400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балалар әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
балалар әдебиеті пәнің насихаттау, балаларға арналған жанрлармен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:Балалар әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:«Балалар әдебиетінің жанрлары»

Сабақтың мақсаты: Пәнге кіріспе түрінде шығу тарихына шолу жасай отырып, білім беру процесінде пәннің маңызы және алатын орны туралы кеңінен ақпарат беріп, оқыту әдістемесімен таныс қылу.

Білімділік: Студенттерге Қазақстан Республикасының білім беру туралы түсінік беру, балалар әдебиетінің бай қазынасымен таныстыру

Дамытушылық: Студенттерге мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде балаларға арналған әдебиет қаймағын дәріп етіп, өз бойларына ілім қылып дарыту.

Тәрбиелік: Студенттерге балалар әдебиеті арқылы ұлттық менталитеімізді, салтдәстүріміздің ең асылдары арқылы тәрбиелеу

Сабақтың түрі: теориялық

Сабақтың көрнекілігі: Презентация, плакаттар, портерттер

Ұйымдастыру бөлімі: топқа бөлу

Үй тапсырмасы: Балалар әдебиетінің шығу тарихына шолу

Жаңа сабақ түсіндіру: флешбоун әдісі бойынша балалар әдебиеті жанрларын бөліп көрсету.


Shape2 Shape1

Қиял-

Ғажайып лиро-эпостық батырлар жыры

Тәрбиелік комедиялық метафоралық


Shape4 Shape3

Shape6

Shape7




Жаңа сабақты бекіту: Фольклор сөз жоқ, балалар әдебиетінің бастауы, қайнар көзі. Балалар әдебиеті халық ауыз әдебиеті үлгілерін негізге ала отырып, бүгінгі күнге дейін дербес ғылым болып отыр. Осы аталмыш ғылымның жай-күйі қазіргі ақпараттанған ХХІ ғасырдың сұранысы мен талабына жауап бере ала ма? Бұл ойлануды қажет ететін және бір ауыз сөзбен жауап бере салатын сұрақ емес. Салмағы да, жауабы да ауыр сұрақ. Сонымен, қазіргі таңда қандай балалар әдебиеті қажет? Бір ғана мысал келтірейін: балалар фольклорында «Төрт түлік туралы» жырлар бар. Осыны балаларға қалай оқытып жүрмыз? Балдырған төрт түлік туралы өлең-жырларды жаттауын жаттар, бірақ өңі түгіл түсінде көрмесе оларды, қалай ұғындырамыз?
«Мұңайма» өлеңіннен мысал келтірейік:

Ханның ісі қатайды,

Азамат ерден мал тайды,

Қанды көбе киініп,

Бір Аллаға сиынып,

Ұрандап жауға тигенде,

Кім жеңері талай-ды,

Жолдастарым,мұңайма!...

Бағалау: жоғары деңгейде бағаланып, өте жақсымен түйінделді.

Үй тапсырмасын беру: Әрбір әдебиет жанрына бір-бір мысал дайындап алып келу.

























Пәні:Балалар әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: «Тұрмыс салт жырлары»

Сабақтың мақсаты: Тұрмыс-салт жырлары ұлттық патриоттық атадан балаға беріліп келе жатқан жыр топтары екенін ашық түсіндіру.

Білімділік: Балалар әдебиетінің бай мұрасын жастарға насихаттай отырып, оны тұрмыста қолдандырып, рухани құндылығымызды бағалату.

Дамытушылық: Студенттерге мектепке дейінгі ұйым балаларына арналған әдебиет қаймағын дәріп етіп, өз бойларына ілім қылып дарыту.

Тәрбиелік: Студенттерге балалар әдебиеті арқылы ұлттық менталитетімізді, салт-дәстүріміздің ең асылдары арқылы тәрбиелеу, жетілдіру

Сабақтың түрі: теориялық

Сабақтың көрнекілігі: Презентация, плакаттар

Ұйымдастыру бөлімі: топқа бөлу

Үй тапсырмасы: Әрбір әдебиет жанрына бір-бір мысал сұрау

Жаңа сабақ түсіндіру: Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар. тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),

  • дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),

  • үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),

  • мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау),

  • өтірік өлеңдер, т.б.

  • Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззатберу. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т.

  • Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ.[1]

Жаңа сабақты бекіту: Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалып, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан.

Бағалау: жоғары деңгейде бағаланып, өте жақсымен түйінделді.

Үй тапсырмасын беру: ертегілер елінен бір үзінді















Пәні: Балалар әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер әлемі»

Сабақтың мақсаты: Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза екенін ашық түсіндіру.

Білімділік: Балалар әдебиетінің бай мұрасын жастарға насихаттай отырып, оны тұрмыста қолдандырып, ертегілер тақырыбы аясында фольклор санатын ойға тоқиды.

Дамытушылық: Ертегілер әлемі арқылы бала бойындағы жаңаша қасиеттер мен жаңаша құндылықтарды игеруді дамытады.

Тәрбиелік: Студенттерге балалар ертегілері арқылы ұлттық менталитетімізді, салт-дәстүріміздің ең асылдары арқылы тәрбиелеу, жетілдіру болып табылады

Сабақтың түрі: сахналық-қойылым

Сабақтың көрнекілігі: Презентация, плакаттар, кейіперлердің киімдері

Ұйымдастыру бөлімі: кейіпкерлерге бөлу

Үй тапсырмасы: ертегілер елінен бір үзінді

Жаңа сабақ түсіндіру: Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар. тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер) айтқызу.

Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б. Түркі халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді.

Жаңа сабақты бекіту: Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (Ахмет Байтұрсынұлы), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Бекмұрат Уақатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады

Бағалау: жоғары деңгейде бағаланып, өте жақсымен түйінделді.

Үй тапсырмасын беру: Сүйікті ертегісің жазып келу және оны талқылау, сахналау



























Пәні:Балалар әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: «Жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер, жұмбақтар, мақал»

Сабақтың мақсаты: Дидактикалық материалдар ретінде мектепке дейінгі ұйымдардағы жаңылтпаш, жұмбақ, өтірік-өлең және мақал-мәтелдер арқылы балаларға халық мұрасын үйрету.

Білімділік: Балалар әдебиетінің бай мұрасы арқылы ой, қиялдарын шыңдау.

Дамытушылық: Студенттерге мектепке дейінгі ұйым балаларына арналған әдебиет қаймағын дәріп етіп, ой, қиял, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: Студенттерге балалар әдебиеті арқылы ұлттық менталитетімізді, салт-дәстүріміздің ең асылдары арқылы тәрбиелеу, жетілдіру

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың көрнекілігі: Презентация, плакаттар, ойыншықтар

Ұйымдастыру бөлімі: индивидуалды

Үй тапсырмасы: Сүйікті ертегісің жазып келу және оны талқылау, сахналау

Жаңа сабақ түсіндіру: Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар. тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер).

Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б. Түркі халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді.

Жаңа сабақты бекіту: Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (Ахмет Байтұрсынұлы), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Бекмұрат Уақатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады

Бағалау: жоғары деңгейде бағаланып, өте жақсымен түйінделді.

Үй тапсырмасын беру: Бес-бестен дидактикалық жаңылтпаштар, мақалдар, өтірік өлеңдер сұрау.




























Пәні: Балалар әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: «

Сабақтың мақсаты: Эпикалық мол мұраларымыздың жинақталуы, жариялануы, басқа да халықтар тіліне аударылып, олардың шығу тегі мен дамуы, тарихи негіздері мен көп нұсқалы болу себептері, көркемдік болмыс-бітімі туралы тереңдей зерделене басталғанына екі ғасырға жуық уақыт аралығында жинақталған мол мұраларды таныстыру.

Білімділік: Балалар әдебиетінің бай мұрасы арқылы ой, қиялдарын шыңдау. Тарихи жазылған еңбектерді бағалату әрі үйрету

Дамытушылық: Студенттерге мектепке дейінгі ұйым балаларына арналған әдебиет қаймағын дәріп етіп, соның ішінде эпикалық жырлар арқылы ой, қиял, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: Студенттерге балалар әдебиеті арқылы ұлттық менталитетімізді, салт-дәстүріміздің ең асылдары арқылы тәрбиелеу, эпиалық жырларды тұрмыста қолдандырып жетілдіру

Сабақтың түрі: теориялық

Сабақтың көрнекілігі: Презентация, плакаттар, әдеби кітаптар

Ұйымдастыру бөлімі: топтық

Үй тапсырмасы: Бес-бестен дидактикалық жаңылтпаштар, мақалдар, өтірік өлеңдер сұрау

Жаңа сабақ түсіндіру: Қазақ қауымының ру-тайпалық кезеңдерден бастап, оның халық болып құралған дəуірлерінен мол хабардар ететін, сондай-ақ ұлттық даму межесін айқындайтын елдік пен ерлік шежірелерін бір ғасырлық шеңберінде танып, білу мүмкін емес. Сан ғасырлық тарихы бар, миллиондаған адамдарға қызмет ететін батырлық жырлардың тұтас табиғатын тану бір ғана уақыттың ісі де емес. Бұл туралы ғылымда айтылатын келелі-келелі тың ізденістер мен ашылатын ғылыми мəні бар жаңалықтар əлі де айтыла бермек.

Бүгінгі таңдағы еліміздің егемендік алған нəтижесімен келген оң істеріміз, батыл бастамалар бұны дəлелдей түсетіндей. Қазақтың батырлық жырларының тарихи негіздері мен жанрлық жіктелісіне қатысты ғылымда біршама пікірлер нақтыланған. Сонымен коса эпикалық шығарманың сюжеті ондағы қаһармандар əлемі, ұнамды образдардың жасалу ерекшеліктерімен батыр бейнесімен салыстырыла берілетін ұнамсыз бейнелердің салыстырмалы əдіс-тəсілдер арқылы түсіндіріліп келе жатқандығы мəлім. Алайда соншалықты тартымды жасалған қаһармандар образының құдірет-күші не себептен, адам жанын бірден тербеп алатын сиқырлылығы неден? деген сұрақтарға толық жауап берілді деуге негіз жоқ. Өйткені зерттеу еңбектерде негізінен жырдағы бейнелі сөздерге қатысты азды-көпті пікірлер айтылғанымен, кең көлемде тоқталып, бейнелі сөздердің образды жан-жақты ашудағы қызметіне байланысты тексерулер жасалмағандығы белгілі жайт.

Эпостың шығу тегі мен дамуын білу қандай керек болса, онда ондағы сөз өнерінің күш-қуатын тану да ауадай қажет болады. Өзге де эпикалық шығармаларымыз тəрізді, батырлық жырлар да тұтас бір дəуірлердің тарихын, соның ішінде халықтың ой-арман, қиялын білдіре алатын қымбатты қазынамыз. Оның белгілі бір кезеңдердегі елдің тұрмыс-тіршілігін сипаттайтыны, сөз өнерін орынды қолдана алатын хас шеберлердің болғанын жəне жырды айтушылардың аймақтық стильдерінің пайда болып, əрі қарай дəстүрге сай қалыптасқандығын зерттеу аса пайдалы іс болатындығы сөзсіз.

Жаңа сабақты бекіту: Қай халықтың болмасын асыл сөз өнері басқа халықтардың əдебиетінен, ең басты айырмашылығы — өзінің образдар жүйесімен, сөз бейнелеу тəсілдерімен ерекшеленді. Əдебиеттегі образдар жүйесі жəне сөз бейнелеу тəсілдері ұлттық болмыс-бітімімізді анықтайтындығы рас. Халқымыздың ғажайып ескерткіштері болып табылатын эпостағы ғаламат кейіпкерлердің сөз өнерінің құдіреті арқылы танылғандығына ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда сандаған ғасырлар мен жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауызша жетіп, жанды баурап, сананы арбайтын қазақтың қасиетті сөз өнерінің ұлттық негізі — ауыз əдебиетінде қалыптасқан деудің реті бар. Сөз өнеріндегі ұлттық негіз дегеніміздің өзі — сол рухани мұраны жасаған халықтың тілі. Онсыз образды сөз, көркем сөз дегенді айта алмаймыз. Тіл — əдебиеттің құрылыс материалы, жер бетіне ауа тіршілік үшін қандай керек болса, əдебиетке тіл де сондай қажет екендігі баршаға түсінікті.

Өнерді тану мен білу туралы ғибраттарға мəн берсек, көркем əдебиет деген ұғымның сыр- сипаты образды сөз, көркем сөз атты терең түсінікке тіреледі. «Сөз — адамның ой-сезімін жеткізудегі бірден бір күшті құрал». Ал, көркем ойлау жүйесі шексіз. Көркем əдебиеттің бүкіл болмысы, шынайы табиғаты түр мен мазмұнның бірлігі арқылы жасалған. Түрдің өмір сүру заңдылығы, өзгеріп дамуы, өзінің көріну тəсілдеріне байланысты. Əдебиеттегі түрдің көріну тəсілдерінің бірі бейнелеу құралдары. «Бейнелеу құралдары — əдебиетте көбінесе бұл ұғым сөз қолдану тəсілдері, бейнелі сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын метафора, метонимия, əсерлеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет жəне стильдік айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады» [1].

Шындығына жүгінсек, бейнелеу тəсілдерінің мəн-мағынасы бұдан да кең, мол екендігі белгілі. Анықтай түссек, көркем шығармадағы бүкіл тіл байлығы — түгелдей бейнелеу құралы. Бұның басты ерекшелігі халықтың айналадағы дүниені өзінше түсініп, көркемдік ой-сезімімен қабылдауында жатыр. Сондықтан бейнелеу құралдары қай ұлттың əдебиетінде болса да сөздік қорға, тіл байлығына байланысты қалыптасады.

Көркем əдебиеттің өзіне тəн даму заңдылықтары, қоғамдағы алатын өзіндік орны туралы пікірлер ерте заманнан айтылып келеді. Бұл жайында ғалымдар алғашқы жазылған еңбек ретінде, ежелгі грек елінің біздің жыл санауымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген ғұлама ойшыл Аристотельдің «Поэтика» атты кітабын атайды. Əйгілі ғұлама бабамыз Əбунасыр əл-Фараби (870– 950 жж.) Аристотель ізіндегі екінші ұстаз атанып, философия, поэтика жəне т.б. арналған трактаттар жазғаны белгілі. Содан бері сөз өнері туралы Леонардо да Винчи, Буало, Шеллинг, Чернышевский, Белинский, қазақ халқының даңқты перзенті Ш.Уəлихановтар талай-талай зерттеулер жазды. Көшпелі қазақ халқының өлең мен əнге деген құмарлығын, ақындық таланты туралы Ш.Уəлиханов мынадай аңызды арнайы дəлел ретінде келтіріпті: «Аңыздың айтары өлең, өнер аспаннан, əуеден келіпті-мыс [2]. Өлең туралы қызғылықты ойлар мен пікірлер қазақтың ақын-жыраулары, сал- серілерінің шығармаларында да айтылған. Ұлы Абайдың «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» деуі қай уақытта да дəлелді екендігіне көз жеткіземіз.

Өлеңнің теориясы, құрылысы, техникасы жайында классикалық еңбектердің бар екендігі əдебиетшілер қауымына жақсы таныс. Аристотель, əл-Фараби, В.Г.Белинский, А.А.Потебня, А.Н.Веселовский, одан кейінгі В.Брюсов, Б.Томашевский, В.Жирмунский жəне тағы басқалар алдымен еске түссе, қазақ поэзиясына байланысты Ш.Уəлиханов, А.Байтұрсынов, М.О.Əуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайлов, З.Қабдолов, З.Ахметов, М.Базарбаев деп, бұдан əрі де жалғастыра беруге болады. Аталған ғалымдардың еңбектерінде өлеңнің теориялық мəселелері, айрықша атасақ, поэзияның тілі, құрылымы, түзілісі, бейнелеу құралдары жайлы тамтұмдай түсіндірілген. Алайда осымен іс біткен, ендігі қалғаны сол зерттеулердің нəтижесімен шектелуге тиіс дейтін ғылымда қағида жоқ. Қайта осы бағытта сандаған ізденістерімізбен қатар, өлең теориясына қатысты көркем шығарманы талдауда іркілістеріміз де бар екендігі қисынсыз емес.

Сөз өнеріндегі бейнелеу құралдарының бір парасы — ажарлау, бұған қатысты ой-пікірлердің ертеден айтылып келе жатқандығын жоғарыдағы аталған еңбектер де анықтайды. Қазақ əдебиеттану ғылымында Ахмет Байтұрсыновтан бастап енген терминдер өз алдына бірнеше сала болып қалыптасты. Солардың ішінен Ахмет Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқыш» атты кітабында бар, ғылыми тілімізде орын тепкен бір алуан терминдерді атасақ та болады.

Мысалы, теңеу, кейіптеу, тұспалдау, əсерлеу, шеңдестіру, арнау, сөз өнері, шығарма, ауыз əдебиеті, мазмұн, тармақ, шумақ, бунақ т.б. Бұлардың аса мəнді терминдер екенін атай отырып, Байтұрсынов осы табында қолданған басқадай бір қыдыру терминдердің еленбей, ескерілмей қалғанын да айта кеткен жөн. «Олардың ішінен əлі де мəнділігін сақтаған, қолдануға қолайлыларын сұрыптап алып, ғылыми тілімізде ретін тауып орнықтыру алдағы уақытта атқарылуға тиісті міндет», — дейді академик З.Ахметов [3]. Анығына келсек, көркем əдебиеттің тіліне байланысты келелі сөз қозғап, байыпты бағыт пен бағдарды көрсеткен З.Қабдоловтың еңбегі еді. Өзінің «Əдебиет теориясының негіздері» атты еңбегінде ғалым сөз өнеріндегі тіл көркемдігін ажарлау, құбылту, айшықтау, машықтауды жекелей саралай көрсеткен. Мұндағы ажарлау негізгі сөздегі дауыс ырғағынан басталып, дыбыстық қайталаулар арқылы ерекшелетіндігіне алдымен көңіл бөлінген. «Əдеби тілге дауыс ырғағы емес-ау, тіпті дыбыс қайталаулар арқылы да əжептəуір ажар бітіруге болады.

Бұл тəсіл екі түрлі аллитерация (лат. дыбыстас) — бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау жəне ассонанс (фр. үндес) — бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау. Бұлар поэзияда да, прозада да кездесіп отырады» [4].

Сөзді ажарлаудың ендігі бір көрсеткіші болып табылатын — айқындау (эпитет), теңеу екендігі осы еңбекте айтылады. Жалпы бүкіл бейнелеу кұралдарын кез келген шығармадан тауып, жүйелеп шығудың өзі қыруар жұмыс екендігі сөзсіз. Алайда бейнелеу құралдарын ішіндегі ажарлау, кұбылту, айшықтау                   көркем   шығармалардан  талдап   көрсеткен   еңбектердң   сандық   көрсеткіші   көңіл қуантпайтындығы тағы белгілі. Рас, жазба əдебиетіне қатысты поэтикалық тұрғыдан Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов, Р.Нұрғалиев, М.Атымов, Т.Əбдрахмановалардың еңбектері алдымен аталады. Ал қазақ фольклорының поэтикасына қатысты көріністер енді ғана басталды десек те болғандай.

Ауыз əдебиеті шығармаларының тіл кестесі, өлең құрылысы, құрылымы, образдар жүйесі, сюжет деңгейіндегі қарастырулар С.Қасқабасов, О.Нұрмағамбетова, Ш.Ыбыраев, Б.Əзібаева, Б.Рақышов жəне тағы басқалардың зерттеулерінде жүзеге аса бастады. Аталған ғалымдар фольклорлық мұраларымыздағы сөз көркемдігіне арнайы тоқталып, оны жүйелей көрсеткен. Бұның асығыс айтылған пікір еместігін сөз арасында айта кетейік. Эпосты — əуезе, лириканы — толғау, драманы айтыс деп жүйелеп, сала-салаға жіктеп əкеткен ғалым-теоретик, эстетик-сыншы А.Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқыш» атты еңбегінде көріктеу (эпитет) теңеулерге негізгі дəлел батырлық жырлардан алынған еді [5]. Осы бастама Е.Ысмайловтың «Əдебиет теориясының мəселелері», «Ақындар» жəне Қ.Жұмалиевтің «Əдебиет теориясы» атты еңбектерінде жалғасын тапқан. Батырлық жырлардан бейнелеу құралдарына қатысты мысалдар келтірілген. Одан кейінде халық ауыз əдебиетіне байланысты жарық көрген еңбектерде шолу түрінде айтылып, мектеп окулықтарында батырлық жырлардан үзінділер келтіріледі.

Қазақ эпосына байланысты зерттеулер жасаған М.Əуезов жəне Л.Соболев, А.С.Орлов, В.Жирмунский, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ə.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, С.Садырбаев еңбектерінде де жырдағы дыбыстық кайталаулар, эпитет, теңеулер шолу түрінде айтылып отырған. Осындай зерделі еңбектердің негізінде XX ғасырдың 40-жылдарынан бастап, «Қазақ əдебиетінің тарихы» атты көп томдықтар шығарылу көзделген еді. Алғашқы жарық көрген «Қазақ əдебиеті тарихының» бірінші томында жəне кейінгі басылымдарда да батырлық жырларға қатысты тарауларда жырдың сөз көркемдігі, тіл өрнегіне қатысты мəселелерде ажарлаудың үлгілері қалыс қалмай көптеген мысалдар арқылы түсіндірілген. Сонымен коса, «Қазақ ауыз əдебиетінен» арнайы жоғары оқу орындарына оқулықтар дайындаған М.Ғабдуллин, Ə.Қоңыратбаев, М.Тілеужановтар еңбектерінен де эпостық жырлардан ажарлауға катысты мысалдарды табуға болады. Солай дей тұрсақ та, бұлардың бəрі ажарлауға байланысты арнайы зерттеу емес. Анығына көшсек, мұнда аңдату, аңғарту, бар екендігіне талас жоқ. Осы тұрғыдан алып қарағанда Т.Қоңыровтың ажарлаудың бір түрі теңеулер жөніндегі зерттеу еңбегіндегі мына төмендегі пікірі дəлелді айтылған:

«Қазақ теңеулерін лингвистикалық тұрғыдан зерттеу былай тұрсын, оны əдебиеттану тұрғысынан тексерген арнайы бірде - бір еңбек жоқ» [6].

Шындығына келсек, бұл ажарлаудың бірі теңеуге қатысты XX ғасырдың 70-жылдарынан кейінгі айтылған пікір екендігі даусыз. Бұл арада біздің мақсатымыз теориялық тұрғыдан тұжырымдар жарыстыру емес, қайта көркем шығармаларды негізге алып талдауға байланысты қаншалықты зерттеулер жасалғанын анықтау еді. Нəтижеге жүгінсек, кейбір көлемді шығармалардың көркемдік ерекшеліктеріне қатысты жол-жөнекей əңгіме болып, біркелкі дəлелдемелер болмаса нақтылы бейнелеу құралдарының белгілі шығармалардан тұтастай тексере қараған еңбектер өте аз екендігі көпке мəлім.

Жалпы қазақ фольклорының аса бай саласы болып табылатын эпостық жырлардың көркемдік күш-қуатын таразылау, ондағы бейнелеу құралдарының алатын орны, атқаратын қызметін зерттеудің негізі ғылымдағы үлкен жетістіктердің бірі болатындығына ешкімнің күмəн туғызбайтындыры анық. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін мұндай арнайы тоқталып, монографиялық тұрғыдан зерттелмеуі эпостанушы-ғалымдарды ойландыруы тиіс. Сондықтан біздің зерттеуіміздің мақсаты — осы олқылықтың орнын толтыруға біршама үлес қосу: эпикалық жырлардағы ажарлаудың аса пəрменді көркемдеу, бейнелеу құралы екендігіне көңіл бөліп, осы мəселелердің негізінде ажарлаудың ассоциациялық мүмкіндіктері мен тұрақтылық сипатын, дыбыс үндестігі мен бояу үйлесімдігін анықтау, ажарлаудың жоғарыдағы аталған түрлерінің семантикалық құрылымы қандай, стильдік вариациялары мен эмоционалдық-экспрессивті сапасына назар аудару, сөйтіп, нəтижесінде ажарлаудың қолданыс аялары мен функционалдық негіздерінің мүмкіндіктері қандай деген сауалдарға жауап беру. Осы мақсатта ажарлауға қатысты дауыс ырғағы (интонация), дыбыс қайталаулар аллитерация мен ассонанс, эпитет (айқындау) пен теңеу ізденісімізге арқау болып, олардың эпикалық шығармадағы қызметін ерекшелеу алдыңғы орынға шығады.

Жалпы алып қарағанда, қазақ халқының өлеңдік қоры, оның өзіндік ерекшеліктері дейтін мəселелер ерте замандардан айтылып келеді. Қазақтың даңқты перзенті Ш.Уəлихановтың бұл істе елеулі еңбегі бар екендігі əркімге жақсы таныс. Сонымен қатар қазақ жеріне келіп, оның əдет-ғұрып, салт-дəстүрлеріне үңілген көптеген еуропа ғалымдарының аса қызыға қарағаны тағы да халқымыздың поэзиясы екендігі мəлім. Ерте кездің өзінде айтылған академик В.В.Радловтың мына пікірі соның дəлелі: «Қазақтың өз өлеңдерінде бағалы санайтын ертегілердегідей əлдеқандай бір жан түршігерлік жəне ғажайып дүние емес, ол өзінің сезімі мен талап-тілегін, қоғамның əр мүшесі аңсайтын арман-мұратты жыр етеді. Тыңдаушыларды сүйіндіретін қисынсыз ғаламат жайлар, керемет зор нəрселер емес, табиғи жайлар, айналадағы өмірдің ақиқат шындығы» [1–9]. Сөз өнеріндегі көркем бейнелер, тіл шұрайы, көркемдік кестелер дегеннің өзі ұлттық ерекшеліктің ғажайып бір айғағы. Бұл əсіресе эпостық шығармалардан айрықша танылады. Белгілі ғалым, академик З. Ахметов былай дейді: «Тілдің, сөз кестесінің табиғилығы мен қарапайымдылығы дегеніміз — халықтың көркем дүниетанымы, көркем ой-сезімі қоғамдық өмірімен нақтылы əлеуметтік-тарихи жағдайлармен тығыз байланысты қалыптасқандығының белгісі. Міне, сондықтан да тілінің қарапайымдылығы, көркемдігі мен тартымдылығы жағынан халық поэзиясы əрқашан да тамаша үлгі болып қала бермекші.

тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады

Бағалау: жоғары деңгейде бағаланып, өте жақсымен түйінделеді.

Үй тапсырмасын беру: эпикалық жырлардан үзінді жазып алып келу


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қазан
1443
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі