Балаға жылулық сыйлайық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балаға жылулық сыйлайық

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Балаға жылулық сыйлайық


Мақсаты:

Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру,ата-аналарды пікірлесуге шақыру.


Түрі: Топтастыру

Көрнекілігі:

карточка,дөңгелектер, нақыл сөздер,«кірпіш тапсырмасы бар қағаз ,қалам».

Жоспар:


1. Тренинг: шаттық шеңбері

2. Кіріспе сөз: Балалы үй базар,

Баласыз үй қу мазар

3. Ата аналамен ойын .

4. Жағдайаттар талдау


Барысы:


Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар!

Адамзаттың бәрі де анадан туып, соның бауырында өсіп ер жетеді. «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді» дейді халқымыз. Ендеше, жаны таза, денсаулығы мықты, ақылды, сұлу бала тәрбиелеуді басты назарға ұстайық . «Бұтағымен ағаш сымбатты, ұрпағымен адам қымбатты» деген аталы сөзден алыстамайық .Қазақ ұлтын аспандататын ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың еншімізде екендігін ұмытпайық!

Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді.”

Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің мақсатымыз.

Тренинг

Ата аналар ортаға дөңгеленіп тұрып, бүгінгі кездесуден не күтетіндерін айтады



«Бала деген кім?»

Бауыр етіміз,мұрагеріміз,үмітіміз, т.б

  Жағдаяттар


1. Түскі ас кезі. Отбасы жиналып, тамақтануға отырды. Бір кезде телефон шырылдады. Тұтқаны баласы көтерді. Әке шешесі баласына өздерінің жоқ деп айтуын өтінді.

2.Оқушы ата-аналар жиналысына шақыруға бірінші анасына келді

-Ана сізді мұғалім жиналысқа шақырып жатыр

-Балам қолым тимей жатыр әкеңе айт

-Әке сізді мұғалім жиналысқа келуіңізді сұрады?

-Балам менің шұғыл шаруам шығып қалды.

Тапсырма: Ата-анаға балаға қарым-қатынасында баланың үмітіне балта шабатын,кіналайтын сөздер беріледі.Осы сөздерді олардың өз күшіне сенім тудыратындай,жақсы қолдау көрсете алатындай сөздермен алмастыру керек.

1.Сенен ешқандай жақсылық шықпайды

2.Неге сен басқа балалардай емессің?

3.Немене ұсқынсыз болып кеткенсің,шашың таралмаған?

4.тағы осылай істесең,менен таяқ жейсің?

5.Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмайды

Былай қарасаң көңіл аударатын нәрсе емес,бірақ «Ойланбай сөйлеген,ауырмай өледі»деген сөздің мәнін білуіміз керек.ата-ананың әрбір ойланбай сөйлеген сөзі баланың өмір сүру ағысын өзгертіп жіберуге әкеп соғады.Осының алдын алу үшін мына сөздерді алмастырып көріңіздер.кіналамай сенім тудырыңыз.

1.Сенің де қолың өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді.Оқу озаты не екпіндісі боласың

2. Сенің де басқалардан ерекше болуға құқың бар,сенің де қолыңнан келеді.

3.Үстіңді ретке келтір,шашыңды тара,киіміңді ауыстыр.

4.Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз,бұдан былай жаман қылық жасама.

5.Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің.Сенің болашағың алда,үлкен ғалым,жақсы дәрігер,білімді ұстаз болуды арманда.


«Отбасылық махаббат үйі» ойыны


1.                  «Парасатты» кірпіші

Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.

2.      «Достық» кірпіші

    «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?

Мысалы: менің қорғанысым,күтетін жер, отбасылық ұйытқысы

3.   «Тапқырлық» кірпіші

Мектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.

4«Түсінушілік»

 Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру.

Үндеу:

Құрметті ата –аналар!

Біз сіздерді мектептегі оқушы өміріне қатысты өтетін іс – шараларға және мектептегі жиналыстарға белсенді түрде қатысуларыңызды шақырамыз!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.04.2019
720
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі