Материалдар / Балаға ең бірінші керек сабақ ән- күй сабағы!

Балаға ең бірінші керек сабақ ән- күй сабағы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка пәнінің мұғалімдері үшін керек ,музыка сабағының маңызы мен пайдасы туралы айтылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
400
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балаға ең бірінші керек сабақ ән- күй сабағы!



Физика –математика ғылымдарының докторы,ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Серік Жұмаділдаев «Мектептегі ең керек сабақ ән-күй және дене шынықтыру сабағы» дегенін естідім. Себебі неде деп ойлайсыздар?

Жас өспірімдегі музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуде, эмоциялық сезімталдығын қалыптастыруда, білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде музыка өнерінің алатын орны ерекше. Музыка — оқушыға дүниені жан-жақты танып-білуге көмектеседі, баланың ойына азық беріп, кеңінен және әдеттен тыс ойлауға үйретеді, халықтың рухани мәдениетіне жақындастыра отырып, патриотизм сезімін тәрбиелеп, адамгершілік және азаматтық белсенділігін оятады. Сөйтіп, осының нәтижесінде қоғам үшін қажетті жеке адамның үйлесімді дамуына жәрдемдеседі. Музыка тілі — өнердің басқа салаларымен салыстырғанда күрделі тіл. Музыка айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы береді, осыған байланысты музыканы қабылдауды оқушылардың бойында қалыптастыру елеулі қиындықтар тудырып, жан-жақты ойластыруды қажет етеді. Музыка өнерінің ерекшелігі – адамның жан дүниесіндегі сөз бен тіл жеткізіп алмайтын құбылыстарды, сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік тудыруында. Ұлттық музыка өнері адамның қиялына қанат бітіріп, ойлау қабілетін дамытады, туған елін, жерін сүюге, мәдениетін, әдебиетін, өнерін эстетикалық тұрғыда қабылдап сезіне білуге үйретеді, имандылық, ізеттілік, парасаттылық тәрізді қасиеттерге тәрбиелеп, рухани азығын молайтады. 

Бүгінгі қоғам құрылысының аса маңызды мәселелерін шешуде мектептің оқу — тәрбие үдерісін адамзаттың бүкіл тарих бойы жинақтаған білімі, тәжірибесі мен өнерін меңгерту арқылы жетілдіру, халық педагогикасының тәрбиелік мазмұнымен таныстыру қажеттігі туындап отыр.Музыка құндылығын сақтау және оны ұрпаққа жеткізу, балаларды ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау -жалпы білім беретін мектептің негізгі мақсаты болып отыр. Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде жүргізілетін өнер сабақтары қоғамда болып жатқан құбылысты, жаңа ойды бала санасына басқа сабақтардан бұрын жеткізуші болып табылады. Өйткені өнер-өмір шындығы. Өмір шындығы мектеп табалдырығын аттаған балаға білім беру, тәрбиелеуде жан-жақты қарастырылады. Сондықтан музыка сабағының әдіс-тәсілдері үнемі жылма-жыл өзгеріп, бала тәрбиесі ісіне жаңа нышандар жаңа бағдарламалар тудырады.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ