Материалдар / Балабақшадағы таңертеңгілік,Наурыз мерекесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақшадағы таңертеңгілік,Наурыз мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге көмек ретінде,Наурыз мерекесі туралы ақпараттар бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2020
448
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚР Білім және ғылым министрлігі ШҚО Ұлан ауданы білім бөлімі «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы











« Н а у р ы з - т о й »

/Ұлыстың Ұлы күнін атап өтуге арналған іс-шара бағдарламасы/







Бағдарламасын құраған :

Семенова Г.С

















Бозанбай ауылы



Тақырыбы: «Наурыз той»

Мақсаттары:
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Балалардың
тілін, танымын, ән салу, би билеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Туған елінің салт-дәстүрлерін қастерлеуге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекіліктер және қажетті құрал-жабдықтар:

1. Бағдарламасы, ұлттық киімдер,

2.Техникалық құралдар: ноутбук, әндер мен күйлердің жазбалары

3.Наурыз гүлі /мата мен қатырма қағаздан жасалған/

4.Төрт түлік мал пірлерінің таяқтары

5.Үлкен, кішкене домбыралар

6.хрестоматиялар: «Көркем әдебиет», «Қарлығаш»

7. «Ауыл кеші көңілді» атты әнжинақ

Алдын-ала жүргізілген жұмыстар:

Ата-аналар жиналысы, ән мен билерді үйрету,
Кіріспе:

Жүргізуші 1: Құрметті балалар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. 
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!
Жүргізуші 2: Бүгін ұлыстың ұлы күні.
Жүргізуші 1: Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн!
Жүргізуші 2Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «Арқаның қысы аттан түсетін» кез.
Жүргізуші 1: Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез.: Ендеше көктемнің шуағын ала Жүргізуші 2келген Наурыз мерекесі құтты болсын!

Осы кезде топ балалары «НАУРЫЗ - КӨКТЕМ» әнінің әуенімен залға кіреді

Жүргізуші 1
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!

Жүргізуші 2

Жас-кәрі өтпес таң қалмай,

салтанатты сән қандай?

Көз тартар гүл жапанда

жалғыз шырақ жанғандай

Балалардың орындауында «Наурыз гүлі» биін тамашалаңыздар!

*4 ұл – 4 түліктің пірі, 4 қыз, мата мен қатырма қағаздан жасалған гүл, музыкасы – Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» атты күйі*
Жүргізуші1:
Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл, наурыз айының 22 жұлдызына сәйкес келеді.
Жүргізуші 2
.: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан, дәстүрлі осы Наурыз тойы, бүгін міне, тағы да есігімізді ашып отыр.
Балабақша меңгерушісінің құттықтау сөзі
Жүргізуші 2
. :Сіздерді «Самалық» әнін тыңдап, дәстүрін көруге шақырамын. 

Самалық, самалық,
Қан тауының көк құсы 
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Самалық, самалық,
Самарқанның көк тасы 
Жібіді ме, көрдің бе?
Самалық, самалық,
Жаңа келген жақсылықты
Көрдік пе, көрмедік пе?
Самалық, самалық,
Ескі жыл шығып, жаңа жыл кірді.
Самалық, самалық,
Сүт көп, көмір аз,
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке,- 

- деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.
Жүргізуші 1Жаңа жылда көңіліміздегі көркем ой, асыл арман, ақ тілектеріміз қабыл болсын! Халқымыздың өткен күндердегі реніш, сырқат бәрі ескі жылда, басқан ізде, жанған отта қалсын! – деген тілегінен туған аластау ғұрыпын топ балаларының әжелері өткізеді

Аластау рәсімі: Әжелер

Алас, алас
Алас, алас
Әр бәледен қалас
Ескі жыл кетті,
Жаңа жыл жетті.
Айдан аман
Жылдан есен болайық!

Жүргізуші 1
- Жаңа күн, Наурызымыз, келдің бе?
- Көктем боп, Наурызымыз, келдің бе?
- Бүрлеген қайынды көрдің бе?
- Құс қанатын сабылтып келдің бе?

- Ел жұртыңды сағындырып келдің бе?

- Күлкісін сәбидің көрдің бе?

Жүргізуші 2.: Осы балаларымыздың құрметіне ата-аналар атынан Қабақ Н. орындауында «Сәби болғым келеді» әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші 1.:Тоқшылықтың белгісі той көбейді

Тойға келген қызулы бой көбейді.

Не өнерің болса да ортаға сал:

Өлең айтқын,би биле, сөйле мейлі

Балалардың тартуы:

1.Ән «Наурыз – біздің жаңа жыл »

2. Келесі кезекте балалардың орындауында «Домбыра» биін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші 2Наурыз мерекесінде наурыз көже даярланып, дастархан жайылады, алтыбақан құрылып, ән-бимен қатар әртүрлі ойындар ойналады.Біздің балалар да ұлттық ойындар ойнағанды ұнатады

«Қыз қуу» атты ұлттық ойын

Жүргізуші 1Адамдар үшін көктем – қызу жұмыс науқаны, ал Наурыз болса – нағыз шаруаның мейрамы.Халқымызда дәстүр көп, атап айтсақ:

1.Қонақ келсе – құт

/қарсы алу, дастархан басына шақыру, қолға су құю, табақ тарту/

2.Шаруашылық жайында дәстүрлер

/Асар, қолкесер, қымыз мұрындық, қазық майлау/

3.Тұрмыс дәстүрлері

/жеті ата, ерулік, бес жақсы, жеті жоқ, үш арсыз, той бастар/

4.Балаға арналған дәстүрлер

/жарысқазан, шілдехана, бесіктой, тұсау кесу, ашамайға мінгізу, сүндеттой, қыз құлағын тесу, асырап алу, сатып алу, бауырына салу/

Ал енді, құрметті ата-аналар,сіздер білсеңіздер осы дәстүрлердің түрлерін атап және кез-келгеніне қысқаша сипаттама бересіздер.

Мысалы: «Баланы сатып алу» деген не?

Жауабы:Баласы көп шетінеген адамдар тәуіп не молда адам үйіне келсе жаңа туған нәрестені сол адамға береді, 2-3 күннен соң барып сатып алады,үйге әкелгенде керегенің астынан енгізіп, 7 кемпірдің астынан өткізеді.Бұл баланы сатып алдық деп ырымдап, тірі қалуын тілейді.

Жүргізуші 1Алдарыңызда өнер көрсететін сүйкімді ару Айжан - «Өзбек биі»

Жүргізуші 2.:

Алдарыңда бейбіт күн – алтын ғасыр

Бейбіт күннің болмайды салтында сын.

Тойларыңмен ойларың қанаттанып

Күй күмбірлеп, әсерлі ән тынбасын


Ата-аналардың музыкалық сәлемімен Наурыз тойы атты мерекемізді аяқтаймыз:

Жүргізуші 1

О.Асқардың «Наурыз көже» атты өлеңімен барлықтарыңызды Наурыз дастарханға шақырамын



Ашық болсын қос қабақ

Таспен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін тқрде бас қонақ.

Ішілетін, жейтіннің,

бұл көжеде бәрі бар,

арпа, бидай, тары бар,

қатық, малта тағы бар.

Ошақта шоқ әлі көп

Астың ауыр обалы

Астан үлкен ешкім жоқ

Қазан аузы жоғары!
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!