нәрсенің майда, ұсақ қалдыгы. Мақтаның қиқымы.

Мамық - құстың үлпілдеген жұмсақ жүні.

Әңгіменің мазмұнына байланысты төмендегі үлгідегідей сұрақтарға жауап беру.

  • Үйде анасы мен қызы не істеп отыр еді?

  • Қыз артылып қалған бір уыс мақтаны не істеді?

  • Мақтаны не іліп алып кетті?

  • Торғайға мақта не үшін қажет болды?

Бірнеше балаға әңгіменің мазмұнын айтқызып, тәрбиелік мәнін ашқызу. Балаларга еңбек ету және ысырапшылдыққа жол бермеу керектігі түсіндіріледі.

б) «Ұйқасын тап» дидактикалық ойыны. Өлеңді дауыстап оқу, балалар «торғайды» деген сөзді тауып айтады.

в) Жаңылтпаш жаттату. Жаңылтпашты жылдам айтқызу арқылы балалардың тілін ұстартып, әртүрлі сөзді шапшаң айтуға үйретеміз.

3. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

а) «Бір уыс мақта» әңгімесінің мазмұнын айтқызу.

ә) Әңгіменің тәрбиелік мәніне тоқтала келе, сабақтың қорытындылау.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Көктем.

(Сурет бойынша әңгіме)

Мақсаты:

  1. Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.

  2. Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.

  3. Құстарға, ағаштарға, қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: құстардың, көктем мезгілінің суреті, бүршік жарған бұтақ, үлестірмелі суреттер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

1. Кіріспе бөлім.

а) Тақтаға көктем мезгілін бейнелеген бірнеше суреттерді іліп , балалардан жылдың қай мезгілі екенін анықтату. «Көктем екенін қалай білдіңдер?» деген сұрақ арқылы балалағга жауаптарын дәлелдету керек. Балаларға қойылатын жетекші сұрақтар:

    1. Көктемде неше ай бар?

    2. Қай айдан басталады?

    3. Жерде, далада, ағаштарда қандай өзгерістер болады?

    4. Айтыңдаршы көктемде алғаш қандай құстар ұшып келеді? (Ұзақ, қараторғай, су құстары).

ә) Балалардың көктем мезгілі туралы айтқандарын қорытындылап, толықтыру.

      1. Негізгі бөлім.

а) Т. Молдагалиевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқу.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Шартылдайды - сартылдайды, тарсылдайды.

Қып-қызыл отпен белгі - бұл жерде найзағайдың көрінісі суреттеліп тұр.

Өпкен жел - бұл жерде желдің денеге жайлы әсер етуі.

б) Өлеңнің мазмұны арқылы көктемгі өзгерістер, көктемгі еңбек туралы әңгіме өрбіту.

в) «Көктемгі гүлдер» дидактикалық ойыны. Шарты: себеттегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шығарып алып, сол гүлді сипаттайды. Мысалы: бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ, т.б.

г) Дәптердегі үлгіге қарап, бәйшешектің суретін салады.

      1. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

а) «Орік агашы» әңгімесін оқу.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіменің мазмұнын қалай түсінгендерін сұрау.

ә) Балалардың оқу іс-әрекетінде алған білімдері пысықталады.















Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Аналар мерекесі.

Мақсаты:

Көктем мезгілінде болатын алғашқы мереке - аналар мерекесі туралы түсінік беру. Өлең, мақал-мәтелдердің мазмұның ашу. Қуанышты, мерекелік көңіл күй арқылы әртүрлі іс-әрекеттерде шығармашылық қабілеттерін дамыту. Аналарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: аналар мерекесі туралы суреттер.

Әдіс-тәсілдер: жаттау, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

        1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Балалар дөңгелене тұрып, әр бала өздерінің сүйікті аналары туралы ойлап, аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады. Мысалы: Мені анам: «айым, күнім, боташым, ақылдым», - дейді.

        1. Кіріспе бөлім.

Көктемде болатын мерекелер туралы әңгіме жүргізу.

        1. Негізгі бөлім.

а) Сурет бойынша жұмыс.

Дәптердегі аналар мерекесін бейнелеген сурет арқылы көктемнің алғашқы мерекесі - халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінік беру.

ә) Дәптерге «Анама сыйлық» деген тақырыпта сурет салдыру.

б) Ғ. Ормановтың «Жан анам» өлеңін жаттату.

в) «Кімнің дауысы, табайық!» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар диктофон немесе таспаға алдын ала жызылған аналарының, әжелерінің сөздерін тыңдап, дауысынан танып айтады.

        1. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Оңу іс-әрекетінің барысында ана туралы жаттаған өлең- тақпақтарын қайталау.


























Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы

қызықтар

Мақсаты:І.Балаларға хайуанаттар бағы туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау.

          1. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстара айтуға үйрету қ ойлау қабілеттерін дамыту.

          2. Жан-жануарларды қорғауға, қомқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: аңдардың, тордың суреттері, ойыншықтар, суреттер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

            1. Кіріспе бөлім.

а) Хрестоматияда берілген «Жануарлар әлемі» атты мәтінді оқып беру. Осы мәтін арқылы әлемдегі ең үлкен жануар - көк кит, ең ұзын жануар - керік туралы мәлімет беріледі.

ә) Сұрақ-жауап әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын айтқызу. Балаларға жануарлар әлемі туралы теледидардан, бейнетаспалар көруге болатындығы және көптеген кітаптар бар екені айтылады. Астана қаласындағы «Мұхит аралы», Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінен көптеген жануарлардың түрін көруге болатындығы айтылып, олардың суреттері көрсетіледі.

            1. Негізгі бөлім.

а) Тыныштық сәтін өткізу.

- Біз бүгін бәріміз достарымызбен хайуанаттар бағына саяхатқа шығайық. Айналаға қараңдаршы. Не деген көп аңдар, сайраған құстардың үні қандай тамаша! Жануарларды қорғау керек. Олардың саны азайып бара жатыр.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Хайуанат жануарлардың жалпы атауы.

Хайуанаттар бағы - жан-жануарларды бір араға жиып, көпшілікке көрсету шараларымен шұғылданатын мекеме.

б) Сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Дәптердегі хайуанаттар бағы бейнеленген суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады. Балалар торда тұрған қасқыр, аю, көжек туралы әңгімелейді.

Қасқыр - ит тұқымдас жануар. Түсі сұр. Оны жыртқыш дейді. Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды.

Қоян - ұзын құлақ жабайы жануар. Қоянды үйде де асырайды. Оның түсі аппақ, сұр болады. Ол - өте қорқақ аң. Қоянның баласын көжек деп а.тайды.

Аю - ірі денелі, икемсіз жануар. Ол - жыртқыш аң. Ақ
аю, қоңыр аю, қара аю болады. Аюдың баласын қонжық деп
атайды.Сондай-аң піл, мүйізтұмсың, жолбарыс, т.б. аңдар және
құстар, бауырымен жорғалаушылар (жылан, кесіртке, тасбақа,

қолтырауын) туралы да қысқаша мағлұмат беріледі, суретте-
рін не солар туралы түсірілген фильм көрсетуге болады.

в) Қоян, аю, қасқыр сөздерін қатыстырып, бірнеше сөз тір-
кестерін құрастыру. Мысалы,
қорқақ қоян, сұр қоян, аппақ
қоян, ақ аю, қорбаңдаған аю, сұр қасқыр, т.б.

г) Жұмбақтар шешу. Шешулері: қоян, піл.

ғ) «Адасқан көжекті хайуанаттар бағына жеткіз» дидак-
тикалық ойыны. Шытырман жолдардың ішінен баққа апа-
ратын жолды сызып көрсетеді.

3. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

а) Сұраң-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері

пысықталады.ә) Сабақ балалардың жануарлар туралы білетін өлең-
тақпақтар айтуымен аяқталады.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Наурызға шашу, Наурыз

мейрамы.

Мақсаты:

              1. Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың
                ұлттық тағамдары, ойындары, киімдері туралы білімдерін кеңейту.

              2. Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.

              3. Елге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: наурыз мерекесіне арналған суреттер.

Жаңа сөздер: наурыз, уыз, ұршық, алтыбақан.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

1. Шаттық шеңберін құру.

Музыка ойнап тұрады.

Көктем мезгілі. Жер әлемі бәрі жап-жасыл. Күн шуағын
төгіп тұр. Сылдырлап су ағып жатыр. Алыстан таулар көрінеді

Алма ағаштары аппақ гүл ашқан, айнала түгел әсем. Ересектер, балалар, ұлттық әдемі киімдерін киіп, мерекеге келе жатыр. Бәрі бір-біріне «Наурыз құтты болсын!» деген сөздер айтып, қуаныштарын білдіруде.

                1. Кіріспе бөлім.

а) Наурыз мерекесі туралы әңгіме өткізу.

ә) «Татулық» сөзіне мағынасы жуық сөздер ойлап айту. Мысалы, татулық, ауызбіршілік, достық, сүйіспеншілік.

                1. Негізгі бөлім.

а) Дәптердегі суреттер бойынша әңгіме өткізу.

  • Тал егіп жатқан балалар.

  • Құстың ұясын ағашқа іліп жатқан балалар.

  • Гүл егіп жатқан қыздар.

  • Ағаштың түбін қопсытып жатқан балалар.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Көшет - көшіріп егу мақсатымен өсірілген жас өсімдіктер, шыбықтар, көкөніс екпелері.

Раушангүл - әдемі ашық түсті ал қызыл гүл.

б) Ә. Табылдының «Наурыз той» өлеңін жаттату.

в) Салт-дәстүр туралы мәлімет беріледі.

Қазақ - қонақжай, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, доспен дос бола алатын, әділдікті бағадай білетін халық. «Ата салтың - халықтық қалпың» дегендей біз салт- дәстүрімізді ұмытпауымыз керек. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, бала- ларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата-ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген салт-дәстүрлер бар. Олар: шілдехена, тұсау кесу, ашамай, т.б.

г) «Сен білесің бе?» дидактикалық ойыны. Шарты: қоржын ішінен кереге, уық, шаңырақ, тцндік деп жазылған парақтарды алып шығып, сол сөздердің мағынасын түсіндіру. Кереге сөзін оқып, оның суретін тақтаға іліп қою. Осыдан кейін балалардың жауаптары тыңдалады. Толықтырып отыру.

Кереге - киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі, қаңқасы.

Уық - кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық, киіз үйдің сүйектерінің бірі.

Шаңырақ - киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.

Түндік - киіз үйдің шаңырағын жауып тұратын, жаңбыр өткізбейтін, күн өткізбейтін төрт бұрышты шағын киіз.

ғ) Наурызкөже туралы түсінік беру. Дәптердегі сурет арқылы оның қалай жасалатынын әңгімелеу.

4. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

а) Дәптердегі мақалдың мағынасын түсіндіру.

ә) Сабақта алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықту.



























































Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Алтын сақа» ертегісі.

Дәптерде «Алтын сақа» ертегісінен үзінді және мазмұнына сай сюжетті сурет берілген. Ертегіні болім бойынша оқып, мазмұнын түсіндіреді. Сонан соң рөлдерге бөліп, сахналайды. Балаларға түсінікті болу үшін, бұл ертегінің мазмұнын толық әңгімелеп беру.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ынтымақ мерекесі.

Мақсаты:

    1. Мамыр Қазақстан халқының ынтымақ күні туралы түсінік беру.

    2. Мамыр мерекесі туралы өлеңдер оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

    3. Елімізде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: мерекеге арналған сюжетті суреттер,

Оқу іс-әрекетінің барысы:

1. Шаттық шеңберін құру.

Дөңгелене тұрып, «Достығымыз жарасқан» әнін орындау. Бір-біріне мерекеге арналған тілектер тілейді.

      1. Кіріспе бөлім

а) Дәптердегі ұлттар достығы бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізу. Жұмыс сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру әдістері арқылы өтеді.

ә) Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау.

      1. Негізгі бөлім.

а) Сөздік жұмысын жүргізу.

Ынтымақ - адамдар арасындағы бірлік.

Мереке - салтанатты той, мейрам.

ә) Қазақстан Республикасында тұрып жатқан халықтардың тұрмысы мен мәдениеті жайлы қысқаша түсіндіру.

- 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мен достығын паш ететін айтулы мереке. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы өзге елдерге өнеге боларлықтай. Заманында қазақтың дарқан даласы көптеген ұлттарға пана, қамқор болды. Соның нәтижесінде қазақ жері бауырластар мекені, достықтың құтты ұясы атанды. Жүректері жомарт, алақандары ашық қазақтар өзге ұлт өкілдерімен бір ананың баласындай ғұмыр кешуде. «Бірлік бар жерде - тірлік бар», «Ырыс алды - ынтымақ» дейді халық даналығы.

б) Осыдан кейін С. Оспановтың достық туралы өлеңін дауыстап оқиды, мазмқнын түсіндіреді. Өлеңді балаларға бірнеше қайталаттырып жаттады

Біз - балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз - бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан!

С. Оспанов

б) Ұлттар достығын бейнелейтін сурет салдыру.

3. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.









Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Жеңіс мерекесі.

Мақсаты:

1. Жеңіс күні туралы түсінік беру.

        1. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

        2. Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сөздік жүмыс: Жеңіс, Отан қорғаушы, соғыс ардагері.

Көрнекіліктері: зал іші мерекеге арналып безендірілген.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

          1. Кіріспе әңгіме өткізу.

Жеңіс мерекесі жайлы түсіндіру.

- Бүл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді.

          1. Негізгі бөлім.

а) Сөздік жұмысын жүргізу.

Отан қорғаушы - Отанды қауіп-қатерден сақтаушы.

Жеңіс - соғыста жауды жеңіп, тізе бүктіріп, толық жеңіске ие болушылық.

Соғыс ардагері - соғысқа қатысқан ардақты, қадірлі адам.

Майдангер - соғысқа қатысқан адам.

ә) О. Асқардың «Менің атам - майдангер» өлеңін жаттату.

б) Бейнетаспадан Жеңіс шеруі түсірілген фильмнен үзінді (2-3 минут) көрсету. Балаларға Жеңіс шеруі жайлы әңгімелету.

Сұрақтар:

            1. Жеңіс шеруіне кімдер қатысады?

            2. Өздерің Жеңіс шеруін көрдіңдер ме?

            3. Жеңіс мерекесіне арналған отшашу қай кезде болады?

в) Жеңіс мерекесіне арналған отшашудың суретін салдыру.

3. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.





























Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Біз мектепке барамыз.

Мақсаты:

              1. Мектеп,мектепке қажетті құралдары туралы түсінік беру.

              2. Сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Сөйлем, әңгіме құрастыра білуге дағдыландыру.

              3. Білімпаз болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: мектеп, сызғыш, қоңырау.

Көрнекіліктері: «Біз мектепке барамыз» атты сюжетті сурет, оқу құралдары.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

                1. Кіріспе әңгіме.

  • Балалар, сендерге мектепке баратын уақыт та таяп қалды. Мектепке барғыларың келе ме?

  • Мектепте оқитын балаларды кім деп атайды?

  • Мектепке қажетті құралдарды атаңдар. Мына суретке ат қойыңдар. Балалар мектепке не үшін барады?

  • Балалар қалай киінген? Қолдарыңда не ұстаған?

  • Жылдың қай мезгілінде оқиды?

  • Балаларды мектепте кім қарсы алады?

    1. Негізгі бөлім.

а) Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастырту.

ә) Оқу құралдарының жеке аттарын атату. Мысалы: оқулық, сызғыш, қалам, қарындаш, т.б. Бұлардың бәрін оқу құралдары деп атайды.

б) Сергіту сәтін өткізу.

Орнымыздан тұрайық,

(Аяқтың ұшымен тұру).

Сағаттың жүрісін көрсетейік.

(Сағаттың жүрісін жасау: «тик-так, тик-так» деп, қолдарын сағаттың тіліндей айналдыру).

Тыныс аламыз.

(Ауызбен дем алып, демді мұрын арқылы шығару).

в) Сабақ, үзіліс, қоңырау сөздерін қатыстырып, сөйлемдер, әңгіме құрастырту. Мысалы:

Сабақ басталды. Үзіліс болады. Қоңырау соғылады.

Сөздікпен жұмыс.

      1. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

      2. Отанын сүюге тәрбиелеу.

3. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.







Кітап

Кітап - ең жақын дос. Кітап жақсылыққа үйретеді, жамандықтан жирендіреді. Кітаптың бір бетін ашқан сайын сөйлейді. Оның әр беті тұнып тұрған ақыл. Кітапты оқығанда сен бүкіл дүниені ұмытып кетесің. Кітаптан естімегенді білесің, көрмегенді көресің, күлесің, жылайсың, қуанасың. Кітап - ақылшы, серік дос.

Кітапты оңып, біліп қана қоймай, басқаға да сол кітаптың жақсылығын үйрете білсең, шын достықты өтегенің. Кітап - адамзаттың асыл қазынасы, сарқылмас білім бұлағы.

(«Балдырған» журналынан)

Оқу іс-әрекеті сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Жаз.

Мақсаты:

І.Балаларға жайқалған жаз мезгілінің ерекшелігі туралы түсіндіру.

    1. Берілген сұраққа толық жауап беруге, грамматикалық тұғада жүйелі сөйлеуге үйрету.

    2. Табиғатты сүюге баулу.

Көрнекіліктері: жаз мезгілі бейнеленген сурет.

Оқу іс-әрекетінің барысы:1.Ұйымдастыру:

Кіріспе бөлім.

а) Жаз мезгілі туралы әңгіме төмендегі ретпен жүргізіледі:

  • жаз мезгілінің ерекшелігі;

  • жаз айлары;

  • ойналатын ойындар;

  • жаздағы мереке.

    1. Негізгі бөлім.

а) Гүл алаңына сырттай саяхатқа шығу, тапсырмаларды орындату. Гүл алаңы бейнеленген сурет ілінеді. Суреттің бірнеше жеріне ілінген тапсырмалар жазылған қағазды алып, оны балаларға оқып беру.

      1. тапсырма. Қазір қай мезгіл?

      2. тапсырма. Гүл алаңында өсіп тұрған гүлдердің аттарын ата. Сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыр.

      3. тапсырма. Арық сөзін қатыстырып, сөйлем құрау.

      4. тапсырма. Гүлдерді қалай күтеді?

Әр тапсырманы орындату арқылы «Гүл алаңы» деген әңгіме құрастырады.

Үлгі:

Жаз. Балалар гүл алаңына келді. Гцл алаңында түймедагы, раушан гүлі өсіп тцр. Арықтан сылдырлап су ағып жатыр. Құстар сайрайды. Балалар гүлдерге су сепкішпен су құяды. Арам шөптерін жұлады.

ә) Дәптердегі сурет бойынша «Жазғы демалыс» тақырыбында әңгіме құрастыру.

б) Сөздік жұмысын жүргізу.

Шалғын - қалың өскен көгорай, шөп.

Шалгын сөзін қатыстырып, сөйлем құрату.

в) Жаз мезгілінде пісетін жеміс-жидектер, көкөністер туралы тақпақ-өлеңдер оқыту.

г) Жаңылтпашты жатқа айтқызу.

Келді жаз,

Жазға бала мәз.

Көлде қаз,

Көл жағасы саз.

З.Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

а) «Жаз қызықтары» дидактикалық ойыны. Шарты: балаларды бірнеше топқа бөліп, әр топқа тапсырма беріледі.

        1. топ жаз мезгілінің ерекшелігін әңгімелейді.

        2. Топ жаз мезгілінде демалыс туралы әңгімелейді.

Балалардың жауаптарын қорытындылап, сабақты аяқтау.











Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Балалар күні.

Мақсаты:

1.1- Маусым - балалар күні екенін түсіндіріп, балалардың мерекелік көңілін көтеру.

          1. Өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу, тақпақ, өлеңдерді мәнерлеп оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: ойыншықтар, шар, жалауша, суреттер.

Алдын ала орындалатын жцмыс: «Әлем балалар көзімен»

атты көрме ұйымдастырылып, оған балалардың суреттері қойылады.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Жүргізуші: Балалар, бүгін 1- Маусым - балаларды қорғау күні. Мерекелерің құтты болсын! Әрқашан көңілдерің ашық аспан сияқты таза болсын! Жүздеріңнен күлкі нүры кетпесін!

Кел, балалар, Ойын ойнайық!

Бақшамызда балаларды қорғау күнін

Бірге тойлайық!

Кел, балалар,

Ән де салайық.

Балаларды қорғау күнін

Қуанышпен қарсы алайық!

Жүргізуші:

- Мерекені ән шашудан бастаймыз.

            1. бала:

  • Балалардың бақшасында бүгін той - Балаларды қорғау күні біліп қой! Тақпақ айтып, кезектесіп, бір-бірлеп, Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп.

    1. бала:

  • Алақай-ау, алақай! Ән шырқайық, балақай! Қызарғанша алақан, Қол соғайық, балақан!

Жцргізуші:

  • Талшыбықтай бұралған,

  • Қазағымның қыздары-ай.

  • Сүйсіндірген биімен,

  • Өнерлі ғой қыздар-ай.

Қыздар билейді. Жцргізуші:

  • Сахнада қалықтасын ән қанаты,

  • Дүр сілкінтіп үлкен-кіші жамағатты.

  • Ортаға тағы бір рет шақырамыз,

  • Біздің әнші бала і.

«Мерекеңмен!» әні орындалады. Жүргізуші:

  • Ойын, күлкі, той-думан, Әсем ән мен сәнді би. Асығыңдар алыңдар, Бәрі бізден табылар, -

деп, өнерлі жігіттерімізді ортаға шақырайық.

Би: «Батырлар биі»

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі күн қандай керемет. Барлықтарыңның көңілдерің көтеріліп қуанышқа кенелдіңдер. Әрқашан жүздерің жарқын болсын!

Барлығы қосылып, «Бақытымсың балдырғаным» әнін орындайды.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
1237
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі