Балабақшадағы тәрбиешінің рөлі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшадағы тәрбиешінің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы тәрбиешінің рөлі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшадағы тәрбиешінің рөлі


Бакиева Улбосын Абзиқызы,

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы,

45 бөбекжай-балабақшасы

ІІ санаттағы тәрбиеші


Бүгінгі білім беру кеңістігіндегі білім берудің барлық жүйесін жаңғырту үдерісі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруға жаңа талаптар жүктеп, бұл үдеріс барысын педагогикалық әдіс-тәсілдер, инновациялық технологиялар арқылы тиімді ұйымдастыру жолдарын іздеуді қарқындатады. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде балалардың жеке қасиеттерінің, құзыреттіліктерінің жетілуіне негіз қалау, мектеп өміріне дайындау, күн тәртібіне және оқу ісіне бейімделуін жүзеге асыру көзделеді.

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық дәстүр қалыптасқан, инабатты да ибалы, мейірімді, адамгершілігі мол, рухани бай азаматты тәрбиелеп өсіру – балабақшаның бірден-бір міндеті. Бұл міндеттің жүзеге асырылуына үлес қосатын басты тұлға – тәрбиеші педагог.

Өзгермелі қоғамдағы тәрбиеші педагог – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл тұлға. Жаңашыл педогог Ш.А.Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей талап қояды: «Педогог-тәрбиеші әріптестеріне мейрімді, жылы шырайлы, ықыласты болуы керек, әріптестерімен қарым қатынас жасаудың әдебін, дауыс сарынын, жылы үнін игеру керек, әріптестерінін табысына қызғанышпен, күншілдікпен қарауға құқы жоқ, әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті, әріптестерінен үйренуге ұялмауы керек, әріптестерінежоғарыдан менсінбей қарауға құқы жоқ, әріптестерінің ар-намысын, атақ-даңқын сақтауы керек, балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білу керек, бірақ оны ешкімге шашпауы тиіс». Бұл ойды түйіндесек, балалардың өмірінде мектепке дейінгі ұйымның, оның ішінде тәлім-тәрбие беріп отырған тәрбиеші педагогтың алатын орны маңызды да ерекше. Яғни, тәрбиеші педагог жас ұрпақтың рухани жетекшісі.

Тәрбиешінің педогоикалық шеберлігі тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде не істейтінін, не үшін істейтінін, қандай нәтижеге жеткісі келетін саналы, анық және дәл білуіне байланысты болмақ. Шебер тәрбиешінің бөлмелерді педагогикалық және эстетикалық талаптарға сай жабдықталуы, тәрбие жұмысына қажетті көрнекі құрадарының түгел болуы, педагогикалық мақсатқа сәйкестелінген болуы шарт. Олардың өз орнында тұруы жемісті еңбек етуге жағдай жасайды. Шебер тәрбиешінің негізгі қасеттерінің бірі- педагогикалық әдептілік. Педагогикалық әдептілік бала психологиясын және оның жас ерекшеліктерін жете білуді талап етеді. Әдептіліктің қайнар көзі- балаларды сүю және қадірлей білу. Педагогикалық әдептіліктің бір көрінісі – шамамен сезу қасиеті. Сонда тәрбие әдістерінің көпшілігі нәтижелі болады. Қолайлы әдісті таба білу шеберлік пен әдептіліктің көрінісі. Шеберлік үйретумен, үйренумен, өз ісіне деген сүйіспеншілікпен, тәжірибемен, жұмысқа ұқыпты қараумен саналы, ойлы еңбекпен қалыптасады.

Тәрбиеші –педогогтың бейнесі:

1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мазмұны, әдіс-тәсілдерін жетік білуі.

  • Материалды түсінікті жеткізе білу.

2. Сабақты өткізу әдістемесі.

  • Балалардың оқу тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуі және баланың іс-әрекетін дұрыс бағалай білуі;

  • Тәжірибелік білім-білік дағдыларды қалыптастыра білуі.

Балабақшада өткізілген оқу –тәрбие жұмыстарының сапалы жүргізілуін, педагогтардың кәсіби біліктіліктерін шындау, олардың қаншалықты ізденушілікпен, шығармашылықпен жаңа технологияларды қолдану деңгейлерін анықтау, қажет болғанда әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Мониторинг айнасы» айдарында бақылау жұмысы жүргізіледі.

Тәрбиешінің басты міндеті – бойында ұлттық санасы қалыптасқан, дені сау, жан дүниесі бай жан- жақты азамат тәрбиелеп өсіру. «Ел боламын десен, бесігінді түзе» деп дана халқымыз айтқандай тәрбиелі, білімді ұрпақ әрқашан ұлт мақтанышы, беделі болатыны анық.

Қорытып айтқанда ұлы педагог Макаренко: «Тәрбие ішінде ешбір ұсақ- түйек деуге нәрсе жоқ. Еш нәрсені ұсақ- түйек деуге, ұмытуға хақымыз жоқ. Өз өмірімізде немесе балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, соған қатты зер салып, қалғандарын елемей қалдырсаныз қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ- түйектер үздіксіз, күнбе-күн, сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі сол ұсақ-түйекпен құралады, өмірдің бұл жағына басшылық көрсету және оны ұйымдастыру сіздің және біздің ең жауапты міндетіміз» -деген.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2018
13610
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі